Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 Қаулысы
(2015.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2305 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 4, 27-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасында:
5.8-кіші бөлімнің бесінші және оныншы абзацтарында «веб-сайты», «веб-сайт» деген сөздер «интернет-ресурсы», «интернет-ресурс» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламента туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
120-тармақтың екінші абзацындағы «web-сайтын» деген сөздер «интернет-ресурсын» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. ҚР Үкіметінің 2014.08.07. № 777 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1090 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25,257-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың ережесінде:
50-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацындағы «веб-сайты» деген сөздер «интернет-ресурсы» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. ҚР Үкіметінің 2011.25.08. № 964 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
7 ҚР Үкіметінің 2010.14.04. № 302 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
8. ҚР Үкіметінің 2010.14.04. № 302 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
9. «Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 451-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесінде:
4-тармақтағы «веб-сайттарда» деген сөздер «интернет-ресурстарда» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1153 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 43, 477-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Мұрағат ісі мен құжаттама жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау» деген 3-бөлімнің он екінші абзацындағы, «Мұрағаттық ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету» деген 5.2-кіші бөлімнің бесінші абзацындағы «Web-сайты» деген сөздер «интернет-ресурсы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының» 8-бөлімнің 2-кіші бөлімі реттік нөмірі 10-жолдың 2-бағанындағы «Web-сайтының» деген сөздер «интернет-ресурсының» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. ҚР Үкіметінің 2010.08.12. № 1324 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
12. «Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1308 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 50, 540-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Қазақстандағы бәсекелестікті дамытудың қазіргі заманғы жай-күйін және проблемаларын талдау» деген 3-бөлімнің бір жүзінші абзацындағы, «Монополияға қарсы органның жұмысы қағидатының айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету» деген 5.6-кіші бөлімде «WEB-сайттың», «WEB-сайтын», «WEB-сайты», «Интернет-сайтында», «WEB-сайттан», «WEB-сайтта» деген сөздер «интернет-ресурстың», «интернет-ресурсын», «интернет-ресурсы», «интернет-ресурсында», «интернет-ресурстан», «интернет-ресурста» деген сөздермен ауыстырылсын.
«Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімнің реттік нөмірі 10-жолының 2-бағанындағы «WEB-сайтын» деген сөздер «интернет-ресурсын» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. ҚР Үкіметінің 2010.12.11. № 1199 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
14. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімімен молықтыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 278-құжат):
7-тармақтың 6) тармақшасындағы «веб-сайттарда» деген сөздер «интернет-ресурстарда» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. ҚР Үкіметінің 2015.10.08. № 624 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
16. ҚР Үкіметінің 2015.10.08. № 628 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
17. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 407-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрлысының 2008 — 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірлері 1.13, 4.3-жолдардағы «веб-сайтында» деген сөздер «интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. ҚР Үкіметінің 2015.10.08. № 624 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
19. ҚР Үкіметінің 2014.24.09. № 1011 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
20. ҚР Үкіметінің 2012.19.03. № 340 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
21. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 747 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
22. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1139 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,2007 ж., № 44, 521-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесінде:
14, 20 және 62-тармақтардағы «веб-сайтында», «веб-сайтына» деген сөздер «интернет-ресурсында», «интернет-ресурсына» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Халықаралық рейтингтік агенттіктермен жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1143 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық рейтингтік агенттіктермен жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 2-жолдың 3-бағанындағы «веб-сайттарындағы» деген сөздер «интернет-ресурстарындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
24. ҚР Yкiметiнiң 2015.10.08. № 636 Қаулысымен күші жойылды(бұр.ред.қара)
25. ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 380 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
26. ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1086 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
27. ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 391 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
28. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 791 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
29. «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 16, 146-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
27-тармақтағы «web-site» деген сөздер «интернет-ресурсы» деген сөздермен ауыстырылсын.
30. «Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 289 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 16, 152-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентінде:
9-тармақтың екінші абзацындағы және 37-тармақтың бірінші абзацындағы «веб-сайтында» деген сөздер «интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын.
31. ҚР Үкіметінiң 2010.25.09. № 978 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
32. ҚР Үкіметінің 2010.14.04. № 302 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
33. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер ұсынатын ауыл шаруашылығы техникасы, қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 тамыздағы № 754 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер ұсынатын ауыл шаруашылығы техникасы, қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесінде:
5-тармақтың 1) тармақшасындағы «веб-сайтында» деген сөздер «интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын.
34. «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламада:
3-бөлімнің он бесінші абзацындағы, 8-бөлімнің 4-кіші бөлімі реттік нөмірі 11-жолдың 2-бағанындағы «web-сайттың», «web-сайттарын» деген сөздер «интернет-ресурстың», «интернет-ресурстарын» деген сөздермен ауыстырылсын.
35. «Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 14, 104-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 31-жолдағы «веб-сайтында» деген сөздер «интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын.
36. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесінде:
14-тармақтағы «web-сайтында» деген сөздер «интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын.
37. «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) алу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:
6-тармақтағы «веб-сайтқа» деген сөздер «интернет-ресурсқа» деген сөздермен ауыстырылсын.