«Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл» деген сөздермен толықтырылсын.
13. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер қойнауы Қазақстан халқына тиесілі. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады.».
14. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:
14-тармақтың 1) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың төртінші бөлігіндегі «Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақтың 2) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 3-бапта:
үшінші бөліктің 4) тармақшасындағы «Конституциялық Кеңесі» деген сөздер «Конституциялық Соты» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлікте:
2) тармақшадағы «Конституциялық Кеңесі туралы,» деген сөздер «Конституциялық Соты туралы, Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы Кодексте белгіленген әкімшілік рәсімдердің тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық өкілеттігіне және Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ететін органның қызметіне қолданылмайды.»;
жетінші бөліктің 1) тармақшасындағы «Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақтың 3) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 7-баптың үшінші бөлігінде:
«Кеңесіне» деген сөз «Сотына» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақтың 4) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 18-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «Кеңесі» деген сөз «Соты» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 66-баптың төртінші бөлігіндегі «тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекен-жайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс екендігін», «саналатындығын» деген сөздер тиісінше «тұрғылықты жері (орналасқан жері) жұмыс орны мекенжайының, ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің, электрондық мекенжайының дұрыс екендігімен», «есептелетіндігімен танысқандығын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 91-баптың жетінші бөлігіндегі «Заңында белгіленген негіздерде және шектерде» деген сөздер «Конституциялық заңында белгіленген негіздерде, шектерде және тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 98-баптың үшінші бөлігіндегі «74-бабына» деген сөздер «73-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 102-баптың үшінші бөлігіндегі «Нұр-Сұлтан қаласының» деген сөздер «астананың» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 106-баптың екінші бөлігіндегі «Нұр-Сұлтан қаласының» деген сөздер «астананың» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 148-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Егер тараптың бұрын білдірілген келісімді қайтарып алу туралы өтінішхаты келіп түссе, сот ауызша талқылауға көшеді.»;
11) 168-баптың жетінші бөлігіндегі «Нұр-Сұлтан қаласының» деген сөздер «астананың» деген сөзбен ауыстырылсын.
15. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 22-тараудағы
«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл», «Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің», «Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді», «Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен», «Адам құқықтары жөніндегі уәкілге» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 273-баптың 4-тармағының 8) тармақшасындағы «Заңында белгіленген» деген сөздер «Конституциялық заңында белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:
16-тармақтың 1) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 12-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.»;
2) 25-баптың 2-тармағында:
1) тармақша «мәліметтерден басқа,» деген сөздерден кейін «жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру мен жүргізу тактикасын регламенттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 2-1) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы қаулы шығарады;
1-2) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар береді;»;
«2-1) прокурордың санкциясынсыз жүргізілген арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасының заңдылығы туралы қаулы шығарады;»;
«3-1) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының заңсыз шешімдерінің күшін жояды;».
17. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
24-баптағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау» деген сөздер «күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтау» деген сөздермен ауыстырылсын.
18-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
3-баптың 5) тармақшасындағы «Кеңесi мен» деген сөздер «Соты мен Қазақстан Республикасы» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
11-бапта:
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Төрағасының орынбасары, судьялары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және өзге де соттардың Төрағасы мен судьялары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлері, әскери қызметшілер саяси партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап әрекет етпеуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерді қоспағанда, осы баптың бесінші бөлігінде аталған адамдар тағайындалған, сайланған, қызметке кірген күннен бастап он күн ішінде саяси партиялардан, кәсіптік одақтардан шығуға тиіс.
Әскери қызметке қабылданған немесе құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген жағдайда саяси партияға, кәсіптік одақтарға мүшелік автоматты түрде тоқтатылады.».
20. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
67-баптың 3-4-тармағындағы «Нұр-Сұлтан қаласының» деген сөздер «Астананың» деген сөзбен ауыстырылсын.
21. «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың бірінші бөлігіндегі «, егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе,» деген сөздер алып тасталсын;
2) 45-бапта:
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы» деген сөздер «Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«хатшы» деген сөз «кеңесші» деген сөзбен ауыстырылсын.
22. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 18-3-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 21-баптың 2-тармағының 9-2) тармақшасында:
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы» деген сөздермен ауыстырылсын.
23-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «Кеңестің» деген сөз «Соттың» деген сөзбен ауыстырылсын.
24. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
3-3-тараудағы
«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл», «Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің», «Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді» деген сөздермен ауыстырылсын.
25. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
25-тармақтың 1) – 13) тармақшалары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 4-бапта:
тақырып «Мәслихаттар» деген сөзден кейін «, әкімдер» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Әкімдер мен олардың орынбасарлары саяси партиялардың филиалдарында және өкілдіктерінде лауазымдарды атқаруға құқылы емес.
Тағайындау немесе сайлау кезінде әкімдер мен олардың орынбасарлары саяси партиялардың филиалдарында және өкілдіктерінде лауазымдарды атқарған жағдайда, олар тағайындалған немесе сайланған күннен бастап он күн ішінде көрсетілген лауазымдарды босатуға тиіс.»;
2) 5-бапта:
3-тармақтағы «Тиiстi» деген сөз «Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізу үшін тиiстi» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген (қосылған, біріккен) және қайта құрылған жағдайларда, мәслихат депутаттары жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтайды және қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады.
Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары бөлініп шығу немесе бөліну арқылы өзгерген жағдайда:
1) аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған мәслихат депутаттары олардың сайлау округтеріне тиесілігіне қарай бөлінеді;
2) саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша сайланған мәслихат депутаттары тиісті саяси партияның пікірі ескеріле отырып, мәслихаттың шешімі бойынша жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктің халық санына пропорционалды түрде бөлінеді.
Әкімшілік-аумақтық бірлік таратылған жағдайда тиісті мәслихат таратылады.»;
3) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-11-тармақпен толықтырылсын:
«2-11. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты мемлекеттік саяси қызметші болып табылатын сайланған әкімнің отставкасын қабылдау немесе отставкасын қабылдаудан уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Отставканы қабылдау немесе отставканы қабылдаудан бас тарту туралы шешім мемлекеттік саяси қызметші болып табылатын сайланған әкімнің жеке жазбаша өтініші берілген күннен бастап бір ай мерзімде қабылданады.
Отставка қабылданған жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының тиісті шешімінің көшірмесі аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.»;
4) 8-бапта:
1-тармақтағы «хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың 1) тармақшасындағы «хатшысын» деген сөз «төрағасын» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 10-бапта:
2-тармақтағы «хатшысы», «ерекше мәселелер» деген сөздер тиісінше «төрағасы», «мәселелер ғана» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 11-бапта:
2-тармақта:
«хатшысы сайланғанға дейін» деген сөздер «төрағасы сайланғанға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«хатшысы жүргізеді» деген сөздер «төрағасы жүргізеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «хатшысының» деген сөз «төрағасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «хатшысының» деген сөз «төрағасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 14-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «хатшысына» деген сөз «төрағасына» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 17-баптың 1-тармағындағы «хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 19-бапта:
тақырыптағы «хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацындағы «хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-1-тармақтағы «хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «хатшысының» деген сөз «төрағасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 19-1-бапта:
3-тармақтағы «хатшысының» деген сөз «төрағасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «хатшысының» деген сөз «төрағасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 20-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
«3-3) партиялық тізім бойынша сайланған мәслихат депутаты саяси партия филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі бойынша кері шақырып алынса;»;
4-1-тармақтағы «және 3-2)» деген сөздер «, 3-2) және 3-3)» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 21-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың 6) тармақшасындағы «хатшысына» деген сөз «төрағасына» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-1-тармақ алып тасталсын;
13) 21-2-баптың 1-тармағындағы «хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) 23-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«23-1-бап. Мәслихат депутаттарының әкімдер лауазымына тағайындауға келісім беру тәртібі»;
25-тармақтың 14) тармақшасының төртінші абзацының қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 3-баптың 4-тармағының редакциясында қолданылады
4-тармақ алып тасталсын;
15) 24-бапта:
1-тармақтағы «тиiсiнше Қазақстан Республикасы Президентiнiң не жоғары тұрған әкiмнiң алдына» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың əкімдеріне қатысты, тиісінше, Қазақстан Республикасы Президентінің не өзге де əкімшілік-аумақтық бірліктердің əкімдеріне қатысты жоғары тұрған əкімнің алдына» деген сөздермен ауыстырылсын;
25-тармақтың 15) тармақшасының үшінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақтағы «хатшысына» деген сөз «төрағасына» деген сөзбен ауыстырылсын;
25-тармақтың 16) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 24-1-бапта:
7-тармақтың бірінші бөлігіндегі «мәслихаттың хатшысы» деген сөздер «мәслихатының төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
үшінші бөліктегі «мәслихаттың хатшысы» деген сөздер «мәслихатының төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктегі «хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
17) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Президенті облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін, тиісінше, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен лауазымға тағайындайды.»;
25-тармақтың 18) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін лауазымға сайлау, қызметінен босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес лауазымға сайланады.
Бір адам аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.
Сайланған аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.
2. Сайланған аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өкілеттігі өкілеттік мерзімі өткен соң, сондай-ақ:
1) әкім қайтыс болған, әкімді әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі, хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
2) өзін ұсынған саяси партия қайта ұйымдастырылған және таратылған жағдайларды қоспағанда, саяси партияға мүшелігі тоқтатылған;
3) жоғары тұрған әкім аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутаттарының әкімге қатысты білдірген сенімсіздік вотумын қабылдаған;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
5) тиісті аумақтық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған әкімді тіркеген жағдайларда;
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Сайланған аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өз өкілеттігі кезеңінде зейнеткерлік жасқа толуы оның өкілеттігін тоқтатуға негіз болып табылмайды.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өкілеттігі осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде тиісті аумақтық сайлау комиссиясы шешім қабылдайды, онда әкімнің өкілеттігін тоқтатуға алып келетін негіздердің басталу фактісі көрсетіледі және облыс әкіміне аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынуды енгізу туралы шешім қабылданады.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы негізінде облыс әкімі тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өкілеттігін тоқтатады.»;
25-тармақтың 19) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19) мынадай мазмұндағы 32-1 және 32-2-баптармен толықтырылсын:
25-тармақтың 19) тармақшасының екінші – бесінші абзацтары 2025 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
«32-1-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін:
1) осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісінше облыстық маңызы бар қала және аудан мәслихатының келісімімен облыс әкімі лауазымға тағайындайды;
2) облыс әкімі оның өкілеттігін тоқтатады және лауазымынан босатады.
32-2-бап. Облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аудан әкімін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі
1. Облыстық маңызы бар қаладағы аудан әкімін:
1) осы Заңда белгіленген тәртіппен облыстық маңызы бар қала мәслихатының келісімімен облыстық маңызы бар қала әкімі лауазымға тағайындайды;
2) облыстық маңызы бар қала әкімі оның өкілеттігін тоқтатады және лауазымынан босатады.
2. Республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аудан әкімін:
1) осы Заңда белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының келісімімен республикалық маңызы бар қала және астана әкімі лауазымға тағайындайды;
2) республикалық маңызы бар қала және астана әкімі оның өкілеттігін тоқтатады және лауазымынан босатады.»;
25-тармақтың 20) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20) 36-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес лауазымға сайланады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сайланған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өз өкілеттігі кезеңінде зейнеткерлік жасқа толуы оның өкілеттігін тоқтатуға негіз болып табылмайды.»;
6-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
25-тармақтың 21) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21) мынадай мазмұндағы 36-2-баппен толықтырылсын:
«36-2-бап. Сайланатын әкімдердің кандидаттарына қойылатын талаптар
Әкімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы осы Заңның және Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасының талаптарына сай келетін, жиырма бес жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан төрт жыл мерзімге лауазымға сайлайды.»;
22) 37-баптың 8-тармағындағы «Президентi,» деген сөз алып тасталсын.
26. «Саяси партиялар туралы» 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-бапта:
1-тармақтағы «бір мың» деген сөздер «жеті жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың бірінші абзацындағы «екі айдың» деген сөздер «үш айдың» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 1) тармақшасындағы «алты» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 8-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Төрағасының орынбасары, судьялары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және өзге де соттардың Төрағасы мен судьялары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлері, әскери қызметшілер саяси партияларда болмауға, қандай да бір саяси партияға қолдау көрсетпеуге тиіс.
Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерді қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар тағайындалған, сайланған, қызметке кірген күннен бастап он күн ішінде саяси партиялардан шығуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс.
Халыққа ант беру кезінде Қазақстан Республикасының Президенті саяси партияда тұрған жағдайда, ол ант берген күннен бастап он күн ішінде саяси партиядан шығуға тиіс.»;
8-тармақта:
бірінші бөлік «қабылдану» деген сөзден кейін «, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіру» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «Әскери қызметке кірген» деген сөздер «Әскери қызметке қабылданған немесе құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-баптың 1-тармағында:
26-тармақтың 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) тармақшадағы «, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне» деген сөздер алып тасталсын;
9) тармақшадағы «немесе ротациялау» деген сөздер алып тасталсын;
4) 10-бапта:
3-тармақтағы «алты» деген сөз «он екі» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
«алты жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жиырма» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
26-тармақтың 5) – 7) тармақшалары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттығына, аудан (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттар ұсынуға; мәслихаттардағы өз өкiлдерi арқылы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынуға құқылы.
Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары бөлініп шығу немесе бөліну арқылы өзгерген жағдайда, саяси партия: