2) осы Кодекстің 211-бабында көзделген қосымша салықтық есептілікті ұсынуды қоспағанда, бір рет ұсынылады.».
45-2-бап. Салық кодексінің 631-бабының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«631-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру ерекшеліктері
1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация осы Кодекстің 630-бабының 1-тармағында аталған жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерде мыналардың болуы туралы ақпаратты көрсетуіне арналады:
1) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік;
2) тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;
3) банктік шоттардағы ақша;
4) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген ақшаны қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы жылғы 31 желтоқсанға қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;
5) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдында берешегі (кредиторлық берешек) - міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын шарт немесе өзге де құжат болған кезде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы жылғы 31 желтоқсанға қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшеріне тең жиынтық сомадан асқан жағдайда көрсетіледі;
6) осы баптың 4-тармағында көрсетілген өзге де мүлік.
2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсаттары үшін салық органдары пайдаланатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтер туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналады.
3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшаларда мүлікті сенімгерлік басқаруға, трастқа беру туралы мәліметтерді де көрсетеді.
4. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда жеке тұлғаның қалауы бойынша мынадай талаптар ескеріле отырып, басқа да мүлік көрсетілуі мүмкін:
1) асыл тастар мен бағалы металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар және құрамында асыл тастар мен бағалы металдар бар басқа да заттар, сондай-ақ өнер және антиквариат туындылары - осы мүліктің бір бірлігі үшін бағасы (құны) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы жылғы 31 желтоқсанға қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен асқан және осындай мүліктің құнын растайтын құжаттар болған жағдайда көрсетіледі;
2) биологиялық активтер - ветеринариялық паспорт немесе осындай активтерге меншік құқығын растайтын өзге де құжат болған кезде;
3) мәдени құндылықтар - Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген жағдайда;
4) осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген өзге де мүлік - Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құнды қоса алғанда, осындай мүліктің құнын растайтын және (немесе) осындай мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар болған кезде.».
45-3-бап. Салық кодексінің 633-бабының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«633-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация
1. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны осы Кодекстің 630-бабының 1-тармағында аталған жеке тұлғалар жыл сайын, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылдан кейінгі жылдан бастап есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған жеке тұлғалар есепті салықтық кезең ішінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:
1) жеке тұлғалар:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларация, кірістер мен мүлік туралы декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар;
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар;
дара кәсіпкерлер;
жеке практикамен айналысатын адамдар болып табылмаса;
2) жеке тұлғалар:
мүліктік кіріс;
жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер алмаса;
3) жеке тұлғалардың кез келген кірістері болмаса немесе жеке тұлғалар кірістерді:
төлем көзінен салық салуға жататын кірістер;
өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянның өтемі;
алименттер түрінде ғана алса;
4) жеке тұлғалар салық агентіне төлем көзінен салық салынатын кірісті өзге шегерімдердің алдын ала сомасына азайтуға өтініш бермесе;
5) жеке тұлғалардың жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға құқығы болмаса немесе олар жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу құқығын іске асыруды қаламаса;
6) жеке тұлғалар мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде сатып алмаса, иеліктен шығармаса, өтеусіз алмаса, кірістер мен мүлік туралы декларацияны оңайлатылған нысан бойынша қосымшаларсыз (бұдан әрі - кірістер мен мүлік туралы қысқаша декларация) ұсынуға міндетті.».»;
«57-3-бап. Мыналар:
1) салық төлеуші-жеке тұлға, 2018 жыл үшін мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерін қоспағанда, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер үшін салықтық міндеттемелер бойынша түзілген бересі сомасын 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін төлеген жағдайда, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы өсімпұл сомасы, сондай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, төленген күніне дейін осындай бересі сомасына есепке жазылған өсімпұл сомасы салықтық берешек деп танылмайды, бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есептен шығаруға жатады деп белгіленсін. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сол түрі бойынша есептен шығарылады.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын адамдарға осындай тұлғалардың салықтық міндеттемелері кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат немесе кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асырумен байланысты емес жағдайларды қоспағанда, қолданылмайды.
2) 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке шотта он бес жылдан астам болған бересі сомасы, сондай-ақ көрсетілген бересі сомасына оны есептен шығару күніне дейін есепке жазылған өсімпұл сомасы салықтық берешек деп танылмайды және бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есептен шығаруға жатады деп белгіленсін.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асырумен байланысты салықтық міндеттемелер бойынша дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын салық төлеуші-жеке тұлғаларға қолданылады.».
68-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
68. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):
1-баптың 10-тармағы 5) тармақшасының он тоғызыншы абзацында:
«уәкілетті органның нормативтік» деген сөздер «уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкілетті органға» деген сөздер «Ұлттық Банкке» деген сөздермен ауыстырылсын.
69. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 14, 43-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағында:
1) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) айырбастау пункті - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы немесе Қазақстан Республикасының заңдары негізінде Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйым немесе уәкілетті банк құрған, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру үшін арнайы жабдықталған орын;»;
«9) уәкілетті ұйымдар - банктер болып табылмайтын, қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары;»;
2) 2-баптың үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «ұйымдастыру» деген сөз «жүзеге асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 6-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздерден кейін «, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 7-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 11) тармақшасындағы «ұйымдастыру жөніндегі қызметті» деген сөздер алып тасталсын;
6) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өздеріне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті банктер шетел валютасын Қазақстан Республикасында және шетелде сатуға және (немесе) сатып алуға құқылы.»;
7) 11-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қолма-қол шетел валютасын басқа қолма-қол шетел валютасына немесе қолма-қол ұлттық валютаға сатып алуды және (немесе) сатуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өздеріне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйымдар немесе уәкілетті банктер жүзеге асырады. Өзге тұлғалар Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату жөніндегі қаржылық қызметтер көрсетуге құқылы емес.»;
2-тармақтағы «ұйымдастыру» деген сөз «жүзеге асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 12-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар»;
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өзіне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін айырбастау пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.»;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «айырбастау операцияларын ұйымдастыруға», «ұйым әрбір айырбастау пунктіне беретін» деген сөздер тиісінше «айырбастау операцияларына», «ұйымның әрбір айырбастау пунктіне берілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «құрылтайшыларға» деген сөзден кейін «(қатысушыларға)» деген сөзбен толықтырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «айырбастау операцияларын ұйымдастыруға» деген сөздер «айырбастау операцияларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «ұйымдастыру» деген сөз «жүзеге асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «айырбастау операцияларын ұйымдастыруға» деген сөздер «айырбастау операцияларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Уәкілетті ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын қоса алғанда, оларды лицензиялау, уәкілетті банктің айырбастау пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар ету тәртібі, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар, айырбастау пункттерінің жұмыс істеу шарттары және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүргізу тәртібі, сондай-ақ есептердің нысандары және уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың оларды ұсыну мерзімдері Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.»;
9) 19-баптың 4-тармағы «құпияны» деген сөзден кейін «, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 20-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) рұқсат беру бақылауы шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы және (немесе) оған қосымша берілгенге дейін, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан уәкілетті ұйымның айырбастау пунктіне арналған үй-жайға баруды және оны қарап-тексеруді, жабдықты қарап-тексеруді қамтиды. Бару және қарап-тексеру заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясын және (немесе) оған қосымшаны алуға келіп түскен өтініші негізінде жүзеге асырылады. Қарап-тексерудің нәтижелері заңды тұлғаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясын және (немесе) оған қосымшаны беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде ескеріледі;»;
11) 22-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған кезде:
1) уәкілетті банктерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жазалар қолданылады, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар қойылады;
2) уәкілетті ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жазалар, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қадағалап ден қою шаралары және санкциялар;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген өзге де резиденттерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын бейрезиденттерге қатысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша хабарлама түріндегі шектеулі ықпал ету шаралары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жазалар қолданылады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «валюталық бақылау субъектілерінің» деген сөздер «осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субъектілердің» деген сөздермен ауыстырылсын.
70. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 14, 44-құжат):
1) 1-бапта:
8-тармақтың 2) тармақшасының жиырма бесінші абзацы, 19) тармақшасының төртінші абзацы және 20) тармақшасының жиырма бесінші абзацы алып тасталсын;
19-тармақтың 2) тармақшасының жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтары алып тасталсын;
2) 2-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 27-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Заңның 1-бабы 19-тармағы 7) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 16 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге ақпарат аудитін жүргізуді талап етеді;».».
71. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 16, 52-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат):
23-баптың 19) және 20) тармақшаларындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 13-тармағы 12) тармақшасының бесінші абзацын, 22) тармақшасын, 28-тармағының 9) және 13) тармақшаларын, 29-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 34-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 44-тармағын, 49-тармағы 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 50-тармағын, 53-тармағының 3) тармақшасын, 54, 57, 63, 66, 67 және 68-тармақтарын;
2) 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын;
3) 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 5-тармағы 18) тармақшасының сегізінші абзацын, 9-тармағының 7) тармақшасын, 11-тармағы 6) тармақшасының он төртінші, он бесінші және жиырма төртінші абзацтарын, 19-тармағы 10) тармақшасының төртінші абзацын, 29-тармағы 5) тармақшасының қырық төртінші абзацын, 9) тармақшасының алпысыншы абзацын және 13) тармақшасының бір жүз алпыс төртінші абзацын, 41-тармағы 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 3), 4) және 6) тармақшаларын, 7) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 49-тармағы 14) тармақшасының екінші абзацын, 56-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы абзацын және 62-тармағының 3) тармақшасын;
4) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 9-тармағының 20) тармақшасын, 29-тармағы 9) тармақшасының алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші және алпыс сегізінші абзацтарын қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 5-тармағы 8) тармақшасы алтыншы абзацының, 11) тармақшасы бесінші абзацының, 15) тармақшасы тоғызыншы абзацының, 16) тармақшасы төртінші абзацының, 18) тармақшасы төртінші және алтыншы абзацтарының және 22) тармақшасы үшінші абзацының, 11-тармағы 2) тармақшасы екінші абзацының, 5) тармақшасы жетінші, тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарының, 6) тармақшасы отыз алтыншы абзацының, 14) тармақшасы төртінші, алтыншы және жетінші абзацтарының, 29-тармағы 7) тармақшасы оныншы, он үшінші, он алтыншы, он сегізінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарының, 10) тармақшасы үшінші және бесінші абзацтарының, 13) тармақшасы бесінші, алтыншы, жетінші, тоқсан төртінші, тоқсан алтыншы, тоқсан сегізінші, бір жүзінші, бір жүз алтыншы, бір жүз жиырмасыншы және бір жүз жиырма сегізінші абзацтарының, 41-тармағы 7) тармақшасы үшінші және он екінші абзацтарының және 56-тармағы 1) тармақшасы екінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 16 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда, осы баптың сегізінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауаптылық басталады.»;
«2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген рұқсаттан айырылған және (немесе) «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерге сәйкес төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқау орындалуға жататын күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шот бойынша шығыс операцияларын жүргізуге кедергі келтіретін орындалмаған талаптары немесе ақшаға билік етуге шектеулері бар банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
«Ескертпе. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін төлем жүйелерінің операторлары, төлем жүйелерінің операциялық орталықтары және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер төлем жүйелерінің операторлары, төлем жүйелерінің операциялық орталықтары және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер деп түсініледі.»;
«Ескертпе. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда, осы баптың он екінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауаптылық басталады.»;
«3. Қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың операцияларды бухгалтерлік есепке алуда олардың нәтижелерін тиісті түрде көрсетпей жүргізуі -»;
«4. Қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлiк есеп алуды қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілігін бұрмалауға әкеп соққан, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарды және бухгалтерлік есепке алу әдістерін (қағидаттарын) бұза отырып жүргізуі -»;
«1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 186, 208, 211 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 211-1, 211-2, 213 (төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 220 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктерінде (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), 222, 223, 224, 225, 226, 227 (бірінші (банктерге, банктердің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Даму Банкіне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) қатысты), екінші, үшінші (эмитенттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), төртінші және бесінші бөліктерінде), 228 (бесінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он алтыншы, он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші (қаржы ұйымдарына (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты) бөліктерінде), 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 255, 256, 257, 259, 260, 261, 262, 264, 265, 286, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;