Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 Қаулысы
(2017.03.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2019 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі бекітілсін.
2. ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 746 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 746 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. «Аграрлық секторға несие беру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 137 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 3, 39-құжат) 1, 5-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 589 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 7 шілдедегi
№ 645 қаулысымен
бекітілген
Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешенді:
1) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы;
3) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы;
4) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы;
5) «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы;
6) «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы;
7) «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамы;
8) ҚР Үкіметінің 2015.22.08. № 659 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау
ҚР Үкіметінің 2017.03.04. № 160 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға республикалық бюджет қаражатынан бөлінетін ресурстарға қажеттілікті анықтайды;
2) бюджеттік өтінімді жасайды және республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты алады;
3) республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Холдинг) жарғылық капиталын төлейді, оған бюджеттік кредиттер ұсынуды ұйымдастырады, мамандандырылған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
4) Холдингті корпоративтік басқаруды жүзеге асырады.
2-1. ҚР Үкіметінің 2015.22.08. № 659 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 425 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.03.04. № 160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес Холдингтің құрамына кіретін мамандандырылған ұйымдар іске асырады.
4. ҚР Үкіметінің 2015.22.08. № 659 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 425 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.22.08. № 659 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы олардың органдары мен лауазымды адамдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мамандандырылған ұйымдар бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді.