5) әскери қызметшіні басқа тең лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған және ол төмен лауазымға тағайындалудан бас тартқан кезде санын немесе штаттарды қысқарту;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарына ауысуды қоспағанда, мемлекеттік органдарға немесе мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік қызметке ауысу;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) əскери қызметшіге қатысты келісімшарт талаптарын елеулі жəне (немесе ) жүйелі түрде (екі жəне одан көп рет) бұзу;
8) мынадай отбасы жағдайлары бойынша:
медициналық көрсеткіштер бойынша әскери қызметші әскери қызмет өткеретін жергілікті жерде әскери қызметшi отбасы мүшесiнiң тұруы мүмкін болмауы және оны жаңа әскери қызмет орнына ауыстыру мүмкіндiгі болмауы;
отбасын басқа елді мекенге көшiру қажеттiгiне байланысты әскери қызметшi-жұбайының (әскери қызметшi-зайыбының) әскери қызмет орнын өзгертуі;
тұрғылықты жерi бойынша медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша тұрақты күтiмге мұқтаж не бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын әйелiне (күйеуiне), жақын туыстарына немесе жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына толған немесе он сегiз жасқа толмаған, заң бойынша аталған азаматтарды асырауға мiндеттi басқа адамдар болмаған кезде тұрақты күтім жасау қажеттігі;
әскери қызметшi анасыз (әкесiз) тәрбиелеп отырған он сегiз жасқа толмаған балаға күтім жасау қажеттігі;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайлану немесе тағайындалу;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) судья лауазымына сайлану немесе тағайындалу;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату;
12) арнаулы тексеруден өтуден бас тарту;
2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13) тармақша өзгертілді
13) мынадай теріс себептер бойынша:
қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау, оның ішінде шартты түрде айыптау үкімінің заңды күшіне енуі;
қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылуы;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери атағынан айыру;
əскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде болу, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерде (наркологиялық диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйді туғызатын заттарды тұтыну тұрғысынан медициналық куəландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару;
әскери қызметшінің келісімшарттың талаптарын жүйелі түрде бұзуы;
осы Заңның 38-бабының 2-тармағында көрсетілген мəліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;
педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, кез келген ақылы қызмет түрлерімен айналысу;
арнаулы мемлекеттік орган немесе ішкі істер органы əскери қызметшісінің қатарынан үш жəне одан көп сағат бойы дəлелсіз себептермен қызметте болмауы;
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, оларды тасығыштарды жария етуге немесе жоғалтуға әкеп соқтырған құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптардың бұзылуы;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайлар;
осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы меншік құқығымен тиесілі үлестерін, акцияларын (акциясын) жəне пайдалану кіріс алуға əкелетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеу;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) аттестаттау қорытындылары бойынша анықталған қызметіне сай келмеу;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарының түлектерін, сондай-ақ əскери интерндерді, магистранттарды, докторанттарды жəне адъюнкттерді жоғары əскери оқу орындарынан шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, əскери оқу орнынан шығарып жіберу əскери қызметшілерді əскери қызметтен шығару үшін негіздер болып табылады.
Əскерге шақыру бойынша əскери қызметшiлер - осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 4), 9), 10) жəне 11) тармақшаларында, 13) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтарында көзделген негіздер бойынша, ал офицерлік құрамның əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілер осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасында жəне 13) тармақшасының екінші абзацында да көзделген негіздер бойынша əскери қызметтен шығарылады.
2. Мерзімді қызмет әскери қызметшісі:
1) осы Заңның 35-бабының 9-тармағына сәйкес әскерге шақыруды кейiнге қалдырудан бас тарту туралы өтінiш берген адамдарды қоспағанда, отбасы жағдайының өзгеруi салдарынан әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе әскерге шақырудан босату құқығы туындаған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет елге шығуға құқық берілетінін растайтын құжаттары болған кезде отбасы құрамында немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерде тұрақты тұратын отбасына қосылу үшiн шетелде тұрақты тұруға кеткен жағдайларда мерзімінен бұрын шығарылуға құқылы.
3. Офицерлер құрамының әскерге шақыру бойынша әскери қызметшісі 35-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайлар болған кезде әскери қызметтен мерзiмiнен бұрын шығарылуға құқылы.
4. Қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметшi қайтыс болған (қаза тапқан) күні құжатпен расталған күннен кейiнгі күннен бастап, ал сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болған деп жарияланған әскери қызметші сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап әскери бөлім жеке құрамының тiзiмдерінен шығарылады.
5. Белгіленген мерзiмдi өткерген адамдарды әскери қызметтен босату төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзілген жағдайда ол қолданылған кезеңге уақытша тоқтатылады.
ҚР Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 4 қаңтардағы № 179665 (e.gov.kz) Жауабын қараңыз
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Əскери қызмет мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарында он жылдан аз болған немесе көрсетілген күннен кейін əскери қызметке алғаш кірген келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге əскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына не штаттардың қысқартылуына байланысты əскери қызметтен шығарылған кезде жұмыстан шығу жəрдемақысы əскери қызмет мерзімі:
күнтізбелік 10 жылдан аз болғандарға - үш айлық ақшалай қамтылым;
күнтізбелік 10 жылдан 15 жылға дейін болғандарға - төрт айлық ақшалай қамтылым;
күнтізбелік 15 жылдан 20 жылға дейін болғандарға - бес айлық ақшалай қамтылым;
күнтізбелік 20 жылдан 25 жылға дейін болғандарға - алты айлық ақшалай қамтылым;
күнтізбелік 25 жылдан 30 жылға дейін болғандарға - жеті айлық ақшалай қамтылым;
күнтізбелік 30 жылдан астам болғандарға - сегіз айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде төленеді.
Келісімшарт бойынша əскери қызметке қайтадан кірген кезде жұмыстан шығу жəрдемақысының мөлшері, осы жұмыстан шығу жəрдемақысы бұрын қызметтен шығарылған кезде төленбеген жағдайларды қоспағанда, бұрын төленген жұмыстан шығу жəрдемақысы ескеріле отырып айқындалады.
Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткен соң немесе денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметтен шығарылған кезде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге жұмыстан шығу жәрдемақысы - бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан болған аталған адамдарға - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Жауынгерлік іс-қимылдарға, террорға қарсы және бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін орденмен (ордендермен) наградталған әскери қызметшілерге жұмыстан шығу жәрдемақысы ақшалай қаражаттың екі жалақысына арттырылады.
Әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығынсыз қызметтен шығарылған офицерлік құрамның әскери қызметшілеріне қызметтен шығу жәрдемақысымен қатар әскери атақ бойынша айлықақылар төлеу қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл бойына сақталады.
Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің әскери атақ бойынша айлықақылары өсетін болса, тиісінше офицерлік құрамның әскери қызметшілеріне қызметтен шығарылғаннан кейін бір жыл өткенше төленетін осы айлықақылар мөлшері де ұлғаяды. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметте тұратын офицерлік құрамның қызметтен шығарылған әскери қызметшілерінің әскери атақ бойынша айлықақылары қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл бойы төлеуге жатпайды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Бір жылдан аз қызмет өткерген немесе оқыған жəне келісімшарт бойынша əскери қызметтен шығарылған немесе əскери оқу орындарынан шығарып жіберілген, осы Заңның 37-бабының 6-тармағына сəйкес келісімшарт бойынша əскери қызметке кірген сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының əскери қызметшілері, мерзімді қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген, жиырма алты жасқа толмаған, бірақ он сегіз жастан кіші емес əскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тəртіппен əскери бөлімдерге, бірақ кемінде үш ай мерзімге жіберіледі.
Бұрын мерзімді қызмет өткермеген, он сегіз жасқа толмаған, бір жылдан аз оқыған жəне шығарып жіберілген əскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тəртіппен əскери қызметке шақыруға əскерге шақырылушыларды əскери есепке қою үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті əскери басқару органдарына, бірақ кемінде үш ай мерзімге жіберіледі.
Əскери оқу орнынан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттер үшін əскери қызметшілер мəртебесінде əскери оқу орындарында оқыту уақыты мерзімді қызмет мерзіміне есептеледі.
Үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен əскери қызметтен босату салдарынан əскери оқу орнынан шығарып жіберілген, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан əскери қызметші əскери қызметші мəртебесінде оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, оларға стипендия төлеуге және олардың жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Көрсетілген міндеттемелер әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқытудың бірінші жылы ішінде оқудан шығарып жіберілген және келесі курсқа көшірілмеген, мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тәртіппен әскери бөлімдерге жіберілген курсанттар мен кадеттерге қолданылмайды.
Оқудан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттерден мемлекет кірісіне қаражатты өндіріп алу мәселелері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген сот актілері бойынша қозғалған атқарушылық іс жүргізулер «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген қаражатты мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы талап қоюлар 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін оқудан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттерге қатысты беріледі.
Əскери оқу орнына қайта қабылдау немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырту оқу және (немесе) келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеру кезеңінде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алуды тоқтата тұруға негіз болып табылады. Әскери оқу орнында оқыту кезеңі есепке алынбастан, күнтізбелік есептеумен келісімшарт бойынша он жыл әскери қызмет өткергеннен кейін оны оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алу тоқтатылады.
Əскери оқу орнын бітірген əскери қызметші теріс себептермен əскери қызметтен шығарылған жағдайда, әскери қызметші мәртебесінде оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, оларға стипендия төлеуге және олардың жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін қаражатты мемлекетке келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қызмет өткерілмеген əрбір толық ай үшін пропорционалды түрде өтеуге міндетті.
Техникалық және кәсіптік білім беру (негізгі орта білім беру базасында) бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнының түлегі жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына түспеген және әскери қызметті одан әрі өткеруден бас тартқан жағдайда, өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражаты өтелместен, мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін әскери бөлімдерге, бірақ кемінде үш ай мерзімге жіберіледі.
Əскери оқу орындарында əскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тəртібін уəкілетті органның бірінші басшысы айқындайды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Əскери қызметтен шығарылған адамдар қызметтен шығару туралы шешімге тиісті бұйрықтан үзінді көшірмемен танысқан күннен бастап үш айдан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жоғары тұрған қолбасшылыққа не сотқа шағым жасауға құқылы.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 26-1-баппен толықтырылды
26-1-бап. Қарулы Күштердің Жоғарғы Қолбасшылығының президенттік резерві
1. Қарулы Күштердің Жоғарғы Қолбасшылығының президенттік резерві Қарулы Күштердің Жоғарғы Қолбасшылығының лауазымдарына орналасу үшін әскери қызметшілерді сапалы іріктеу мақсатында қалыптастырылады.
2. Қарулы Күштердің Жоғарғы Қолбасшылығының президенттік резервін қалыптастыру тәртібі Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.
5-тарау. ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ
27-бап. Азаматтарды әскери қызметке шақыру
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Азаматтарды әскери қызметке шақыру - бұл әскери міндеттілік негізінде Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жеке құраммен жасақтауға бағытталған мемлекеттік органдар жүргізетін iс-шаралар кешенi.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыру:
1) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды;
2) запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыруды;
3) әскери жиындарға шақыруды;
4) жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды қамтиды.
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жергіліктi атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдар әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жиын) пункттерімен, оларды күтіп-ұстауды, дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз етеді.
Азаматтарды әскери қызметке шақыру үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен әскерге шақыру комиссиялары құрылады.
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметi айқындайды.
4. Ұйымдардың басшылары әскерге шақырылуға жататын азаматтарды iссапарлардан шақыртып алуға, оларды хабардар етуді және азаматтарды, олар әскери қызметке шақырылған кезде медициналық куәландырудан өткізу үшін әскерге шақыру пунктіне уақтылы келуiн ұйымдастыруға міндетті.
5. Уақытша шетелде тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру олар Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жеріне қайтып келгеннен кейін әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату құқығы болмаса, осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Азамат облыстың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жергiлiктi әскери басқару органы бастығының оны әскери қызметке шақыру туралы бұйрығы шыққан сәттен бастап әскери қызметке шақырылды деп есептеледi.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті əскери басқару органдарына шақырту туралы шақыру қағазы болған кезде - жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы, ал мерзімді əскери қызмет өткеру кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
28-бап. Әскерге шақыру комиссиялары
2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың əскерге шақыру комиссиялары жергіліктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша əскерге шақыруды жүргізу кезеңiнде мынадай құрамда құрылады:
1) комиссия төрағасы - ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органы басшысының (əкімінің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті əскери басқару органының бастығы;
ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының (бас дəрігердің) орынбасары - медициналық комиссия төрағасы;
хатшы.
Əскерге шақыру комиссияларының құрамына мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзге де өкiлдерi кiруi мүмкiн. Əскерге шақыру комиссиясының сандық құрамы тақ болуға тиiс.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əскерге шақыру комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы басшысының орынбасары кіреді.
Азаматтарды əскери қызметке шақыруды жүргізу графигін жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
Əскерге шақыру комиссиясының мүшелері азаматтарды мерзімді əскери қызметке заңсыз шақырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.
2. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясы:
1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының қызметiне басшылық жасау мен бақылауды жүзеге асырады;
2) азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру және одан босату дұрыстығын тексереді;
3) 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының шешiмдерiне азаматтар берген шағымдар мен өтiнiштердi қарайды;
6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссиялары шешiмдерiнің күшiн жояды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушыға қатысты:
1) әскери қызметке шақырылуға жатқызылады;
2) әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылсын;
3) әскери қызметке шақырылудан босатылсын;
4) әскери міндеттiлiкті атқарудан босатылсын деген шешімдердің бірін қабылдайды.
Әскерге шақыру комиссиясының шешiмi бір күн ішінде әскери қызметке шақырылуға жатқызылатын азаматқа хабарланады, шешім көшiрмесi оның қалауы бойынша қолына берiледi.
Азамат әскерге шақыру комиссиясының шешiмiне сот тәртiбiмен немесе облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясына шағымдана алады. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясына алдын ала жүгіну сотқа жүгiну үшін мiндеттi шарт болып табылмайды.
Арыздар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясында және сотта бiр уақытта қаралған кезде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясы арызды қарауды соттың шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн тоқтата тұрады.
Заңды күшіне енген соттың шешімін тиiстi әскерге шақыру комиссияларының орындауы міндеттi.
4. Уәкілетті органдардың басшылары денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз адамдарға қатысты әскерге шақыру туралы әскерге шақыру комиссиясы шешімінің күшін жояды және олар әскери ант қабылдағанға дейін оның орнын басқа адаммен ауыстыра отырып, әскерге шақыру комиссиясына қайтарады.
29-бап. Медициналық комиссиялар
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Азаматтардың əскери қызметке жарамдылық дəрежесін айқындау үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, қалалармен аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімімен тұрақты негізде медициналық комиссиялар құрылады, олар:
1) əскерге шақыру жасына дейінгілерді;
2) əскерге шақырылушыларды;
3) əскери жиындарға шақырылатын əскери міндеттілерді;
4) əскери оқу орындарына, əскери кафедраларға, Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарына келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін азаматтарды медициналық куəландырудан өткiзеді.
2. 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Медициналық куәландыру тәртiбi және медициналық комиссиялардың құрамы Әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргізу қағидасында айқындалады.
30-бап. Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың мiндеттері
Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергiлiктi әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша әскерге шақыру комиссиясына келуге міндетті. Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне жергілiкті әскери басқару органдарының лауазымды адамдары немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйымның басшысы қол қойғызып тапсырады.
Шақыру қағазын азаматтың жеке өзiне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету тиiстi iшкi iстер органына жүктеледі.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру
Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде жылына екi рет жүргiзіледi.
Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштердi, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санында мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жатады.
32-бап. Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру
Жиырма тоғыз жасқа дейінгi, әскери қызметке жарамды запастағы офицерлер уәкілеттi органдардың өтiнiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметінің қаулысы негiзінде бейбiт уақытта офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскерге шақырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап жаңа редакцияда
33-бап. Əскери мiндеттілердi əскери жиындарға шақыру
Əскери мiндеттiлер:
1) орталық атқарушы органдар жүргізетін жұмылдыру дайындығы жөніндегі республикалық іс-шаралар шеңберінде - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізiнде;