сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің жұмыс режимін бұзуы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктінің қызметін күнтізбелік отыз күннен астам мерзімге уақытша тоқтата тұру, айырбастау пунктінің қызметін қайта бастау туралы хабарламаларды ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері операциялық кассаларының үй-жайларында өздерінің қызметіне қатысы жоқ ақшаны сақтауы, сондай-ақ осы ұйымның жұмыскерлерін қоспағанда, бөгде адамдардың болуы -
ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың бағамдарды белгілеу туралы өкімсіз қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүргізуі, бағамдарды белгілеу туралы өкімде белгіленген сатып алу, сату бағамдарына сәйкес келмейтін валюталарды сатып алу және (немесе) сату бағамдарын ақпараттық стендте орналастыруы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін сақтамауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімдері журналында клиенттің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірін (бар болса), ал заңнамада көзделген жағдайларда - жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, заңды мекенжайын тіркеп көрсетпеуі -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Осы баптың үшінші, төртінші, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 253-бап өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
253-бап. Төлем балансын қорғау жөніндегі шараларды бұзу
Төлем балансын қорғау жөніндегі шараларды:
1) валюталық операция жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнаулы рұқсатын алу талабын орындамау;
2) резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сату талабын орындамау;
3) шетел банктеріндегі шоттарды пайдалану;
4) валюталық операциялар жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды орындамау;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізген өзге де уақытша валюталық шектеулерді сақтамау бөлігінде бұзу -
жеке және заңды тұлғаларға төлем балансын қорғау жөніндегі шараларды бұза отырып жүргізген операция сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
254-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
255-бап. 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 256-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
256-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының және өзге де тұлғалардың есептілікті, ақпаратты, мәліметтерді беру жөніндегі талаптарды бұзуы
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының уәкілетті органға есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынбауы және (немесе) уақтылы ұсынбауы -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының уәкілетті органға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында анық емес және (немесе) толық емес есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі есептілік деп облигацияларды ұстаушылардың өкілі ұсынатын есептілік, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының есептілігі түсініледі.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Осы баптың екінші бөлігіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын есептілік деп Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес ұсынылатын есептілік түсініледі.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, оның қатысушылары (акционерлері) және (немесе) үлестес тұлғалары есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты беру мерзімдері аяқталған кезден бастап бір күннен кешіктірмей есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты берген жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
3. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, оның қатысушылары (акционерлері) және (немесе) үлестес тұлғалары осы баптың екінші бөлігінде жауаптылық көзделген бұзушылықтарды уәкілетті органның жол берілген бұзушылық туралы хабарламасын алған күнге дейін жойған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
257-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын бұзуы
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Акционерлердің «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабында көзделген құқықтарын бұзу және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығару шарттарында белгіленген облигациялар бойынша сыйақы төлеудің және (немесе) оларды өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзуы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бағалы қағаздар эмитентінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алу тәртібі мен шарттарын бұзуы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алуды жүзеге асырмауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
258-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 259-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 259-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
259-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында әрекеттер жасау
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және өзге де тұлғалардың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ әрекеттер жасауы -
жеке тұлғаларға - екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қаржы нарығы субъектiлерiнің өзге де қаржы құралдары бағаларымен (бағамдарымен), оның ішінде нарықтық валюта айырбастау бағамымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасуы -
жеке және заңды тұлғаларға айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілелер сомасының он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 260-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
260-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн, номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн, шарттары мен мерзімдерін бұзуы
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн, шарттары мен мерзімдерін бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 261-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
261-бап. Эмитенттің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру шарттары мен тәртібін бұзуы
1. Эмитенттің орталық депозитарийге бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі эмитенттің жеке шоттары бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін құжаттарды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынбауы және (немесе) уақтылы ұсынбауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Эмитенттің осы баптың үшінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру тәртібін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Эмитенттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, шет мемлекеттің аумағында мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру және (немесе) қызметін шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздары тізіміне мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды енгізу шарттары мен тәртібін бұзуы -
заңды тұлғаларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақша сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Эмитенттің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуге қойылатын талаптарды бұзуы, эмитенттің мемлекеттік емес облигацияларды шығару талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзуы -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе.
Егер құқық бұзушылық анықталған кезде эмитент:
қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырылған болса және мәжбүрлеп таратылуға жатса не мәжбүрлеп тарату процесінде болса;
сот банкрот деп таныса, осы бапта белгіленген әкімшілік жауаптылыққа эмитенттер тартылмайды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 262-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
262-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің ірі мәмілені және (немесе) жасалуына мүдделілік бар мәмілені жасау кезінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпті және (немесе) шарттарды сақтамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының бағалы қағаздар нарығында өзі жүзеге асыратын кәсіби қызмет шеңберінде шарттары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына қайшы келетін қаржы құралдарымен мәмілені және (немесе) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында жасаудан бас тарту үшін негіздер көзделген мәмілені жасауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Брокердің және (немесе) дилердің мәмілені жасау кезінде клиенттің тапсырысы болмай оны жасауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бөлік өзгертілді
4. Инсайдерлердің қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ, бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдалану, инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға заңсыз беру, үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы ұсынымдар немесе ұсыныстар беру жөніндегі әрекеттері және (немесе) эмитенттерге инсайдерлер деп танылған заңды тұлғалардың осы эмитенттерге қатысты ақпарат беруі жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындамауы, егер бұл әрекеттер ірі залал келтірмесе, -
жеке тұлғаға - екі жүз, лауазымды адамға - төрт жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Эмитент және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратқа билік етуге және оны пайдалануға бақылауды жүзеге асыру бөлігінде эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және шарттарда өз қызметі туралы анық емес және (немесе) толық емес ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан көп рет) жария етуі және (немесе) ақпаратты белгіленген мерзімдерде жария етпеуі -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде өз қызметін бағалы қағаздар нарығында жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының жарияланған күніне шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 8-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Номиналды ұстаушының орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде номиналды ұстаушының атына ашылған және оның клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын біріктіріп есепке алуға арналған номиналды ұстаушының қосалқы шоты жөніндегі электрондық деректерді орталық депозитарийге сақтауға бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынбауы және (немесе) уақтылы ұсынбауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 9-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Номиналды ұстаушының орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген көлемде және тәртіппен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде номиналды ұстаушының атына ашылған және оның клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын біріктіріп есепке алуға арналған номиналды ұстаушының қосалқы шоты жөніндегі анық емес және (немесе) толық емес электрондық деректерді орталық депозитарийге сақтауға бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынуы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе.
Осы баптың алтыншы бөлігінің мақсаттары үшін, өз қызметі туралы ақпарат деп бағалы қағаздар нарығы субъектісі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес жария етуге жататын ақпарат түсініледі.
Бағалы қағаздар нарығының субъектілері:
1) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және шарттарда, осы ақпаратты ашу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдер аяқталған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жария етілген жағдайда;
2) егер құқық бұзушылық анықталған кезде бағалы қағаздар нарығының субъектісі:
қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырылған болса және мәжбүрлеп таратылуға жатса не мәжбүрлеп тарату процесінде болса;
сот банкрот деп таныса, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатпайды.
263-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 264-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
264-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының және инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасын бұзуы
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарын, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын жеке есепке алуды жүзеге асырмауы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Инвестициялық портфельді басқарушының қабылданған инвестициялық шешімдерді орындау мақсатында инвестициялық портфельді басқару процесінде бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарттың, кастодиан, инвестициялық портфельді басқарушы және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалған кастодиан шартының талаптарын, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың талаптарын орындау тәртібін ірі залал келтірмей бұзуы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті немесе зейнетақы активтері есебінен мәміле жасау үшін инвестициялық шешімнің болуына, мәміле жасалатын нарықтың типіне, мәмілені жасасу әдісі мен тәсіліне, мәміленің баға параметрлеріне, мәміле бойынша есеп айырысу қағидатына, сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне, қаржы құралдарына инвестициялау мөлшеріне (лимитіне), активтерді депозиттерге (салымдарға) орналастыру мерзіміне қойылатын талаптарды, мәмілелердің кейбір түрлеріне салынған тыйымды бұза отырып мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы, зейнетақы активтерін инвестициялық декларацияны бұза отырып инвестициялауы, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін салыстырып тексеруді жүзеге асыруға қойылатын талаптарды бұза отырып операцияларды жүзеге асыруы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 265-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
265-бап. «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу