6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жергіліктi атқарушы органдар уәкілетті органмен келісу бойынша осындай коэффициент енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмейтін мерзімде аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес бекітеді және ол бекітілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бекітілген аймаққа бөлу коэффициенттері ресми жариялануға тиіс.
Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
7. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (бұдан әрі -
К аек. өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:
К аек. өзг = ағ. ж. аек/алдың ж. аек.,
мұнда:
ағ. ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш;
алдың ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш.
8. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, астыңғы қабаты, жертөлесі, гараж тұрғынжайдың бір бөлігі болып табылған жағдайда, салықтық базаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы осы бапқа сәйкес есептелетін осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындайды.
9. Бір жеке тұлға бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші болып табылатын жағдайда салықтық база әрбір объект бойынша жеке-жеке есептеледі.
530-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу
Жеке тұлға, оның ішінде жеке практикамен айналысатын адам кәсіпкерлік қызметте (жеке практикаға байланысты қызметте) пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді және шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы Кодекстің 64-тарауында айқындалған тәртіппен осы салық түрі бойынша салықтық есептілік ұсынады.
Мұндай салық салу объектілері бойынша салықтық база осы Кодекстің 520-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалады.
531-бап. Салықтық мөлшерлемелер
Салықтық база осы Кодекстiң 529-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы |
| 2. | 2 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 1 000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,08 пайыз |
| 3. | 4 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 2600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,1 пайыз |
| 4. | 6 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 4600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,15 пайыз |
| 5. | 8 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 7600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,2 пайыз |
| 6. | 10 000 000 теңгеден жоғары 12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 11600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,25 пайыз |
| 7. | 12 000 000 теңгеден жоғары 14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 16600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,3 пайыз |
| 8. | 14 000 000 теңгеден жоғары 16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 22600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,35 пайыз |
| 9. | 16 000 000 теңгеден жоғары 18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 29600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,4 пайыз |
| 10. | 18 000 000 теңгеден жоғары 20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 37600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,45 пайыз |
| 11. | 20 000 000 теңгеден жоғары 75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 46600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,5 пайыз |
| 12. | 75 000 000 теңгеден жоғары 100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 321600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,6 пайыз |
| 13. | 100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,65 пайыз |
| 14. | 150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,7 пайыз |
| 15. | 350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,75 пайыз |
| 16. | 450 000 000 теңгеден жоғары | 2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын сомадан 2 пайыз |
532-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
1. Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін құқықтары тіркелген жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзімін ескере отырып, салықтық базаға тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізеді.
2. Егер салықтық кезең ішінде салық салу объектісі меншік құқығында он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болуының іс жүзіндегі кезеңі айларының санына көбейту арқылы есептеледі.
Бұл ретте объектінің меншік құқығында болуының іс жүзіндегі кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер объект осындай күнге меншік құқығында болса) немесе объектіге меншік құқығы туындаған айдың 1-күнінен бастап осындай объектіге меншік құқығы берілген айдың 1-күніне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер объект осындай күнге меншік құқығында болса) айқындалады.
3. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне пропорционалды есептеледi.
4. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде салық сомасын қайта есептеу уәкілетті мемлекеттік орган беретін, жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.
5. Осы Кодекстің 526-бабы 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салықтық кезең ішінде туындаған немесе тоқтатылған жағдайда, осындай ережелер:
құқық туындаған кезде - осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап салықтық кезең аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күніне дейін қолданылады;
құқық тоқтатылған кезде - осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күнінен бастап қолданылмайды.
6. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізіледі.
7. Меншік құқығын беретін тұлға салық салу объектісін иеленуінің іс жүзіндегі кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы меншік құқықтары мемлекеттік тіркелген күннен кешіктірілмей бюджетке енгізілуге тиіс.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мақсатында салық салу объектісіне меншік құқығын беру жүргізілген жылдың алдындағы салықтық кезең үшін айқындалған салықтық база қолданылады.
8. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде шекаралардың осындай өзгеруі нәтижесiнде басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің шекараларына ауыстырылған аумақтың елдi мекенiндегі жеке тұлғалардың мүлкіне салық осындай өзгерiс жүргізілген салықтық кезең үшін осындай өзгерiс күніне дейін осы елдi мекен орналасқан шекаралардағы елдi мекен санаты үшін белгіленген базалық құн негізге алына отырып есептеледі.
533-бап. Салықтық кезең
1. 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу үшiн салық кезеңi болып табылады.
2. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, қираған, бұзылған кезде салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есеп-қисабына кiредi.
16-БӨЛІМ. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ
66-тарау. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ
534-бап. Төлеушілер
Мынадай:
1) казино;
2) ойын автоматтары залы;
3) тотализатор;
4) букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.
535-бап. Салық салу объектілері
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде мыналар ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады:
1) ойын үстелі;
2) ойын автоматы;
3) тотализатордың кассасы;
4) тотализатордың электрондық кассасы;
5) букмекерлік кеңсенің кассасы;
6) букмекерлік кеңсенің электрондық кассасы.
536-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Салық салу объектісінің бір бірлігінен ойын бизнесі салығының мөлшерлемесі мыналарды құрайды:
1) ойын үстелі - айына айлық есептік көрсеткіштің 1 660 еселенген мөлшері;
2) ойын автоматы - айына айлық есептік көрсеткіштің 60 еселенген мөлшері;
3) тотализатордың кассасы - айына айлық есептік көрсеткіштің
300 еселенген мөлшері;
4) тотализатордың электрондық кассасы - айына айлық есептік көрсеткіштің 4 000 еселенген мөлшері;
5) букмекерлік кеңсенің кассасы - айына айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшері;
6) букмекерлік кеңсенің электрондық кассасы - айына айлық есептік көрсеткіштің 3 000 еселенген мөлшері.
Осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің 1-күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
537-бап. Салықтық кезең
Күнтізбелік тоқсан ойын бизнесі салығы үшін салықтық кезең болып табылады.
538-бап. Салықты есептеу тәртібі
1. Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, әрбір салық салу объектісіне осы Кодекстің 535-бабында айқындалған тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Салық салу объектілері айдың 15-күніне дейін қоса алғанда пайдалануға берілген кезде ойын бизнесі салығы - белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-күннен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектілері айдың 15-күніне дейін қоса алғанда шығып қалған кезде ойын бизнесі салығы - белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде, 15-күннен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.
539-бап. 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
540-бап. 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
541-бап. Салық декларациясын тапсыру мерзімі
Ойын бизнесі салығы бойынша декларация жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі жеріндегі салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
542-бап. Салықты төлеу мерзімі
Ойын бизнесі салығы есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша бюджетке төленуге жатады.
17-БӨЛІМ. 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
18-БӨЛІМ. БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМДЕР
68-тарау. АЛЫМДАР
550-бап. Алымдар туралы жалпы ережелер
1. Салық органдары және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар:
1) тіркеу әрекеттері;
2) рұқсат құжаттарын немесе олардың телнұсқаларын беру бойынша әрекеттер жасалған кезде алатын, бюджетке төленетін бір реттік төлемдер алымдар болып табылады.
Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін рұқсат құжаттары деп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган беретін, рұқсаттарға қатысы жоқ келісімдер де түсініледі.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы тараудың мақсаттары үшін тіркеу әрекеттері деп уәкілетті мемлекеттік органдардың және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мынадай әрекеттер жасауы түсініледі:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;
2) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеу;
4) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу;
5) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;
7) 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) теле- радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды есепке қою;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды есептік тiркеу.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Алымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мынадай құжаттарды немесе олардың телнұсқаларын берген кезде алынады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін беретін рұқсат құжаттары, келісімдер;
3) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін берілетін рұқсат құжаттары (бұдан әрі - автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым):
халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы;
халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті;
ірі габаритті және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі;
4) байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган (өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді орындау үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алатын мемлекеттік мекемелерден басқа) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға беретін рұқсаттар;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттар;
6) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға (оны ұзартуға) рұқсаттар.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жасау кезінде алым алу көзделген тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алым сомаларын есептеуді және есепке жазуды жүргізеді, сондай-ақ есептелген (есепке жазылған) алымдардың толық алынуы, бюджетке уақтылы төленуі үшін, сондай-ақ осы баптың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына берілетін мәліметтердің анықтығы үшін жауапты болады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы Кодекстің 26-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті мемлекеттік органдар және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша (беру толық автоматтандырылғанға дейін) салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәлімет ұсынады.
551-бап. Алым төлеушілер
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыру кезінде алымдар алу көзделген әрекеттерді олардың мүдделері үшін жасайтын тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері алым төлеушілер болып табылады.
2. «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жағдайларда жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартатын тұлғалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым төлеушілер болып табылмайды.
552-бап. Алымдарды есептеу мен төлеу тәртібі
1. Алым сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттар берілгенге дейін немесе рұқсат құжаттары алынғанға дейін алым төлеушінің тұрған жері бойынша төленеді.
2. Тиісті рұқсат құжаттары ресімделмей, сондай-ақ автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген автокөлік құралының жол берілетін өлшемдерін бұза отырып, автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталған жағдайда, автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасы осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке төленеді.
3. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен не уәкілетті мемлекеттік органның бақылау-өткізу пункттерінде не өзге де арнайы жабдықталған орындарында уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде қолма-қол ақшаны енгізу жолымен жүргізіледі.
Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомаларын автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей күн сайын банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға оларды кейіннен бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, ақшаны есепке жатқызу ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалар автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомаларын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілерінде уәкілетті мемлекеттік органның бизнес-сәйкестендіру нөмірі қойылады.
4. Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру не ұзарту туралы шешім қабылдағаны туралы хабарламасы алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алынады.
553-бап. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай алымдарды төлеу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі осы тараудың мәтіні бойынша - АЕК) еселенген мөлшерде айқындалады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың кестесіндегі 2-жолдың 2-графасының редакциясын қараңыз
2. Коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Тіркеу әрекеттерінің түрлері | Мөлшерлемелер (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 1.1. | заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 6,5 |
| 1.3. | саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 14 |
| 2. | Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерін және көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 2.1. | мемлекеттік тіркегені, қызметтің тоқтатылуын тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін | 1 |
| 2.2. | қайта тіркегені үшін | 0,5 |
| 3. | Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 3.1. | тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) | 2 |
| 3.2. | қайта тіркегені, қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), есептік тіркеуден шығарғаны үшін | 1 |
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Тіркеу әрекеттерінің түрлері | Мөлшерлемелер (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1 - 16. | 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) |
| 17. | Жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін: | |
| 17.1. | жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті, сондай-ақ тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын немесе әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге қайтарып алынбайтын өкілеттіктің өзгерістерін, толықтыруларын және мемлекеттік тізілімнен алып тастауды тіркегені үшін: | |
| 17.1.1. | жеке тұлғалардан** | 1 |
| 17.1.2. | заңды тұлғалардан | 5 |
| 17.1.3. | екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан | 0 |
| 17.2. | жылжымалы мүлік кепілінің және кеме ипотекасының, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттіктің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін** | 0,5 |
Ескертпе.
Нөлдік мөлшерлеме мыналарды мемлекеттік тіркеген кезде қолданылады:
1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)