Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысының жобасы дағдарыстық ахуалдарға жедел ден қою мақсатында әзірленген заң жобасының ажырамас бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысын дағдарыстық ахуалдарға жедел ден қою мақсатында әзірленген заң жобасынан бөлек әзірлеуге және қабылдауға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысын қабылдау осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тиісті заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілгеннен кейін ғана мүмкін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілген заң жобасының мәтініне сәйкес келуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Қазақстан Республикасының Парламенті заңдарды қабылдамағанға дейін қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобаларын әзірлеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында айқындалады.»;
9) 18-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақтың үшінші бөлігінде:
«жіберілгенге дейін» деген сөздер «жіберіледі» деген сөзбен ауыстырылсын;
«ашық» деген сөз «және ашық» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 17-1-бабы 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген заң жобалары бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларын әзірлеу, келісу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында айқындалады.»;
10) 19-бапта:
1-тармақтың төртінші бөлігіндегі «Кәсіпкерлік субъектілерінің» деген сөздер «Сараптама қорытындысын ұсыну үшін мерзім үш жұмыс күнін құрайтын осы Заңның 17-1-бабы 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген заңдардың жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобаларын қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Сараптама қорытындылары сараптама», «заң жобасының тұжырымдамасына» деген сөздер тиісінше «Сараптама қорытындылары», «консультативтік құжатқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 20-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 17-1-бабы 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген заң жобалары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша қоғамдық кеңестің ұсынымдар беруі үшін мерзім үш жұмыс күнін құрайды.»;
12) 21-1-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Кеңесі» деген сөз «Соты» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 22-баптың 2) тармақшасы «Қазақстан Республикасының заңы;» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы;» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңдарда тиісті саланы (аяны) реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, құзыреттері мен өкілеттіктері белгіленеді.
Заңның көрсетілген негізгі ережелерін іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде тиісті нормалар нақтылануы мүмкін.
Бұл ретте заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде заңдарда белгіленген нормалар шегінен шығатын нормаларды белгілеуге жол берілмейді.
Мақсаттар, міндеттер мен қағидаттар шеңберінде заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер деңгейінде мемлекеттік органдардың құзыреті мен функциялары көзделуі мүмкін.
Мемлекеттік органдардың қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті мен функциялары Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік басқару деңгейі бойынша нақты аражігі ажыратылып белгіленуге тиіс.
Құзыреттер мен функцияларды заңдар деңгейінде белгілеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдардың өзге де құзыреттері мен функциялары (іске асыру, ұйымдастырушылық және басқалар) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.
Мемлекеттік органдардың үлгілік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.»;
15) 33-1-баптың 2-тармағында:
«Кеңесі мен» деген сөздер «Соты мен Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық қаулыларын,» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 33-2-баптың 1-тармағындағы «оның тұжырымдамасы» деген сөздер «консультативтік құжат» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 33-4-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «заң жобасы тұжырымдамасының жобасын» деген сөздер «консультативтік құжатты» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 33-5-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «Кеңесі» деген сөз «Соты» деген сөзбен ауыстырылсын;
19) 34-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
56-тармақтың 19) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы үшін – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы заңнамалық актіде, өзге де заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде;»;
6) тармақшадағы «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
56-тармақтың 19) тармақшасының алтыншы – он екінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) тармақшада:
«Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Кеңесі» деген сөз «Соты» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«тікелей» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерден туындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік органдар туралы ережелерде айқындайды. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар әзірлеушілері болып табылатын жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерден туындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»;
56-тармақтың 20) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20) 35-баптың 1-тармағында:
1) тармақша «Президенті;» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысына – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 35-1-баптың 3-тармағында:
4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) мәслихаттардың бюджеттерді бекіту немесе нақтылау туралы нормативтік құқықтық шешімдеріне;»;
мынадай мазмұндағы 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау), сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімдер қабылдауды көздейтін нормативтік құқықтық актілеріне;
4-3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерін бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге;»;
22) 42-бапта:
3-тармақта:
56-тармақтың 22) тармақшасының үшінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) тармақшадағы «Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің» деген сөздер «Жоғары аудиторлық палатасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
56-тармақтың 22) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-1-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақта белгіленген талаптар осы Заңның 17-1-бабы 15-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленген заң жобаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларына қолданылмайды.»;
56-тармақтың 23) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23) 49-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «Кеңесі» деген сөз «Соты» деген сөзбен ауыстырылсын;
24) 58-баптың 6-тармағындағы «Заңына» деген сөз «Конституциялық заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
57-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
57. «Төрелік туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
51-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын.
58. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
22-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы «Нұр-Сұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын.
59. «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» 2021 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
3-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «Мемлекеттік хатшысының,» деген сөздер «Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің,» деген сөздермен ауыстырылсын.
60-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
60. «Өнеркәсіптік саясат туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
14-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын,» деген сөздер алып тасталсын.
61. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 3-тармағы 25) тармақшасының алтыншы абзацындағы «Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Өтпелі ережелер
1. Саяси партиялардың филиалдарында және өкілдіктерінде лауазымдар атқаратын әкімдер мен олардың орынбасарлары көрсетілген лауазымдарды осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап он күн ішінде босатуға тиіс.
Саяси партияларда тұратын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және өзге де соттардың Төрағасы мен судьялары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап он күн ішінде саяси партиялардан шығуға тиіс.
2. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 1-бабы 25-тармағының 18) тармақшасы облыс мәслихаттарының облыс әкімдерінің ұсынысы бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің сайлауын өткізу үшін пилоттық өңірлердің тізбесін және сайлау күнін белгілеу туралы шешімдері негізінде, облыс орталықтары болып табылатын қалаларды қоспағанда, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінің сайлауына қатысты қолданылады деп белгіленсін.
3-бап.
1. Осы Заң, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларын, 5) тармақшасының екінші абзацын, 8) тармақшасын, 6-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының үшінші және бесінші абзацтарын, 3) – 8) тармақшаларын, 7-тармағының 1) – 6), 8) – 11) тармақшаларын, 13) тармақшасының екінші – он бірінші, он үшінші абзацтарын, 17) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарын, 9-тармағының 1) – 3) тармақшаларын, 10-тармағының 1) – 3), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларын, 12-тармағының төртінші абзацын, 14-тармағының 1) – 4) тармақшаларын, 16-тармағының 1) тармақшасын, 18 және 23-тармақтарын, 25-тармағының 1) – 13) тармақшаларын, 15) тармақшасының үшінші абзацын, 16), 18), 19), 20) және 21) тармақшаларын, 26-тармағы 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 5) – 7) тармақшаларын, 29-тармағы 4) тармақшасының бесінші және он алтыншы абзацтарын, 33, 42 және 44 тармақтарын, 47-тармағының 1) тармақшасының екінші абзацын, 2) – 4) тармақшаларын, 48-тармағының 6) тармақшасының төртінші абзацын, 49-тармағын, 50-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 51 және 52-тармақтарын, 54-тармағы 1) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын және 2) тармақшасын, 55-тармағын, 56-тармағы 1) тармақшасының екінші – бесінші және жетінші абзацтарын, 2) – 4) тармақшаларын, 5) тармақшасының үшінші, төртінші және алтыншы абзацтарын, 6) тармақшасының үшінші және бесінші абзацтарын, 7) – 18) тармақшаларын, 19) тармақшасының үшінші, төртінші, алтыншы – он екінші абзацтарын, 20) тармақшасын, 22) тармақшасының үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 23) тармақшасын, 57 және 60-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 29-тармағы 4) тармақшасы үшінші және он сегізінші абзацтарының, 5) тармақшасы он төртінші абзацының, 6) тармақшасы алтыншы абзацының және 10) тармақшасы он бірінші абзацының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысандарын тіркеуді жүзеге асырады және есепке алуды жүргізеді;»;
«12-9) қылмыстық істерді тергеп-тексеру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысандарын тіркеу және есепке алу процестеріне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіреді;»;
«5) тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайларда, оларды тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тартуға;»;
«4) уәкілетті органда тіркеуге жататын тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың басқа да нысандарын тағайындау туралы актілерді тіркеуге міндетті.»;
«10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды;».
3. Осы Заңның 1-бабы 25-тармағы 19) тармақшасының екінші – бесінші абзацтары 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
4. Осы Заңның 1-бабы 25-тармағы 14) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әкімді тағайындайтын адам не ол уәкілеттік берген адам әкім лауазымына кандидатураларды қатарынан үш реттен артық енгізе алмайды.
Егер мәслихат аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі лауазымына кандидатураны тағайындауға үшінші рет келісім бермесе, облыс әкімі Қазақстан Республикасының Президентін жазбаша хабардар етеді және тиісті мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қояды.
Бұл жағдайда жоғары тұрған әкім белгіленген тәртіппен жаңадан құрылған мәслихаттың келісімімен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі тағайындалғанға дейін әкімнің міндетін уақытша атқарушыны тағайындайды.».».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 5 қараша
№ 157-VII