Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын Байқоңыр қаласының тұрғындарына жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем Ресей Федерациясының федералдық денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың Байқоңыр қаласының аумағында орналасқан бөлімшелері берген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңіне тағайындалады.
4. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтiк төлем мөлшерi әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын он екіге бөлу арқылы айқындалады.
Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады.
5. Егер бұл еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 23-2-баппен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 23-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-2-бап. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi
1. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген және Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.
2. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем екi және одан да көп бала туған кезде әр балаға жеке тағайындалады.
3. 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап ол бiр жасқа толған күндi қоса алғандағы мерзімге дейiн тағайындалады.
Бiр жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда, әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған айды қоса алғанда төленедi.
5. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстыру коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады.
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы айқындалады.
Табысты ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.
Бұл ретте, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
6. Алушы қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқықтарынан айырылған немесе олар шектелген, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген жағдайларда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем баланы мемлекеттің толық қамсыздандыруы белгіленген жағдайларды қоспағанда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімін жүзеге асыратын адамға, мынадай құжаттар:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алушының қайтыс болуы туралы куәліктің, соттың хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы, ата-ана құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу туралы шешімінің, соттың бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуі туралы үкімінің көшірмелері;
3) соттың бала асырап алу туралы заңды күшіне енген шешімінің үзінді көшірмесі;
4) қорғаншы етіп тағайындау туралы анықтама негізінде жүргізіледі.
7. Бала (балалар) бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем:
1) бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң;
2) баланы (балаларды) мемлекеттің толық қамсыздандыруы белгіленген ай өткен соң;
3) ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған немесе олар шектелген, асырап алу туралы шешім жарамсыз деп танылған немесе оның күші жойылған, Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда, қорғаншылар өз міндеттерін орындаудан босатылған немесе шеттетілген ай өткен соң тоқтатылады.
24-бап. 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-тарау. Әлеуметтік төлемдер және олардан ұстап қалу
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25-бап жаңа редакцияда
25-бап. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер
Әлеуметтік төлемдер ағымдағы ай үшін Мемлекеттік корпорация арқылы алушының банктік шоттарына аудару жолымен жүргізіледі. Төлемдердің кешіктірілгені үшін осы Заңның 20-бабының 8-тармағына сәйкес өсімпұл есебіне жазылады.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 26-бап өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-бап. Әлеуметтiк төлемдерден ұстап қалу
Еңбек ету қабiлетiнен айырылған және (немесе) жұмысынан айырылған, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда берiлетiн әлеуметтiк төлемдерден Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталып қалады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жiберiледi.
5-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
27-бап. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры
1. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры бiрден-бiр құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым.
2. Қор өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң барлық мүлкiмен жауапты болады.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды
27-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
1. Атқарушы органның бірінші басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер Қордың басшы қызметкерлері болып танылады.
2. Қордың басшы қызметкерлеріне мынадай талаптар белгіленеді:
1) атқарушы органның бірінші басшысы мен оның орынбасарлары үшін:
білімі - жоғары кәсіптік (заң, қаржы-экономикалық) білімі;
бағалы қағаздар нарығында және қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда кәсіптік қызметпен тікелей байланысты басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі не халықты әлеуметтік қорғау саласында басшы лауазымдарда кемінде алты жыл жұмыс өтілі;
2) бас бухгалтер үшін:
білімі - жоғары кәсіптік (қаржылық, экономикалық) білімі;
қаржы-бухгалтерлік жұмыста кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуы керек.
3. Қордың басшы қызметкері болып:
1) жоғары кәсіптік білімі жоқ;
2) осы баптың 2-тармағында көзделген қызмет салаларында ең аз қажетті жұмыс өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
4) бұрын осы адам заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері лауазымында болған кезеңде банкрот деп танылған немесе санацияға, консервациялауға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған осы заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған адам сайлана (тағайындала) алмайды.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
28-бап. Қордың қызметi
Қор өз қызметiн Қордың активтерiнен алатын комиссиялық сыйақы есебiнен жүзеге асырады.
Қордың өз қаражаты Қордың жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан құралады және солардан тұрады.
29-бап. Қордың құқықтары мен мiндеттерi
1. Қордың:
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен айналысуға;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;
3) Қор қызметiн жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Мемлекеттік корпорациядан қаржы қозғалысы туралы ақпарат алуға;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларынан Қор қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомасын қайтаруды жүзеге асыруға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7) әлеуметтік төлемдер тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдауға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
8) уәкілетті мемлекеттік органдар мен әлеуметтік аударымдарды төлеушілер арқылы тиісті ақпаратты сұрату жолымен әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың анықтығын тексеруге;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9) Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар ашуға құқығы бар.
2. Қор:
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруы үшін қаражаттардың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
2) Қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;
3) жыл сайын аудит өткiзудi қамтамасыз етуге;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5) әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық тағайындалуын қамтамасыз етуге;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6) әлеуметтік төлемдер тағайындау және алу мәселелері бойынша қажетті түсініктемелер беруге міндетті.
3. Қор:
1) Қор активтерiн кепiлге беруге;
2) кәсiпкерлiкпен және осы Заңда көзделмеген өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес.
30-бап. Қордың инвестициялық қызметi
1. Қор инвестициялық қызметтi Қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арасында жасалатын шарт негiзiнде Қордың активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қордың активтерiн шоғырландыру және орналастыру жөніндегі, инвестициялық кiрiс алу жөніндегі барлық операциялардың есебiн жүргiзедi және жасалған шартқа сәйкес Қор шоттарының және оның активтерiмен инвестициялық қызметтiң жай-күйi туралы Қорға тоқсан сайын есеп берудi табыс етiп отырады.
31-бап. Қор активтерiнiң құрылуы
1. Қордың активтерi:
1) әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдар төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн алынған өсiмпұл, Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақылар шегерiлген инвестициялық табыс;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебiнен құралады.
2. Қордың активтерi мынадай мақсаттарға ғана:
1) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруға;
2) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын қаржы құралдарына орналастыруға;
3) артық төленген әлеуметтiк аударым сомалары мен өзге де қате есептелген қаражатты қайтаруға пайдаланыла алады.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Қордың активтеріне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
32-бап. Есеп жүргiзу және есеп беру
1. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және қаржылық есеп берудi Қордың өзiнiң қаражаты мен активтерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бөлек табыс етедi.
2. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзуде және есептiлiктi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың есебi мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Сақталуға жататын негiзгi құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
6-тарау. Қорытынды ережелер
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-бап. Дауларды шешу
Қордың, Мемлекеттік корпорацияның, мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
34-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын бұзуға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының