республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге жіберілетін нысаналы қаражат;
мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;
концессиялық жобаларды іске асыруға жіберілген қаражат болып табылады;
31) құрылыс қызметі (бұдан әрі - құрылыс) - жаңа объектілер салу және (немесе) бар объектілерді (үйлерді, ғимараттар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
31-1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды - техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын растайтын құжат;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 32) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
32) құрылыс-монтаж жұмыстары - құрылыс қызметі, ол:
жер жұмыстарын және топырақтағы арнаулы жұмыстарды;
қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды бұзуға, уақытша инженерлік желілер, жолдар, қойма алаңдарын жайластыруға, сондай-ақ аумақты сатылап жоспарлауға байланысты дайындық жұмыстарын;
үйлер мен ғимараттардың (оның ішінде көпірлер, көлік эстакадалары, тоннельдер мен метрополитендер, жол құбырлары, құбыр өткізгіштер, өзге де жасанды құрылыстар) тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды;
желілік құрылыстарды төсеу жөніндегі арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын;
сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстар, сондай-ақ ішкі инженерлік жүйелер орнатуды;
конструкциялар мен жабдықтарды қорғау және өңдеу жөніндегі жұмыстарды;
автомобиль және темір жол құрылысын;
технологиялық жабдықты жинауды және тұрақты пайдаланатын жерде жобалық жағдайға орнатуды, жеке сынауды және жүктемемен сынауды, сондай-ақ бөлшектеуді қоса алғанда, оны монтаждауды қамтиды;
33) құрылыс өнімі - сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің аралық және (немесе) түпкілікті нәтижесі;
34) құрылыс өнімінің сапасы (объектінің сапасы) - қызметтің (пайдалануға берудің, пайдаланудың, қолданудың) бүкіл мерзімі бойында меншік иелерінің (пайдаланушылардың) және тұтас алғанда қоғамның мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды білдіретін, тұтынушыларға жеткізілген түпкілікті құрылыс өнімі сипаттамаларының (эстетикалық сипаттаманы қоса алғанда) жиынтығы;
35) құрылыс салуды реттейтін сызық (құрылыс салу сызығы) - қызыл және сары сызықтардан немесе жер учаскесі шекарасынан шегіндіре отырып, үйлерді (ғимараттарды, құрылғыларды) орналастыру кезінде белгіленетін құрылыс салу шекарасы;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 35-1), 35-2) және 35-3) тармақшалармен толықтырылды
35-1) құрылыстағы баға белгілеу - құрылыс өнімінің құнын қалыптастыру тетігі;
35-2) Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырылатын, сметалық-нормативтік базада олар бойынша нормалар жоқ, Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері енгізген жаңа тиімді құрылыс өндірісі технологияларының тізбесі;
35-3) құрылыстың сметалық құны - сомасы жобалау материалдары мен сметалық-нормативтік база негізінде айқындалатын, объектінің құрылысын жүзеге асыру үшін қажетті ақша;
36) қызыл сызық - елді мекендерді жоспарлау құрылымындағы кварталдардың, шағын аудандардың, өзге элементтердің аумағын көшеден (жолдардан, алаңдардан) бөліп тұратын шекара. Әдетте қызыл сызық құрылыс салу шекарасын реттеу үшін қолданылады;
36-1) көгалдандыру екпелері - елді мекендердің шекараларында ортақ пайдаланылатын жерлерде орналасқан орманды саябақтар, саябақтар, скверлер, бульварлар, желілік екпелер, үй жанындағы екпелер, көгалдар, гүлзарлар;
37) макет - жоспарланып отырған аумақтардың, жобаланып отырған объектілердің, олардың жекелеген элементтерінің, сондай-ақ үй-жайлар интерьерлерінің кеңістіктегі өлшемдестігін немесе құрылыстардың ішкі кеңістігін белгілеу мақсатында көлемді нысандағы (түгелдей көрсете отырып немесе шартты түрде) масштабқа қатаң сәйкес келетін етіп орындалған иллюстрациялық (көрнекі) материал. Макет ретінде компьютерлік кеңістіктік модельдеудің бейнематериалдары пайдаланылуы мүмкін;
38) мемлекеттік қала құрылысы кадастры - қала құрылысы регламенттерін, қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметі аумағын оның пайдаланылу режимінің әлеуметтік-құқықтық белгілері, инженерлік-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі, онда орналасқан объектілердің параметрлері мен жай-күйі, сондай-ақ табиғи-климаттық жағдайлары мен экологиялық жай-күйі бойынша сипаттайтын картографиялық, статистикалық және мәтіндік ақпаратты қамтитын сан және сапа көрсеткіштерінің мемлекеттік жүйесі;
39) мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтік құжаттар) - адамның мекендеуі мен тіршілік етуіне қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілер, қала құрылысы және техникалық регламенттері, нормативтік-техникалық құжаттар, өзге де міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер жүйесі;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 39-1) тармақшамен толықтырылды
39-1) мемлекеттік сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және объектілердің құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;
40) нобай (нобайлық жоба) - жобалық (жоспарлық, кеңістіктік, сәулеттік, технологиялық, конструкциялық, инженерлік, әшекейлік немесе басқа) шешімнің оңайлатылған, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешімнің түпкі ойын түсіндіретін түрі;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 40-1) тармақшамен толықтырылды
40-1) Объектілерді салуға арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бірыңғай мемлекеттік электрондық банкі - мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген, объектілердің құрылысын салуға арналған электрондық жеткізгіштердегі жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы;
41) объектінің бас жоспары - құрылыс объектісі (үй, ғимарат, кешен) жобасының оны аумаққа (учаскеге) орналастыру, көлік коммуникацияларын, инженерлік желілерді төсеу (жүргізу), учаскені инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, шаруашылық қызметін көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін және жобаланып отырған объектінің орналасатын жеріне байланысты өзге де іс-шараларды кешенді шешу қамтылатын бөлігі;
42) объектіні кейіннен кәдеге жарату - күрделі құрылыстың (үйдің, ғимараттың, кешеннің) пайдаланылуы (пайдалану, қолдану) тоқтатылғаннан кейін кәдеге асатын элементтерін (конструкцияларды, материалдарды, жабдықтарды) бір мезгілде қалпына келтіріп және қайталап пайдаланып, сондай-ақ кәдеге аспайтын элементтер мен қалдықтарды өңдей отырып, бөлшектеп алу және бұзу жөніндегі жұмыстар кешені;
43) объектілер мониторингі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің жай-күйі мен өзгерістерін байқау жүйесі;
44) объектінің техникалық күрделілігі - объектінің функционалдық қызметіне, оның тірек және қоршау конструкцияларының ерекшеліктеріне, қабаттар (конструкциялық қатарлар) санына, сейсмикалық қауіптілігіне немесе салынатын жерінің (ауданының) өзге де айрықша геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық жағдайларына қарай мемлекеттік және (немесе) мемлекетаралық (халықаралық) нормативтермен белгіленетін, табандары мен конструкцияларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша құрылыс объектісінің жауапкершілік деңгейі, олар:
жауапкершіліктің бірінші деңгейі - күшейтілген;
жауапкершіліктің екінші деңгейі - қалыпты;
жауапкершіліктің үшінші деңгейі - төмендетілген болып бөлінеді;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 44-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44-1) объектіні пайдалануға қабылдау актісі - объект құрылысының бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес аяқталғанын және объектінің пайдалануға толық әзірлігін растайтын құжат;
44-2) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 44-3) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
44-3) орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды - авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар орындалған жұмыстардың бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкестігін растайтын құжат;
45) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
46) салынып жатқан объектілерді консервациялау - құрылысы аяқталмаған объект конструкцияларының, материалдары мен жабдықтарының оны салудың уақытша тоқтатылуы кезеңінде сақталуы мен сапалық сипаттамаларын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені;
47) санитарлық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіп орындары мен елді мекендегі басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 47-1) тармақшамен толықтырылды
47-1) сараптама ұйымдарының палатасы (бұдан әрі - палата) - мемлекеттік сараптама ұйымын қоспағанда, құрылыс объектілерін жобалау саласында сараптама қызметін жүзеге асыратын, аккредиттелген сараптама ұйымдарының кемінде үшеуінен заңды тұлғалар құратын, бірыңғай коммерциялық емес өзін-өзі реттейтін ұйым;
48) сары сызық - жойқын жер сілкіністері, өзге де табиғи немесе техногендік сипаттағы зілзалалардың салдарынан үйлердің (ғимараттардың, құрылыстардың) үйінділерге (қиратындыларға) айналуы барынша мүмкін болатын аймақтар шекарасы. Әдетте сары сызық үйлер мен ғимараттар арасындағы қашықтықты реттеу үшін қолданылады;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 48-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
48-1) сәйкестік туралы декларация - мердігер (бас мердігер) құрылысы аяқталған объектіде орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 49) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
49) сәулет-жоспарлау тапсырмасы - объектінің мақсатына, негізгі өлшемдеріне және оны нақты жер учаскесіне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешені, сондай-ақ осы елді мекен үшін қала құрылысының регламенттеріне сәйкес белгіленетін, жобалау мен құрылысқа қойылатын міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер. Бұл ретте тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор) ұсынатын нобайларға (нобайлық жобаларға) сәйкес түсi жөнiндегi шешiм мен ғимараттардың (құрылыстардың) қасбеттерiн әрлеу материалдарын пайдалану, көлемдiк-кеңiстiктегi шешiм бойынша талаптар белгiлеуге жол берiледi;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 50) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 50) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
50) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы инжинирингтiк қызметтер көрсету - оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткізу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау, жобаны басқару);
51) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекетаралық нормативтер (мемлекетаралық нормативтік құжаттар) - Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттің (басқа мемлекеттердің) аумақтарында Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар негізінде қолданылатын, мемлекетаралық қала құрылысы нормативтерін, мемлекетаралық құрылыс нормалары мен ережелерін, құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды қамтитын нормативтік-техникалық құжаттардың, ережелердің және басқа да міндетті талаптардың, шарттар мен шектеулердің жүйесі;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 51-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
51-1) сараптамалық жұмыстар - ғимараттар мен құрылыстардың жобаларына сараптама жасау және олардың сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргізу жөніндегі жұмыстар;
52) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
53) сәулет қызметі (бұдан әрі - сәулет) - объектінің сыртқы және ішкі келбетін жасаудың, құрылысқа арналған (реконструкциялау, қалпына келтіру) жобалау құжаттамасының сәулет бөлігінде кеңістікті, композициялық, көлемдік-жоспарлау және функционалдық ұйымдастырудың шығармашылық процесін, жобаны іске асыру кезінде авторлық қадағалау жүргізуді қамтитын сәулет объектілерін жасау жөніндегі қызмет;
54) сәулет объектілері - әзірленуіне сәулетшінің қатысуы қажет болатын, сәулет немесе қала құрылысы жобаларының негізінде салынған үй, ғимарат, монумент, үйлер мен ғимараттар кешені, олардың экстерьерлері және (немесе) интерьерлері, абаттандыру, ландшафт немесе бақ-саябақ өнерінің элементтері;
55) сәулет (қала құрылысы) туындысы - қандай да бір сәулет объектісін жасауға немесе қала құрылысы кеңістігін қалыптастыруға бағытталған, жобалау құжаттамасы, жекелеген сызба, макет немесе нобай нысанында белгіленген авторлық ойды қоса алғанда, жеке тұлғалардың кәсіби қызметіндегі шығармашылық процестің нәтижесі болып табылатын авторлық құқық және автордың (авторлардың) зияткерлік меншік объектісі, сондай-ақ нақты іске асырылған жоба (жобаның бөлігі);
56) сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтар (аудандар) - сейсмикалық әсерінің жиілігі жеті және одан да көп балл болуы мүмкін (күтілетін) аудандар;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 56-1), 56-2) тармақшалармен толықтырылды
56-1) сметалық нормалар - қабылданған құрылыс, монтаждау және басқа да жұмыстар өлшеміне белгіленген ресурстар (құрылыс жұмыскерлері еңбегінің, құрылыс машиналарының жұмыс уақытының жұмсалуы, материалдарға, бұйымдарға және конструкцияларға қажеттілік) жиынтығы;
56-2) сметалық-нормативтік база - материалдарға, бұйымдарға және жабдықтарға арналған сметалық нормалар мен сметалық бағалар жинағы;
57) техногендік әсер ету - халыққа, елді мекендерге не қонысаралық аумақтарға, әдетте, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін төндірмей немесе қатер төндіре отырып, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде туындаған жағымсыз немесе зиянды (қауіпті) әсер ету;
58) техногендік зілзалалар - шаруашылық қызметпен байланысты және:
өнеркәсіп, көлік аварияларын және басқа да аварияларды;
өрт, жарылыстар немесе жарылыс қатерін;
биологиялық, химиялық қауіпті немесе радиоактивті заттардың шығарылуын немесе шығарылу қатерін;
үйлердің немесе ғимараттардың, коммуникациялардың кенеттен құлап түсуін;
гидротехникалық немесе тазарту құрылыстарының опырылуын;
электр энергетикасы және коммуникация жүйелеріндегі аварияларды туғызатын тұтқиыл факторлар;
59) техникалық қадағалау - орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау;
60) үй - адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік процестерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, міндетті түрде жер бетіне салынып, тұйық көлемді құрайтын, тіреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Yйдің жер асты бөлігі болуы мүмкін;
61) үйлердің (ғимараттардың) инженерлік жабдықтары - материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен өндіріс процестерін инженерлік жағынан қамтамасыз ететін, адамдардың тұруына (тұрмысына), еңбек етуіне (болуына) қалыпты не жайлы жағдайлар жасайтын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар кешені;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 61-1) тармақшамен толықтырылды
61-1) үйлер мен ғимараттардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау - сараптама жұмыстарының нәтижесінде үйлер мен ғимараттардың және олардың элементтерінің нақты жай-күйі, үйлер мен ғимараттардың сенімділігі және орнықтылығы, оларды кейіннен пайдалану мүмкіндігі, объектідегі күрделі жөндеу жұмыстарының құрамы мен көлемін, оларды жаңғырту және реконструкциялауды, сондай-ақ нысаналы мақсатындағы өзгерісті анықтау үшін уақытында болатын өзгерістерді ескере отырып, конструкциялар сапасының нақты көрсеткіштерінің сандық бағалауын алу айқындалатын сараптама жұмыстарының түрі;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 61-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
61-2) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары - өз бетімен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтер, ақпарат алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектер;
62) экологиялық зілзалалар - табиғи тепе-теңдік бұзылуының экологиялық тұтқиыл факторлары, олар:
құрлықтың жай-күйінің (пайдалы қазбаларды өндіру салдарынан болатын апатты опырылыстар, тектоникалық жарықтар, грифондар, көшкіндер, ойылыстар, топырақта ауыр металдардың немесе басқа да зиянды заттардың жол берілетін шектен тыс шоғырлануы, топырақтың тез тозуы, топырақтың эрозиясы, сортаңдануы немесе батпақтануы салдарынан көлемді аумақтардың шөлге айналуы);
атмосфераның құрамы мен қасиеттерінің (антропогендік әсер ету салдарынан климаттың күрт өзгеруі, зиянды қоспалар жиынтығының жол беруге болатын шектен үнемі артып кетуі және ауа тазалығының нашарлауы, елді мекендерде оттегінің тұрақты жетіспеуі, қышқылды жауындар жауатын көлемді аймақтың пайда болуы);
гидросфера жай-күйінің (су көздерінің сарқылуы немесе олардың апатты түрде немесе біржола ластануы, ауыз судың, сондай-ақ өндіріс қажеттіліктері мен шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған судың тұрақты жетіспеуі);
биосфера жай-күйінің (көлемді аумақтардағы өсімдіктердің құрып бітуі, хайуанаттар, өсімдіктер түрлерінің жойылуы, биосфераның молықтыру қабілетінің күрт өзгеруі) өзгеруімен байланысты.
Дүлей зілзалалар (табиғи апатты құбылыстар) да экологиялық зілзалаларға жатады.
2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңның, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң нормаларынан тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң негiзгi бағыттары
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң негiзгi бағыттары осы саладағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделердi:
2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттiк мүдделердi - тұтастай алғанда, өңірлерді, қалаларды, кенттердi, ауылдарды (селоларды) және басқа да қоныстарды тұрақты дамыту жағдайларын, аумақтық көліктік жоспарлауды және жол жүрісін ұйымдастыруды, тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiнiң, көлiк және инженерлiк коммуникациялардың, байланыс пен энергетиканың жұмыс iстеуiн, қоршаған ортаны қорғауды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтауды қамтамасыз етудегі қоғам мүдделерiн;
2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) қоғамдық мүдделердi - жекелеген аймақтар, қалалар, кенттер, ауылдар мен басқа да қоныстар халқының осы аумақта тұруының (болуының) қолайлы жағдайларын, экологиялық ахуалдың жақсаруын, шаруашылық және өзге де қызмет салдарынан болған қауіпті (зиянды) әсерлердiң алдын алуды, елдi мекендер мен оған iргелес жатқан аумақтардың инфрақұрылымдарын дамытуды, тарихи-мәдени мұра объектілерін, табиғат құндылықтарын сақтауды қамтамасыз етудегі мүдделерiн;
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) жеке мүдделердi - жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi жер учаскелерiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыруға байланысты олардың мүдделерiн қамтамасыз етуге тиiс
Егер азаматтар мен заңды тұлғалардың қала құрылысы және сәулет-құрылыс қызметi қолайсыздық туғызған немесе өздеріне тиесiлi (өздері пайдаланатын) объектiнi (жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi) пайдалануға, иеленуге не иелiк етуге мүмкiндік бермеген жағдайда, ол шектелуге жатады.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:
1) құрылыс үшiн инженерлiк iзденiстер жүргiзу, сәулет-қала құрылысы және құрылыс мақсаттарына картографиялық-геодезиялық қорды пайдалану;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы негiздемелерін, болжамдарын, құжаттарын жасау;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы белгіленген тәртіппен әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу және бекіту;
4) жаңа құрылыстар салу, сондай-ақ бар құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтiру және күрделi жөндеу;
5) аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру объектiлерiн салу;
6) аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою;
7) объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыс кешенiн жүргiзу;
8) ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-эксперимент жұмыстарын жүргiзу және олардың нәтижелерiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында пайдалану;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) қала құрылысы және сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру;
2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен тармақ 10) тармақшамен толықтырылды
10) инжинирингтік қызметтерді тарту және көрсету;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарды белгілеу болып табылады.
4-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi
Қазақстан Республикасының аумағында адамның мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортасын қалыптастыруға және дамытуға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi болып табылады.