22) заңды тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден алынған, оның ішінде жұмыскердің өзінің жұмыс берушісінен алған кредиттерді (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 56 - 65 абзацтар жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) берілгеннен кейін басталған мынадай:
қарыз алушы - жеке тұлға соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде хабарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған;
қарыз алушы - жеке тұлғаға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген, сондай-ақ қарыз алушы - жеке тұлға қайтыс болған;
асыраушысынан айырылған, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы - жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;
қарыз алушы - жеке тұлғаның және банк (микроқаржы ұйымы, ипотекалық ұйым) алдында қарыз алушы - жеке тұлғамен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапкершілікте болатын үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе кірістері болмаған және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушысы оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша қолданған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, сот орындаушысының атқарушылық құжатты банкке (микроқаржы ұйымына, ипотекалық ұйымға) қайтару туралы қаулысы заңды күшіне енген;
ипотекалық шарт жасалған күнге негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлік соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағаға сатылған немесе кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін мұндай мүлік «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтелмеген кредиттің (ипотекалық қарыздың, ипотекалық тұрғын үй қарызының, микрокредиттің) сомасына кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі борыш, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кездегі кіріс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігі бесінші және алтыншы абзацтарының ережелері:
банктің (ипотекалық ұйымның, микроқаржы ұйымының) жұмыскеріне, банк (ипотекалық ұйым, микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (ипотекалық ұйыммен, микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;
талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды;
24) банк (ипотекалық ұйым, микроқаржы ұйымы) берген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тоқтатылған кезде:
негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің сотқа берілетін талап қою арызынан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі нәтижесінде мұндай адам алған кіріс түрінде түзілген кіріс;
25) 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын, ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша:
бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
шетел валютасымен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамын қолдана отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап қою арызынан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі түрінде мұндай адам алған кіріс түрінде түзілген кіріс;
25-1) 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 2022 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
26) борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабы 5-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша, осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, берешек сомасы;
27) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген мүліктің құны, оның ішінде ақша;
28) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
29) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 77 абзацпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
29-1) салық агенті жұмыскердің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударған ерікті зейнетақы жарналары;
30) жеке тұлға Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өзіне медициналық көмек көрсету кезінде алған кірісі;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы нысанында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, сондай-ақ оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін ұсыну;
тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсыну;
мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды төлеу;
санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілерде оңалту емін, сауықтыру мен демалуды ұсыну;
дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну;
Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мүгедектігі бар адамға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруі кезінде алынған материалдық пайда. Бұл ретте осы абзацтың ережесі:
мүгедектігі бар адам;
жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке көмекші болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылады;
32) жеке тұлғаларға өздерінен жеке тұлғаның жеке мүлкін сатып алғаны үшін төлемдер.
Осы тармақшада көзделген, салық агенті жүргізген төлем жағдайында осы тармақшаның ережелері өткізілетін жеке заттар кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтыны және жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеу үшін салық салынатын объект болып табылмайтыны көрсетілетін өтінішті салық агентіне ұсынған жеке тұлғаға қатысты қолданылады;
33) жұмыс берушiнiң қызметiмен байланысты мамандық бойынша жұмыскердi оқуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберген кезде басқа жерге қызметтiк iссапарды ресiмдей отырып жасалған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, бiлiктiлiкті арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге жұмыс берушінің нақты жұмсаған шығыстары;
34) шартта белгіленген кезең ішінде - банк пен клиент арасында жасалған шарт бойынша пайызсыз кезең берілуіне байланысты төлем карточкасын ұстаушы банктік қарыз бойынша алған, сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 93 абзац жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35) қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асырғаны үшін жеке тұлғаның шотына банктің және (немесе) Ұлттық пошта операторының қаражаты есебінен банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы есепке жатқызатын сома;
36) мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға байланысты қызметтік іссапарға жіберілген жағдайда мынадай шарттар орындалған кезде жұмыс беруші болып табылмайтын салық агенті аталған тұлғаларға жол жүру мен тұруға ақы төлеу түріндегі кірістер:
жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінің есебінен мемлекетішілік және шетелдік сапарларға шақыру салық агентінің қаражаты есебінен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсіби, гуманитарлық іс-шараларға, оның ішінде осындай салық агентінің жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын сапарларға қатысу үшін жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келісімімен жүзеге асырылуы;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның лауазымды адамы бұйрығының (өкімінің) болуы;
37) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша - жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертігуге ұшырау немесе кәсіптік ауруға шалдығу салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған жұмыскерге жұмыс беруші өтеусіз берген техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының құны;
38) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес, жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертігуге ұшырау немесе кәсіптік ауруға шалдығу салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған жұмыскерге жұмыс беруші өтеусіз көрсеткен протездік-ортопедиялық көмек түріндегі көрсетілетін қызметтердің құны;
39) «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құпия көмекшілерге төлемдер;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 100 абзацпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
39-1) осы Кодекстің 22-бабының 14-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес алынған сыйақы сомасы;
40) жұмыс берушiнiң қызметiмен байланысты мамандық бойынша оқыту, бiлiктiлiкті арттыру немесе қайта даярлау жағдайында, қызметтік іссапарды ресімдемей жасалған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскердi оқуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберу бойынша жұмыс берушiнiң шығыстары:
жұмыскерді оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгiлеген нормалар шегiнде жұмыскердің тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
жұмыскер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiгін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн кері қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;
жұмыс берушi:
жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегiнде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзiмі iшiнде - жұмыскер оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;
жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзiмі iшiнде - жұмыскер оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде жұмыскерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы;
41) осы Кодекстiң 291-бабының 1-тармағында аталған дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, оның ішінде ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегi тұрғылықты жерiнен (ел, елді мекен) Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және кері қайтқанда әуе көлiгiмен жол жүруге шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде нақты жұмсаған:
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыскері болып табылатын;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметтерін көрсететін бейрезидент-заңды тұлғаның жұмыскері болып табылатын және тікелей осындай жұмыстарды орындайтын және осындай қызметтерді көрсететін резидент-шетелдiк тұлға алған материалдық пайда;
42) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен, мамандық көрсетіле отырып жіберілген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:
жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде жеке тұлғаның тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
жеке тұлға оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін кері қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;
дербес білім беру ұйымы:
оқитын адамның Қазақстан Республикасының шегінде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзімі ішінде - жеке тұлға оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
оқитын адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзімі ішінде - жеке тұлға оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындаған ақша сомасы;
43) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы жұмсаған мынадай түрдегі төлемдер:
мынадай білім беру деңгейлері бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға және (немесе) кәсіптік практикадан өтуге ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар:
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысуға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;
жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжат болған кезде электрондық билет) негізінде - бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, осы тармақшада көзделген оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шарасы өтетін орынға баруға және кері қайтуға нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде жеке тұлғаның тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
мынадай:
жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінде жіберілген кезде осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде - оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге жіберілген кезде осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде - оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері;
растайтын құжаттар негізінде, келуге және кетуге арналған рұқсатты (визаны) ресімдеу кезінде жұмсалған шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомалары.
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күніне және оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысу кезеңінде мұндай дербес білім беру ұйымында:
дайындық бөлімінде;
мынадай білім беру деңгейлері:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғарғы мектеп;
мынадай білім беру деңгейлері:
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлғаларға қолданылады;
44) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға, каникул кезеңін қоспағанда, оқу жылының әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде тамақтануға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;
45) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлға:
медициналық сақтандыруға, оның ішінде ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына ақы төлеуге;
осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымының жатақханасында тұруға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;
46) байланыс операторы абонент қолма-қол ақшасыз операцияларды жүзеге асырғаны үшін абоненттің мобильдік балансына байланыс операторының қаражаты есебінен есепке жатқызатын сома;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 143 абзац жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
47) резидент-жеке тұлғаның кірістерінен ұстап қалынбай өз қаражаты есебінен осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық агенті есептеген және төлеген жеке табыс салығының, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агент есептеген және төлеген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары;
48) операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылатын Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаға, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерді мемлекеттік қаржылай емес қолдау түрінде бюджеттік қаражат есебінен алынған көрсетілетін қызметтердің құны;
49) талап ету құқығын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым иемденген кредит (қарыз) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кезде түзілген:
негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру түріндегі кіріс.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 148 абзацпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
50) осы Кодекстің 228-бабының 7-1-тармағында белгіленген шарттар орындалған кезде резидент-заңды тұлғаның бейрезидент-заңды тұлғадан бағалы қағаздарды немесе қатысу үлестерін сатып алуы нәтижесінде туындаған дивидендтер.
2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен 151-абзацпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
51) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қолданылған борышкердің міндеттемелерін есептен шығару.
2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен 157-абзацпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
53) бұрын жүзеге асырылған сатып алу немесе алынған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есепке жазылған сома есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде олардың құнын үнемдеуден түсетін материалдық пайда.
320-бап. Салық мөлшерлемелері
2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен 152 абзац жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салық төлеушінің кірістеріне 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады.
2. 2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
321-бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісіне кіретін кірістер
Жеке тұлғаның жылдық кірісіне мынадай кірістерінің барлық түрі кіреді:
1) жұмыскердің кірісі, оның ішінде үй жұмыскерінің кірісі және резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі;
2) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға алған мүліктік кірістен басқа, тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс;
3) жеке тұлға алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын үшінші тұлғаның төлеуі түріндегі кіріс;
4) жеке тұлға алдындағы берешекті өтеу есебіне орындалған, көрсетілген жұмыстар, қызметтер түріндегі кіріс;
5) өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс;
6) борышты кешіру түріндегі кіріс;
7) есептен шығарылған айыппұлды, өсімпұлды және басқа да санкция түрлерін қоспағанда, борышкерге қойылатын талап мөлшерін азайту түріндегі кіріс;
8) репо операциялары бойынша сыйақы төлеу түріндегі кіріс;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 161 абзац жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдер түріндегі кіріс;
10) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс;
11) стипендия түріндегі кіріс;
12) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс;
13) мүліктік кіріс;
14) дара кәсіпкердің кірісі;
15) жеке практикамен айналысатын адамның кірісі;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін, салық салуға жататын, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтерді ұсынуына байланысты төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу жүргізілмеген кірістер;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 172 абзац жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) осы баптың 1) - 16) тармақшаларында көрсетілмеген, Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған басқа да кірістер;
18) бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің осы Кодекстің 340-бабына сәйкес айқындалатын жиынтық пайдасы.
36-тарау. Кірістер
1-параграф. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер