Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 Қаулысы
(2010.19.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 24 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.19.10. № 1078 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (2010 жылғы 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д.Ахметов |
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2005 жылғы 30 маусымдағы
№ 652 қаулысымен
бекітілген
Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу
ережесi
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2010.19.10. № 1078 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және экономикалық қызмет түрiн осы экономикалық қызмет түрi бойынша қалыптасқан өндiрiстiк жарақаттану және кәсiби аурулар деңгейiне сәйкес келетін кәсiптік тәуекел сыныбына жатқызу тәртібін белгілейдi.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әкiмшілік-басқару персоналы - бұл басқару аппаратының қызметкерлерi, ұйымның әкiмшілігiне кiретiн және ұйымды басқару функцияларын жүзеге асыратын қызметшiлер;
2) өндiрiстiк персонал (негiзгi өндiрiстік және қосалқы өндiрiстiк персонал) - негiзгi және екiншi кезектегi (негiзгi емес) қызметтi жүзеге асыратын қызметкерлер. Ұйымның негізгi қызметiнде жұмыс iстейтiн персоналға тiкелей негiзгi өнiм (тауарлар немесе қызметтер) және басқа ұйымдарға сатылуы мүмкiн негiзгi өнiммен қоса шарасыз алынатын жанама өнімнің өндiрiсiнде жұмыс iстейтін қызметкерлер жатады. Ұйымның екiншi кезектегi (негізгі емес) қызметiнде жұмыс iстейтiн персоналына қызметтiң басқа (негiзгiден басқа) түрлерiне жататын жұмыстарды орындаумен айналысатын қызметкерлер жатады;
3) көмекшi персонал - негiзгi және екіншi кезектегi (негiзгi емес) қызмет түрлерiн жүргiзу үшiн жағдайды қамтамасыз ететiн ұйымдардың қызмет көрсететiн өндiрiстерi мен шаруашылықтарында жұмыс iстейтiн қызметкерлер.
2. Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу
3. Экономикалық қызмет түрлерi кәсiптiк тәуекел сыныбына қарай топтар бойынша сараланады.
4. Экономикалық қызмет түрлерiн осы Ережеге қосымшаға сәйкес кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу кәсiптiк тәуекелдiң 22 сыныбын көздейдi.
5. Экономикалық қызмет түрлерi бойынша кәсiптік тәуекел сыныбы кәсiптiк тәуекелдiң келтiрiлген орташа көрсеткiшiнiң шамасымен белгіленедi.
6. Әрбір экономикалық қызмет түрi бойынша кәсiптiк тәуекелдiң орташа көрсеткiшi белгілi бір экономикалық қызмет түрi бойынша алдыңғы бес жылдағы кәсiптiк тәуекел көрсеткiштерiнiң арифметикалық орташа сомасы ретiнде есептеледi.
7. Қаралып отырған жылы белгілі бір экономикалық қызмет түрi бойынша кәсiптiк тәуекелдiң көрсеткiшi қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындаған кезде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрілген зиянды өтеуге есептелген төлемдердiң (оның iшiнде жарақат алған, кәсiптiк жарақаты, қайтыс болған жағдайға төлемдi) жылдық сомасы мөлшерiнiң осы экономикалық қызмет түрi бойынша жылдық еңбекақы төлеу қорының мөлшерiне қатынасы ретiнде белгіленедi:
Рі = (ВТУі + ВПЗі+ ВПі)/ФОТі, мұнда
i - экономикалық қызмет түрi;
Pі - і-лi экономикалық қызмет түрiмен айналысатын персонал үшiн кәсiптiк тәуекелдiң көрсеткiшi;
ВТУі - i-лi экономикалық қызмет түрiмен айналысатын персонал бойынша еңбек жарақатынан зардап шеккендерге есептелген зиянды өтеуге есептелген төлемдердiң жылдық сомасы (еңбек жарақатынан зардап шеккен бір қызметкерге және зардап шеккендердiң санына төленетiн төлемдердiң орташа сомасының туындысы ретiнде есептелуi мүмкiн);
ВПЗі - i-лi экономикалық қызмет түрiмен айналысатын персонал бойынша кәсiптiк аурулардан зардап шеккендерге есептелген зиянды өтеу төлемдерiнің жылдық сомасы (кәсiптік аурулардан зардап шеккен қызметкерге және зардап шеккендердің санына төленетiн төлемдердiң орташа сомасының туындысы ретінде есептелуi мүмкiн);
ВПі - i-лi экономикалық қызмет түрiмен айналысатын персонал бойынша қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерiн орындаған кезде оның қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге құқығы бар адамдарға есептелген зиянды өтеуге төленетін төлемдерiнiң жылдық сомасы (қаза болған бір қызметкерге және қайтыс болғандардың санына төленетін төлемдердiң орташа сомасының туындысы ретiнде есептелуі мүмкiн);
ФОТі - i-лi экономикалық қызмет түрiмен айналысатын персонал бойынша қызметкерлердiң жылдық еңбекақы төлеу қоры.
Кәсiптiк тәуекел көрсеткiшi әрбір жыл бойынша есептеу жүргiзу жылының алдындағы бес жылға жеке есептеледi.
8. Экономикалық қызметтiң белгілi бір түрiнiң кәсiптiк тәуекел дәрежесiн бағалау өндiрiстегi жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың мынадай статистикалық көрсеткiштерiне негізделедi:
1) еңбек қызметiне байланысты жазатайым оқиғалар кезiнде зардап шеккендердiң саны, жылына;
2) еңбек қызметiне байланысты жазатайым оқиғалар кезiнде зардап шеккендерге төленетiн төлемдердiң жылдық есептелген сомасы, оның iшiнде жазатайым оқиғадан зардап шеккен бір адамға есептелген төлемдердiң орташа мөлшерi;
3) жылына кәсiптiк аурулардан зардап шеккендердің саны;
4) кәсiптiк аурулардан зардап шеккендерге есептелген төлемдердiң жылдық сомасы, оның iшiнде кәсiптiк аурудан зардап шеккен бір қызметкерге есептелген төлемдердiң орташа мөлшерi;
5) еңбек қызметiне байланысты жазатайым оқиғалар кезiнде қаза тапқандардың саны, жылына;
6) қызметкерлер еңбек қызметiне байланысты қайтыс болған жағдайда есептелген төлемдердiң жылдық сомасы, оның iшiнде есептелген төлемдердiң орташа мөлшерi;
7) экономикалық қызмет түрі бойынша жылдық еңбекақы төлеу қоры;
8) экономикалық қызмет түрi бойынша қызметкерлердiң орташа жылдық тiзiмдiк саны.
9. Осы Ереженiң 8-тармағында санамаланған статистикалық көрсеткiштердiң әрқайсысы алдыңғы бес жылдағы серпiнде қалыптастырылады.
10. Сақтандырушы бірнеше экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асырған жағдайда, ол оның негiзгi қызмет түрiне сәйкес келетiн кәсiптiк тәуекел сыныбына жатқызылуы тиiс.
Сақтандырушы өндiрiстiң жалпы көлемiнде тең үлестiрiлген бірнеше экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыратын жағдайда, ол кәсiптiк тәуекелдiң неғұрлым жоғары сыныбы сәйкес келетiн экономикалық қызмет түрiне жатқызылуы тиiс.
Экономикалық қызмет түрлерiн
кәсiптік тәуекел сыныптарына
жатқызу ережесіне
қосымша
Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу
Кәсiптік тәуекелдiң 1-сыныбы
Қонақ үйлердiң қызметтер көрсетуi
Қысқа мерзiмдi тұру үшiн өзге де орындардың қызметтер көрсетуi
Мейрамханалардың қызметтер көрсетуi
Барлардың қызметтер көрсетуi
Курьерлiк қызмет
Қаржы делдалдығы
Қаржы делдалдығы саласындағы қосалқы қызмет
Сақтандыру
Жылжымайтын мүлiкпен жасалатын операциялар
Автомобильдердi жалға беру
Өзге де көлiк құралдары мен жабдықтарды жалға беру
Өзге де машиналар мен жабдықтарды жалға беру
Есептеу техникасына байланысты қызмет
Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен әзiрленiмдер
Құқық, бухгалтерлiк есеп және аудит саласындағы қызмет; коммерциялық қызмет және басқару мәселелерi жөнiнде консультация беру
Жұмыс күшiн жалдау және персоналды iрiктеу
Фотосурет саласындағы қызмет
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру саласындағы қызмет
Қоғамдық бірлестiктердiң қызметi
Кинофильмдер көрсету
Концерт және театр залдарының қызметі
Ойын-сауық және демалыс парктерiнiң қызметi
Ақпараттық агенттіктер қызметi
Спорт саласындағы өзге де қызмет
Құмар ойындарын ұйымдастыру жөніндегі қызмет
Жерлеудi ұйымдастыру және осыған байланысты қызметтер көрсету
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметi
Өзге де дербес қызметтер көрсету
Үй шаруашылығын жүргiзу жөнінде қызметтер көрсету
Аумақтан тыс ұйымдардың қызметi
Автомобильдер саудасы
Бастауыш білім беру (бірiншi саты)
Орта білiм беру (екiншi саты)
Жоғары білім беру
Ересектерге арналған білiм беру және басқа топтамаларға енгiзiлмеген өзге де білім беру түрлерi
Өзге де көрiнiстiк ойын-сауық қызметi
Кiтапханалар мен мұрағаттар қызметі
Спорт объектiлерінің қызметi
Өнер саласындағы қызмет
Туристiк агенттіктердiң қызметi
Жарнама
Әлеуметтік қызметтер көрсету
Басқа да топтамаларға енгiзiлмеген демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызмет
Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен әзiрленiмдер
Автомобиль детальдарының, желiлерiнiң және керек-жарақтарының саудасы
Радио және теледидар саласындағы қызмет
Агенттер арқылы көтерме сауда (сыйақыға немесе шарт негiзiнде)
Есептеу техникасын қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдықтарын жалға беру
Өзге де тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланымдағы заттарды жалға беру
Хатшылық қызметтер және аударма бойынша қызметтер көрсету
Кәсiптiк тәуекелдiң 2-сыныбы
Өндiрiстiк және тұрғын үй-жайларды, жабдықтар мен көлiк құралдарын тазалау және жинау
Буып-түю
Көлiк құралдарының жүргiзушілерiн даярлайтын мектептердiң қызметi
Кино- және бейнефильмдер шығару
Кино- және бейнефильмдер тарату
Стоматологиялық қызмет
Мұражайлардың қызметi және тарихи орындар мен ғимараттарды қорғау
Ботаникалық бақтардың, хайуанаттар парктерiнiң және қорықтардың қызметi
Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда; тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдаланымдағы заттарды жөндеу
Ұлттық пошта қызметi
Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, көтерме сауда және агенттер арқылы сауда
Мотор отынының бөлшек саудасы
Кәсiптiк тәуекелдiң 3-сыныбы
Дәрiгерлiк практика
Баспа қызметi
Аурухана мекемелерiнiң қызметi
Ветеринарлық қызмет
Тұтынушыларға өзге де қызметтер көрсету
Такси қызметi
Тоқыма және үлбір бұйымдарды жуу, химиялық тазалау және бояу
Шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтер көрсетуi
Денсаулық сақтау бойынша өзге де қызмет
Тергеу жүргiзу және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
Сәулет, инженерлiк iзденiстер саласындағы қызмет және осы салаларда техникалық консультациялар беру
Кәсiптiк тәуекелдiң 4-сыныбы
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
Тоқыма материалдардан киім тiгу
Киiмнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын шығару
Трикотаж матасын шығару
Трикотаж бұйымдарын шығару
Басқа топтамаларға енгiзілмеген полиграфиялық қызмет
Жiбек маталар шығару
Фармацевтикалық өнiмдер өндiру
Кәсiпорындар мен мекемелер жанындағы асханалардың қызметтер көрсетуi және дайын тағам беру
Өсiмдiк шаруашылығы
Мал шаруашылығымен үйлестiрілген өсiмдiк шаруашылығы (аралас ауыл шаруашылығы)
Өсiмдiк шаруашылығы саласында қызметтер көрсету
Ойындар мен ойыншықтар жасау
Өзге де тоқыма маталар шығару
Маталар мен тоқыма бұйымдарын әрлеу
Былғары илеу және өңдеу
Былғарыдан киім тігу
Брошюра шығару-түптеу және өңдеу қызметi
Баспа қалыптарын дайындау
Жазылған ақпарат тасымалдаушыларды көшiру
Мотоциклдердiң, олардың бөлшектерiнiң, желiлерiнiң және керек-жарақтарының саудасы; мотоциклдерге техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
Матрастар шығару
Кәсiптік тәуекелдiң 5-сыныбы
Балық шаруашылығы
Мал шаруашылығы
Сабын және жуғыш, тазалайтын және жылтырататын құралдар, парфюмериялық және косметикалық құралдар шығару
Ауыл шаруашылығы құсы мен үй қоянының етiн өндiру
Сүт өңдеу және iрiмшiк жасау
Дәмдеуiштер мен дәмқосарлар жасау
Ветеринарлық қызметтерден басқа, мал шаруашылығы саласында қызметтер көрсету
Осы салаларда қызметтер көрсетудi қоса алғанда, жабайы құс аулау және өсiру
Кәсiптік тәуекелдiң 6-сыныбы
Балмұздақ шығару
Орталықтан жылыту қазандықтарынан басқа, бу қазандықтарын жасау
Былғарыдан жолсандық, сөмкелер және басқа бұйымдар жасау
Аяқ киім жасау
Қыш тақтайшалар мен тақталар өндiру
Балалар тағамын және емдәмдiк тамақ өнiмдерiн өндiру
Кілемдер және кілем бұйымдарын шығару
Су көлiгiнiң өзге де қосалқы қызметi
Макарон өнiмдерiн шығару
Басқа топтамаларға енгiзiлмеген дәндi, техникалық және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру
Ет өнiмдерiн өндiру
Ұн-жарма тарту өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру
Басқа топтамаларға енгiзiлмеген өзге де тоқыма бұйымдар шығару
Нан, ұннан жасалатын ұзақ сақталмайтын кондитерлiк өнiмдер шығару
Кептiрiлген нан және печенье, ұннан жасалатын ұзақ сақталатын кондитерлiк өнiмдер шығару
Сусындар шығару
Басқа топтамаларға енгiзiлмеген өзге де тамақ өнiмдерiн өндiру
Арқан, жiп, шпагат және торлар жасау
Крахмал және крахмал өнiмдерiн өндiру
Жануарларға арналған дайын азық өндiру
Кәсіптiк тәуекелдiң 7-сыныбы
Радиоға, теледидарға және байланысқа арналған аппаратура шығару
Резеңке бұйымдарын жасау
Қант шығару
Какао, шоколад және қантты кондитерлiк өнiмдер шығару
Әуе көлiгiнiң өзге де қосалқы қызметi
Мақта маталарын өндiру
Кардамен иiрiлген талшықтардан жүн маталар жасау
Тарақпен иiрiлген талшықтардан жүн маталар жасау
Технологиялық процестердi бақылау және реттеу құралдарынан басқа, бақылау-өлшеу құралдарын шығару
Қағаз массасын, қағаз, қатырма қағаз және олардан жасалған бұйымдар жасау
Тазартылған май мен тоң май шығару
Шай және кофе шығару
Тазартылмаған май мен тоң май шығару
Құрлықта жүретін көлiктiң өзге де қосалқы қызметi
Сақтау және жинақтау
Жүктердi көлiктiк өңдеу
Әрлеу жұмыстары
Зергерлiк бұйымдар, монеталар және медальдар жасау
Спорт тауарларын жасау
Басқа топтамаларға енгiзiлмеген түрлi өнім өндiру
Музыкалық аспаптар жасау
Технологиялық процестердi бақылау және реттеу құралдарын жасау
Сағат жасау
Оптикалық құралдар мен фотожабдықтар жасау
Кәсiптік тәуекелдiң 8-сыныбы
Жасанды және синтетикалық талшықтар өндiру
Күйдiрiлген саздан кiрпiш, жабынқыш және өзге де құрылыс бұйымдарын жасау
Металдарды өңдеу және металдарға металл буын жалату; машина жасаудың негiзгi технологиялық процестерi
Пышақ бұйымдарын, құрал-саймандар, жабдықтар және темірден жасалған бұйымдар жасау
Жемiстер мен көкөнiстердi өңдеу және консервiлеу
Маргарин шығару
Өзге де резеңке бұйымдарын жасау
Шыны және шыныдан бұйымдар жасау
Құрылыста пайдаланылатыннан басқа, қыш бұйымдар шығару
Техникалық сынақтар мен зерттеулер
Кәсiптiк тәуекелдiң 9-сыныбы
Электр таратқыш және реттеушi аппаратура жасау
Тоқыма талшықтарын иiру
Санитарлық-техникалық жұмыстар
Темір жол көлiгiнің қызметi
Су көлiгiнiң қызметi
Өткiзгiш құбырмен тасымалдау
Әуе көлiгiнiң қызметi
Электр байланысы
Кеме құрылысы және жөндеу
Жүк тасымалдауды ұйымдастыру
Кәсiптiк тәуекелдiң 10-сыныбы
Сүректі арамен кесу және сүргiлеу; сүректi сіңдiру
Ағаш ыдыстар жасау
Ағаш пен тоздан, сабаннан және өруге арналған материалдардан өзге де бұйымдар жасау
Өзге де жиһаз жасау
Ас үйлiк жиһаз жасау
Офистер мен сауда кәсiпорындарына арналған жиһаз жасау
Орындықтар және отыруға арналған басқа да жиһаз жасау
Ағаштан құрылыс конструкцияларын және ағаш шеберлiгi бұйымдарын жасау
Шпон, фанералар, тақтайшалар мен панельдер жасау
Құрлықта жүретiн өзге де көлiк қызметi
Жүк автомобилi көлiгінiң қызметi
Станоктар шығару
Хирургиялық жабдықтарды қоса алғанда, медициналық техника бұйымдарын және ортопедиялық құралдар жасау
Кестеге бағынатын, құрылықта жүретiн өзге де жолаушылар көлiгінiң қызметi
Металл емес қалдықтар мен сынықтарды өңдеу
Қару-жарақтар мен оқ-дәрілер шығару
Кәсiптiк тәуекелдiң 11-сыныбы
Тыңайтқыштар мен азот қосылыстарын өндiру
Бояулар мен лактар шығару
Өзге де химиялық өнiмдердi өндiру
Оқшаулау жұмыстары
Соққылау, баспалау, қалыптау, илектеу; ұнтақ шығару металлургиясы
Оқшауландырылған сымдар мен кабельдер жасау
Бояғыштар мен пигменттер шығару
Синтетикалық каучук өндiру
Бастапқы қалпындағы пластмассалар шығару
Құрылыста пайдаланылатын пластмасса бұйымдарын шығару
Пластмасса тақтайлар, жолақтар, құбырлар және профильдер жасау
Электр шамдарын және жарықтандыру жабдықтарын шығару
Өзге де пластмасса бұйымдарын жасау
Тауарларды буып-түюге арналған пластмасса бұйымдарын жасау
Кәсiптiк тәуекелдiң 12-сыныбы
Құм және саз өндіру
Бекітушi бұйымдар, шынжырлар және серiппелер жасау
Металл бөшкелер және осыған ұқсас ыдыстар жасау
Мойынтiректер, тiстi берiлiстер, механикалық берiлістер элементтерiн және жетектер жасау
Өзге де дайын металл бұйымдарын жасау
Жеңiл металдардан қаптамалар жасау
Сымнан бұйымдар жасау
Өнеркәсiптiк тоңазытқыш және желдеткiш жабдықтарын жасау
Балық және балық өнiмдердi қайта өңдеу және консервiлеу
Үлбір өңдеу және бояу; үлбірден бұйымдар тiгу
Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндiру
Өзге де түстi металдарды өндiру
Көтергiш-көлiк жабдығын жасау
Металл қалдықтарын және сынықтарын өңдеу
Ғимараттарды бөлшектеу және бұзу, жер жұмыстары
Кәсiптiк тәуекелдiң 13-сыныбы
Шойын, болат және ферроқорытпалар өндiру (Еуропа көмiр және болат бірлестiгі стандарты бойынша ескерiлетiн - бұдан әрi ЕКББ)
Құбыр жасау
Алюминий өндiру
Балық аулау
Электр қозғалтқыштар, генераторлар және трансформаторлар жасау
Құрылыстық металл конструкцияларын шығару
Уран және торий кендерiн өндiру
Басқа топтамаларға енгізілмейтін жалпы мақсаттағы өзге де машиналар мен жабдықтар жасау
Ауыл шаруашылығы тракторларын жасау
Ауыл және орман шаруашылығына арналған өзге де машиналар мен жабдықтар жасау
Басқа топтамаларға енгiзілмеген арнаулы мақсаттағы өзге де машиналар мен жабдықтар жасау
Өзге де электр жабдықтарын жасау
Темір жолдың жылжымалы құрамын жасау
Бумен және ыстық сумен жабдықтау
Кәсiптiк тәуекелдiң 14-сыныбы
Металл құю
Кокс өндiру
Мұнай өнімдерiн өндiру
Цемент, әк және керiш өндiру
Қорғасын, мырыш және қалайы өндiру
Суды жинау, тазарту және бөлу
Металлургияға арналған машиналар мен жабдықтар жасау
Кәсiптiк тәуекелдiң 15-сыныбы
Химия өнеркәсібі және тыңайтқыш өндіру үшін минералдық шикізаттар өндіру
Ядролық материалдар өндiру
Орман өсiру және ағаш дайындау
Шикi мұнай мен табиғи газ өндiру
Темір кендерiн өндiру
Жолдар, аэродромдар және спорт құрылыстарын салу
Су құрылыстарын салу
Құрылыс жабдықтарын операторымен бірге жалға алу
Электр энергиясын өндiру және бөлу
Кәсiптік тәуекелдiң 16-сыныбы
Шымтезек өндiру және агломерациялау
Тұз өндiру және шығару
Басқа топтамаларға енгiзілмеген кен өндiру өнеркәсiбiнiң өзге де салалары
Асыл (қымбат бағалы) металдар өндiру
Крандар мен клапандар жасау
Орман өсiру және ағаш дайындау саласында қызметтер көрсету
Сорғылар, сығымдағыштар және гидравликалық жүйелер жасау
Ағынды суларды, қалдықтарды жою және осыған ұқсас қызмет
Химия өнеркәсiбi және тыңайтқыштар өндiру үшiн минералдық шикiзаттар өңдеу
Пайдалануға дайын бетон шығару
Құрғақ бетон қоспаларын шығару
Пайдалы қазбалар өндiруге және құрылысқа арналған машиналар мен жабдықтар жасау
Жалпы құрылыс жұмыстары
Үйлер мен ғимараттар жабындарының құрылғысы
Өзге де инженерлiк жабдықтарды орнату
Кәсiптiк тәуекелдiң 17-сыныбы
Өзге де негiзгi органикалық емес (химиялық) заттар өндiру
Өзге де негiзгi органикалық (химиялық) заттар өндiру
Агрохимиялық өнiмдер өндiру
Шойын мен болатты өзге де бастапқы өңдеу және ферроқорытпалар өндiру (ЕКББ ескерген)
Металл цистерналар, резервуарлар және контейнерлер жасау
Гальвандық элементтер (электр аккумуляторларын және бастапқы элементтер) өндiру
Ғарыш аппараттарын қоса алғанда, ұшу аппараттарын жасау
Мотоциклдер мен велосипедтер жасау
Басқа топтамаларға енгiзiлмеген өзге де көлiк құралдары мен жабдықтарды жасау
Әктас, керiш және бор өндiру
Мұнай және газ өндiру бойынша қызметтер көрсету
Электр монтаждау жұмыстары
Бетоннан құрылыс бұйымдарын жасау
Құрылыста пайдалану үшiн керiш бұйымдарын жасау
Кәсiптiк тәуекелдiң 18-сыныбы
Лигнит өндiру және байыту
Тас көмiр өндiру және байыту
Асбестоцементтен және талшықты цементтен бұйымдар шығару
Тас кесу, өңдеу және әрлеу
Бетоннан, керiштен және цементтен бұйымдар шығару
Құрылыс металл бұйымдарын шығару
Орталықтандырылған жылу беретiн радиаторлар мен қазандықтар жасау
Сусындарды қоса алғанда, тамақ өнiмдерiн және темекi өнiмдерiн дайындауға арналған машиналар мен жабдықтар жасау
Тоқыма, тiгiн, үлбір және былғары бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтар жасау
Қағаз және қатырма қағаз дайындауға арналған машиналар мен жабдықтар жасау
Құрылысқа арналған тастарды өндiру
Уран және торий кендерiнен басқа, түстi металл кендерiн өндiру
Газ тәрiздес отын өндiру және бөлу
Өзге де құрылыс жұмыстары
Тақтатастар өндiру
Кәсiптік тәуекелдiң 19-сыныбы
Авиация, автомобиль және мотоциклет қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналар жасау
Барлау бұрғылауы
Кәсiптік тәуекелдiң 20-сыныбы
Мыс өндiру
Кәсiптік тәуекелдiң 21-сыныбы
Пештер және пеш жанарғыларын жасау
Кәсiптік тәуекелдiң 22-сыныбы
Өнеркәсiптiк газ өндiру