6. Резидент-еңбекші көшіп келуші салықтық кезең ішінде бюджетке төлеген алдын ала төлемдер сомасы есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.
7. Егер салықтық кезең ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдер сомасы есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып кетсе, онда мұндай асып кету сомасы артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және қайтаруға немесе есепке жатқызуға жатпайды.
8. Егер салықтық кезең ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдер сомасы есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болса, онда жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі және салықтық кезең қорытындысы декларациясы бойынша жеке табыс салығын төлеуді резидент-еңбекші көшіп келуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей болатын жері бойынша жүзеге асырады.
361-бап. Салықтық кезең
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеу үшін күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.
2. Жеке тұлға күнтізбелік жыл басталғаннан кейін дара кәсіпкер ретінде тіркелген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік жыл соңына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салықтық кезең болып табылады.
3. Дара кәсіпкерді күнтізбелік жылдың соңына дейін дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарған кезде күнтізбелік жыл басталғаннан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін соңғы салықтық кезең болып табылады.
4. Жеке тұлғаны күнтізбелік жыл басталғаннан кейін дара кәсіпкер ретінде тіркеген және осы жылдың соңына дейін дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарған кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін салықтық кезең болып табылады.
5. Дара кәсіпкер күнтізбелік жыл ішінде кәсіпкерлік қызметін шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған кезде салықтық кезеңге кәсіпкерлік қызметі шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде жүзеге асырылған уақыт кезеңі кірмейді.
362-бап. Салықты төлеу мерзімдері
1. Салықтық кезең қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны:
1) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам - тұрған жері бойынша;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға - тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсыруы үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей дербес жүзеге асырады.
2. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер көрсетілген арнаулы салық режимдері шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеуді осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес жүргізеді.
363-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация
1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мынадай резидент-салық төлеушілер тапсырады:
1) дара кәсіпкерлер;
2) жеке практикамен айналысатын адамдар;
3) мүліктік кіріс алған жеке тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден кірістер алған жеке тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес салық агентіне қатысты емес кірістер алатын үй жұмыскерлері;
6) салық агенттері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiмен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскер кірісін алатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
7) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған, халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскер кірісін алатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
8) еңбекші көшіп келушіге рұқсат негізінде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша кірістерді алатын (алуға жататын), Қазақстан Республикасының резидент-еңбекші көшіп келушілері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер;
9) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпқой медиаторларды қоспағанда, салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алатын медиаторлар;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін, салық салуға жататын, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтерді ұсынуына байланысты төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу жүргізілмеген кірістерді алатын жеке тұлғалар;
11) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетел банктеріндегі банктік шоттарында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 141 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
12) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мынадай мүлік бар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар:
шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында (құқықтары және (немесе) мәмілелері) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлік;
эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.
Бұл ретте, осы тармақта көрсетілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқу, тағылымдамадан немесе практикадан өту мақсатында жүрген тұлғалар осы тармақта көзделген негіздер болмаған жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырмайды.
2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген жеке тұлғалар кірістері және салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, оның шегінен тыс жердегі де мүлкі туралы декларацияны тапсырады.
3. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағында көрсетілген, осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсырмайды.
364-бап. Декларацияны тапсыру мерзімдері
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей тапсырылады.
2. Осы Кодекстің 360-бабында көзделген кірістерді алған, Қазақстан Республикасының резидент-үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда тапсырады.
Осы Кодекстің 360-бабында көзделген кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының резидент-үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тапсырады.
Бұл ретте осы Кодекстің 360-бабында көзделген кірістерді алған резидент-еңбекші көшіп келуші салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кететін күніне дейін тапсырылады.
9-бөлім. Жеке практикамен айналысатын адамның және дара кәсіпкердің кірістерінен жеке табыс салығы
40-тарау. Жеке практикамен айналысатын адамның және жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі
365-бап. Жеке практикамен айналысатын адамның кірісі
1. Жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісі жеке практикамен айналысатын адамның осы Кодекстің 336-бабына сәйкес айқындалған кірісінің мөлшерінде айқындалады.
2. Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістері бойынша жеке табыс салығының сомасы жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кіріс сомасына осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы әр айдың қорытындысы бойынша бір айға алынған кірістер бойынша есептеледі.
3. Есептелген салық сомасы кірістер бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей ай сайын төлеуге жатады.
366-бап. Дара кәсіпкердің кірісі
1. Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкердің салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
дара кәсіпкердің осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісі,
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 288-бабында белгіленген салық салынатын кірісті азайтуды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған дара кәсіпкердің салық салынатын кірісін азайту,
қосу
бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің осы Кодекстің 340-бабына сәйкес айқындалатын жиынтық пайдасы,
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 299 және 300-баптарында белгіленген залалдарды ауыстыру тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған ауыстыруға жататын залалдар.
2. Дара кәсіпкердің салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 226 - 240-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 225-бабында белгіленген жылдық жиынтық кірісті айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған дара кәсіпкер кірісі,
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 241-бабының 1-тармағында белгіленген жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған дара кәсіпкер кірісін түзету,
қосу (алу)
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 241-бабының 2-тармағында белгіленген жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған дара кәсіпкер кірісін түзету,
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 242 - 276-баптарында белгіленген шегерімдерге жатқызылатын шығыстарды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған шегерімдер
қосу (алу)
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 287-бабында белгіленген кірістер мен шегерімдерді түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған кірістер мен шегерімдерді түзету.».
34-бап. Салық кодексінің 288-бабы 2-тармағы 8) тармақшасы үшінші бөлігінің қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 35 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.»;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 40 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.»;
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 50 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.».
35-бап. Салық кодексінің 300-бабы 4-тармағы үшінші бөлігінің қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 35 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.»;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 40 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.»;
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 50 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.».
36-бап. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағы 15) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«15) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде:
индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарын өндіруші;
ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші болып табылатын заңды тұлға еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізаттың және (немесе) материалдардың;».
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37-бап. Салық кодексінің 412-бабы 1, 2, 3 және 4-тармақтарының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде мыналар шот-фактура жазып беруге міндетті:
1) осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;
3) осы Кодекстің 416-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;
4) осы Кодекстің 415-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор.
2. Шот-фактура электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште жазып беріледі.
Шот-фактура электрондық нысанда уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жазылып беріледі.
Шот-фактураның үзінді көшірмесі қағаз жеткізгіште салық төлеуші дербес айқындайтын нысан бойынша, осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шот-фактураны электрондық нысанда мыналар жазып беруге міндетті:
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;
2) салықтық мониторингке жататын салық төлеушілер;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор, кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының иесі, кеден қоймаларының иесі болып табылатын салық төлеушілер;
4) жүктерді халықаралық тасымалдау қызметтері бойынша қосылған құн салығын төлеушілер.
4. Осы баптың 3-тармағында аталған салық төлеушілер шот-фактураны қағаз жеткізгіште мынадай жағдайда жазып беруге құқылы:
1) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекарасындағы салық төлеушінің тұрған жері бойынша ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісінің болмауы.
Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады;
2) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган растаған техникалық қателіктердің туындауы.
Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркеуге жатады.».
38-бап. Салық кодексінің 429-бабы 6-тармағы екінші абзацының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«қайтарылуы осы Кодекстің 432-бабына сәйкес жүзеге асырылатын қосылған құн салығының асып кету сомасына;».
39-бап. Мыналар:
1) Салық кодексінің 431-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының және 2-тармағы бірінші бөлігі бірінші абзацының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы нормалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«1) егер осы Кодекстің 432 және 434-баптарында өзгеше белгіленбесе, осы бапта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде;»;
«2. Егер осы Кодекстің 432 және 434-баптарында өзгеше белгіленбесе, тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару салық төлеушіге мынадай мерзімдерде жүргізіледі:»;
2) Салық кодексінің 431-бабы 3-тармағы 2) тармақшасының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«2) осы Кодекстің 372-бабы 5-тармағы 28) тармақшасының және 411-бабының ережелерін қолданған салықтық кезеңдер үшін салық төлеушіге қайтару жүргізілмейді.».
40-бап. Салық кодексінің 432-бабы 4-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«4. Осы баптың ережелері қайтарылуы осы Кодекстің 429-бабына сәйкес жүзеге асырылатын қосылған құн салығының асып кету сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 434-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қосылған құн салығының асып кетуін қайтарған кезде қолданылмайды.».
41-бап. Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағы алтыншы бөлігінің қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«Осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде аталған құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға) қатысты қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілер тізбесінің қолданысы тоқтатылғанға дейін қолданылады.».
42-бап. Салық кодексінің 451-бабы 2-тармағы 4) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«4) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде:
индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарын өндіруші;
ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші болып табылатын заңды тұлға еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізат және (немесе) материалдар.».
43-бап. Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағы 1) тармақшасы кестесінің 7, 12, 14, 15, 21 және 22-жолдарының қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы жолдар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«
7. | 2208 | Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа) | 2275 теңге/литр 100 % спирт |
»;
«
12. | 2203 00 | Сыра және сыра сусыны | 48 теңге/литр |
»;
«
14. | 2402-ден | Фильтрлі сигареттер | 7500 теңге/ 1000 дана |
15. | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар | 7500 теңге/ 1000 дана |
»;