2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (аудандық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының iс-әрекеттерiне, сондай-ақ жобаларды сараптау қорытындысына сот тәртібімен шағым жасауға;
4) субъектiлердiң немесе лауазымды адамдардың заңдарды немесе мемлекеттік нормативтердi бұзуға жол беруiне байланысты азаматтардың денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу туралы сотқа талап қоюға;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңдарды және мемлекеттік нормативтердi бұзудың өзге де фактілері бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен жүгiнуге құқығы бар.
3-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
14-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң құқықтары
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң заңдарда белгiленген тәртiппен:
2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) тиiстi сәулет және қала құрылысы органдарынан, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорыннан (қол жеткiзiлуге шек қойылған ақпараттарды немесе құжаттарды қоспағанда) жобалау алдындағы зерттеулерге, техникалық-экономикалық негiздеменi дайындауға, құрылыстағы инвестициялар негiздемесiне, аумақты игерудi жоспарлауға және (немесе) онда құрылыс салуға, объектiлердi жобалау мен салуға, сондай-ақ оларды кейiннен пайдалануға қажеттi ақпаратты (мәлiметтердi, деректердi, бастапқы материалдарды немесе құжаттарды) сұрауға және алуға;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) қала құрылысы регламенттерi, сервитуттар немесе өзге де нормативтiк талаптар (шарттар, шектеулер) шегiнде меншiкке сатып алынған не иеленуге, пайдалануға берiлген жер учаскелерiн нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) кәсіби қоғамдық ұйымдар құруға құқығы бар.
15-бап. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық
1. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық пен соған байланысты туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және осы Заңмен реттеледi.
2. Шығармашылық еңбегiнiң нәтижесiнде сәулет және (немесе) қала құрылысы туындысын жасаған азаматтар оның авторлары деп танылады және оларға тиiсiнше авторлық құқық беріледi.
3. Сәулет немесе қала құрылысы туындысы авторларының мүлiктiк құқықтары (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) оның:
1) жобаны пайдалану немесе іске асыру үшін пайдалануға рұқсат етуге;
2) сәулет немесе қала құрылысы жобасын жаңадан жасауды, таратуды және қайта өңдеудi жүзеге асыруға немесе оған рұқсат етуге;
3) аталған ерекше құқықтарын заңдарда көзделген тәртiппен басқа тұлғаларға беруге ерекше құқығы болып табылады.
4. Қызметтiк мiндеттердi немесе қызметтiк тапсырманы орындау ретiмен жасалған сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторларына, егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктiк құқықтар берiлмейдi.
Жобаның тапсырысшысы (жұмыс берушi) мен авторлар (тапсырысты орындаушылар) арасындағы шартта қызметтiк мiндеттердi немесе қызметтiк тапсырманы орындау ретiмен жасалған сәулет немесе қала құрылысы туындысын пайдалану жөніндегі мүлiктiк құқықтарды реттеу туралы ереже болуға тиiс.
5. Сәулет немесе қала құрылысы туындыларының авторы:
1) егер құрылыс жобасын әзiрлеуге берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, авторлық жобаны iске асыру жөніндегi құрылыс құжаттамасын әзiрлеуге авторлық қадағалауды жүзеге асыруға;
2) егер сәулет (қала құрылысы) жобасын әзiрлеуге берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, объектiлер құрылысының (реконструкциялаудың, қалпына келтiрудiң, жаңғыртудың) барысына белгiлеген тәртiппен авторлық қадағалауды жүзеге асыруға;
3) егер жобаны әзiрлеуге арналған шартта немесе жобалауға берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, сондай-ақ объектiде мемлекеттік құпияларға жатқызылған ақпарат болмаса, суретке түсiрудi (кино-, бейне түсiрiлiм) жүргiзуге құқылы.
6. Автордың (авторлардың) сәулет және қала құрылысы туындыларына жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
16-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң негiзгi мiндеттерi
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi:
1) қызметiн заңдарға және мемлекеттік нормативтерге (мемлекеттік нормативтiк құжаттарға) сәйкес жүзеге асыруға;
2) өздерiнiң меншiгіндегі (иелiгіндегі, қолдануындағы) пайдаланылушы объектiлердi олардың азаматтар үшiн қауiпсiздiгiн, эстетикалық талаптарды қоса алғанда, нормативтiк және басқа да мiндеттi талаптарға сәйкес тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн лайықты жағдайда ұстауға мiндеттi.
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
17-бап. Субъектiлердiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiгi
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарда белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулердi) бұзуға жол берген оның субъектiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Аталған бұзушылықтарға мыналар жатады:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiн лицензиясыз жүзеге асыру;
2) аумақтардың, қала құрылысы регламенттерiнiң бекітілген жұмыс iстеу мақсатынан, қала құрылысын ерекше реттеу аймақтарында белгiленген режимнен ауытқу;
3) қала құрылысы мақсаттарына арналған жер учаскелерiн таңдау мен берудiң (пайдалануға рұқсат етудiң), сондай-ақ мемлекет мұқтажын қамтамасыз етуге байланысты алып қоюдың заңдарда белгiленген тәртібінен ауытқу;
4) қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеудiң, келісудің, сараптамадан өткізудің және бекiтудiң белгiленген тәртiбiнен ауытқу, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттамадан ауытқу не бекiткен инстанцияның рұқсатынсыз оған өзгерiстер енгiзу;
4-1) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеудiң, сараптамадан өткізудің және бекiтудiң белгiленген тәртiбiнен ауытқу, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттамадан ауытқу не бекiткен инстанцияның рұқсатынсыз оған өзгерiстер енгiзу;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпей құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) осы заңда мiндеттілігi көзделген жағдайда, құрылысты сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын, техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргiзбей жүзеге асыру;
7) өз бетiнше құрылыс салу, нақ сол сияқты үйлердiң, жекелеген үй-жайлардың және (немесе) үй бөліктерiнiң сәулеттiк келбетiн өзгерту, қайта жоспарлау (қайта жабдықтау, қайта бейiмдеу);
8) елдi мекендердi жоспарлау мен салу кезiнде сейсмикалық қауiптілігi жоғары аймақтарда белгiленген сызықтар мен құрылыс салу сызықтарынан, сондай-ақ сары сызықтардан ауытқу;
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 9) тармақша өзгертілді
9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ объектiнi жобалау, салу және кейiннен пайдалану процесiнде еңбек қорғау, өрт және жарылыс қауiпсiздiгi, санитариялық және экологиялық қауiпсiздiк мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткізудi қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік нормативтердi сақтамау;
10) құрылысы аяқталған объектiлердi қабылдау мен пайдалануға берудiң, сондай-ақ пайдалану процесiнде оларды күтiп-ұстаудың заңдарда белгiленген тәртібін бұзу;
11) лауазымды адамдардың елдi мекендердi (елдi мекеннiң бөлiктерiн) жоспарлауға және салуға (реконструкциялауға) байланысты шешiмдердiң әзiрленуi мен қабылдануы, жобаланып отырған объектiлер туралы, сондай-ақ мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортаның жай-күйi мен оған қоғамдық және жеке мүдделердi тiкелей қозғайтын, көзделiп отырған өзгерістер туралы ақпарат беруден негiзсiз бас тартуы не жалған ақпарат беруi;
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша өзгертілді
12) мекендеу және тiршiлiк ету ортасының жай-күйiнiң нашарлауына, азаматтар, соның iшiнде мүгедектер мен тұтас алғанда қоғамның құқықтарына және заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғатын мемлекеттік мүдделерге зиян келтiруге себеп болатын өзге де әрекеттер.
2. Жiберiлген жолсыздықты және оның зардаптарын жою, сондай-ақ келтiрiлген залалдың (зиянның) орнын толтыру жөніндегi мiндеттер аталған жолсыздыққа жол берген субъектiге жүктеледi.
3. Сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жол берген бұзушылықтары салдарынан салынған объектiнi пайдаланудың кепiлдi мерзiмiн сақтамау фактілері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормаларына, сондай-ақ осы Заңның 69-бабына сәйкес белгiленедi.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Сараптама жүргізу процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайда, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Құрылыс процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында салынып жатқан объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін бұзушылықтар анықталған кезде, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген ұйым, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша оң қорытынды берген сарапшы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік басқару
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 301.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 18-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
18-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы лауазымды адамдар мен мемлекеттік басқару органдары
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы реттеудi жүзеге асыратын, сондай-ақ бақылау-қадағалау функцияларын атқаратын лауазымды адамдар мен мемлекеттік басқару органдары:
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiмен сабақтас болып табылатын мәселелер бойынша өздерiнiң арнаулы өкiлеттiктерi шегiнде өзге де орталық атқарушы органдар;
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары болып табылады.
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында мемлекеттік саясатты жүргiзедi;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын кешенді әзірлеуді орталық атқарушы органдарға тапсырады, өндіргіш күштерді қоныстандыру және орналастыру жүйесін, республикалық маңызы бар қала құрылысы регламенттерін, өндірістік, әлеуметтік, рекреациялық, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарын дамытудың, сондай-ақ республикалық және аймақаралық маңызы бар ерекше реттелетін қала құрылысының аумақтары мен объектілерінің схемалары мен жобаларын қоса, оның негізгі ережелерін бекітеді және іске асырады;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылды
3-1) орталық атқарушы органдарға аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеуді тапсырады;
3-2) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын бекітеді;
3-3) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу және келісу қағидаларын бекітеді;
4) республикалық және аймақаралық маңызы бар ерекше реттелетiн қала құрылысының аумақтары мен объектiлерiнiң шекарасын белгiлейдi;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері бойынша сәулет-құрылыс құжаттамаларын қоспағанда, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын (негізгі ережелерін қоса алғанда), жалпымемлекеттік, мемлекетаралық немесе өңіраралық маңызы бар өзге де қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасын, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістерді бекітеді;
6) - 7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8) жалпы мемлекеттiк және мемлекетаралық маңызы бар объектiлердi жобалау және салу туралы шешiмдер қабылдайды;
9) - 10) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы әлеуетiн басымдықпен пайдалану туралы заң актілері талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
12) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
13) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актілер шығарады;
14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ынтымақтастық туралы үкiметаралық келісімдердiң орындалуын қамтамасыз етедi;
15) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
15-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15-2) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) - 19) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
21) Қазақстан Республикасының шетелдегі объектілері мен кешендерін салу (реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобаларын іске асыру тәртібін айқындайды;
22) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
23) мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және оларды әкімшілік ғимараттарда орналастыру қағидаларын бекітеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
24) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның құзыретi
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндiрiстiк базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүргiзу;
1-1) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылды
1-3) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілердің құрылысы саласындағы баға белгілеу және экономика бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;
1-4) аумақты дамытудың өңірлік схемаларын әзірлеу және келісу;
2) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3 - 6) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6-1) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6) және 6-7) тармақшалармен толықтырылды
6-2) құрылыстағы баға белгілеу мен сметалық нормалар бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту;
6-3) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
6-4) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
6-5) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру;
6-6) Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және жүйелі түрде жаңартып отыру;
6-7) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
7) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 8) тармақша өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін өзге де қала құрылысы құжаттамасына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
9) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) жобалардың мемлекеттік сараптамасына басшылық ету;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-2) тармақша жаңа редакцияда
11-2) сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын әзiрлеу және бекiту;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 11-3), 11-4), 11-5), 11-6) және 11-7) тармақшалармен толықтырылды; 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-3) тармақша жаңа редакцияда
11-3) қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын әзiрлеу және бекiту;
11-4) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
11-5) қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
11-6) бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту тәртібін айқындау;
11-7) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 11-8) және 11-9) тармақшалармен толықтырылды
11-8) барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
11-9) объектілер құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 11-10) тармақшамен толықтырылды
11-10) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
12) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара) 12-1) тармақша өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындау бөлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялардың тізілімін жүргізу;