68-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші жəне алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Жер пайдалану құқығы не жеке меншік құқығы берілмей, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, республикалық жəне жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне жəне туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалауға, салуға жəне оларға қызмет көрсетуге табиғат қорғау ұйымымен жасалған, туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарттың негізінде жол беріледі.
Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік шарттың негізінде жасалады.
Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шартта жүргізілетін жұмыстардың атауы, олардың орындалу мерзімдері мен талаптары, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар, бүлінген жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар жəне оларды жүргізу мерзімдері көрсетіледі.».
10-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
10. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 1-тармағы «Заң» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерін жəне табиғат қорғау ұйымдарының мемлекеттік инспекторларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
11. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мақсат жəне міндеттер
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мақсат мемлекеттік табиғи-қорық қорын жəне табиғи экологиялық жүйелерді сақтау болып табылады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттер мыналар болып табылады:
1) ғылым мен экоағартушылықты дамыту үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану;
2) орнықты туризм мен экотуризмді дамыту;
3) аумақтардың табиғи құндылығын ескере отырып, оларды аймақтарға бөлу.»;
2) 3-баптың 3) жəне 4) тармақшалары алып тасталсын;
3) 8-баптың бірінші бөлігінде:
3), 4), 4-1), 4-2), 4-3) жəне 4-4) тармақшалар алып тасталсын;
5) тармақшадағы «ерекше» деген сөз «осы Заңның мақсатына жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес, ерекше» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-4) жəне 6) тармақшалар алып тасталсын;
6-1) тармақша он үшінші абзацындағы «əзірлеу жəне бекіту» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңның 43-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда, жергілікті халықтың мұқтаждары үшін рұқсат етілетін шөп шабу қағидаларын əзірлеу жəне бекіту;»;
9), 10), 11), 12), 13), 14), 16), 16-6), 18) жəне 18-1) тармақшалар алып тасталсын;
11-тармағының 4) тармақшасы 2025 ж. 27 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 18-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймағы белгіленгенге дейін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасы бойынша екі километр болатын аумақта қала құрылысы жобаларын түзетуге, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жəне соларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне жəне қалпына келтірілуіне теріс əсерін тигізетін объектілер салуға арналған бастапқы жəне рұқсат беру құжаттарын келісуге тыйым салынады.»;
5) 23-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігінде:
11-тармағының 5) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу жəне олардың жұмыс істеуі жəне сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту үшін жəне шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;»;
4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын;
«5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шекарасында орналасқан жəне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанға жəне кеңейтілгенге дейін жұмыс істеген, денсаулық сақтау жəне білім беру ұйымдары, қолданыстағы зираттар, кəріздік тазарту құрылысжайлары, электр беру желілері объектілерінің нысаналы мақсатын өзгертпей, оларды пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
«2-3. Шаруашылық қызметі шектеулі аймақтағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелері жеке жəне заңды тұлғаларға ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері босалқы жерлерге ауыстырылмай, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету үшін табиғат қорғау ұйымымен жасалған, туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарттың негізінде беріледі.
Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік шарттың негізінде жасалады.
Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шартта жүргізілетін жұмыстардың атауы, олардың орындалу мерзімдері мен талаптары, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар, бүлінген жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар жəне оларды жүргізу мерзімдері көрсетіледі.»;
3-тармақтағы «Ерекше» деген сөз «Азаматтық қорғау іс-шараларын қоспағанда, ерекше» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінде құрылысжайлар салуды, қауіпті геологиялық процестерден инженерлік қорғауды көздейтін іс-шараларды жүргізу табиғат қорғау ұйымымен жəне (немесе) мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдармен жасалған, сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды жəне сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарттың негізінде жүзеге асырылады.
Сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды жəне сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік шарттың негізінде жасалады.
Сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды жəне сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шартта жүргізілетін жұмыстардың атауы, олардың орындалу мерзімдері мен талаптары, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар, бүлінген жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар жəне оларды жүргізу мерзімдері көрсетіледі.»;
6) 25-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші жəне екінші бөліктерінде көрсетілген паспорттар уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
7) 43-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында уəкілетті орган айқындаған тəртіппен арнайы бөлінген учаскелерде жергілікті халықтың мұқтаждары үшін шөп шабуға жол беріледі.»;
8) 69-бап мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
«1-3. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне мемлекеттік табиғи қаумалдарда қоршаған ортаға зиян келтіруді болғызбау мақсатында мемлекеттік табиғи қаумалдардың аумақтарында орналасқан магистральдық құбыржолдарды реконструкциялау, күрделі жөндеу, жою жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға рұқсат етіледі.»;
11-тармағының 9) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
9) 84-1-баптың 2-тармағындағы «табиғат қорғау функцияларын жүзеге асыратын табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандарына» деген сөздер «қызметін жүзеге асыратын табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдарына, мамандары мен жұмыскерлеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 84-2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші бөлігі 5) тармақшасының ережелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанға жəне кеңейтілгенге дейін жұмыс істеген денсаулық сақтау жəне білім беру ұйымдарының, қолданыстағы зираттардың, кəріздік тазарту құрылысжайларының, электр беру желілерінің объектілері орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін ауыстыру үшін қолданылады. Босалқы жерлерді басқа санаттағы жерлерге кейіннен ауыстыру кезінде жер учаскесінің нысаналы жəне іс жүзінде пайдаланылуына сəйкес келмейтін нысаналы мақсатын өзгертуге жол берілмейді.».
12-тармақ 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12. «Қазақстан Республикасы астанасының мəртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 3) тармақшасының жетінші абзацындағы «астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын» деген сөздер «астананың орманды саябақ аймағын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 9-бапта:
43) тармақшадағы «астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын» деген сөздер «астананың орманды саябақ аймағын» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) тармақшадағы «астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын» деген сөздер «астананың орманды саябақ аймағын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-2-бап. Астананың орманды саябақ аймағы режимінің ерекшеліктері
1. Астананың орманды саябақ аймағы деп астана аумағы шегіндегі қорғау, сауықтыру функцияларына жəне рекреациялық функцияларға арналған жəне соларды орындайтын жерлер танылады.
2. Астананың орманды саябақ аймағының шекараларын белгілеу жəне өзгерту туралы шешімді астананың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
3. Астананың орманды саябақ аймағының жерлерінде экологиялық жүйенің, өсімдіктердің, жануарлар мен басқа да организмдердің жай-күйіне жəне қалпына келтірілуіне теріс əсер ететін кез келген қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жəне айдауға, қоқысты жинап қоюға, топырақ қабатын бұзуға, аң аулауға, жануарларды заңсыз аулауға, алып қоюға жəне жансыздандыруға, олардың мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға, табиғи келбетінің өзгеруіне немесе экологиялық жүйелер орнықтылығының бұзылуына алып келуі мүмкін өзге де қызметке тыйым салынады.».
13-тармақ 2025 ж. 27 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
13. «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:
«6-3) жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі шеңберінде туындаған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының (бұдан əрі - жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры) екінші деңгейдегі банктер алдындағы міндеттемелері бойынша өндіріп алуды қолдану жағдайларын қоспағанда, кəсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры қалыптастырған кепілдік қорының банктік шоттардағы активтеріне;»;
2) 98-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі шеңберінде туындаған, жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының екінші деңгейдегі банктер алдындағы міндеттемелері бойынша өндіріп алуды қолдану жағдайларын қоспағанда, жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры қалыптастырған кепілдік қорының активтерінен;».
14. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
4-баптың 4) тармақшасындағы «жəне оларды» деген сөздер «, оларды реконструкциялау, күрделі жөндеу жəне» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң:
1) 2025 жылғы 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 6) жəне 8) тармақшаларын, 3-тармағының 1) тармақшасын, 6-тармағын, 11-тармағының 4) тармақшасын, 13-тармағын;
3) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларын, 5) тармақшасының төртінші жəне бесінші абзацтарын, 7) тармақшасын, 11-тармағы 5) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтарын, 12-тармағын;
4) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4 жəне 10-тармақтарын, 11-тармағының 9) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 26 маусым
№ 198-VIII ҚРЗ