«мүгедек;
жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедекке әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке көмекші болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылады;»;
екі жүз алтыншы абзац алып тасталсын;
екі жүз он бірінші абзацтағы «жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер жатады.» деген сөздер «жеке тұлғаларға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екі жүз он екінші абзацпен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер жатады.»;
екі жүз отыз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін кірісі;»;
үш жүз елу төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы Кодекстің 77-тарауында өзгеше тәртіп белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі осы бапқа сәйкес айқындалады.»;
үш жүз сексен бірінші - үш жүз тоқсан бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген салық салынатын кірісті есепке алған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтен түскен, Қазақстан Республикасында 10 және одан көп пайызды құрайтын мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған салық салынатын кірісі;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
3) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген кірісті қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен 10 және одан көп пайызды құрайтын мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай қызметтер көрсетуден (жұмыстар орындаудан) түскен кіріс;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
4) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
Д - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай дивидендтерді қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған дивидендтер;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
5) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген кірісті қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен 10 және одан көп пайызды құрайтын мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделгеннен өзге кіріс;»;
мынадай мазмұндағы үш жүз тоқсан екінші - төрт жүз он бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
6) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік бір компания бақыланатын шетелдік басқа компаниядан алған дивидендтер сомасы. Егер бақыланатын шетелдік бір компанияның қаржылық пайдасы бұдан бұрын Қазақстан Республикасында осындай бақыланатын шетелдік басқа компанияның қаржылық пайдасынан корпоративтік табыс салығы салынған және (немесе) есепті немесе алдыңғы салықтық кезеңде осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасына немесе осы тармақшаға сәйкес азайтылған осындай дивидендтерді қамтыған жағдайда;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы.
Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды.»;
төрт жүз жиырма төртінші абзацтағы «шекте кірісті түзету мөлшері көрсетілген» деген сөздер «шекте кірісті түзетуді қолдану үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
төрт жүз сексен төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қайтыс болуы туралы анықтама немесе қайтыс болуы туралы куәлік болған кезде - жерлеуге арналған төлемдер.»;
бес жүз жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер салық агенті жеке тұлғаның кірістен жеке табыс салығын ұстап қалу күнінен кеш өтініш жасауы себебінен жеке тұлғаның осындай кірісіне осы баптың 1-тармағының 13), 14) және 18) тармақшаларында көзделген кіріс түзетуді қолданбаған жағдайда, онда жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалуды жүргізген салық агентіне өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы, солардың негізінде салық агенті осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде кірістерге қайта есептеу жүргізеді.»;
бес жүз қырық алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімді және осы Кодекстің 345-бабының 1-тармағында көрсетілген зейнетақы төлемдері бойынша салықтық шегерімді қоспағанда, салық агенті салықтық шегерімдерді төлем көзінен:»;
бес жүз елу бірінші және бес жүз елу екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке тұлға міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімді қоспағанда, салықтық кезеңде салықтық шегерімнің белгілі бір түрін бір салық агентінде ғана қолдануға құқылы.
4. Егер салық агенті жеке тұлғаның кірістен жеке табыс салығын ұстап қалу күнінен кеш өтініш жасауы себебінен жеке тұлғаның осындай кірісіне салықтық шегерімдерді қолданбаған жағдайда, онда жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалуды жүргізген салық агентіне өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы, солардың негізінде салық агенті осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде кірістерге қайта есептеу жүргізеді.»;
алты жүз қырық төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жұмыскердің салықтық кезеңге есептелген, төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерінің сомасы,»;
алты жүз қырық алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, салықтық кезеңдегі кірісті түзету сомасы,»;
алты жүз алпыс бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстің 345-бабының 1-тармағында және 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген тәртіппен және мөлшерлерде салықтық шегерімдер сомасы;»;
жеті жүз жиырма үшінші - жеті жүз отыз бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жеке табыс салығы мынадай тәртіптердің бірімен айқындалатын шамаға азайтылады:
1) Қазақстан Республикасында дивидендтер түріндегі кірістерден төлем көзінен ұстап қалынған корпоративтік табыс салығы сомасын қоспағанда, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, осы Кодекстің 340-бабына сəйкес бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында есепті немесе алдыңғы салықтық кезеңде салық салуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына қосылған кірісінен немесе салық салынатын кірісінен салықтық кезеңде Қазақстан Республикасында төлем көзінен, резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне тікелей, жанама, конструктивті қатысу немесе тікелей, жанама, конструктивті бақылау үлесіне мөлшерлес ұстап қалынған корпоративтік табыс салығының сомасы. Осы тармақшаның ережесі 10 пайыздан азды құрайтын мөлшерлеме қолданыла отырып есептелген, төлем көзінен ұстап қалынған корпоративтік табыс салығының сомасына жəне резидент осы Кодекстің 359-бабы 2-тармағының ережелері қолданбаған жағдайда қолданылады;
2) мынадай тәртіппен айқындалатын шама:
Сш = К х Кф х (Км - Мт)/100 %, мұнда:
Сш - осы тармақшаға сәйкес шегеруге жататын салық;
К - дивидендтер түріндегі кірістерді қоспағанда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кіріс немесе салық салынатын кіріс;
Кф - резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне тікелей, жанама, конструктивті қатысу немесе тікелей, жанама, конструктивті бақылау коэффициенті;
Км - Қазақстан Республикасында бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірісінен немесе салық салынатын кірісінен 10 пайыздан азды құрайтын мөлшерлеме бойынша ұстап қалынған корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі (бұдан әрі - корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі);
Мт - бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірісін немесе салық салынатын кірісін қамтитын, осы Кодекстің 359-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жатқызуға жатқызылған немесе есепке жатқызуға жатқызылуға тиіс пайдаға салынатын шетелдік салық есептелген қаржылық пайдасынан шет мемлекетте төленген пайдаға салынатын шетелдік салықтың немесе Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығына ұқсас өзге шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі (бұдан әрі - пайдаға салынатын шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі).
Егер резидент-жеке тұлға осы Кодекстің 359-бабы 2-тармағының ережелерін қолданған және егер корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі пайдаға салынатын шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесінен көп болған жағдайларда, осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережесі пайдаланылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) немесе 2) тармақшасының ережесі жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелмеген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне және резидент-жеке тұлғада мынадай:
резиденттің бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірісінен немесе салық салынатын кірісінен корпоративтік табыс салығын төлем көзінен ұстап қалғанын және Қазақстан Республикасының бюджетіне аударғанын растайтын құжаттардың;
бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістің немесе салық салынатын кірістің қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) ішкі құжаттың (құжаттардың);»;
мынадай мазмұндағы жеті жүз отыз алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы қолданылған жағдайда, осы Кодекстің 303-бабы 4-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың көшірмелері болған кезде қолданылады.»;
жеті жүз қырық үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мт - осы Кодекстің 340-бабы 3-тармағының 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген кірістерден Қазақстан Республикасында төлем көзінен ұстап қалынған табыс салығы есепке алынбай, осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 12) тармақшасына сәйкес есептелген тиімді мөлшерлеме.»;
мынадай мазмұндағы жеті жүз қырық төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы сегіз жүзінші абзацпен толықтырылсын:
«3. Егер жеке табыс салығы бойынша декларация ұсынылған күнге қаржылық есептіліктің бекітілген аудиторлық есебі болмаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасын есептеу осы Кодекстің 211-бабының ережелері ескеріле отырып, қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп бекітілген күннен кейінгі алпыс жұмыс күні ішінде, бірақ есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылатын жеке табыс салығы бойынша қосымша декларацияда жүргізіледі.»;
сегіз жүз он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 299 және 300-баптарында белгіленген залалдарды ауыстыру тәртібіне ұқсас тәртіппен ауыстырылатын залалдар.»;
сегіз жүз он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында, осы Кодекстің 241-бабы 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 241-бабының 1-тармағында белгіленген жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, дара кәсіпкердің салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған кірісін түзету,»;
сегіз жүз жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 241-бабының 3-тармағында белгіленген жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, дара кәсіпкердің салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған кірісін түзету.»;
8) мынадай мазмұндағы 35-1, 35-2, 43-4, 43-5, 43-6, 43-7, 48-1, 48-2, 55-1 және 57-2-баптармен толықтырылсын:
«35-1-бап. Салық кодексінің 369-бабы 1-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Мыналар салық салынатын айналым болып табылады:
1) осы Кодекстің 370-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеуші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша жасайтын айналым.
Осы Кодекстің 197-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, бұрын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде босатылған айналым өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап ретроспективті түрде салық салынатын айналым деп танылады;
2) осы Кодекстің 373-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым;
3) осы Кодекстің 370-бабының 3) тармақшасында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым.
Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, өздері бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде есепке алынған және қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен:
қосылған құн салығы бойынша таратудың салықтық есептілігі ұсыныла отырып шығарылған кезде - осындай есептілік ұсынылған күннің алдындағы күнге;
салық органының шешімі бойынша шығарылған кезде - осы Кодекстің 85-бабының 6-тармағында көрсетілген күнге оған меншік құқығымен тиесілі болатын тауарлар тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым деп танылады.
Осы тармақшаның ережелері сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде бұрын бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде пайда болған заңды тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару күніне бар болған, бұрын беру актісі бойынша алынған тауарлардың қалдықтары бойынша қосылған құн салығы бойынша есепке қойғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның ережесі бірігу нәтижесінде жаңадан құрылған барлық заңды тұлғалар немесе өзіне басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қосылған заңды тұлға қайта ұйымдастырудан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады деген шарт орындалған кезде, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде қолданылмайды;
4) жаңадан пайда болған заңды тұлға бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастырудан кейін қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген жағдайда, осындай қайта ұйымдастыру кезінде беру актісінде көрсетілген берілетін тауарлар бойынша айналым.
Қайта ұйымдастырылатын тұлға осы тармақшаның ережелерін беру актісінде көрсетілген, өздері бойынша қосылған құн салығын осындай тұлға есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде есепке алған тауарларға қолданады.».
35-2-бап. Салық кодексінің 380-бабы 4-тармағының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«4. Осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген айналымының мөлшері осындай тауарлардың айналым жасалған күнге қосылған құн салығын осындай төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) баланстық құны мөлшерінде айқындалады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін қосылған құн салығын төлеушідегі тауардың баланстық құны:
1) қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру кезінде - тауардың бөлу балансында немесе беру актісінде көрсетілген, бірақ айналым жасалған күнге қосылған құн салығын осындай төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) баланстық құнынан төмен емес құны;
2) қалған жағдайларда - тауардың айналым жасалған күнге қосылған құн салығын осындай төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) баланстық құны болып табылады.».»;
«43-4-бап. Салық кодексінің 490-бабы 7-тармағының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7. Мемлекеттік мекемелер және заңды тұлғалардың жекелеген санаттары сенімгерлік басқаруға берген көлік құралдары бойынша салық төлеуші осы Кодекстің 41-бабына сәйкес айқындалады.».
43-5-бап. Салық кодексінің 498-бабы 5-тармағының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5. Мемлекеттік мекемелер және заңды тұлғалардың жекелеген санаттары сенімгерлік басқаруға берген жер учаскелері бойынша салық төлеуші осы Кодекстің 41-бабына сәйкес айқындалады.».
43-6-бап. Салық кодексінің 518-бабы 1-тармағының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Мемлекеттік мекемелер және заңды тұлғалардың жекелеген санаттары салық салу объектiсiн сенімгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстiң 41-бабына сәйкес айқындалады.».
43-7-бап. «Салық кодексінің 560-бабы 2018 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Заңды тұлғалардың жекелеген санаттарымен жасалған шарт бойынша сенімгерлік басқаруда тұрған мүлік алып жатқан жер учаскелері бойынша пайдаланғаны үшін төлемақы төлеуші осы Кодекстiң 41-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалады.».»;
«48-1-бап. Салық кодексінің 686-бабы 2019 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
1) 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде:
«2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелген жеке табыс салығының сомасы деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір бақылау-касса машинасын не үш құрамдасты интеграцияланған жүйені сатып алуға 60 000 теңге сомасына, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетілуге жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықты азайту деректерді тіркеу және беру функциясы бар осындай бақылау-касса машинасы салық органдарында алғаш рет есепке қойылған немесе үш құрамдасты интеграцияланған жүйе орнатылған салықтық кезең үшін патент құнының соңғы есеп-қисабында жеке табыс салығының сомасын есептеу кезінде бір мезгілде бүкіл салықтық кезең үшін тұтас жүргізіледі.»;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде:
«2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелген жеке табыс салығының сомасы үш құрамдасты интеграцияланған жүйені сатып алуға 60 000 теңге сомасына, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетілуге жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықты азайту осындай үш құрамдасты интеграцияланған жүйе алғаш рет орнатылған салықтық кезең үшін патент құнының соңғы есеп-қисабында жеке табыс салығының сомасын есептеу кезінде бір мезгілде бүкіл салықтық кезең үшін, сондай-ақ осындай сатып алудың салықтық кезеңінен кейінгі салықтық кезең үшін тұтас жүргізіледі.».
48-2-бап. Салық кодексінің 687-бабы 2019 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
1) 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде:
«2-1. Салық төлеуші деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын немесе үш құрамдасты интеграцияланған жүйені салық органдарында есепке қойған күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияда есептелген жеке табыс салығының сомасы осы салық төлеушінің 60 000 теңге сомасына, бірақ осындай күнтізбелік жылдың екі жартыжылдығы үшін есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетуіне жатады.
Салық төлеуші осындай үш құрамдасты интеграцияланған жүйе орнатылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін жеке табыс салығын есептеген және оңайлатылған декларацияны тапсырған кезде де осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесін қолданады.»;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде:
«2-1. Салық төлеуші үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнатқан күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияда есептелген жеке табыс салығының сомасы осы салық төлеушінің 60 000 теңге сомасына, бірақ осындай күнтізбелік жылдың екі жартыжылдығы үшін есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетуіне жатады.
Салық төлеуші осындай үш құрамдасты интеграцияланған жүйе орнатылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін жеке табыс салығын есептеген және оңайлатылған декларацияны тапсырған кезде де осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесін қолданады.».»;
55-тармақтың 8) тармақшасының қырық екінші және қырық үшінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«55-1-бап. Салық кодексінің 282-бабының 1-тармағында көзделген, қолданылу мерзімі ішінде, 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған кірістерге салық салу мақсатында кірістердің асып кетуі пайда болған ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша 2018 жылы кірісті осындай асып кету мөлшеріне азайту жолымен түзету жүргізіледі деп белгіленсін.»;
«57-2-бап. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемені орындау мәселелері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған салықтық тексерулерді аяқтау 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылады деп белгіленсін.».