1. Магистральдық газ құбырларын салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобалары Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен келісіледі.
2. 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Экспорттық және (немесе) транзиттік газ құбырларын салу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосылуға арналған техникалық шарттарды осындай объектіні пайдаланушы газ тасымалдау не газ тарату ұйымы немесе топтық резервуарлық қондырғының иесі береді. Бұл ретте берілген техникалық шарттар газбен жабдықтау жүйелерінің жаңадан салынып жатқан, жаңғыртылатын және (немесе) реконструкцияланатын объектілерін жобалау үшін негіз болып табылады.
5. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерін магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосуға байланысты шығыстар газбен жабдықтау жүйелерінің қосылатын объектілерінің иелері есебінен жүргізіледі.
6. Тұтынушылардың жаңадан қосылатын және реконструкцияланатын газ жабдығы техникалық регламенттерге және нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес орындалуға, сондай-ақ жобалық құжаттамамен қамтамасыз етілуге тиіс.
13-бап. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерін салу және пайдалану кезінде жер пайдалануды реттеу
1. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу және пайдалану үшін берілетін жерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қала құрылысы және экологиялық талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2. Меншiк иесi немесе жер пайдаланушы газбен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне кіру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзiне меншiк немесе жер пайдалану құқығында тиесiлi жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану құқығын мүдделi жеке және заңды тұлғаларға беруге мiндеттi.
3. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін күрделі жөндеу, оларға қызмет көрсету, оларды жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін осы объектілерді пайдаланатын ұйымға жер учаскелері Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес уақытша жер пайдалануға беріледі.
4-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
14-бап 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
14-бап. Мемлекеттің газ және газбен жабдықтау саласындағы басым құқығы
1. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тауарлық газға ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының басқа тұлғалардың алдында тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің иеліктен шығарылатын объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерін және тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері - заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға басым құқығы (бұдан әрі - мемлекеттің басым құқығы) бар.
2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған объектілерге қатысты мемлекеттің басым құқығын іске асыру «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылмаған объектілерге қатысты мемлекеттің басым құқығын іске асыру осы баптың 4 - 6-тармақтарында көзделген тәртіппен ұлттық оператор арқылы жүзеге асырылады.
4. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектісін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісіне ортақ меншік құқығындағы үлесін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесі-заңды тұлға акцияларының пакетін (қатысу үлесін) иеліктен шығаруды жүргізу ниеті бар тұлға ұлттық операторға осындай иеліктен шығарудың бағасын және өзге де шарттарын көрсете отырып, коммерциялық ұсыныс жібереді.
5. Ұлттық оператор коммерциялық ұсыныс түскен күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттің басым құқығын іске асыру туралы немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды және коммерциялық ұсыныс жіберген тұлғаны қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
6. Егер ұлттық оператор мемлекеттің басым құқығынан жазбаша түрде бас тартқан не бір ай мерзімде оны іске асыру ниеті туралы жазбаша хабарлама жібермеген жағдайда, онда осы баптың 4-тармағында көрсетілген тұлға тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектісін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісіне ортақ меншік құқығындағы үлесін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесі-заңды тұлға акцияларының пакетін (қатысу үлесін) өзге тұлғаларға иеліктен шығарып беруді жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте иеліктен шығару шартының осы баптың 4-тармағында көрсетілген тұлға үшін тиімділігі ол ұлттық операторға ұсынған шарттардан кем болмауға тиіс.
7. Осы баптың ережелері мынадай жағдайларға:
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) автогаз толтыру компрессорлық станцияларын және өнеркәсіптік тұтынушылардың және өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлардың газ тұтыну жүйелерін иеліктен шығаруға;
2) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналымға түсетін акцияларды иеліктен шығаруға;
3) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері-заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін):
қатысу үлесінің (акциялар пакетінің) кемінде тоқсан тоғыз пайызы тікелей немесе жанама түрде тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесіне тиесілі болатын еншілес ұйымға;
әрқайсысында қатысу үлестерінің (акциялар пакеттерінің) кемінде тоқсан тоғыз пайызы тікелей немесе жанама түрде белгілі бір тұлғаға тиесілі болатын заңды тұлғалар арасында беруге;
4) егер осындай берудiң нәтижесiнде тұлға тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесі - заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесiнiң (акциялар пакетiнiң) кемiнде 0,1 пайызына тiкелей немесе жанама түрде (үшiншi тұлғалар арқылы) билiк ету құқығын сатып алса, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесі-заңды тұлғадағы акцияларды (қатысу үлестерiн) беруге қолданылмайды.
15-бап 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
15-бап. Мемлекеттің газ және газбен жабдықтау саласындағы артықшылықты құқығы
1. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тауарлық газға ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының басқа тұлғалардың алдында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларға тиесілі иеліктен шығарылатын шикі газды, сондай-ақ өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде жер қойнауын пайдаланушылар өндірген және өздеріне Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес тиесілі тауарлық газды сатып алуға артықшылықты құқығы (бұдан әрі - мемлекеттің артықшылықты құқығы) бар.
2. Мемлекеттің артықшылықты құқығын іске асыру ұлттық оператор арқылы жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың бағасы:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газ өндіруге арналған шығыстарды;
2) шикі газды ұлттық операторға өткізетін жерге дейін тасымалдауға арналған шығыстарды;
3) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 4-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасы:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газ өндіруге арналған шығыстарды;
2) шикі газдан тауарлық газды өндіруге арналған шығыстарды;
3) тауарлық газды ұлттық операторға өткізетін жерге дейін тасымалдауға арналған шығыстарды;
4) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың бағасы көрсетілген күнге дейін жер қойнауын пайдалануға арналған өзге келісімшарттар (лицензиялар) шеңберінде шикі газ өндіру жүзеге асырылмаған жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты:
1) ұлттық операторға тауарлық газды өткізудің болжамды орнынан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары жүйесі арқылы тасымалдауға арналған шығыстар;
2) тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан ұлттық операторға тауарлық газды өткізудің болжамды орнына дейін тасымалдауға арналған шығыстар;
3) ұлттық оператордың он пайызға дейінгі мөлшердегі рентабельділік нормалары шегеріле отырып, тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары мен тауарлық газдың экспорттық бағаларының орташа арифметикалық мәні негізге алынып, көмірсутектер кен орнын әзірлеу мен шикі газды қайта өңдеудің күрделілігі ескеріле отырып айқындалады.
Осы тармақта көзделген тауарлық газдың бағасын айқындау тәртібі өз қызметін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған (берілген) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың осындай жер қойнауын пайдаланушының ұлттық операторға жылдық тауарлық газды өткізу көлемінің 2023 жылдың алдындағы қатарынан күнтізбелік бес жылдағы орташа арифметикалық мәнінен асатын көлемдеріне де қолданылады.
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес айқындайды және ол уәкілетті органның сараптауына және бекітуіне жатады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығаруды жүргізуге ниеті бар жер қойнауын пайдаланушылар уәкілетті органға мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газ бағасының құжатпен расталған есеп-қисаптарын алдағы жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмейтін мерзімде сараптамаға жібереді.
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газ бағасының есеп-қисаптарын сараптау нәтижелері бойынша уәкілетті орган материалдарды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде жыл сайын 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газ бағасын бекітеді және жер қойнауын пайдаланушыға шикі және (немесе) тауарлық газ бағасын бекіту туралы хабарлама не оны өзгерту қажеттігі туралы дәлелді қорытынды жібереді.
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттің артықшылықты құқығын сақтауға міндетті.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығаруды жүргізуге ниеті бар жер қойнауын пайдаланушылар жоспарланған кезең басталғанға дейін бес айдан кешіктірілмейтін мерзімде, ұлттық операторға:
1) иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газдың көлемін;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газдың бекітілген бағасын;
3) шикі және (немесе) тауарлық газдың жеткізілу пунктін көрсете отырып, коммерциялық ұсыныс жібереді.
10. Ұлттық оператор коммерциялық ұсыныс алынған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттің артықшылықты құқығын іске асыру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды және осы мерзімде коммерциялық ұсыныс жіберген тұлғаны қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
11. Егер ұлттық оператор мемлекеттің артықшылықты құқығын іске асырудан жазбаша түрде бас тартқан не оны іске асыру ниеті туралы жазбаша хабарламаны бір ай мерзімде жібермеген жағдайда, тауарлық газдың меншік иесі, жер қойнауын пайдаланушы осы Заңның талаптарына сәйкес өзге тұлғаларға шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
12. Ұлттық оператор мемлекеттің артықшылықты құқығын іске асырған кезде жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық оператор арасында жасалатын шарттар күнтізбелік бір жылдан асатын мерзімге жасалуы мүмкін.
13. Тараптардың келісімі бойынша көрсетілген шарттарға иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газдың көлемін ұлғайтуды және (немесе) осы баптың 5 - 7, 9 және 10-тармақтарында көзделген рәсімдерді сақтамай, шарттардың қолданылу мерзімдерін ұзартуды көздейтін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 13-1-тармақпен толықтырылды
13-1. Егер келесі жылы мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың бағасы тараптардың келісімі бойынша өзгермесе, онда шарттар осы баптың 5 - 7, 9 және 10-тармақтарында көзделген рәсімдер сақталмай жасалуы мүмкін.
14. Осы баптың ережелері мыналарды:
1) газ және (немесе) газ конденсаты кен орындарында өндірілетін шикі газды;
2) газ және (немесе) газ конденсаты кен орындарында өндірілетін шикі газдан өндірілген тауарлық газды;
3) сұйытылған табиғи газды және оны қайтадан газға айналдыру процесінде алынған тауарлық газды;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өткізілетін шикі газды;
5) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газды;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газды;
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде жасалатын шарттың негізінде өндірілген тауарлық газды;
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) ережелері иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын көздейтін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие болатын өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндіріп алған (өндірген) шикі және (немесе) тауарлық газды иелiктен шығару жағдайларына қолданылмайды.
16-бап. Ілеспе газбен байланысты қатынастарды реттеу
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасына тиесілі;
2) өндірілген ілеспе газға жер қойнауын пайдаланушының меншігі көзделген, жер қойнауын пайдалануға бұрын жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар мемлекет меншігіне берген ілеспе газ мемлекеттің меншігінде болады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ілеспе газ уәкілетті орган айқындаған көлемде оның шешімімен уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен және талаптармен газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде жасалатын шарттың негізінде тартылатын инвестордың меншігіне беріледі.
3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына тиесілі ілеспе газдан тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын өндіретін жер қойнауын пайдаланушылар уәкілетті органның шешімі бойынша тараптар келіскен бағамен газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде одан әрі пайдалану үшін тауарлық газды ұлттық операторға немесе тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын тартылатын инвесторға береді.
4. Газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде инвестор уәкілетті органмен жасасқан шарт, оның ішінде мынадай талаптарды:
1) ілеспе газды тауарлық, сұйытылған мұнай газы және (немесе) сұйытылған табиғи газ етіп өңдеуді;
2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын ескере отырып, өндірілген тауарлық, сұйытылған мұнай газының және (немесе) сұйытылған табиғи газдың белгілі бір көлемін бірінші кезекте Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беруді қамтуға тиіс.
17-бап. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өткізудің жалпы шарттары
1. Қоршаған ортаны және Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау мақсатында шикізат ретінде пайдалану үшін өнеркәсіптік тұтынушыларға шикі газды өткізуді қоспағанда, тұтынушыларға тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газы ғана беріледі.
17-баптың 2-тармағы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2. Осы Заңның талаптары ескеріле отырып, тауарлық газды тек қана:
1) ұлттық оператордың;
2) тауарлық газды өндірушілердің;
3) өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылардың;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелерінің;
5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелерінің;
6) газ тарату ұйымдарының;
7) автогаз толтыру компрессорлық станциялары иелерінің өткізуіне жол беріледі.
3. Сұйытылған табиғи газды өткізуді жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы шеңберінде Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етудің басымдығын ескере отырып жүзеге асырады.
17-баптың 4-тармағы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4. Осы Заңның талаптары ескеріле отырып, сұйытылған мұнай газын тек қана:
1) сұйытылған мұнай газын өндірушілердің;
2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелерінің;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелерінің;
4) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қондырғылар мен автогаз құю станциялары иелерінің;
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) сұйытылған мұнай газын өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие жер қойнауын пайдаланушылардан тікелей сатып алынған сұйытылған мұнай газы меншік иелерінің өткізуіне жол беріледі.
5. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өткізу осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, оларды есепке алудың бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе отырып жүзеге асырылады.
6. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шарттары үлгілік шарттарға сәйкес жасалады.
Осы тармақтың ережесі:
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тауарлық және сұйытылған мұнай газын коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік тұтынушыларға, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға, ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғаларға;
2) автогаз толтыру компрессорлық станциясы иелері тауарлық газды;
3) автогаз толтыру станцияларының иелері сұйытылған мұнай газын;
4) тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу жағдайларына қолданылмайды.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға, ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғаларға тауарлық газды өткізу шарттарында:
электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылардың халықты, заңды тұлғаларды, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды энергиямен жабдықтау үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;
ірі коммерциялық тұтынушылардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, сондай-ақ халық пен заңды тұлғалар үшін жылу және (немесе) электр энергиясын және басқа да тауарларды өндіру үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;