Аукцион мынадай:
1) аукцион өткізетін күні аукционға тіркелген қатысушы екеуден аз болған;
2) аукцион өткізетін күні аукционға бірде бір қатысушы тіркелмеген жағдайларда өткізілмеген болып танылады.
Егер аукцион осы тармақтың он бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша өткізілмеген деп танылса, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия аукционның тіркелген қатысушысына беріледі.
Егер оның негізінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген аумақтың шегінде пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операциялар жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін аукцион осы тармақтың тоғызыншы бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда өткізілмесе немесе осы тармақтың он бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда өткізілмеген деп танылса, бұл аумақ осы тармақтың мақсаттары үшін жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасынан алып тастауға жатады. Мұндай жағдайда осындай аумақ шегінде пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операциялар жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығы осы баптың 6-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 9-бөлімінде көзделген тәртіппен беріледі.
Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына енгізілген аумақтар шегінде жер қойнауы учаскелері бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын берудің ерекше тәртібі осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты қазбалар бойынша өндіруге арналған келісімшарт (өндіру жөніндегі операциялар жүргізілген бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт) мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, тоқтатылған келісімшарт бойынша келісімшарттық аумақты қозғайтын жер қойнауының учаскесі құзыретті органның шешімімен осы тармақта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы баптың 4-тармағында көзделген тәртіппен өткізілетін аукцион қорытындысы бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін пайдалануға беріледі.
Аукцион өткізу туралы хабарландыру жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған күннен бастап не құзыретті органның жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату туралы шешіміне шағым жасалған жағдайда, соттың шешімі күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірмей жариялануға тиіс. Аукцион өткізу туралы хабарландыру мен оны өткізу күні арасындағы мерзім кемінде бір айды құрауға тиіс.
Егер пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия берілмесе, қолданысын тоқтатқан келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші болып табылатын тұлға осы Кодексте көзделген тәртіппен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар салдарын жоюға міндетті.
Аукционға шығарылған жер қойнауы учаскесіндегі пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия берілген жағдайда, қолданысын тоқтатқан келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші болып табылатын тұлға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар салдарын жою жөніндегі міндеттемеден босатылады. Осындай жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар салдарын жою бойынша міндеттемелер аукцион нәтижелері бойынша берілген пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны иеленушіге осы Кодекстің 219-бабына сәйкес өндіру салдарын жоюды қамтамасыз етуді ұсынғаннан кейін толық көлемде өтеді.
Қолданысын тоқтатқан келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші болып табылатын тұлға келісімшарт тоқтатылған күннен бастап және пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия берілгенге дейінгі не жою жөніндегі жұмыстар басталғанға дейінгі кезеңде жер қойнауы учаскесінің аумағын қоршаған ортаның және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жай-күйде ұстап тұру жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
6. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында құзыретті органның жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін және осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген аумақтарға жатпайтын аумақтар шегінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді қабылдауды бастау күні көзделуге тиіс деп белгіленсін. Көрсетілген күн жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы бекітілген немесе оған тиісті өзгерістер енгізілген күннен бастап екі айдан ерте белгіленбейді.
Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін аумақтар шегінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды қараудың және берудің мынадай ерекшеліктері белгіленсін:
1) қабылдау басталатын күннен бастап бір ай ішінде келіп түскен өтініштер осы Кодекстің 188-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген ережелер ескерілмей қаралады және бірдей басымдығы бар деп есептеледі;
2) егер осы бөліктің 1) тармақшасында көзделген мерзім ішінде келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесінде сол бір блок (блоктар) лицензияны беруден бас тарту туралы шешім қабылданбаған бірнеше өтініштерге енгізілгені анықталса, осы блок (блоктар) бойынша өтініш иелері арасында құзыретті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде аукцион өткізіледі. Өтініш иесінің аукционға қатысудан бас тартуы немесе аукционға келмей қалуы тиісті блок бойынша оның өтінімін қабылдамауға негіз болып табылады.
3) аукцион қорытындысы бойынша осы бөліктің 2) тармақшасында көрсетілген өтініштер бойынша лицензияларды беру аукционның жеңімпазы деп танылған тұлғаның өтініші аукцион өткізілген блокқа (блоктарға) қатысты басым деп есептелетіні ескеріле отырып, осы Кодекстің 188-бабына және 189-бабының басымдық туралы ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Осы бөліктің 1) тармақшасында көзделген мерзім өткеннен кейін берілген, барлауға арналған лицензияны беруге өтініштер осы Кодекстің 27-тарауында көзделген, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны қараудың және берудің ережелері бойынша қаралады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын, қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері осы тармақта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодекстің 70-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілмеген аумақ шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесіне берілген өтініш негізінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия алуға құқылы деп белгіленсін. Бұл құқықты өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде іске асыра алады.
Осы тармаққа сәйкес берілген пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияны беру туралы өтінішке, осы Кодекстің тиісінше 187-бабында немесе 204-бабында көзделген құжаттардан басқа, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның өтініш иесінің өндірістік қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты екенін растайтын қорытындысы қоса беріледі.
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану тәртібін кәсіпкерлік саласындағы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Осы тармаққа сәйкес берілген пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялардың шарттары, осы Кодекстің тиісінше 191-бабында немесе 208-бабында көзделген шарттардан басқа, мыналарды көздеуі тиіс:
1) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру бойынша міндеттемесі;
2) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметінің (технологиялық процесінің) мұқтажы үшін басымдық тәртіппен өндірілген пайдалы қатты қазбаларды жеткізу бойынша міндеттемелер.
Жер қойнауын пайдаланушы осы тармақтың ережелеріне сәйкес берілген жер қойнауы учаскесіндегі тиісті өнеркәсіптік-инновациялық жоба бойынша өндірістік объектіні пайдалану басталғанға дейін пайдалы қазбаларды өндіруді бастауға құқылы емес.
Осы тармаққа сәйкес берілген барлауға немесе өндіруге арналған лицензия, осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайда, осы Кодекстің тиісінше 200-бабына немесе 221-бабына сәйкес көзделген негіздерден басқа кезде қайтарып алынуы мүмкін.
8. Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар осы Кодекстің 25-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге жол берілмейтін аумақтарды қоспағанда, осы Кодекстің 70-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілмеген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскелеріне қатысты өтінім беру арқылы пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияны алуға құқылы деп белгіленсін. Бұл құқықты жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды ескере отырып, осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде іске асыруы мүмкін.
9. 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Кодекстің 72-бабының мақсаттары үшін пайдалы қатты қазбаларды өндіру кезінде ысырапты есепке алу жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға өздері белгілеген тәртіппен беретін нормаланатын ысыраптар туралы деректер негізінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. Нормаланатын ысыраптар туралы деректерге растайтын құжаттар қоса берілуге тиіс. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган нормаланатын ысыраптар туралы деректер берілгеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға нормаланатын ысыраптар мөлшері бойынша негізделген қарсылықтарын жіберуге құқылы. Осындай қарсылықтар көрсетілген мерзімде жіберілген жағдайда, нормаланатын ысыраптарды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган ұқсас жобалар бойынша нормаланатын ысыраптар туралы қолда бар деректер негізінде не бұрын берілген мәліметтерге сүйене отырып, дербес өзі айқындайды.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасалған пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар не берілген өндіруге арналған лицензиялар қолданылатын жер қойнауы учаскелерінің аумақтарына және (немесе) кен орындарына қатысты 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жер қойнауын пайдаланушылар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабына сәйкес пайдалы қатты қазбалардың қорларын есептеуді жүзеге асыруға құқылы деп белгіленсін.
Өтініш берушілер осы Кодекстің 204-бабына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия алуға өтініш берген кезде құзыретті органға «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабына сәйкес пайдалы қатты қазбалардың қорларын есептеу жөніндегі есепті ұсынуға құқылы.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2023 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Осы Кодекстің 277-бабының 14-тармағы 16) тармақшасының мақсаттары үшін пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді деп белгіленсін.
Бұл ретте пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансынан мәліметтерді жүргізу 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Кодекстің 72-бабына сәйкес мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу шеңберінде пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуда жүзеге асырылады.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді
12. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға тараптардың келісуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында немесе келісімшарттарында көзделген жағдайларда өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты өзгерту туралы келісім осы баптың 13, 14, 16-тармақтарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып осы тармақта белгіленген тәртіппен жасалады.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келісім жасасуға ниеті бар жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органға) өтініш жібереді, онда келісімшартқа ұсынылып отырған өзгерістер, олардың негіздемелері және өтініш бойынша шешім қабылдау үшін қажетті өзге де мәліметтер баяндалуға тиіс. Өтінішке жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жобасы қоса беріледі.
Құзыретті орган келіп түскен өтінішті осы Кодекстің 45-бабына сәйкес құрылатын жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының қарауына бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде шығарады. Тарапы өзге мемлекеттік орган болып табылатын келісімшарт бойынша сараптама комиссиясы сол мемлекеттік органның шешімімен құрылады. Сараптама комиссиясы жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша өтініштерін қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында құзыретті органның (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органның) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Сараптама комиссиясы өтінішті келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және құзыретті органға (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органға) өз ұсынымдарын жібереді.
Құзыретті орган (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) сараптама комиссиясы ұсынымдарының негізінде сараптама комиссиясының ұсынымдары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуден бас тарту туралы немесе сараптама комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі келіссөздер бастау туралы шешім шығарады.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі келіссөздерді құзыретті органның (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік органның) жұмыс тобы жүргізеді. Жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын құзыретті орган (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) бекітеді.
Келіссөздер жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік органға) толықтырудың жобасын және өзге де қажетті құжаттарды жұмыс тобының қарауына ұсынған күннен бастап екі айдың ішінде жүргізіледі. Бұл мерзім тараптардың келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін.
Келіссөздер нәтижелері хаттамамен ресімделеді. Жұмыс тобы мақұлдаған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар жобасына құзыретті орган (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) қол қояды. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтырулар жобасы жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың басты қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін қозғаса, құзыретті орган (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) жұмыс тобының шешімі бойынша көрсетілген жоба оған қол қойғанға дейін экономикалық сараптамаға жіберіледі. Экономикалық сараптама жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу тәртібін облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайды.
Келісімшартқа өзгерістердің шарттары жер қойнауын пайдалану құқығы берілген шарттарға қарағанда, Қазақстан Республикасы үшін пайдасы аз болмауы керек.
Осы тармақ көмірсутектер бойынша және уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қолданылмайды.
Осы тармаққа сәйкес келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзартуды көздейтін көмірсутектер мен уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 12-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
12-1. Көмірсутектер, уран бойынша осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға тараптардың келісуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында немесе келісімшарттарда көзделген жағдайларда өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру осы баптың 13 және 16-тармақтарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы тармақта белгіленген тәртіппен жасалады.
Көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жасасуға ниеті бар жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға өтініш жібереді, онда көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар, олардың негіздемелері және өтініш бойынша шешім қабылдау үшін қажетті өзге де мәліметтер жазылуға тиіс.
Құзыретті орган келіп түскен өтінішті бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Кодекстің 45-бабына сәйкес құрылатын жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының қарауына шығарады. Сараптама комиссиясы жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша өтініштерін қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатындағы құзыретті орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Сараптама комиссиясы өтінішті келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және құзыретті органға өз ұсынымдарын жібереді.
Құзыретті орган сараптама комиссиясы ұсынымдарының негізінде сараптама комиссиясының ұсынымдары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптама комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып, көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуден бас тарту туралы немесе көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздер бастау туралы шешім шығарады.
Құзыретті органның келіссөздерді бастау туралы шешімінде оның қолданылу мерзімі көрсетіледі.
Көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі келіссөздерді құзыретті органның жұмыс тобы жүргізеді. Жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын құзыретті орган бекітеді.
Келіссөздер жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтырудың жобасын және өзге де қажетті құжаттарды жұмыс тобының қарауына ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Бұл мерзім тараптардың келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін. Келіссөздер нәтижелері хаттамамен ресімделеді.
Көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа жұмыс тобы мақұлдаған толықтырудың жобасына құзыретті орган оны жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға ұсынған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қол қояды.
Көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар шарттарының жер қойнауын пайдалану құқығы берілген шарттарға қарағанда Қазақстан Республикасы үшін тиімділігі аз болмайды.
Осы тармаққа сәйкес көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа мұндай келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзартуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді
13. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, осы баптың 12 немесе 12-1-тармағына сәйкес жіберілетін өтінішке мыналар қоса беріледі:
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) құзыретті орган бекіткен нысан бойынша жасалған жұмыс бағдарламасының жобасы;
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа ұсынылатын өзгерістер мен толықтырулар қажеттілігінің жазбаша негіздемесі.
Құзыретті орган (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, құзыретті органға (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органға):
1) уранды, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша - осы Кодекске сәйкес әзірленген, келісілген, бекітілген және сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалау құжаттарын және жою жоспарын (жобасын);
2) көмірсутектерді, уранды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша - осы Кодекске сәйкес әзірленген, келісілген, бекітілген және сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалау құжаттарын жұмыс тобының қарауына ұсынуға тиіс.
Егер ураннан басқа, кең таралған пайдалы қазбаларды немесе пайдалы қатты қазбаларды өндірудің жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделген көлемі физикалық тұрғыда жиырмадан аз пайызға нақты өзгерсе, жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу талап етілмейді. Өндіру көлеміндегі мұндай өзгерістер келісімшарт талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасының мазмұнын және оның нысанын құзыретті орган айқындайды.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін үлгілік нысан бойынша жасалған пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған келісімшарттарға қолданылмайды.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды барлауға немесе бірлескен барлау мен өндіруге (барлау кезеңінде) арналған келісімшартқа оның қолданылу мерзімін (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін) ұзарту мақсатында өзгеріс енгізуге келісімшартта барлануы көзделген пайдалы қатты (кең таралған) қазбалардың минералдануы (байқалуы) табылған жағдайда, осындай табуды бағалау үшін жол беріледі.
Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (өндіру кезеңінде бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшартқа оның қолданылу мерзімін (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңін) ұзарту мақсатында өзгеріс енгізуге, егер мұндай ұзарту келісімшартта көзделген болса, жол беріледі.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органға тиісінше барлау кезеңі немесе өндіру кезеңі өткенге дейін берілуі мүмкін.
Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мерзімін ұзарту туралы өтінішке, осы баптың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген мәліметтерден басқа, ұзарту кезеңінде жұмыстар жүргізудің және оларға арналған шығыстардың жазбаша негіздемесі қоса беріледі.
Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау мерзімін ұзарту туралы өтінішке келісімшарт талаптарында барлануы көзделген пайдалы қатты (кең таралған) қазбалардың табылған минералдануын (байқалуын) бағалау үшін, осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, осындай табылуды растайтын мәліметтер (жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның бағалауды талап ететін минералдану (байқалу) табылғаны туралы қорытындысы) және табылған минералдануға (байқалуға) бағалауды жүзеге асыру болжанатын жер қойнауы учаскесінің географиялық координаттары қоса беріледі. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша пайдалы қатты (кең таралған) қазбалардың минералдануын (байқалуын) растау тәртібін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.