521-бап. Салықтық мөлшерлемелер
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, заңды тұлғалар мүлiк салығын салықтық базаға 1,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейдi.
2. Мүлік салығын салықтық базаға 0,5 пайыз мөлшерлеме бойынша мына төлеушілер есептейді:
1) дара кәсіпкерлер;
2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар.
3. Төменде көрсетілген заңды тұлғалар мүлiк салығын салықтық базаға 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейдi:
1) дiни бiрлестiктердi және осы Кодекстің 289-бабының 4-тармағында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда, осы Кодекстің 289-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
2) осы Кодекстiң 290-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар;
4) мемлекеттiк меншіктегі және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
5) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суару үшiн пайдаланылатын гидромелиоративтік құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
6) ауыз сумен жабдықтау объектілері бойынша заңды тұлғалар;
7) 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуеайлақтарындағы ұшу-қону жолақтарын және әуежайларының терминалдарын қоспағанда, әуеайлақтардағы ұшу-қону жолақтары және әуежайлардың терминалдары бойынша заңды тұлғалар;
10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген негізгі қызмет түрін өздері жүзеге асырған кезде пайдаланатын объектілер бойынша технологиялық парктер.
Осы тармақшаның ережелерін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес құрылған;
осындай технологиялық парктердің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы.
Осы тармақшаның ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларында қолданылмайды;
11) 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша:
1) егер мұндай пайдалану, сенімгерлік басқару немесе жалға беру үшін төлемақы мемлекеттік бюджетке түсетін жағдайда - осы Кодекстің 290-бабының 2-тармағында;
2) осы Кодекстің 290-бабының 3-тармағында айқындалған заңды тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесі бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді.
5. Мүлік салығын салықтық базаға 0 пайыз мөлшерлеме бойынша:
1) осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;
2) осы Кодекстің 79-тарауында белгіленген ережелер ескеріле отырып, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар есептейді.
6. Тұрғын үй қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен тізбеде айқындалған заңды тұлғалар салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде осы бағдарламаға қатысушы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері бойынша осы Кодекстің 531-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептейді.
522-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
1. Салық төлеушiлер салықты есептеудi салықтық базаға тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы өз бетінше жүргiзедi.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер мүлік салығын есептеуді осы Кодекстің 78-тарауы 1-параграфының ережелерін ескере отырып жүргізеді.
2. Осы Кодекстің 521-бабының 6-тармағында айқындалған тұлғалар салық сомасын:
салық салу объектілері жеке тұлғаларға сатып алу құқығынсыз тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарты бойынша жалға берілген жағдайда - осы Кодекстің 520-бабының 1-тармағына;
салық салу объектілері жеке тұлғаларға сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарты бойынша жалға берілген жағдайда - осы Кодекстің 520-бабының 2-тармағына сәйкес әрбір объект бойынша жеке-жеке айқындалатын салықтық базаға осы Кодекстің 531-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептейді.
3. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығы әрбiр салық төлеушi үшін оның мүлiк құнындағы үлесiне пропорционалды есептеледi.
4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салықтық кезең ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық салу объектілерінің салықтық кезеңнің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған баланстық құнына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады.
5. Салық бюджетке салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша төленедi.
6. Ағымдағы төлемдердің мөлшері салықтық кезеңнің басындағы салық салу объектілері бойынша салықтық базаға тиісті салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындалады.
7. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер ағымдағы салық төлемдерінің сомаларын салықтық кезеңнің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей, тең үлестермен төлейді.
8. Салықтық кезең ішінде салықтық міндеттемелер туындаған кезде, оның ішінде осы Кодекстің 517-бабы 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға берген немесе олар мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген кезде:
1) осындай салықтық кезеңнің ішінде ағымдағы салық сомаларын төлеудің келесі кезекті мерзімі оларды төлеудің алғашқы мерзімі болып табылады;
2) ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық сомасын тек түпкілікті есептеу және осы баптың 11-тармағында көзделген мерзімдерде төлеу жүргізіледі.
9. Мүлік салығы бойынша міндеттемелер салықтық кезең ішінде өзгерген кезде ағымдағы төлемдер, егер осы баптың 8-тармағында өзгеше белгіленбесе, осындай салықтық кезеңде салық төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен салықтық міндеттемелердің өзгеру сомасына түзетіледі.
10. Салықтық кезең ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер бухгалтерлік есеп деректері бойынша келіп түсетін күнге айқындалған келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-і салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі ағымдағы салықтық кезең айларының санына көбейтілген салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалатын сомаға ұлғайтылады. Ағымдағы төлемдер ұлғайтылуға жататын сома осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзімдер бойынша тең үлестермен бөлінеді, бұл ретте салық салу объектілері келіп түскен күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Салықтық кезең ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда, ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектілері құнының 1/13-і салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі ағымдағы салықтық кезең айларының санына көбейтілген салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалатын сомаға азайтылады.
Бұл ретте мыналар шығып қалған салық салу объектілерінің құны болып табылады:
бухгалтерлік есеп деректері бойынша келіп түсетін күнге бастапқы құн - ағымдағы салықтық кезеңде келіп түскен салық салу объектілері бойынша;
бухгалтерлік есеп деректері бойынша салықтық кезеңнің басындағы баланстық құн - қалған салық салу объектілері бойынша.
Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдерді төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.
11. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер мүлік салығын есептеу жөніндегі түпкілікті есеп-қисапты жүргізеді және салықтық кезең үшін декларация тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.
12. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мүлік салығын салықтық кезең үшін декларация тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.
13. Осы Кодекстің 518-бабы 6-тармағы 2) тармақшасының негізінде салық төлеуші болып табылатын тұлға үшін салық сомасы тiркелмеген салық салу объектiсіне құқықтар берілген жағдайда:
1) беруші тарап үшiн - осындай салық салу объектісін іс жүзінде иеленген және (немесе) пайдаланған (іске қосқан) айдың 1-күнінен бастап осындай объект қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берілген айдың 1-күніне дейінгі кезең үшін;
2) қабылдаушы тарап үшiн - осындай объект қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берiлген айдың 1-күнінен басталған кезең үшін есептеледі.
523-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу
Дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен есептейді және төлейді.
Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін, егер салық салу объектісі:
салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын тұрғынжай болып табылған және салықты салық органдары есептеген;
тек қана тұру мақсатында жалға (пайдалануға) берілген және тұрғын үй қорынан шығарылмаған жағдайларды бір мезгілде сақтаған кезде мұндай объект кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектісі деп танылмайды.
524-бап. Салықтық кезең
1. 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл мүлiк салығын есептеу үшiн салықтық кезең болып табылады.
2. Осы Кодекстің 517-бабы 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үшiн салықтық кезең салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдалану аяқталған кезге дейiн айқындалады.
525-бап. Салықтық есептілік
1. Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар салық салу объектілері орналасқан жер бойынша салық органдарына салықтық кезеңнің басындағы жағдай бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ағымдағы салықтық кезеңнің 15 ақпанынан кешіктірмей салық бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Салық төлеуші ағымдағы төлемдерді кезекті (салықтық кезең ішінде) төлеу мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде:
ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін туындағандарды қоспағанда, салықтық кезең ішінде салықтық міндеттемелер туындаған кезде - ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын;
салықтық кезең ішінде салық бойынша салықтық міндеттемелер өзгерген кезде - ағымдағы төлемдердің мөлшерлерін тиісті түзетіп және оларды алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен бөле отырып, ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабын ұсынады.
Бұл ретте ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы немесе ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабы ағымдағы төлемдерді төлеудің кезекті мерзімі басталған айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша, салықтық міндеттемелер туындаған немесе өзгертілген объектілер бойынша ұсынылады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салықтық міндеттемелер туындаған кезде салық төлеушілер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынбайды.
3. Салық бойынша декларацияны салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмейтін мерзімде:
1) заңды тұлғалар;
2) дара кәсіпкерлер - кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша;
3) жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) - кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикаға байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ұсынады.
65-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІК САЛЫҒЫ
526-бап. Салық төлеушілер
1. Осы Кодекстің 528-бабына сәйкес салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
1) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, бөлек тұратын зейнеткерлер - меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде;
2020.06.05. № 324-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер - меншік құқығындағы барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 500 еселенген мөлшері шегінде;
3) жетім балалар және 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
4) салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салықты салық органдары осы Кодекстің 532-бабына сәйкес есептейтін тұрғынжайларды және басқа да объектілерді қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер.
3. Осы баптың 2-тармағы 2) және 3) тармақшаларының ережелері пайдалануға немесе мүліктік жалдауға (жалға) берілген салық салу объектілері бойынша қолданылмайды.
527-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау
1. Мемлекеттік мекеме салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстің 41-бабына сәйкес айқындалады.
2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келiсу бойынша осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.
Бұл ретте меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу 2016 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жүргізілген бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша меншік иелері осындай объектіге меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға арналған өтініште көрсеткен осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.
528-бап. Салық салу объектісі
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғынжайлар, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар жеке тұлғаларға мүлік салығын салу объектісі болып табылады.
529-бап. Салықтық база
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салықтық база болып табылады, бұл мынадай тәртіппен айқындалады:
Қ = Қ б х S х К физ х К функц х К айм х К аек. өзг, мұнда:
Қ - салық салу мақсаттарына арналған мүлік құны;
Қ б - тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны;
S - тұрғынжайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы;
К физ - физикалық тозу коэффициенті;
К функц - функционалдық тозу коэффициенті;
К айм - аймаққа бөлу коэффициенті;
К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.
2-тармақтың қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 43-3-бабының редакциясында қолданылды
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:
| Р/с № | Елді мекеннің санаты | Базалық құны теңгемен |
| 1 | 2 | 3 |
| Қалалар: | |
| 1. | Алматы | 60 000 |
| 2. | Шымкент | 60 000 |
| 3. | Нұр-Сұлтан | 60 000 |
| 4. | Ақтау | 36 000 |
| 5. | Ақтөбе | 36 000 |
| 6. | Атырау | 36 000 |
| 7. | Көкшетау | 36 000 |
| 8. | Қарағанды | 36 000 |
| 9. | Қостанай | 36 000 |
| 10. | Қызылорда | 36 000 |
| 11. | Орал | 36 000 |
| 12. | Өскемен | 36 000 |
| 13. | Павлодар | 36 000 |
| 14. | Петропавл | 36 000 |
| 15. | Талдықорған | 36 000 |
| 16. | Тараз | 36 000 |
| 17. | Түркістан | 36 000 |
| 18. | Облыстық маңызы бар қалалар | 12 000 |
| 19. | Аудандық маңызы бар қалалар | 6 000 |
| 20. | Кенттер | 4 200 |
| 21. | Ауылдар | 2 700 |
Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық обьектілер сыныптауышына сәйкес айқындалады.
3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын тұрғынжайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, астыңғы қабатының, жертөлесінің, гараждың құны осындай объект бойынша салықтық база болып табылады, бұл мынадай формуламен есептеледі:
Қ = Қ б x S x К физ х К аек. өзг х K айм, мұнда:
Қ - салық салу мақсаттарына арналған құн;
Қ б - осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құннан мынадай мөлшерде айқындалатын бір шаршы метрдің базалық құны:
тұрғынжайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, астыңғы қабаты, жертөлесі бойынша - 25 пайыз,
гараж бойынша - 15 пайыз;
S - тұрғынжайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, астыңғы қабатының, жертөлесінің, гараждың шаршы метрмен көрсетілетін жалпы алаңы,
К физ - осы баптың 4-тармағында айқындалған тәртіппен белгіленген физикалық тозу коэффициенті;
К аек. өзг - осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті;
К айм - осы баптың 6-тармағында айқындалған тәртіппен белгіленген аймаққа бөлу коэффициенті.
4. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозу коэффициенті амортизация нормалары және мына формула бойынша тиімді пайдаланылған мерзімі ескеріле отырып айқындалады:
К физ = 1 - Т физ, мұнда:
Т физ - тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы.
Физикалық тозу мына формула бойынша айқындалады:
Т физ = (Т баз - Т беру) х Н аморт/100, мұнда:
Т баз - салық есепке жазылған жыл;
Т беру - салық салу объектісінің пайдалануға берілген жылы;
Н аморт - амортизация нормасы.
Ғимараттың сипаттамасына қарай физикалық тозуын айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады:
| Р/с № | Күрделілік тобы | Ғимараттың сипаттамасы | Н аморт, % | Қызмет ету мерзімі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | 1. | Тас, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5-тен артық кірпіштен қаланған кірпіш немесе темір-бетон немесе металл қаңқасы бар кірпіш, жабындары темір-бетон және бетон ғимараттар; қабырғалары ірі панельді, жабындары темір-бетон ғимараттар | 0,7 | 143 |
| 2. | 2. | Қабырғаларының қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіштен қаланған кірпіш, жабындары темір-бетон, бетон немесе ағаш ғимараттар; қабырғалары ірі блокты, жабындары темір-бетон ғимараттар | 0,8 | 125 |
| 3. | 3. | Қабырғалары кірпіштен, монолитті шлак-бетоннан, жеңіл шлак-блоктардан, ұлутастардан жеңіл қаланған, жабындары темір-бетон немесе бетон ғимараттар; қабырғалары ірі блокты немесе кірпіштен жеңіл қаланған, монолитті шлак-бетон, ұсақ шлак-блок ғимараттар | 1,0 | 100 |
| 4. | 4. | Аралас, кесілген ағаштан жасалған немесе төсемтас қабырғалары бар ғимараттар | 2,0 | 50 |
| 5. | 5. | Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан соғылған, саман ғимараттар | 3,3 | 30 |
| 6. | 6. | Қамыс қаңқалы және басқа да жеңілдетілген ғимараттар | 6,6 | 15 |
Егер тұрғынжайдың, саяжай құрылысының тас немесе тіреу панельдерінің физикалық тозуы 70 пайыздан, өзге материалдардың тозуы 65 пайыздан асып кетсе, онда физикалық тозу коэффициенті 0,2-ге тең деп қабылданады.
5. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының сапасына қойылатын талаптардың өзгеруін ескеретін физикалық тозу коэффициенті (К функц) мына формула бойынша есептеледі:
К функц = К қабат х К бұрыш. х К қабырғ. мат х К абат. х К жылыт, мұнда:
К қабат - тұрғынжайдың орналасу қабатына қарай базалық құнның өзгеруін ескеретін коэффициент;
К бұрыш - тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуын ескеретін коэффициент;
К қабырғ.мат - қабырғалардың материалын ескеретін коэффициент;
К абат. - тұрғынжайдың, саяжай құрылысының абаттандырылуы мен оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін ескеретін коэффициент;
К жылыт - жылыту түрін ескеретін коэффициент.
Қабатына қарай қабаттың мынадай түзету коэффициенттері қолданылады (К қабат):
| Р/с № | Қабаты | Кқабат |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Бірінші | 0,95 |
| 2. | Аралық немесе жеке тұрғын үй | 1,00 |
| 3. | Соңғы | 0,9 |
Биіктігі үш қабаттан аспайтын көппәтерлі тұрғын ғимараттар үшін кез келген қабат үшін қабат коэффициенті 1-ге тең деп алынады.
Тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуына қарай мынадай түзету коэффициенттері (Кбұрыш) қолданылады:
| Р/с № | Тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуы | К бұрыш |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Бұрышта орналасқан | 0,95 |
| 2. | Бұрышта орналаспаған немесе жеке тұрғын үй | 1,0 |
Қабырғаларының материалына қарай мынадай түзету коэффициенттері (К қаб. мат) қолданылады:
| Р/с № | Қабырғаларының материалы | Коэффициент |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Кірпіштен | 1,1 |
| 2. | Керамзит-бетон блоктардан құрама | 1,0 |
| 3. | Керамзит-бетон блоктардан құрама, кірпішпен қапталған | 1,05 |
| 4. | Темір-бетон панельдер | 1,0 |
| 5. | Темір-бетон панельдерден,кірпішпен қапталған | 1,05 |
| 6. | Балшықтан соғылған саман | 0,5 |
| 7. | Саман, сыртынан 0,5 кірпішпен қапталған | 0,6 |
| 8. | Монолитті шлак-бетон | 0,7 |
| 9. | Темір-бетон блоктардан | 1,0 |
| 10. | Жиналмалы-қалқанды | 0,6 |
| 11. | Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпішпен қапталған | 0,75 |
| 12. | Кесілген ағаштан | 0,85 |
| 13. | Шпалдан | 0,75 |
| 14. | Шпалдан, кірпішпен қапталған | 0,95 |
| 15. | Қамыс қаңқалы | 0,6 |
| 16. | Өзгелері | 1,0 |
Тұрғынжайды, саяжай құрылысын барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде абаттандырудың түзету коэффициенті (К абат) 1-ге тең деп алынады.
Адамдардың тұруына (тұрмысына), болуына нормативтік не жайлы жағдайлар жасайтын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа абаттандыру түрлері) болмаған жағдайда К абат 0,8-ге тең деп алынады.
Жылыту түріне қарай жылытудың мынадай түзету коэффициенттері (К жылыт) қолданылады:
| Р/с № | Жылыту түрлері | К жылыт |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Орталықтан жылыту | 1,0 |
| 2. | Газбен немесе мазутпен жергілікті жылыту | 0,98 |
| 3. | Қатты отынды қолданып, сумен жергілікті жылыту | 0,95 |
| 4. | Пешпен жылыту | 0,9 |