Жасөспірімдер үйінде балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкімшілігінің шешімі негізінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімдеуден өте алады.
Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімдеуден өте алады.
Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарына ата-анасын немесе басқа заңды өкілдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балалар, уақтылы орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балалар, өміріне немесе денсаулығына тікелей қатер төнген кезде қорғаншылық және қамқоршылық органы ата-анасынан (олардың біреуінен) немесе оларды қамқорлығына алған басқа да адамдардан алып қойған балалар, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар, сондай-ақ әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар қабылданады.
Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарына үш жастан он сегіз жасқа дейінгі, өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар қабылданады.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған көмек көрсету жөніндегі ұйымдарға әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар қабылданады.»;
4) 47-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары өз қызметі шеңберінде баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын ұйымдарға және осы қатысушылардың баруы (бұдан әрі - алдын ала бару) үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарға барады.»;
5) 47-3-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «қылмыс» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 52-баптың 5-тармағындағы «девиантты мінез-құлықты балаларға арналған және ерекше режимде ұстайтын арнаулы білім беру ұйымдары» деген сөздер «арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 1-баптың 4) тармақшасындағы «өздерінің қаржылық мүмкіндіктерінің және қабілеттерінің шегінде» деген сөздер алып тасталсын;
2) 8-бапта:
3-тармақта:
2) және 4-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өңiрлiк медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргiзедi;»;
«4-1) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен бейімдеу орталықтарында үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандарды, ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарды, өміріне немесе денсаулығына тікелей қатер төнген кезде қорғаншылық және қамқоршылық органы ата-анасынан (олардың біреуінен) немесе оларды қамқорлығына алған басқа да адамдардан алып қойған кәмелетке толмағандарды, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды күтіп-бағады;»;
мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен арнаулы білім беру ұйымдарында он бiр жастан он сегiз жасқа дейiнгi девиантты мiнез-құлықты кәмелетке толмағандарды күтіп-бағады;»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) дербес медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргiзедi;»;
3) 9-баптың 4 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия төраға, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелерi және хатшы құрамында құрылады. Тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктің әкімі басқаратын кенттік, ауылдық комиссияны және ауылдық округ комиссиясын қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнің орынбасары комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы тиісті мемлекеттiк органның аппаратында штаттық лауазымды атқарады.»;
«6. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар өз құзыретi шегiнде:
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
2) мемлекеттiк органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, оларды әлеуметтік оңалту жөніндегі қызметін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлейдi;
3) баланың құқықтарын қорғау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, күтіп-бағу жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;
4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың жай-күйiн зерделейдi және осы мәселелер бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;
5) баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желiсiн дамытуға жәрдем көрсетеді және олардың қызметiнiң мониторингiн қамтамасыз етедi;
6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжiрибесiн жинақтап қорытады және таратады, оларға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
7) мүдделi мемлекеттiк органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде жүргiзген жұмыстары туралы есептерiн тыңдайды және жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша олардың арасында ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
8) кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберу мәселелерi бойынша сотқа материалдар дайындауға қатысады;
9) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнен босатылған не арнаулы бiлiм беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыста орналастыруда, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк оңалту жөнiндегi өзге де функцияларды жүзеге асыруда мүдделi органдардың қызметiн үйлестiреді;
10) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы жөнінде жүргiзiлген жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады;
11) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметіне мониторингті жүзеге асырады;
12) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіреді.»;
4) 10-баптың 11) тармақшасындағы «ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспiрiмдердi кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына» деген сөздер «кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, сондай-ақ уақтылы орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 11-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Орталыққа қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қаулысы бойынша орналастырылған кәмелетке толмағандар көрсетілген органның қаулысы негізінде ғана шығарылады.»;
6) 12-баптың 1) тармақшасындағы «девиантты мiнез-құлықты кәмелетке толмағандарға арналған» деген сөздер алып тасталсын;
7) 13-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кәмелетке толмаған адамның өтінішхаты негізінде, кәмелетке толмаған адамның жалпы бiлiм беретін немесе кәсiптік даярлықты аяқтауы қажет болған, бiрақ ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн;»;
8) 14-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына тәрбиелеудің, оқытудың ерекше жағдайларын қажет ететін және арнаулы педагогикалық тәсілді талап ететін он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі:
1) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына не татуласуға байланысты өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған, аса ауыр қылмыстар немесе екі және одан көп қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған кәмелетке толмағандар;
2) олар ауырлығы орташа қылмыс немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған және оларды сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 83-бабында көзделген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатқан жағдайларда, орналастырылады.»;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кәмелетке толмаған адамның келісімімен не өтінішхаты бойынша, кәмелетке толмаған адамның жалпы білім беретін немесе кәсіптік даярлықты аяқтауы қажет болған, бірақ ол кәмелеттік жасқа толғанға дейін;»;
9) 14-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кәмелетке толмағандар арнаулы білім беру ұйымдарынан мынадай жағдайда:
1) сот айқындаған мерзім өткенде, осы мерзім өткен күні;
2) кәмелеттік жасқа толған күні мерзімінен бұрын;
3) егер мекеме әкімшілігінің не кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссияның ұсынуы негізінде сот кәмелетке толмаған адам осы шараның одан әрі қолданылуын қажет етпейді деген түйінге келсе, соттың тиісті шешімі келіп түскен күні, ал егер соттың шешімі жұмыс күні аяқталғаннан кейін алынса, онда келесі күні, мерзімінен бұрын;
4) кәмелетке толмаған адам ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілгенде;
5) осы Заңға сәйкес кәмелетке толмаған адамның осы мекемеде болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда шығарылады.»;
10) 19-1-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «шаралар болып табылады.» деген сөздер «шаралар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) медициналық-әлеуметтік есепке алу болып табылады.»;
11) мынадай мазмұндағы 19-6-баппен толықтырылсын:
«19-6-бап. Медициналық-әлеуметтік есепке алу
1. Медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу өздеріне қатысты жеке профилактика шаралары жүргізілетін адамдарға медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету, оларды бейімдеу және оңалту мақсатында жүзеге асырылады.
2. Медициналық-әлеуметтік есепке алуды жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
Ішкі істер органдарының есепке алу туралы хабарламасы медициналық-әлеуметтік есепке қоюға негіз болып табылады.
3. Медициналық-әлеуметтік есепке алу адам өмірлік қиын жағдайдан шыққанға дейін, бірақ кемінде жеке профилактика шараларын жүргізу кезеңіне жүзеге асырылады.»;
12) 26-баптың 2-тармағындағы «кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған арнаулы мекемелер мен ұйымдарда (кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында, арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында) және осы қатысушылардың болуы (бұдан әрі - алдын ала болу) үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де ұйымдарда болады» деген сөздер тиісінше «кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына, арнаулы білім беру ұйымдарына, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына және осы қатысушылардың баруы (бұдан әрі - алдын ала бару) үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарға барады» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 28-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «қылмыс» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 29-баптың 1-тармағындағы «алдын ала болуға жататын мекемелер мен», «осындай мекемелер мен» «алдын ала болуды» деген сөздер тиісінше «алдын ала баруға жататын», «осындай», «алдын ала баруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 30-баптың 2-тармағындағы «алдын ала болуға жататын мекемелер мен» деген сөздер «алдын ала баруға жататын» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 32-баптың 2-тармағындағы «алдын ала болу», «алдын ала болуға жататын мекемелер мен» деген сөздер тиісінше «алдын ала бару», «алдын ала баруға жататын» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 33-баптың 3-тармағындағы «алдын ала болуға жататын мекемелер мен» деген сөздер «алдын ала баруға жататын» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 34-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «алдын ала болуға жататын мекемелер мен» деген сөздер «алдын ала баруға жататын» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 19-II, 105-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 46-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар):
7-бап мынадай мазмұндағы 23-10) және 23-11) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-10) жеңімпаздарына мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
23-11) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;».
10. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат, № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат, № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 жылғы 25 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
49-4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 49-5) және 49-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«49-5) өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтары - тұрақты немесе уақытша (күндіз) болуды ұсына отырып, сондай-ақ қызметі өмірлік қиын жағдайдың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асырумен байланысты заңды тұлғаларға ақпараттық, консультациялық, делдалдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жолымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар;
49-6) өндірістік оқыту - білім беру ұйымдарының және (немесе) кәсіпорындардың (ұйымдардың) базасында білім алушылардың теориялық білім алуына, практикалық машықтануына бағытталған оқыту;»;
2) 5-бапта:
15) тармақшадағы «сырттай және кешкі оқу нысандарында білім алуға жол берілмейтін» деген сөздер «мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай және кешкі оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
46) тармақша «бейімдеу орталықтарында» деген сөздерден кейін «және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 6-бапта:
2-тармақта:
23) тармақша «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының» деген сөздер «кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) тармақша «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында» деген сөздер «кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
24-4) тармақша «бағдарламаларын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
25-7) тармақшада:
«сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
«бағдарламаларын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
26) тармақша «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының» деген сөздер «кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) тармақша «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында» деген сөздер «кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы «орталықтарындағы» деген сөзден кейін «және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 32-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу күндізгі, кешкі және сырттай оқу нысандарында жүзеге асырылады.
Бұл ретте тізбелерін мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдар айқындайтын халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша экстернат нысанында оқуға жол беріледі.»;
6) 33-бап мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу күндізгі, кешкі және сырттай оқу нысандарында жүзеге асырылады.
Бұл ретте тізбелерін мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдар айқындайтын халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша экстернат нысанында оқуға жол беріледі.»;
7) 51-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) құқық қорғау органдарына білім беру ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға;».
11. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 24, 93-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адам (отбасы) мынадай негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайда жүр деп танылуы мүмкін:
1) жетімдік;
2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;
4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;
6) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
8) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;
10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;
12) пробация қызметінің есебінде болу.»;
2) 10-баптың 2) тармақшасы «білім беру» деген сөздерден кейін «және балалардың құқықтарын қорғау» деген сөздермен толықтырылсын;