мынадай мазмұндағы 8-1 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«8-1. Тауарды электрондық саудада өткізу кезінде тауарды жеткізу мүмкіндігі мен оның құны туралы ақпарат тұтынушыға сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін беріледі.»;
«10. Электрондық саудада тұтынушыға сатып алу-сату шартын жасасу алдында жеткізудің немесе шартты орындаудың басқа да талаптары туралы ақпарат қолжетімді болуға тиіс.»;
6) 4-тарау мынадай мазмұндағы 33-1-баппен толықтырылсын:
«33-1-бап. Электрондық сауда алаңының міндеттері
1. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында электрондық сауда алаңы заңсыз сауданы болғызбау үшін сатушылардың жөнсіз әрекеттеріне және олардың анық емес ақпарат ұсынуына жол бермеу жөніндегі ішкі рәсімдердің болуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. Электрондық сауда алаңы пайдаланатын, электрондық сауданы және электрондық сауда алаңының жұмысын қамтамасыз ететін және қолдап отыратын бағдарламалық қамтылым, техникалық кешендер қорғалған байланыс арналары арқылы жүзеге асырылуға тиіс.».
40. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi орган бекiткен тiзбеге сәйкес мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң активтерін басқару мен пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;»;
2) 14-бап мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2) және 26-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-1) мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша, жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мүлікпен қамтамасыз етеді;
26-2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға береді;
26-3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мүлкін басқару мен күтіп-ұстау үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды қаржыландыруды жүзеге асырады;»;
3) 75-баптың 11-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша салықтық мiндеттемелер сенiмгерлiк басқарушының орындауына жататын мемлекеттiк мүлiктiң түрлерi мен санаттары мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларында айқындалады.»;
4) 97-баптың 5-тармағындағы «таратылуға жатады» деген сөздер «қосылу не бірігу арқылы қайта ұйымдастырылуға жатады немесе таратылуға жатады» деген сөздермен ауыстырылсын;
40-тармақтың 5) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 101-баптың 6-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарттарында мерзімдер туралы талаптар қамтылуға тиіс, осы мерзімдер ішінде сатып алушы кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын тіркеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жасайды.»;
6) 200-баптың 9-тармағында:
мынадай мазмұндағы 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өзіне сенімгерлік басқаруға берілген активтерін тиісінше пайдалану жай-күйінде ұстайды;
11) мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өзіне сенімгерлік басқаруға берілген мүлкін басқару және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнің Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жекеше әріптестерге берілген активтерін мониторингтеу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;
12) мемлекеттік мүлік тізіліміне мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өзіне сенімгерлік басқаруға берілген активтері жөнінде мәліметтер енгізеді.»;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген функцияларын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұқсас функцияларды орындау үшін айқындалған, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға жүзеге асыруға құқылы.
Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартында айқындалады.».
41. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 8-II, 66-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:
«10-2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган ұсынған, мұнай өнімдерін тауар биржалары арқылы көтерме саудада өткізу тәртібін келіседі;»;
2) 18-баптың 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беру графигі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында бөлшек сауда арқылы өткізілуіне бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін тұтынудың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын болжамы негізінде ай сайын, жоспарланатын айдың алдындағы айдың 25-інен кешіктірмей, алдағы күнтізбелік айға мұнай өнімдерін беру жоспарын бекітеді және оны өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Мұнай өнімдерін беру жоспарында:
1) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының көлемінен өндірілген мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына беруге міндетті мұнай өнімдерін өндірушілердің және мұнай берушілердің тізбесі;
2) әрбір мұнай өнімдерін өндіруші және мұнай беруші алдағы күнтiзбелiк айда Қазақстан Республикасының iшкi нарығына беруге мiндеттi мұнай өнiмдерiнiң әрбір түрiнiң көлемi;
3) әрбір мұнай өнімдерін өндіруші және мұнай беруші Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржалары арқылы өткізуге міндетті мұнай өнімдерінің әрбір түрінің көлемі көрсетіледі.
8. Мұнай өнімдерін өндірушілер және мұнай берушілер мұнай өнімдерін берудің бекітілген жоспарына сәйкес, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының көлемінен өндірілген мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыруға міндетті.
Мұнай өнімдерін беру жоспары шеңберінде мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды жүзеге асырған тұлғалар сатып алынған мұнай өнімдерін осы Заңның талаптарына сәйкес тек қана Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізуге міндетті.»;
3) 21-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Мұнай өнімдерін тауар биржалары арқылы көтерме саудада өткізу тәртібін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайды.».
42-тармақ 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
42. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
12-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «әділет,» деген сөз «әділет органы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы,» деген сөздермен ауыстырылсын.
43. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 49-құжат; № 19, 62-құжат):
1-баптың 41) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«41) ұлттық оператор - акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакетінің меншік иесі мемлекет не ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық компания немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін компания болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және Қазақстан Республикасының тауарлық газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;».
44. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):
1-баптың 25) тармақшасындағы «акцияларының бақылау пакетінің меншік иесі» деген сөздер «акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакетінің меншік иесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
45-тармақ 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
45. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
1) 1-баптың 7) тармақшасындағы «әділет органдарында» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «әділет органдарында» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында» деген сөздермен ауыстырылсын.
46-тармақ 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
46. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 21-I, 121-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат):
11-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік корпорация жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын техникалық зерттеп-қарау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептік тіркеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болып табылады.».
47. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат):
1) 50-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдануға тыйым салу түріндегі салдар осы Заңның 104-1-бабына сәйкес банкроттық рәсімінде борышкердің кепіл мүлкіне өндіріп алуды қолдану жағдайларына қолданылмайды.»;
2) 90-бап мынадай мазмұндағы 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
«10. Егер кепілді кредитор кепіл мүлікті осы Заңның 104-1-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімдерде өткізбеген жағдайда, банкроттықты басқарушы кепіл мүлікті өткізу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай кредитордың талаптарын оған кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығын бере отырып, кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізеді.
11. Егер кепiлді кредитор талаптарының сомасы кепіл мүлікті өткізуден түскен, оны өткізуге байланысты шығыстар шегерілген соманың мөлшерінен асып кеткен жағдайда, банкроттық басқарушы кепіл мүлік өткізілген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей, мұндай кредиторға кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығын бере отырып, мұндай айырманы кредиторлар талаптарының тізіліміне қайтарады.»;
3) 100-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Кепiлді кредиторлардың талаптары осы Заңның 104-1-бабына сәйкес кепiл мүлікті заттай қабылдау арқылы не кепіл мүлікті өткізуден алынған сома шегінде, басқа кредиторлардың алдында артықшылықпен қанағаттандырылады. Кепілді кредитор кепіл мүлікті қабылдаудан немесе өткізуден бас тартқан жағдайда, мұндай кредиторлардың талаптары осы Заңның 104-бабына сәйкес қанағаттандырылады.»;
4) мынадай мазмұндағы 104-1-баппен толықтырылсын:
«104-1-бап. Кепілді кредиторлардың талаптарын кепіл мүлікті заттай қабылдау арқылы не кепіл мүлікті өткізуден алынған сома шегінде қанағаттандыру
1. Кредиторлар талаптарының тізілімінде кепілді кредитордың талаптары болған кезде уақытша басқарушы борышкердің банкрот деп танылған кезінен бастап бес жұмыс күні ішінде кепілді кредиторға пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен кепіл мүлікті заттай қабылдау не оны кепілді кредитордың өзі дербес өткізуі туралы ұсыныс жібереді.
2. Уақытша басқарушының ұсынысына кепiлдi кредитордың жауабы болмаған немесе кепілді кредитор кепіл мүлікті заттай қабылдаудан не өзі дербес өткізуден бас тартқан жағдайда, уақытша басқарушы хабарлама жіберген күннен бастап он жұмыс күні ішінде кепіл мүлік банкроттың мүліктік массасына енгізіледі. Бұл ретте кепілді кредитордың талаптары екінші кезек құрамында қанағаттандырылуға жатады.
3. Уақытша басқарушы кепілді кредитордың кепіл мүлікті заттай қабылдауға келісімі алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, кепіл мүлікке бағалау жүргізеді жəне кепіл мүлікті кепілді кредиторға беруді жүзеге асырады. Бұл ретте мұндай кредиторлардың талаптары кредиторлар талаптарының тізілімінен алып тасталады.
Егер кепіл мүлікті бағалауға жұмсалған шығыстарды шегергенде оның бағалау құны кепілді кредитордың кепілмен қамтамасыз етілген талаптарынан көп болған жағдайда, кепілді кредитор кепіл мүлік кепілді кредиторға берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осы айырманы банкроттың мүліктік массасына береді.
Егер кепіл мүлікті бағалауға жұмсалған шығыстарды шегергенде оның бағалау құны кепілді кредитордың талаптарынан аз болған жағдайда, кепілді кредитордың айырма мөлшеріндегі талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі және төртінші кезек құрамында қанағаттандырылуға жатады.
4. Кепілді кредитор кепіл мүлікті өзі дербес өткізуге келіскен кезде уақытша басқарушы кепіл мүлікті мүліктік массаға енгізбейді және осындай кредитордың талаптарын кредиторлар талаптарының тізілімінен алып тастайды.
Кепiлді кредитор кепiл мүлікті Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және (немесе) «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізеді, бұл ретте кепіл мүлікті өткiзу мерзімі кепiлдi кредитор уақытша басқарушыға кепіл мүлікті өзі дербес өткізуге келiсiмін жiберген күннен бастап алты айдан аспауға тиiс.
Кепiлді кредитор кепіл мүлік өткізілген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей, банкроттықты басқарушыны оны өткiзу сомасы туралы хабардар етедi.
5. Кепіл мүлік осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім ішінде өткізілмеген жағдайда, банкроттықты басқарушы мұндай кепіл мүлікті банкроттың мүліктік массасына енгізеді және мұндай кепілді кредитордың талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі және екінші кезек құрамында қанағаттандырылуға жатады.
6. Егер кепіл мүлікті өткізуге байланысты шығыстарды шегергенде оны өткізуден түскен сома кепілді кредитор талаптарының сомасынан асып кеткен жағдайда, мұндай айырма осындай мүлік өткізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей, банкроттың мүліктік массасына қайтарылады.
7. Егер кепілді кредитор талаптарының сомасы кепіл мүлікті өткізуге байланысты шығыстарды шегергенде оны өткізуден түскен сома мөлшерінен асып кеткен жағдайда, кепілді кредитордың айырма мөлшеріндегі талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі және төртінші кезектегі құрамда қанағаттандырылуға жатады.
8. Борышкер банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін шарттық міндеттемелерді орындау процесінде қандай да бір сомаларды өтеген жағдайда, кепілді кредиторлардың талаптары олар өтелген бөлікте қанағаттандырылуға жатпайды.
Кепіл мүлікті жоғалтқаны немесе зақымдағаны үшін сақтандыру өтемі жағдайында кепілді кредиторлардың талаптары ол өтелген бөлікте қанағаттандырылуға жатпайды және осы талаптардың кез келген өтелмеген бөлігі екінші кезек шеңберінде өтелуге тиіс.».
48. «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-қосымшаның 47 және 48-жолдары алып тасталсын.
49. «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 11, 51-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат):
4-бапта:
1) және 3) тармақшалардағы «шараларын қолдану» деген сөздер «шараларының» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «шараларын қолдану туралы» деген сөздер «шараларының мәселелері жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «шараларын қолдану» деген сөздер «шараларының» деген сөзбен ауыстырылсын.
50. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; 2019 жылғы 25 ақпанда «Казахстанская правда» және 2019 жылғы 26 ақпанда «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
16-баптың 3-тармағында:
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) жұмыста (қызметте) дәлелді себепсіз қатарынан үш және одан көп сағат бойы болмауы негізінде шығарылғаннан кейін үш жыл өткен соң мемлекеттік қызметке кіруге құқығы бар азаматты осындай шығару жағдайларын қоспағанда, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан және соттардан, әскери қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған азаматты;»;
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қабылдауға болмайды.».
51. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-II, 52-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) уәкілетті ұйым - дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламалары шеңберінде астанада, республикалық маңызы бар қалаларда не өзге әкімшілік-аумақтық бірліктерде тұрғын үй құрылысының проблемалы объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;»;