5. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 62-бап мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту, қазақстандық кадрларды оқыту, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеу;
3-2) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін, оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, аталған тізілімді қалыптастыру және жүргізу;»;
2) 63-бап мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту, қазақстандық кадрларды оқыту, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеу;
3-2) уран өндіру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, аталған тізілімді қалыптастыру және жүргізу;»;
3) 131-баптың 4 және 5-тармақтары алып тасталсын;
4) 140-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
5, 6 және 8-тармақтар алып тасталсын;
5) 144-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесіне қосу үшін ақпаратты өңдеу, сақтау, пайдалану, оның ішінде беру және тарату мақсатында ақпарат жинауды шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастырудың және оның жұмыс істеуінің өзі бекітетін тәртібіне сәйкес жүзеге асырады.»;
4-тармақтағы «мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі операторына» деген сөздер «көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 179-баптың 4 және 5-тармақтары алып тасталсын.
6. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:
96-баптың 2) тармақшасында:
«банкті» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын» деген сөздермен толықтырылып, «банктер санатына» деген сөздер «банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары санатына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оған» деген сөз «оларға» деген сөзбен ауыстырылсын.
7. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағында:
24) және 135) тармақшалар «жүзеге асыруға болмайтын,» деген сөздерден кейін «бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесіне енгізілген» деген сөздермен толықтырылсын;
200) тармақшадағы «қағидаларына сәйкес» деген сөздерден кейін «бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесіне енгізілген» деген сөздермен толықтырылсын;
245) және 246) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«245) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған шекті баға - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды одан жоғары бағамен жүргізуге болмайтын, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған баға;
246) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған шекті баға - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды одан жоғары бағамен жүргізуге болмайтын, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған баға;»;
2) 196-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында тіркелмеген және Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттар мен тіркелмеген медициналық бұйымдарды нақты пациенттің өмірлік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек кездесетін (орфандық) аурулары және (немесе) жай-күйлері бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қолдануға жол беріледі.»;
3) 245-баптың 1, 2, 3 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағаларды мемлекеттік реттеу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесіне енгізілген, Қазақстан Республикасында тіркелген және айналыстағы көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған дәрілік заттарға, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жүзеге асырылады.
Көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесін уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша жартыжылдықта бір реттен жиілетпей, жартыжылдықтың үшінші айының онынан кешіктірмей бекітеді.
2. Уәкілетті орган жартыжылдықтың бірінші айының онынан кешіктірмей жартыжылдықта бір реттен жиілетпей монополияға қарсы органмен келісу бойынша өндірушінің дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларын, бағалық реттеуге жататын дәрілік заттар тізбесіне енгізілген, бөлшек және көтерме саудада өткізуге арналған дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекітеді.
3. Уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған шекті бағаны, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған шекті бағаны бекітеді.»;
«7. Бағалық реттеуге жататын, дәрілік заттардың тізбесіне енгізілген дәрілік препараттарды саудалық атаулары бойынша дәрілік заттарға шекті бағасыз көтерме және бөлшек саудада өткізуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына шекті бағасыз сатып алуға және бірлесіп төлеуге жол берілмейді.»;
4) 246-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Медициналық көмектің ең төмен, базалық және қосымша көлемдерін көрсетуге арналған дәрiлiк заттар - халықаралық патенттелмеген атауларымен, ал пациенттің жеке көтере алмау жағдайында дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы және облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органының шешімі негізінде Қазақстан Республикасында тілкелген дәрілік заттардың саудалық атауларымен сатып алынады. Көпкомпонентті дәрілік зат сатып алынған жағдайда оның құрамы көрсетіледі.»;
7-тармақтың 5) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 270-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) медицина қызметкерлерінің медициналық көмек көрсетуі кезінде пациенттің өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген жағдайда олардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруға;».
8. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырады.».
9. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-5-бап алып тасталсын;
2) 10-6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүліктің меншік иелерінің бірлестіктері, жай серіктестіктер, көппәтерлі тұрғын үйді басқарушылар, басқарушы компаниялар, сервистік қызмет субъектілері, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері және өзге де субъектілер тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру субъектілері (қатысушылар) болып табылады.».
10. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
15-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «тапсырысқа» деген сөз «тапсырмаға» деген сөзбен ауыстырылсын.
11. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
24-3) тармақша алып тасталсын;
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«33) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда нарығының операторы (операторлары), жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы;»;
2) 4-баптың 1-2) тармақшасы алып тасталсын;
3) 5-баптың 53) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«53) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес орталықтандырылған сауда нарығының операторын (операторларын) конкурстық негізде айқындайды;»;
4) 9-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке немесе заңды тұлғаның басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді жанама түрде айқындау мүмкіндігі деп осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әрбір келесі заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайыздан астамына билік етуі түсініледі.»;
5) 12-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасы «аспайтын)» деген сөзден кейін «және осы Заңның 13-бабы 3-1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «аспайтын)» деген сөзден кейін «және осы Заңның 13-бабы 3-1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 13-бапта:
3-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығында, оның ішінде орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге сатуды жүзеге асыруға міндетті.
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған орталықтандырылған сауда-саттық арқылы міндетті түрде сатылуға жататын электр энергиясының үлесін уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша айқындайды.
Орталықтандырылған сауда-саттық арқылы міндетті түрде сатылуға жататын электр энергиясының нақты көлемін есептеу тәртібі, сондай-ақ осы талаптың орындалуын мониторингтеу және бағаларды қалыптастыру тәртібі электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес айқындалады.
Электр энергиясын өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға өткізетін энергия өндіруші ұйымдар үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған орталықтандырылған сауда-саттық арқылы міндетті түрде сатылуға жататын электр энергиясының көлемі уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша айқындаған үлес және өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға өткізілген электр энергиясы шегеріле отырып, өткізілген электр энергиясының көлемі негізге алына отырып есептеледі.
Бұл ретте электр энергиясын одан әрі сатусыз өз мұқтажы үшін сатып алатын заңды тұлға тұтынушы деп танылады.
Егер энергия өндіруші ұйым сауда-саттық қорытындылары бойынша осы тармақшаның үшінші бөлігінде көрсетілген көлемді өткізбеген жағдайда, энергия өндіруші ұйым мұндай көлемді орталықтандырылған сауда-саттықтан тыс өткізуге құқылы;»;
3-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға:
1) электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға өткізуге (сатуға), сондай-ақ оны энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымнан алуға (сатып алуға);
2) жүйелік оператор қалыптастыратын қуат нарығын тұтынушылардың тізбесіндегі, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салынады.
Қуат нарығын тұтынушылардың тізбесі жүйелік оператордың интернет-ресурсында орналастырылады және оны жүйелік оператор қуат нарығын тұтынушылар құрамының өзгеру фактісі бойынша жаңартып отырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тыйым салу электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға электр энергиясын өткізудің мынадай жағдайларына:
қуаттардың авариялық істен шығу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүйелік оператор растаған, электр энергиясын өндірудің, берудің техникалық мүмкіндігінің болмауы немесе шектелуі себебінен, тұтынушы электр энергиясын сатуға шарт жасасқан энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіруді қысқарту немесе тоқтату кезеңіне қолданылмайды.
Энергиямен жабдықтаушы ұйым энергия өндіруші ұйым тарапынан электр энергиясын беруді тоқтатудың жүйелік оператор растаған себептері жойылғанға дейін электр энергиясын тұтынушыға өткізуге құқылы;
тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушыларға;
тұтынушының оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне беру үшін орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 мегаваттан аспайтын жиынтық көлемде;
тұтынушы қуат нарығын тұтынушылардың тізбесіне енгізілген кезден бастап күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімге қолданылмайды.»;
7) 15-5-бапта:
2-тармақтағы «және үшінші» деген сөздер «, үшінші және төртінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларындағы «және үшінші» деген сөздер «, үшінші және төртінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 15-тармақтардағы «және үшінші» деген сөздер «, үшінші және төртінші» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру - концессиялық жобаларды қолдап отыру бойынша заңды тұлғалар көрсететін, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді және (немесе) түзетуді, комиссияның конкурсқа (аукционға) қатысушымен келіссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді қамтитын көрсетілетін қызметтер;»;
2) 8-баптың 6-1) тармақшасы алып тасталсын;
3) 12-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) қажет болған жағдайда, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша заңды тұлғаларды тартады;»;
4) 13-баптың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) осы баптың 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда сараптама жүргізу үшін заңды тұлғаларды айқындайды;»;
5) 20-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын» деген сөздер алып тасталып, төртінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық» деген сөздер «Концессиялық» деген сөзбен ауыстырылсын.
13-тармақ 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
13. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 7) тармақшасындағы «сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар» деген сөздер «шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 3-2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке немесе заңды тұлғаның басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді жанама түрде айқындау мүмкіндігі деп осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әрбір келесі заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайыздан астамына билік етуі түсініледі.».
15. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-баптың 4-5) тармақшасы алып тасталсын;
2) 133-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «төмен болған;» деген сөздер «төмен болған жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындар құрады.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген жағдайларда, мемлекеттiк кәсiпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады.».
16. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
16-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
17. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-қосымшаның 15-жолы 3-бағанының 2-тармағындағы «адамның иммун тапшылығы вирусының зертханалық диагностикасы (АИТВ-диагностикасы),» деген сөздер алып тасталсын.
18. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
19. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультативтік қолдап отыру - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдап отыру бойынша заңды тұлғалар көрсететiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзiрлеудi, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы келiссөз процесінде консультациялық қызметтерді қамтитын көрсетілетін қызметтер;»;
2) 19-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
3) 25-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын.
20-тармақ 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
20. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
8-баптың 5) тармақшасы «монополия» деген сөзден кейін «, арнайы құқық» деген сөздермен толықтырылсын.
21-тармақ 2023 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
21. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 18-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 5-баптың 2-тармағының 22-1) тармақшасы алып тасталсын.
22. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының екінші бөлігіндегі «2),» деген цифр алып тасталсын;
2) 12-баптың 10-тармағындағы «2),» деген цифр алып тасталсын;
3) 39-бапта:
3-тармақта:
22-тармақтың 3) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) табиғи монополиялар салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»;
2) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшада:
«еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындауы салдарынан, оның ішінде» деген сөздер алып тасталсын;
«аварияларды», «туындаған кезде» деген сөздер тиісінше «технологиялық бұзылуларды», «туындаған кезде қажетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) және 27) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«24) осы мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына оны нақтылау кезінде енгізілген жағдайда, өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»;
«27) монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысы болған кезде тиісті өкілеттіктері, оның ішінде мемлекеттік органның өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден және өзі оларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік органның сатып алуы.
Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысының болуы жөніндегі талап ұлттық қауіпсіздік органдарының, сайлау комиссияларының қызметін қамтамасыз ететін ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қолданылмайды;»;
38) тармақша алып тасталсын;
39) тармақшаның төртінші абзацындағы «өткізілетін;» деген сөз «сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін мүлікті (активтерді) сатып алу;» деген сөздермен ауыстырылып, бесінші абзацы алып тасталсын;
45) тармақша «көрмелердің» деген сөздің алдынан «осы мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына оны нақтылау кезінде енгізілген жағдайда,» деген сөздермен толықтырылсын.
23. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 5) тармақшасындағы «, еңбек ресурстарын дамыту орталығының» деген сөздер алып тасталсын;
2) 7-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді жүзеге асырады;»;
3) 8-бап алып тасталсын;
4) 16-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган халықты жұмыспен қамту орталығынан тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыссызды (әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тіркелетін және есептен шығарылатын адамдарды қоспағанда) мынадай жағдайларда:»;
23-тармақтың 5) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 25-баптың 2-тармағы «жұмыс беруші» деген сөздерден кейін «, оның ішінде өтемақы жарналары есебінен,» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң:
1) 2022 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 1) тармақшасын;
2) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 4) тармақшасының жетінші абзацын, 6) және 7) тармақшаларын, 9) тармақшасының үшінші абзацын және 16) тармақшасын, 13 және 20-тармақтарын;
3) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағының 5) тармақшасын және 23-тармағынының 5) тармақшасын;
4) 2023 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 21-тармағын;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)