7) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Бейімдік дене шынықтыру және спорт, мүгедектігі бар адамдарды физикалық оңалту және әлеуметтік бейімдеу
1. Бейімдік дене шынықтыру мен спорт әдістерін пайдалана отырып, мүгедектігі бар адамдарды физикалық оңалту және әлеуметтік бейімдеу спорт клубтарында, мүгедектігі бар адамдардың мектептері мен секцияларында, дене шынықтыру-спорт ұйымдарында жүзеге асырылады.
2. Мүгедектігі бар адамдарға арналған дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы оқу-жаттығу процесі, даярлық кезеңдерінің мазмұны паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, арнаулы олимпиадалық спорт түрлері бойынша тиісті қоғамдық бірлестіктер әзірлейтін және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін спорт түрлері бойынша бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады.
3. Мүгедектігі бар адамдардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын ұйымдастыру, кадрлар даярлау, мүгедектігі бар адамдардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын әдістемелік, медициналық қамтамасыз ету және дәрігерлік бақылау білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру және спорт органдарына жүктеледі.
4. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар арасында спортты дамытуды, арнаулы спорттық мүкәммал беруді қамтамасыз етеді және мүгедектігі бар адамдардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшін спорт құрылысжайларының қолжетімді болуына жағдай жасайды.
Мүгедектігінің санатына қарай санамаланған көрсетілетін қызметтер бюджет қаражаты есебінен және «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылады.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесе отырып, спорт клубтарының, мектептерінің, секцияларының ашылуын, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды республикалық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын қамтамасыз етеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала деңгейінде спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады.
6. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, республикалық спорттық жарыстар өткізуді ұйымдастырады.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесе отырып, мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) даярлауды және олардың халықаралық спорттық жарыстарға, оның ішінде Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға және Дүниежүзілік арнаулы олимпиадалық ойындарға қатысуын ұйымдастырады.»;
8) 29-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кәсіпқой спорттың ардагерлері мен мүгедектігі бар адамдарына көмек көрсетуге;»;
9) 33-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Мүгедектігі бар спортшыларды сыныптау, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және арнаулы олимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлау»;
1, 2 және 3-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарда тең сайыс жағдайларын жасау мақсатында ұйымдастырушылар сыныптаушылардың шығыстарын жабуды қоса алғанда, тиісті жарыстарға қатысуға мәлімделген мүгедектігі бар спортшыларға олардың функционалдық мүмкіндіктерінің деңгейі бойынша сыныптау жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.
2. Мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізу тәртібі мен шарттарын Халықаралық паралимпиада комитетінің және паралимпиадалық спорт түрлері бойынша тиісті халықаралық спорт ұйымдарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетімен келісу бойынша паралимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары әзірлейді.»;
«3-1. Мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізген кезде ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасынан немесе шет мемлекеттерден сыныптаушыларды тартады.»;
10) 38-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар іс-шара өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, жергілікті атқарушы органдарға – көрермендердің болжалды саны туралы, күнтізбелік бір күн бұрын – сатылған билеттердің, берілген рұқсаттамалардың, оның ішінде көлік құралдарына рұқсаттамалардың, сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына, мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарына арналған тұрақ орындарының саны туралы хабар беруге міндетті.»;
11) 39-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сабақтар мен спорттық жарыстарды өткізуге арналған спорт құрылысжайлары техникалық, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге, спорт құрылысжайларын пайдалану мен өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес келуге және мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болуға тиіс.»;
12) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Дене шынықтыру саласындағы жеңілдікпен көрсетілетін қызметтер
Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшерін дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган белгілейді, олар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және дене шынықтыру-спорт ұйымдары әкімшілігінің шешімдерімен белгіленеді.».
61. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
25-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өмірлік қиын жағдайда жүрген, арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған, алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан емдеуден өткен жастарға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар қатарындағы жастарға психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік, заң көмегін және консультация беруді жүзеге асыру;».
62. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі» ең төмен әлеуметтік стандарты
«Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі» ең төмен әлеуметтік стандарты психоневрологиялық патологиялары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар, психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшін ұсынылатын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің нормативтерін қамтиды.»;
2) 32-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.»;
3) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты
«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуі нормаларын қамтиды.»;
4) 36-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мүгедектігі бар адамдардың мемлекеттік меншіктегі спорт құрылысжайларын «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдалануы нормативтерін қамтиды.».
63. «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
17-баптың 5-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – отыз айлық жалақы;
2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – он сегіз айлық жалақы;
3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға алты айлық жалақы мөлшерінде төленеді.».
64. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «мүгедектердің» деген сөз «мүгедектігі бар адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ақпарат иеленушілер интернет-ресурстарды мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілуін ескере отырып жасайды.
Жасалған интернет-ресурстар ұлттық стандартқа сәйкес келуге тиіс.»;
4) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ақпарат пайдаланушылар осы Заңға сәйкес ақпарат иеленушілер «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдастарында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілуін ескере отырып орналастыратын ақпаратты ала алады және пайдалана алады, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген не «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдастарында авторландырылған жағдайда оны талқылауға қатыса алады.».
65. «Қайырымдылық туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
22-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға, өмір сүру үшін қолайлы жағдайлар жасалуына мұқтаж мүгедектігі бар адамдар;».
66. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
26-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 6), 6-1) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
6-1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;»;
«12) мүгедектігі бар адамдар;».
67. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
41-баптың 2-тармағының төртінші бөлігіндегі «мүгедек», «мүгедек балалары» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар балалары» деген сөздермен ауыстырылсын.
68. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 39-баптың 3-тармағының 54) тармақшасындағы «мүгедектерінің», «мүгедекке» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарының», «мүгедектігі бар адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 51-бапта:
«мүгедектерінің», «мүгедектердің», «мүгедектері» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарының», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мүгедекті оңалтудың» деген сөздер «мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың» деген сөздермен ауыстырылсын.
69. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«28) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындары – мүгедектігі бар адамның жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;»;
2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктерге қолданылады.»;
3) 3-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатпен келісілген, жұмыс орындарын және мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құруды ынталандыратын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізу арқылы іске асырылады.»;
4) 7-баптың 7), 8) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
8) мүгедектігі бар адамның жұмыс орнының стандарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
«12) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
5) 9-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;»;
6) 10-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;»;
7) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мүгедектігі бар адам үшін – оның тұрмыс-тіршілігінің шектелу дәрежесін ескере отырып, оған қолжетімді болуы қамтамасыз етілген жағдайдағы жұмыс, ал жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар үшін икемді және толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс лайықты деп есептеледі.»;
8) 17-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыруды;»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;»;
9) 19-бапта:
4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мүгедектігі бар адамдардың;
2) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-ананың, асырап алушылардың, қорғаншылардың (қамқоршылардың);»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Кәсіптік оқытуға білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұруға рұқсат алған адам саудасының құрбандары-шетелдіктер жіберіледі.»;
10) 20-баптың 2-тармағының 3) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мүгедектігі бар адамдар;»;
«7) жеті жасқа дейінгі балаларды, мүгедектігі бар баланы, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарды бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;»;
11) 23-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мүгедектігі бар адамдардың, егер медициналық қорытынды бойынша олардың денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе;»;
12) 25-баптағы «Мүгедектерді», «мүгедектерді» деген сөздер тиісінше «Мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 27-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «мүгедектерді» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың саны жұмыскерлердің орташа жылдық санының жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.»;
14) 28-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құру;»;
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құруға субсидия алуға;».
70. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
24-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) пошта операторларының пошта желісін ұйымдастыру және пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға қызмет көрсету, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың пошта байланысының көрсетілетін қызметтеріне кедергісіз қол жеткізу;».
71. «Пробация туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мүгедектігі бар адамдарға;»;
2) 16-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алу үшін қарт адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға жәрдемдесу үшін әлеуметтік қызметтермен өзара іс-қимыл орнатады.».
72. «Волонтерлік қызмет туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу;».
73. «Aдвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
19-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;»;
«6) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) мүгедектігі бар балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған не қамқорлығында кәмелетке толған мүгедектігі бар адамдары бар адамдарға көрсетілуі мүмкін.».
74. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 19-баптың 7-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш жасау мерзімі он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленген адамдарды қоспағанда, әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасалған күнге қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған балаларының, оның ішінде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің жиырма үш жасқа толу мерзімінен аспайды.»;
2) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Адамның жалпы еңбекке жарамдылығынан айырылу дәрежесін куәландыру және белгілеу Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес МӘС бөлімшесінің медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.»;
3) 21-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1) он сегіз жасқа толмаған және егер оларға он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленген болса, осы жастан асқан балаларының, оның ішінде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік төлемдер мүгедектік белгіленген мерзімге тағайындалады.»;
4) 27-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға мүгедектік белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап қайта куәландырылғанға дейін;»;
5) 28-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адам – он сегіз жасқа (он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленген адамдарды қоспағанда), ал аталған адам жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқып жатқан жағдайда жиырма үш жасқа толған күннен бастап;».
75. «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер.»;
2) 5-баптың 6), 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
7) 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
8) 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.»;
3) 6-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілер;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары.»;
4) 8-бапта:
1) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);»;