79) уәкiлеттi органдармен бiрлесіп, мемлекеттiң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға қажеттiлiк нормаларын айқындайды;
80) Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен бірлесіп, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерінің ауқымын болжайды;
81) Қазақстан Республикасындағы есірткі ахуалының жай-күйін және өрбу үрдісін, есірткінің заңсыз айналымға түсуінің өңіраралық көздері мен арналарын, олардың жолын жабу жөніндегі шаралардың әзірлемесін, тиісті ақпараттық-талдау материалдарының дайындалуын талдайды;
82) уәкілетті органдармен бірлесіп, есірткінің, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл жасау саласында ғылыми зерттеулерді үйлестіреді;
83) жеке басты куәландыратын құжаттардың: Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнің, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының, азаматтығы жоқ адам куәлiгiнің және жол жүру құжатының үлгiлерiн, оларды ресiмдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртiбiн бекітеді;
83-1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау қағидаларын бекiтеді;
83-2) шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу және одан кету үшiн қажеттi қаражатының бар екендiгiн растау қағидаларын бекiтеді;
83-3) жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
83-4) жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезінде пайдаланылатын интеграциялық микросхемаға қойылатын талаптарды және сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға енгізу қағидаларын бекітеді;
83-5) халықты құжаттандыру және тіркеу қағидаларын бекітеді;
83-6) Әділет министрлігімен бірлесіп, сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекітеді;
84) жол жүру құжатының үлгісін бекітеді, жол жүру құжатын беруді қамтамасыз етеді;
85) Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
86) егер жаңа тұрақты тұратын жеріндегі мемлекетте осындай зейнетақы тағайындаудың осы мемлекеттің заңнамасында көзделген шарттарын сақтамауына байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлеуден бас тартылса, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетке тұрақты тұруға кеткен зейнеткерлерге - Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлеріне Қазақстан Республикасында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін жалғастыру тәртібін айқындайды;
87) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
88) шекаралық аймақта тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймақ тұрғынының куәліктерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
89) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ақпарат беруінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру тәртібін айқындайды;
90) өз құзыретi шегiнде сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау, жүргiзу және пайдалану жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi;
91) ішкі істер органдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізеді;
92) ішкі істер органдарында кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырудың мазмұны мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;
93) атыс және өзге де қаруды, арнайы құралдарды және дене күшін қолдануымен байланысты жағдайлардағы іс-қимылдарға қызметкерлердің жарамдылығын айқындау тәртібін белгілейді;
94) ішкі істер органдары жеке құрамының арасында спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады;
95) табельдік қаруды алу және тапсыру, сондай-ақ қызмет атқару барысында қаруды және оқ-дәріні қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;
96) ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, оны жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
97) ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында орын ауыстыру, жоғарлату демалыстар беру, арнаулы атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
98) ішкі істер органдарының жүйесі үшін кадрлар даярлауды және оқытуды ұйымдастырады, кадрларға қажеттілікті және Министрліктің білім беру ұйымдарының түлектерін ішкі істер органдарының бөлімшелеріне бөлу тәртібін айқындайды;
98-1) курсанттардың тыныс-тіршілігімен және тұрмысымен танысу үшін олардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына баруы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
99) құрылымдар мен штаттарды, оның ішінде үлгілік, штаттық нормативтерді, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлері жүктемесінің нормативтерiн әзірлейді және бекітеді;
100) лауазымдар номенклатурасын, ішкі істер органдарындағы лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын, конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, қызметке кіру кезіндегі конкурс пен тағылымдаманы өткізудің шарттары мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;
101) ҚР Үкіметінің 2023.29.06. № 509 Қаулысымен алып тасталды (2023 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
102) ішкі істер органдарының жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
103) iшкi iстер органдарында мемлекеттiк құпияларды қорғауды, құпиялық режимінiң сақталуын ведомстволық бақылауды қамтамасыз етедi;
104) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерге билік етеді, ішкі істер органдары жүйесінде құпияландыруға жататын мәліметтердің, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік мәліметтердің тізбесін бекітеді;
105) ішкі істер органдарында басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
106) iшкi iстер органдарын қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жүзеге асырады;
107) ішкі істер органдарында нысанды киіммен қамтамасыз ету, оны сақтау, есепке алу және есептен шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
108) ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасын, айырым белгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
109) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының автокөлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
110) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қару-жарақ бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
111) мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің Министрліктің қарауындағы барлық бағыттары бойынша ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүзеге асырады;
112) ішкі істер органдарының жүйесін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
113) Министрліктің соттардағы, өзге де мемлекеттiк органдардағы мүдделерiн қорғауды және осы жұмысты жергiлiктi жерлерде үйлестiрудi қамтамасыз етедi;
114) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды, жолданымдарда, сұрау салуларда, жауаптар мен хабарларда жеке және заңды тұлғалар көтеретін жүйелі проблемаларды уақтылы және толық қарауды, талдауды, мониторингтеуді және анықтауды, олар бойынша шешімдер қабылдауды жүзеге асырады;
115) бағынысты органдар мен iшкi iстер бөлiмшелерінің қызметін ішкі бақылауды жүзеге асырады;
116) Министрлік жүйесінің өзіндік қауіпсіздігін, ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, сондай-ақ олардың қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді;
117) барлық деңгейдегі басшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйі және қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасағаны үшін дербес жауапкершілігін қамтамасыз етеді;
118) Министрліктің арнайы мемлекеттік архивінің құжаттарын қабылдауды, оларды сақтауды, есепке алуды және пайдалануды жүзеге асырады;
118-1) көші-қон полициясының құрылымдық бөліністерінен шығатын ресми құжаттарға, Министрліктің арнайы мемлекеттік архивінен және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қояды;
119) ведомстволық және жедел есепке алуды құрады, пайдаланады және жетілдіреді;
120) ведомстволық есепке алуды қалыптастыру және пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
121) ақпараттық және ақпараттық-талдамалық жүйелерді құрады, пайдаланады және жетілдіреді;
121-1) жол жүрісі саласындағы ақпараттық жүйелерді біріктіруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
122) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, арнаулы, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бөлімшелерін ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
123) дербес деректерді өңдеу кезінде заңнама және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, ішкі істер органдары бөлімшелерінің Министрліктің ақпараттық ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
124) ведомстволық статистикалық, архивтік және өзге де ақпаратты жинауды, жинақтауды, өңдеуді, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынуды жүзеге асырады;
125) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қалыптастыруға қатысады;
126) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
127) өз құзыреті шегінде ақпараттық-талдамалық қызметті жүзеге асырады;
128) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзеді;
129) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, сондай-ақ бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барып, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін бекітеді;
129-1) халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қараудың болуын бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
130) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кинологиялық қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
131) аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
132) күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылмен алып жүру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
133) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын күдіктілерді және айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқаруды ұйымдастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
134) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
135) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесін бекітеді;
136) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
137) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;
138) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;
139) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
140) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
141) өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
142) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясын қоғамдық тәртіпті сақтауда және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
143) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әуе-десанттық даярлығы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
144) теміржол көлігімен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери және арнайы тасымалдарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
145) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы әскери бөлімдерін (бөлімшелерін) қызметтік-жауынгерлік қолдану жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
146) теңбіл берет пен теңбіл түсті тельняшканы киіп жүру құқығына біліктілік сынақтарын өткізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
147) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы штабтарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
147-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту тәртібі мен шарттарын бекітеді;
147-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдары арнаулы көлік құралдарының тізбесін бекітеді;
147-3) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;
147-4) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізу қағидаларын бекітеді;
148) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында психологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
149) денсаулық сақтау органдарына есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты мінез-құлығында психикалық ауытқу (аурулары) бар адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек ұйымдастыруда олардың теріс пайдаланылуы саласындағы қызметтi реттеуде және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiгін қамтамасыз етуде жәрдемдеседi;
150) уәкілетті органдармен бірлесіп, есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына және теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
151) өз құзыретi шегiнде қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды және ашуды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
152) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырады;
153) iшкi iстер органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша алдын ала тергеу мен анықтауды жүзеге асырады;
154) заңнамада белгiленген тәртiппен қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстау жөніндегі жедел-iздестiру және бөгеу iс-шараларын, операцияларды, сондай-ақ оларды өзге де құқық қорғау және арнаулы мемлекеттiк органдардың жүргiзуiне және жүзеге асыруына жәрдем көрсетудi жүргiзедi;
155) қылмыстарды ашу және қылмыскерлер мен олардың байланыстарын анықтау үшiн ақпараттық-талдамалық жүйелерді пайдаланады;
156) борышкерлердi, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, анықтау, тергеу немесе сот органдарынан жасырынып жүрген, қылмыстық жазаларын өтеуден, әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды және өзге де адамдарды iздестiрудi, танылмаған мәйiттердi сәйкестендiрудi жүзеге асырады;
157) арнаулы, құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп, терроризм актілерінің жолын кесу бойынша терроризмге қарсы және арнайы операцияларға қатысады;
158) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттермен экстрадицияланатын және сотталған адамдарды қабылдау-тапсыруды ұйымдастырады;
159) нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің халықаралық практикасын талдайды және қорытындылайды, есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына, олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл жасау шараларын, сондай-ақ осы саладағы заңнаманың қолданылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
160) қолданыстағылармен салыстырғанда есiрткiлiк әсерi кемiрек, неғұрлым тиiмдi, қаупi төменiрек есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу және енгiзу процесiн бақылайды;
161) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарының қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету жөнiндегi сауалдарын орындайды;
162) жедел-iздестiру iс-шаралары мен арнайы операциялардың өткiзiлуiн, сондай-ақ жедел-iздестiру iс-шараларын өткiзуге құқығы бар iшкi iстер органдарының бөлiмшелерi мен қызметкерлерiн бақылауды жүзеге асырады;
163) әскери-тергеу органдарының қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
164) әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды іздестіруді ұйымдастырады және жүзеге асырады;
165) әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар жөніндегі жедел-іздестіру қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады, әскери қызметшілер жасаған, ішкі істер органдарының тергеулігіне жататын қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергейді;
166) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асырады;
167) құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтау және жою, сондай-ақ есірткіні заңсыз тасымалдау арналарын жабу жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді;
168) жедел есепке алуды қалыптастыруды, жүргізуді жүзеге асырады;
169) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
170) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды күзету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
171) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды инженерлік-техникалық күзет құралдарымен жабдықтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
172) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі;
173) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
174) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердегі (ұйымдардағы) тиісті контингентке медициналық қарап-тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімділігін белгілейді;
175) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
176) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын, ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені әзірлейді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
177) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды әзірлейді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен келісу бойынша бекітеді;
178) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын, әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені әзірлейді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
179) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлейді, бекітеді, олардың күшін жояды, тоқтата тұрады, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
180) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құрады;
181) техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережені бекітеді;
182) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және орындайды;
183) қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден босатылатын адамдардың өздері таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бару жолында тегін жол жүрумен, сондай-ақ азық-түлікпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
184) қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
185) күдіктілер, айыпталушылар, сотталғандар және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балалар үшін тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
186) ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын әзірлейді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
187) жеке күзет ұйымдары жұмыскерлерiнiң пайдалануына арналған қарудың түрлерiн, типтерін, модельдерi мен санын әзірлейді және бекітеді;
188) жеке күзет ұйымдары жұмыскерлерiнiң пайдалануына арналған арнаулы құралдар тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;
189) құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жөнiндегi профилактикалық қызметтi қамтамасыз етеді;
190) заңнамаға сәйкес лицензиялар мен рұқсаттар берудi жүзеге асырады;
191) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының лицензиялау және рұқсаттар беру саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
192) лицензиаттардың қызметiн, оның iшiнде олардың қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сай келуiн бақылауды жүзеге асырады;
193) ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың мінез-құлқын бақылауды ұйымдастырады;
194) қамаудағылар мен сотталғандарды күзетуді және айдауылдаумен алып жүруді бақылауды ұйымдастырады;
195) режимдік және ерекше күзетілетін объектілердің күзетілуін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
196) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
197) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының наградалық қаруды сақтауына және алып жүруіне рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
198) заңды тұлғаларға өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауға жататын өнімнің (азаматтық пиротехникалық заттардың және олар қолданылып жасалған бұйымдардың) экспорты мен импортына лицензия алу үшін өтінішті келіседі;
198-1) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
198-2) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;
199) әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі профилактикалық қызметті қамтамасыз етеді;
200) қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;
201) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
202) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады;