Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1184 қаулысы
(2015.01.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 7 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 қарашадағы
№ 1184 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2007.05.10 № 908 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 778 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3.ҚР Үкіметінің 2005.05.02 ж. № 110 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. «Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң қысқа мерзiмдi болжамдары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 шiлдедегi № 959 қаулысында:
мәтіндегі «сауда» деген сөз «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«Мемлекеттік кiрiс» деген сөздер алынып тасталсын;
«1» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«25» деген сандар «30» деген сандармен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа» деген сөздер «Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің бiрiншi орынбасары А.С. Павловқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерi» деген бөлiмде:
«Жауапты орындаушылар» деген бағандағы «ЭСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«МКМ» деген аббревиатура алынып тасталсын.
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығын iске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 12 наурыздағы № 297 қаулысында:
мәтіндегі «сауда» деген сөз «бюджеттік жоспарлау министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. ҚР Үкіметінің 2015.01.09. № 727 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
7. ҚР Үкіметінің 2009.27.08. № 1251 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
8. ҚР Үкіметінің 2011.10.02. № 122 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)