203) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
204) өз құзыреті шегінде балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
205) балаларға тыйым салынған ақпарат қамтылған ақпараттық өнім кәмелетке толмағандарға таратылған кезде Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
206) белгiленген тәртiппен көлiк құралдарын сүйемелдеуді ұйымдастырады;
207) жүргізуші куәліктерін беруді, сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді және оларды есепке алуды ұйымдастырады;
208) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелерді ұйымдастырады;
209) автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темiржол өтпелерiн, қалалық электрлік көлiк желiлерiн, тұрғын үй кешендерін және жекелеген ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жаңа көлік құралдарының үлгілерін пайдалануға қабылдау жөнiндегi жұмыс және мемлекеттік комиссияларға қатысады;
210) жол жүрісін реттеуді ұйымдастырады;
211) мүгедектігі бар адамдарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жол жүрісі қауіпсіздігін олардың қажеттіліктерін ескере отырып қамтамасыз ету бөлігінде жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және басқаруға арналған нормативтік, жобалық және техникалық құжаттаманы келіседі;
212) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және орындау үшін міндетті нұсқамаларды беруді бақылауды ұйымдастырады;
213) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша құжаттаманы белгіленген тәртіппен келіседі;
214) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құрады және пайдаланады;
215) облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуді облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы берген рұқсат болған кезде келіседі;
216) азаматтарға құқықтық тәрбие беруге қатысады, құқық тәртібінің жай-күйі және ішкі істер органдарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы қоғамдық пікірді зерделейді;
217) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы ic-әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерін, оқу, тәрбие мекемесінің және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге де мекеменің педагогтерін, тәрбиешілерін, басқа да қызметкерлерін анықтауды ұйымдастырады, оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қолданады;
218) кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды белгіленген тәртіппен қарайды, оларға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
219) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік мекемелерге жіберуге немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алуды ресімдеуге жәрдемдеседі;
220) арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды дайындауға қатысады;
221) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға жат іс-әрекеттері, оған итермелейтін себептер мен жағдайлар туралы мүдделі органдар мен мекемелерді хабардар етеді;
222) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды өкілдерін құқықтық тәрбиелеуде білім беру органдарына жәрдем көрсетеді;
223) қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерін қорғауды, олардағы жедел жағдайды бақылауды, персоналдың, күдіктілердің, сезіктілердің және сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, оларды айдауылмен алып жүруді жүзеге асырады;
223-1) пробация қызметі пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекітеді;
223-2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің инженерлік және техникалық қадағалау, бақылау және күзет құралдарының тізбесін бекітеді;
223-3) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша пробация қолданылатын адамдарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;
223-4) мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкілетті органмен және бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесiн бекiтеді;
223-5) байланыс операторларының қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумағында арнайы техникалық жабдықты пайдалану кезінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;
223-6) сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекітеді;
224) қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды күзетуді қамтамасыз етеді;
225) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен органдарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы жолданымдарын қарайды, оларды есепке алу мен тіркеуді жүзеге асырады;
226) қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды, белгілі бір тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарды әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұстауды, күдіктілер мен айыптыларды айдауылдаумен алып жүруді, қылмыстық (әкімшілік) процесті жүргізуші органдардың оларға қатысты қаулыларының, ұйғарымдарының және үкімдерінің атқарылуын ұйымдастырады;
227) жаппай тәртіпсіздіктердің, оның ішінде түзеу мекемелерінде жолын кесуде шаралар қабылдайды;
228) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етеді;
229) iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде режимдiк талаптардың сақталуын ұйымдастырады;
230) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстау жөніндегі қызметті ұйымдастырады (қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған және қылмыс жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі);
231) сотталғандарға қатысты сот үкімдерін, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды;
232) соттардың үкімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне орналастыруды ұйымдастырады;
233) кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қатысты жеке профилактика жағдайын бақылайды;
234) ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталғандарды уақтылы орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, сондай-ақ ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізуді ұйымдастырады;
235) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарды психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау тұрғысынан куәландыру үшін медициналық ұйымдарға жеткізуді ұйымдастырады;
236) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келудің, Қазақстан Республикасынан кетудің, Қазақстан Республикасында болудың және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүрудің белгіленген қағидаларын сақтауын бақылайды;
237) Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
238) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судьялардың талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, тергеушінің, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындайды;
239) сотталғандарға түзетушілік ықпал етуді, оның ішінде психологиялық-педагогикалық әдістерді пайдалана отырып ұйымдастырады;
240) сотталғандардың еңбекпен айналысуын ұйымдастырады;
241) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етедi;
242) күдіктілер мен айыпталушыларды қарап-ұстауды жүзеге асырады;
243) сотталғандардың жалпы бiлiм алуын және оларды кәсiптік оқытуды ұйымдастырады;
244) қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тартуды жүзеге асырады;
245) сотталғандарды босатуға дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды, рақымшылық және кешірім жасау актілерін орындауды, сотталғандарды түзеудің нәтижелерін бекіту, оларды жұмысқа орналастыру және тұрмыстық жағдайын жасау бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарының басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
246) пробация қызметтерінің жұмысын үйлестіреді;
247) пробацияны жүзеге асыратын субъектілердің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
248) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жасақталуын жоспарлайды және ұйымдастырады;
249) төтенше жағдай құқықтық режимін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың салдарын жою, сондай-ақ заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес, жанжал аудандарын оқшаулау және тосқауыл қою, аса қауіпті құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, террористік актілердің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу, тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қарулы құралымдарды қарусыздандыру және жою, жанжал ауданында халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына іргелес аудандарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының қызметкерлерін тарту туралы шешімдерді орындайды;
250) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының кадрларын іріктеуді, бөлуді, оларды республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, сондай-ақ шарттық негіздерде басқа мемлекеттердің әскери оқу орындарында оқытуды жүзеге асырады;
251) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтарының, құрылымдарының, әскери бөлімдерінің және әскери-оқу орындарының орналасқан жерлеріндегі медициналық қамтамасыз етуді және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
252) карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларын өткізуге қатысады;
253) арнайы және әскери тасымалдауларды ұйымдастырады;
254) адамдардың шекаралық аймаққа кіруін, онда уақытша болуын, тұруын және жүріп-тұруын бақылауды дербес немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп жүзеге асырады;
255) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, шекаралық режим қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
256) Мемлекеттік шекараны бұзған адамдарды және өзге де құқық бұзушыларды іздестіруде, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың мән-жайларын анықтауда және тексеруде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жәрдем көрсетеді;
257) шекаралық кеңістіктегі құқық тәртібінің жай-күйі, тұрғылықты жерінен белгісіз мән-жайларда кетіп қалған адамдар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына қатысты құқыққа қарсы пиғылдары бар қылмыстық топтар мен адамдар туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар етеді;
258) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, оның ішінде босқындардың жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне немесе шекаралық кеңістікте орналасқан объектілерге баруын уақытша шектейді немесе тыйым салады;
259) ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсынуы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзушыларды шекаралық іздестіру, шектес мемлекет азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруіне немесе жаппай өтуіне тойтарыс беру кезінде пана іздеген адамдар мен босқындардың шекаралық аймақта (белдеуде) орналасқан жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне немесе объектілерге баруын шектейді немесе тыйым салады;
260) шекаралық аймақта және шекаралық белдеуде қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді;
261) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен ішкі істер органдарының күштері мен құралдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді;
262) дербес немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының халқына құқықтық тәрбие беруге қатысады, шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың профилактикасын жүзеге асырады;
263) азаматтық, сондай-ақ құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
264) көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асырады;
265) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі мен кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және ұлттық қауіпсіздік органымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
266) Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын беруді, күшін жоюды, қалпына келтіруді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартуды және қысқартуды не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдауды қамтамасыз етеді;
267) шетелдіктердің Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруды ресімдеуді, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы адамдардың шақыруын қабылдауды және келісуді қамтамасыз етеді;
268) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды қамтамасыз етеді;
269) шығарып жіберу туралы сот актісі шығарылған көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының шегінен уақтылы кетуін бақылайды;
270) заңсыз көшіп келудің жолын кесу жөнінде шаралар қолданады;
271) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдайды;
272) Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына қатыстылығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін айқындау жөнінде шешім қабылдайды;
273) Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеуді не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне рұқсаттар беруден бас тарту туралы шешім қабылдауды қамтамасыз етеді;
274) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша, соның ішінде уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алуды, тіркеуді және тіркеуден шығаруды қамтамасыз етеді;
275) заңсыз көшіп келушілерді, пана iздеген адамдарды және босқындарды соттың заңды күшiне енген шешiмдерiн орындау үшiн мәжбүрлеп шығарып жiберудi жүзеге асырады;
276) пана іздеген адамдар мен босқындарды Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркеуді қамтамасыз етеді;
277) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзуді жүзеге асырады;
278) сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыруды орталықтандырылған түрде жүзеге асырады әрi тiркеушi және басқа да мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелерге ақпарат бередi;
279) сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттардың жасалуын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
280) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi бойынша өтініштер қабылдауды қамтамасыз етеді және оларды қажеттi құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына жiбередi;
281) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды тiркеуді қамтамасыз етеді;
282) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын, одан айырылуын тiркеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болуын (болмауын) айқындауын қамтамасыз етеді;
283) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) ресімдеуді қамтамасыз етеді;
284) сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
285) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысады;
286) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
287) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді;
287-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құрады;
287-2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат береді;
287-3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
287-4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
287-5) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарайды;
287-6) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
287-7) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастырады;
287-8) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасады;
287-9) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асырады;
287-10) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсынады;
288) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мәртебесі, өкілеттіктері
16. Министрлікке басшылық етуді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.
17. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрін Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
18. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің өкілеттіктері:
1) ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде ішкі істер органдарының құрылымы мен штат санын белгілейді;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ішкі істер органдарының штат санының лимитін өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
4) өз орынбасарларының, сондай-ақ комитеттер төрағаларының және Министрліктің өзге де құрылымдық бөлiмшелерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктер шеңберiн айқындайды, жауапкершілiк дәрежесiн белгiлейдi;
5) Министрліктің атынан iшкi iстер органдары орындауға мiндеттi құқықтық актілер, өз құзыреті шегiнде өзге де мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi нормативтік құқықтық актілер шығарады;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрған полиция қызметкерлерінің қатарынан облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаментінің бастығын лауазымға тағайындайды;
7) ішкі істер органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін тағайындайды, тәртіптік жазаға тартады және қызметтен босатады;
8) азаматтарды Министрліктің кадрына қабылдайды, оларға алғашқы және полиция (әділет) полковнигiне дейiнгіні қоса алғанда, кезектi арнаулы атақтар, сондай-ақ Министрліктің әскери қызметшiлерiне полковникке дейiнгіні қоса алғанда, әскери атақтар бередi;
9) Қазақстан Республикасының Президентiне ішкі істер органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерін мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға жоғары әскери арнаулы атақтар беру туралы ұсынымдар енгiзедi;
10) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді, әскери қызметшілерді және жұмыскерлерді тәртіптік жазаға тартады және оларға көтермелеу шараларын қолданады;