2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы, оның орынбасарлары және уәкілетті жұмыскерлері құқылы.
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасауға құқығы бар жұмыскерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
725-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары
1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары осы Кодекстiң 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтардан басқа), 84, 91 (төртінші бөлігінде), 92 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұлдар салуға Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшылары, олардың орынбасарлары құқылы.
726-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ұлттық қауіпсіздік органдары осы Кодекстің 192, 464, 504, 518, 519-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстің 192, 464, 504, 518, 519-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және белгіленген әкімшілік жазаларды қолдануға департамент бастығы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдарының, қалалық, аудандық басқармаларының (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы Кодекстің 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393 (шекаралық кеңістікте жасалған), 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшысы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға не жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шекара басқармаларының, шекаралық бақылау басқармаларының бастықтары, жағалау күзеті дивизиондарының командирлері мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) шекаралық бақылау бөлімдерінің, шекара бөлімдерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
4) шекаралық бақылау бөлімшелерінің, шекара бөлімшелерінің бастықтары, корабльдер мен катерлердің командирлері және олардың орынбасарлары - жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
5) шекаралық бақылау бөлімдері (бөлімшелері) топтарының (ауысымдарының) бастықтары - жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді орындайтын бақылаушылар, шекара нарядтарының аға қызметшілері ескерту жасауға құқылы.
727-бап. Әскери полиция органдары
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Әскери полиция органдары осы Кодекстің 434-2, 511, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 617, 619, 619-1, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 651 (әскери қызметшілерге, жергілікті әскери басқару органдарының, әскери бөлімдердің (мекемелердің) медициналық, әскерге шақыру, іріктеу комиссияларының төрағаларына, орынбасарларына және мүшелеріне қатысты) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға әскери полиция органдарының уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті, осы баптың төртінші және бесінші бөліктерін қоспағанда, әскери қызметшілерге, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери көлік құралдарын басқаратын адамдарға қолданылады.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының көлік құралдарын басқаратын қызметкерлеріне, жұмыскерлеріне және әскери қызметшілеріне қолданылады.
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті әскери қызметшілерге, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлерге, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери көлік құралдарын басқаратын адамдарға қолданылады.
6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдарының жүргізушілері - әскери қызметшілер, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған, әкімшілік жаза ретінде белгіленген тәртіппен айыппұл көзделген бұзушылықтар туралы материалдарды әскери полиция органдары кінәліларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Тәртіптік жарғысы бойынша жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті командирлерге (бастықтарға) береді.
728-бап. 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 728-1-баппен толықтырылды
728-1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген органдар
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген органдар осы Кодекстің 464-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың басшылары, олардың орынбасарлары, аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 729-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
729-бап. Жергілікті атқарушы органдар
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 409-VI ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 99-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.10.06. № 91-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 12 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 75, 138 (екінші бөлігінде), 156, 172 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 199, 204, 205, 250 (астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу бөлігінде), 298 (әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бөлігінде), 300 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 300-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-1 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-3 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 303 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 304 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 305 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 307 (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар бөлігінде), 309-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі және жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 320, 353 (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және кен іздеушілік жөніндегі операциялар бөлігінде), 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 405, 407-1, 407-2, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 451 (он алтыншы бөлігінде), 455 (бірінші бөлігінде, екінші бөліктің 1), 2), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, үшінші және бесінші бөліктерінде), 464, 488-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) әкімі мен оның орынбасарлары құқылы.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-1-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Осы Кодекстің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға жергілікті атқарушы органның тілдерді дамыту саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 99-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 146, 147, 172 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде) (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 204, 301 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 303 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 304 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 305 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 320, 386, 407-1, 407-2, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 505, 633, 634-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 4-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 169 (бірінші, үшінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және осы Кодекстің 169 (бірінші, үшінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
730-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Білім беру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 84, 409 (екінші, үшінші, төртінші, 4-1, 4-2, бесінші, алтыншы, жетінші, 7-1, 7-2, 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7 және 7-9-бөліктерінде), 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2024.05.07. № 112-VІІІ ҚР Заңымен 730-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
730-1-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы
1. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы осы Кодекстің 135-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау сала сындағы уәкілетті органының басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 730-2-баппен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
730-2-бап. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган
1. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 409 (төртінші, 4-1, 4-2, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
731-бап. Туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 187, 230 (екінші бөлігінде) (туроператорлар және турагенттер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 731-1-баппен толықтырылды
731-1-бап. Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган
1. Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 509-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 731-2-баппен толықтырылды
731-2-бап. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган
1. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 75 (бірінші, екінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде) - бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
732-бап. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 444 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 445, 445-1, 455 (1-1-бөлігінде) және 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 732-1-баппен толықтырылды
732-1-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган
1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 409-бабында (он екінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның басшысы не оның міндетін атқаратын адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
733-бап. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 193 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 201, 202, 204-2, 204-3, 204-4, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның басшысы, оның орынбасарлары, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
734-бап. 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
735-бап. Биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 169-бабында (төртінші және бесінші бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен оның орынбасарлары құқылы.
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 735-1-баппен толықтырылды
735-1-бап. Өзін-өзі реттеу енгізілген жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
1. Өзін-өзі реттеу енгізілген жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы Кодекстің 465-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) өзін-өзі реттеу енгізілген жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың басшылары және олардың орынбасарлары;
2) өзін-өзі реттеу енгізілген жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары.
4-бөлiм. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу
37-тарау. Негiзгi ережелер
736-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібін айқындайтын заңнама
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі осы Кодекспен айқындалады.
2. Қылмыстық немесе азаматтық iстi қарау процесiнде соттың әкiмшiлiк жазалар қолдану тәртiбi осы Кодекстiң және тиісінше Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi мен Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексiнің ережелерімен айқындалады.