мынадай мазмұндағы 42-1) және 42-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«42-1) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның (462 (үшінші бөлігі)-бап;);
42-2) уран өндіру саласындағы уәкілетті органның (462 (үшінші бөлігі)-бап;);»;
5-тармақтың 15) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 920-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекс:
1) мұнай өнімдерін өндірушілер үшін - 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап;
мұнай өнімдерін берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, мұнай берушілер үшін:
астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан жанармай құю станциялары үшін - 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап;
осы тармақшаның төртінші абзацында көрсетілмеген жанармай құю станциялары үшін - 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 281-баптың бесінші бөлігінің 4) және 8) тармақшаларын;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 282-баптың үшінші бөлігінің 6) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.».
6. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар):
6-тармақтың 1) тармақшасы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі
1) мазмұнындағы 267-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«267-бап. Жер учаскелерiн беру»;
2) 129-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттардың және (немесе) лицензиялардың талаптарын орындауын бақылауға;».
3) 138-бапта:
3) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде;»;
4) 140-баптың 8-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «қызметіне байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.» деген сөздер «қызметіне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының талаптарын сақтауына байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.»;
5) 141-баптың 2-тармағы төртінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «саласында қолданылады.» деген сөздер «саласында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жер қойнауын пайдалану саласында қолданылады.».
6-тармақтың 6) тармақшасы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі
6) 257-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жер учаскелерін беру;»;
6-тармақтың 7) тармақшасы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
7) 267-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«267-бап. Жер учаскелерін беру
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскелерiн бөлу арқылы жүзеге асырылады.»;
8) 281-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау мемлекеттік преференциялар беру болып табылады.
Пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім бойынша мемлекеттік преференциялардың түрлері, шарттары және оларды беру тәртібі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалады.».
7. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; №8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; №12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; №10, 52-құжат; № 11,61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 10-4) тармақшамен толықтырылсын:
«10-4) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтер аудиті - жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияға арналған шығыстарының аудиті;»;
2) 3-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
«4-3) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтер аудитін жүргізу;»;
3) 5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларда, көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалар;».
8. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19- II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
2-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның ережелерi жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты қатынастарға қолданылмайды. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты қатынастар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес реттеледi және жүзеге асырылады.».
9. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 23-II, 172-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат):
72-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Пайдалы қазбаларды өндіруге Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген арнайы экологиялық талаптар ескеріле отырып, уәкілетті органмен келісілген, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімінің негізінде айрықша жағдайларда жол беріледі.».
10-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіді
10. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 66-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат):
1) 1-баптың 4) және 26) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) есепке алатын бақылау аспаптары - мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінде және жанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген, мұнай өнімдерін өндірудің және (немесе) оның айналымының көлемдері туралы ақпараттың автоматтандырылған жүйесінің көмегімен мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін оператор арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізуге арналған мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын айқындайтын техникалық құрылғылар;»;
«26) резервуар - мұнай өнімдері базасындағы не мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісіндегі сақтауға арналған ыдыс;»;
2) 8-баптың 12-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және жанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 17-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «иелік етуге;» деген сөздер «иелік етуге тиіс.» деген сөздермен ауыстырылып 2) тармақша алып тасталсын;
4) 19-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау, сондай-ақ айдау есепке алатын бақылау аспаптары қолданылмай жүзеге асырылады.»;
5) 26-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мұнай өнімдерін өндірушілер үшін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай берушілер үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 12-баптың 3-тармағының 6) және 7) тармақшаларын және 19-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын;
3) мыналар:
астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан жанармай құю станциялары үшін - 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап;
осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілмеген жанармай құю станциялары үшін - 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 19-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
11. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):
15-баптың 1-тармағының 27) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«27) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;».
12. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 29-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; 2015 ж., № 19-II, 102-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат):
18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2.«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген тәртіппен және шарттарда жер қойнауын пайдалану құқығына және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге ие тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару ниеті болған жағдайда мемлекет Қор, ұлттық компания немесе уәкілетті мемлекеттік орган арқылы иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеленудің басым құқығына ие болады.».
13. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат):
1-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) терминал меншік иесі - магистральдық мұнай құбыры объектілерінің құрамына кірмейтін, резервуарларды білдіретін, өнім сақтауға арналған өнеркәсіптік объектіге, сондай-ақ мұнайды қабылдауға және (немесе) көлікке (теміржол цистерналары, автоцистерналар, танкерлер және басқалары) немесе мұнай құбырына тиеп-жөнелтуге арналған платформаға иелік ететін жеке немесе заңды тұлға;»;
2) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес магистральдық құбыржолдың меншік иесі не магистральдық құбыржолға өзге заңды негізде иелік ететін тұлға уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажет мұнай тасымалы жөніндегі деректерді ұсынады.»;
3) 25-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1.Мұнай тасымалдауға арналған магистралдық құбырлар Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырылуға тиіс.».
4) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
«25-1-бап. Терминал меншік иелерінің өнімді сақтау, қабылдау және (немесе) тиеп-жөнелту бойынша қызметтер көрсетуі
1. Терминал меншік иелері мұнайды сақтау, қабылдау және (немесе) тиеп-жөнелту бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартқа, терминал меншік иесінің ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жөнелтушілерге резервуарларды білдіретін, өзінің өнім сақтауға арналған өнеркәсіптік объектілерінде, сондай-ақ мұнайды қабылдауға және (немесе) көлікке (теміржол цистерналарына, автоцистерналарға, танкерлерге және басқаларына) немесе мұнай құбырына тиеп-жөнелтуге арналған платформаларда мұнай тасымалдаудың жұмыс істеп тұрған маршруттары бойынша мұнайды сақтау, қабылдау және (немесе) тиеп-жөнелту бойынша қызметтер көрсетеді.
2. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес терминал меншік иелері өздерінің өнеркәсіптік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырады.
3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес терминал меншік иесі магистральдық құбыржол саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажет мұнай қозғалысы жөніндегі деректерді ұсынуға міндетті.».
14. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат):
1) 53-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Континенттік қайраң режимін сақтауды бақылау жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.»;
2) 54-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Континенттік қайраң режимінің бұзылуына байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, осы Заңға сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз әрекеттерді тоқтату бойынша қажетті шаралар қабылдайды.».
15. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат):
73-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сараптамаға жататын жобалау құжаттары жатады.».
16. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат):
1) 28-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) көмірсутектер;»;
2) 30-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді.»;
3) 34-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде және 5-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта ресімделетін атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, экспорттық бақылауға жататын өнімнің импорты және экспорты саласындағы, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, осы баптың 4 және 5-тармақтарына сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей қайта ресімдейді.»;
4) 1-қосымшаның тақырыбы мен 8-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Көмірсутектер саласындағы қызметті лицензиялау |
8. | Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия | 1. Мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру 2. Көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар). 3. Мұнай, газ, газ конденсаты, қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары. 4. Құрлықтағы, теңiздегі, iшкi су айдындарындағы көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау. 5. Кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы, күрделі). 6. Көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу, сынау, игеру, сынамалау. 7. Көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды консервациялау, жою. 8. Мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту. 9. Құрлықтағы, теңiздегі көмірсутектер кен орындарында төгiлудi болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар. 10. Мұнай-химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану. 11. Көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын, технологиялық регламенттерді, жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау. 12. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану. | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
»;
5) 2-қосымшада:
96, 270 және 283-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
96. | Жер қойнауын пайдаланушының жасанды аралдарды, дамбаларды, құрылысжайлар мен қондырғыларды, сондай-ақ көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларға байланысты өзге де объектілерді пайдалану процесінде оларды өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету тәртібін мемлекеттік бақылау жөніндегі органдармен келісуі | Жасанды аралдарды, дамбаларды, құрылысжайлар мен қондырғыларды, сондай-ақ көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларға байланысты өзге де объектілерді пайдалану процесінде оларды өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету тәртібін келісу-хат | |
»;
«
270. | Жерасты суларын барлауға рұқсат беру | Жерасты суларын барлауға рұқсат | |
»;
«
283. | Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру | Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат | |
»;
285, 286 және 287-жолдар алып тасталсын;
289 және 309-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
289. | Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру | Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат | |
»;
«
309. | Көмірсутектердің кен орындарын әзірлеу жобасын бекіту | Көмірсутектердің кен орындарын әзірлеу жобасын бекіту туралы шешім-хат | |
»;
342-жолдың 2-бағанындағы «және бөлуді» деген сөздер алып тасталсын.
17. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 116-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
2-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға байланысты қатынастар осы Заңмен және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен реттеледі.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 4) және 15) тармақшаларын, 10-тармағын;
2) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жыл өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 1) және 6) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. 1-баптың 6-тармағының 7) тармақшасы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7) 267-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: