5-тарау. Есеп және есеп беру
53-бап. Банкінің қаржы (операция) жылы
Банкінің қажы (операция) жылы 1 қаңтарда басталып, 31-желтоқсанда аяқталады. Егер банкіні тiркеу 1 қаңтардан кейiн жүзеге асырылса, онда бірiншi қаржы (операция) жылы банк мемлекеттік тiркеуден өткен күннен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 11.06.04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара); 2010.19.03. № 258-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 54-бап өзгертiлдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
54-бап. Банктердегi есепке алу және есептілік
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептілiктi қоса алғанда, банктердің қаржылық және өзге де есептiлiгінiң тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзiмдерi мен тәртiбi уәкiлеттi органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілігінің және өзге де есептілігінің тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Банктер операциялар мен оқиғаларды есепке алуды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Банктер уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұратулары бойынша өздерiнiң қаражаттары, оның iшiнде Қазақстан Республикасы шегiнен тысқары жердегi қаражаттары, қабылданған депозиттер мен берiлген кредиттердiң мөлшерi, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары туралы кез келген ақпаратты және банк құпиясын құрайтын мәлiметтердi қоса алғанда, өзге де мәлiметтердi беруге мiндеттi.
3. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 54-1-баппен толықтырылды; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 54-1-бап өзгертілді; 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 54-1-бап жаңа редакцияда; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңымен 54-1-бап өзгертiлдi; 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара) Заңымен 54-1-бап жаңа редакцияда; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 54-1-бап өзгертiлдi; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 54-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
54-1-бап. Банктің ірі қатысушыларының және банк холдингтерінің есептілігі
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Банктің ірі қатысушыларының және банк холдингтерінің қаржылық және өзге де есептiлiгінiң тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзiмдерi мен тәртiбi уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленедi.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертiлдi (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы болып табылатын банктің ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен басқа салық органына кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде салық органына декларацияны ұсынғаны туралы растаумен бірге уәкілетті органға оның көшірмесін ұсынуға тиіс.
11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 11.06.04 ж. № 562-II; 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 55-бап өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 55-бап өзгертiлдi; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 55-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
55-бап. Банк және банк холдингі қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау
1. Банктер жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетін аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мәліметтердің анықтығын растағаннан кейін және банк акционерлерінің жылдық жиналысы қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды, сондай-ақ уәкілетті органның талап етуі бойынша банктің интернет-ресурсында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тізбеге және мерзімдерге сәйкес өзге де есептілікті орналастырады.
Банктер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бухгалтерлік балансты, пайдасы мен шығыны туралы есепті аудиторлық растаусыз уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды.
Банк холдингтері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жариялайды.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының банк холдингі болып табылатын бейрезиденттеріне қолданылмайды.
2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы:
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының бухгалтерлiк есепке алу деректері бойынша жылдық есептілікті;
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін, аудиторлық ұйым онда ұсынылған мәліметтердің анықтығын растағаннан және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі бекіткеннен кейін аудиторлық есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкiлеттi органның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының интернет-ресурсында уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тізбеге және мерзімдерге сәйкес өзге де есептілікті орналастырады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті аудиторлық растаусыз, тоқсан сайын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 56-бап өзгертiлдi
56-бап. Құжаттарды есепке алу және сақтау
1. Банкiлер бухгалтерлiк есепте және есеп берудi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың қатаң есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Сақталуға тиiс негiзгi құжаттар тiзбесiн және олардың сақталу мерзiмiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
6-тарау. Банктерге және олардың үлестес тұлғаларына аудит
11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 57-бап өзгертiлдi; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 57-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 57-бап өзгертілді
57-бап. Банктерге және олардың үлестес тұлғаларына аудит
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
1. Банк аудитін аудиторлық қызмет туралы заңдарға сәйкес аудит жүргiзуге құқылы және осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетiн аудиторлық ұйым (аудитор) жүргізеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
1-1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу банктерге (барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған немесе мәжбүрлеп тарату процесіндегі банкті қоспағанда), банк холдингтеріне және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға міндетті болып табылады, ол туралы есептің көшірмесі мен аудиторлық ұйымның ұсыныстарын осы құжаттарды алған күннен бастап немесе оларды банктерге, банк холдингтеріне және банк (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға бергеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде банктер, банк холдингтері және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар немесе аудиторлық ұйымдар уәкiлеттi органға табыс етуге тиіс.
Банктің және банк холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есебін банктерге аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым куәландыруға тиіс.
Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын бас ұйым мен оның еншілес ұйымдары ретінде банк конгломератына кіретін ұйымдардың аудитін бір сол аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Резидент еместердің бас ұйымы мен оның еншілес ұйымдарының аудитін, мұндай аудитті жүргізу олардың резиденттілік елі заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін жағдайларда, бір сол аудиторлық ұйым жүзеге асыруға тиіс.
1-2. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-3-тармақ өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
1-3. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын банк холдингі уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын қазақ немесе орыс тілінде табыс етеді.
2. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Банктерге аудит мыналарды анықтау мақсатында жүргiзiледi:
жүргiзiлген банк операцияларының есепте және есеп беруде дер кезiнде, толық және дәлме-дәл көрсетiлуi;
жүргiзiлген банк операцияларының осы Заңның және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi;
жүргiзiлген банк операцияларының оларды жүргiзудiң жалпы шарттарына сәйкестiгi, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзу тәртібінiң банкінің iшкi ережелерiне сәйкестiгi.
4. Аудиторлық ұйым аудит нәтижелерін және өз қорытындыларын банктің директорлар кеңесі мен басқармасына, банк айқындайтын қажетті жағдайда банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға табыс етілетін есепте баяндайды.
Банктің немесе банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды.
5. Банк аудиторлық есептің көшірмесін оны алғаннан кейін он күн ішінде банк конгломераты құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға беруге міндетті.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Банк, банк холдингі, өзінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйым аудиторлық есепте көрсетілген, банктің немесе банк конгломератының қаржылық жағдайға әсер ететін кемшіліктерді уәкілетті орган айқындаған мерзім ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін:
банкке - осы Заңның 46-бабында көзделген қаржылық жағдайын жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды;
банк холдингіне, өзінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйымға осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Банк холдингі аудиторлық есепте көрсетілген, банктің немесе банк конгломератының қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді аталған тұлғалар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін банк холдингіне осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Банктердің, банк холдингтерінің және өздерінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйымдардың активтерін, міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін тану бөлігінде аудиторлық есепте жазылған, қаржылық есептілік және (немесе) қаржылық есептілікке байланысты өзге де ақпарат туралы пікірлер мен тұжырымдардың уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелерінен ауытқуы анықталған жағдайда, уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан осындай ауытқу себептерін түсіндіруді талап етуге құқылы.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1. Осы баптың 1, 1-1, 1-3, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылмайды.
Аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне қаржы жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қаржылық есептілігінің аудиторлық есебінің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы оларды қазақ немесе орыс тілінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Уәкілетті орган банк қызметінде тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтаған жағдайда, одан тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға, оның ішінде стратегия мен бизнес-модельге қатысты, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты өзге ақпаратқа аудит (бұдан әрі - өзге ақпарат аудиті) жүргізуді тексерілуге жататын мәселелер тізбесін, аудит жүргізілетін кезеңді және аудиторлық ұйымның уәкілетті органға өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны ұсыну мерзімін көрсете отырып, талап етуге құқылы.
Уәкілетті органның талап етуі бойынша өзге ақпарат аудитін жүргізу банктер үшін міндетті.
Осы баптың 10-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, банк өзге ақпарат аудитін жылына бір реттен артық жүргізбейді, бір мәселе бойынша өзге ақпарат аудиті үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесі, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, оны аудиторлық ұйымның ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптар, өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптар аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Аудиттің болжамды бағыттары, көлемі, жүргізілу сипаты, аудит жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен стандарттардың ерекшеліктері сипатталған, өзге ақпарат аудиті бойынша тексеру жоспары аудиторлық ұйымның уәкілетті органмен алдын ала келісуіне жатады.
Аудиторлық ұйым өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны уәкілетті органға ұсынады және ол жариялауға жатпайды.
Өзге ақпарат аудитінің нәтижелерін уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған кезде ескеруі мүмкін.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Аудитті немесе өзге ақпарат аудитін жүзеге асыру үшін банк, банк холдингі, өзінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйым уәкілетті органмен келісу бойынша аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді және аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымды тартады.
Банк, банк холдингі, өзінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйым аудит немесе өзге ақпарат аудитін жүргізуге шарт жасасқаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органды аудиторлық ұйымды таңдағаны туралы хабардар етеді. Өзге ақпарат аудиті жағдайында банк уәкілетті органның алдында өзге ақпаратқа аудиторлық ұйым болып табылмайтын ұйымның аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізуі туралы өтінішхат беруге құқылы.
Банктің өтінішхатын уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Өзге ақпарат аудитін жүргізу тәртібіне қойылатын осы бапта белгіленген талаптар өзге ақпаратқа аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізу тәртібіне қолданылады.
Уәкілетті орган өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны аудиторлық ұйым шығарғанға дейін осы баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың келісімінсіз, құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, осы баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларды тексеру нәтижелері бойынша ақпаратты және түсіндірмелерді, сондай-ақ аудиторлық ұйымға банктік және (немесе) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, өзінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйымның қызметіне байланысты, оның ішінде уәкілетті органның уәжді пайымдауына негізделген өзге де ақпаратты беруге құқылы.
Аудиторлық ұйым осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган жіберген ақпаратқа міндетті бағалау мен талдау жүргізеді. Аудиторлық ұйым жүргізілген бағалау мен талдаудың нәтижелерін өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепте немесе аудиторлық қорытындыда қамтылған пікірлер мен тұжырымдарды білдірген кезде пайдаланады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Сот өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны жарамсыз деп таныған жағдайда, банк, банк холдингі, өзінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйым аудитті және (немесе) өзге ақпарат аудитін қайта жүргізуге міндетті.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11. Уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде клиенттер тізбесі жөніндегі мәліметтерді қоса алғанда, ақпаратты талап етуге құқылы. Клиенттер жөніндегі мәліметтер аудиторлық ұйым клиенттерінің келісуімен беріледі.
58-бап. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
59-бап. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен 6-1-тараумен толықтырылды (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
6-1-тарау. Банкті қайта құрылымдау
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 59-1-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
59-1-бап. Банкті қайта құрылымдау ұғымы
Банкті қайта құрылымдау деп банктің қаржылық жағдайын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту үшін банкті қайта құрылымдау жоспарының (бұдан әрі - қайта құрылымдау жоспары) негізінде банк іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешені түсініледі.
Осы тараудың ережелері бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және банк болып табылмайтын ұйымның қайта құрылымдауды жүргізуіне қолданылады.
Осы тараудың ережелері банктің уәкілетті органның талабы бойынша активтерді және (немесе) міндеттемелерді қайта құрылымдауды жүргізуіне қолданылмайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 59-2-бап өзгертiлдi (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
59-2-бап. Банкті қайта құрылымдаудың негізі мен қағидаттары
Банкті қайта құрылымдау банктің ақшасының болмауына немесе жеткіліксіз болуына байланысты банктің міндеттемелер бойынша жекелеген кредиторлардың талаптарын орындауға қабілетсіздігіне орай жүзеге асырылуы мүмкін.
Банкті қайта құрылымдау мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) талаптарды қанағаттандырудың осы Заңның 74-2-бабында көзделген кері кезектілігіне сәйкес банктің депозиторлары мен кредиторларының құқықтарын және мүдделерін сақтау;
2) талаптарды қанағаттандырудың осы Заңның 74-2-бабында көзделген бір кезегінде тұрған депозиторлар мен кредиторлардың құқықтарын және мүдделерін тең сақтау.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 59-3-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
59-3-бап. Банкті қайта құрылымдаудың жалпы шарттары
1. Осы Заңның 59-2-бабында көрсетілген қайта құрылымдау үшін негіздеме туындаған кезден бастап банк директорлар кеңесінің отырысын өткізуге құқылы, онда банкті қайта құрылымдау туралы шешім қабылданады.
2. Банк директорлар кеңесінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген шешімі қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде директорлар кеңесінің банкті қайта құрылымдау туралы шешімін уәкілетті органға жібереді.
3. Уәкілетті орган директорлар кеңесінің банкті қайта құрылымдау туралы шешімін алғаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде банкті қайта құрылымдау мәселелері жөнінде банкпен жазбаша келісім жасасады.
4. Банк қайта құрылымдау жоспарының жобасын уәкілетті органға табыс етеді. Ескертпелер мен ұсыныстар болған жағдайда уәкілетті орган банктен қайта құрылымдау жоспарының жобасын пысықтауды талап етуге құқылы. Банк уәкілетті органның ескертпелері мен ұсыныстарын ескеруге және қайта құрылымдау жоспарының пысықталған жобасын уәкілетті органға қайтадан табыс етуге міндетті.
5. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құрылымдау туралы сотқа жүгінеді. Соттың банкті қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімі заңды күшіне енген кезден бастап және оны жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген шектеулер қолданылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Банк соттың қайта құрылымдау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында қазақ және орыс тілдерінде тиісті хабарландыру жариялау арқылы депозиторларға, кредиторларға және өзге де клиенттерге қайта құрылымдау туралы хабарлайды.
Банк соттың қайта құрылымдау туралы заңды күшіне енген шешімінің көшірмесін алған күннен кейінгі күннен кешіктірілмейтін мерзімде оны корреспондент-банктерге жібереді.
7. Банк соттың банкті қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімі заңды күшіне енген кезден бастап:
1) сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту шарттарының немесе банктің мүлкін иеліктен шығару туралы өзге де мәмілелердің орындалуын, қарыз беру туралы шарттар мен кредиттік тәуекелі бар басқа да қаржыландыру түрлерін жасасуды тоқтата тұруға
2) банк міндеттемелерінің орындалуын толығымен немесе ішінара тоқтата тұруға құқылы
8. Банк соттың қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімінде көзделген мерзімде банк кредиторларымен келіссөздер жүргізу және олардың қайта құрылымдау жоспарын мақұлдауына қол жеткізу мақсатында олардың алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау көзделетін банк кредиторларының жиналысын шақырады.