5) 10-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сай қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.»;
6) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Заңның 6-бабының 2) тармақшасында аталған ардагерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сай қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.».
76. «Техникалық реттеу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
20-баптың 6-тармағының 1) тармақшасындағы «мүгедектерді» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағын, 34-тармағының 2) тармақшасын, 4) тармақшасының он сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 27 маусым
№ 129-VII