3) алушыны әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтару қажеттігі туралы хабардар етуге;
4) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын және әлеуметтік төлемге құқығы бар адамдарға теңдей қызмет көрсету жағдайларын қамтамасыз етуге;
5) алушыларға әлеуметтiк төлемдердiң уақтылы және толық аударылуын қамтамасыз етуге;
6) қордың шешімі негізінде әлеуметтік төлемді жүзеге асыруға, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
8) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша қажетті түсіндірмелер беруге;
9) әлеуметтік төлемді тағайындауға арналған істің электрондық макетін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңсыз (негізсіз) деп танылған әлеуметтік аударымдардың сомасын есепке алмауға міндетті.
12-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының, ал ол қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) жағдайда, оның асырауында болған отбасы мүшелерiнің және алушының:
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қорға еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті:
жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде МӘС бөлімшесі арқылы;
өтініш жасаған кезде жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген кезде Мемлекеттік корпорация арқылы беруге;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) қорға Мемлекеттік корпорация арқылы асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) қорға жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті:
егер адам жұмыссыз ретінде тіркелген болса, Мемлекеттік корпорация арқылы;
жұмыссыз ретінде тіркеу кезінде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы;
жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
«Электрондық еңбек биржасы» порталында жұмыссыз ретінде тіркелген кезде аталған портал арқылы беруге;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) қорға Мемлекеттік корпорация арқылы жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) қорға бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті:
Мемлекеттік корпорация арқылы;
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беруге;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуына қарамастан, қордан осы Заңда көзделген тәртiппен әлеуметтiк төлемдерді, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен алуға;
6) төлеушіден, Мемлекеттік корпорациядан, қордан, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты тегін сұратуға және алуға;
7) Мемлекеттік корпорациядан және қордан әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпаратты тегін сұратуға және алуға;
8) қордың және осы тармақта көрсетілген өзге мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың осы Заңда белгіленген құқықтарды шектеуге байланысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқығы бар.
2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы, ал ол қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) жағдайда, оның асырауында болған отбасы мүшелерi және алушы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті анық құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуға;
2) әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтаруды жүргізуге;
3) әлеуметтік төлемдерді алу кезеңінде Мемлекеттік корпорацияны қордың әлеуметтік төлемдер жөніндегі міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, осындай өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабардар етуге міндетті.
13-бап. Төлеушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Төлеушiнiң:
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен қайтарып алуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорациядан әлеуметтік аударымдардың және (немесе) олар бойынша өсімпұлдың төленген сомалары туралы қажетті ақпаратты тегін сұратуға және алуға;
3) осы Заңға сәйкес басқа да құқықтарды iске асыруға құқығы бар.
2-тармақтың бірінші абзацының қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 39-баптың 4-тармағының редакциясында қолданылады
2. Төлеуші:
1) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегенi үшiн өсiмпұлды уақтылы және толық көлемде төлеуге;
2) қорға төленетiн әлеуметтiк аударымдардың сомаларын есептеу мен қайта есептеудi, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбеген жағдайда, өсiмпұл есептеудi өзі дербес жүзеге асыруға;
3) мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салықтық есептілікті ұсынуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір жұмыскер бойынша есептелген және төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың сомаларын бастапқы есепке алуды жүргізуге;
5) жұмыскерге тиісті кезеңде тиесілі болған жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабарлай отырып, оған қорға төленген әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары туралы мәліметтер ұсынуға;
6) қордың сұрау салуы бойынша, әлеуметтік төлем тағайындауға қажетті ақпарат беруге;
7) мемлекеттік кіріс органдарының талап етуі бойынша осы Заңның 17-бабында белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өздерінің пайдасына өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынуға мiндеттi.
2-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАР
14-бап. Әлеуметтiк аударымдардың мөлшерлемесі
1. Төлеушілердің мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн және (немесе) өз пайдасына қорға төлеуіне жататын әлеуметтiк аударымдары әлеуметтік аударымдар есептелетін объектiнің 3,5 пайызы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдар есептелетін объектiнің 5 пайызы мөлшерінде белгiленедi.
2-тармақ 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына өздері төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері әлеуметтік аударымдар есептелетін объектінің 20 пайызын құрайды.
15-бап. Әлеуметтік аударымдар есептелетін объект
1. Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерлерге, сондай-ақ ақы төленетін өзге жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдарға еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары олар үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объект болып табылады.
Бұл ретте жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай жабдықталымы кіреді.
2. Жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін мыналар:
өзі үшін - алатын кірісінің өз пайдасына әлеуметтік аударымдарды есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен артық емес сомасы;
жалдамалы жұмыскерлер үшін - қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерге еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде төленетін шығыстар әлеуметтік аударымдар есептелетін объект болып табылады.
3-тармақ 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
3. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада - айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшері және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объектілер болып табылады.
Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшері қолданылады.
4. Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ қандастарға еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары олар үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объект болып табылады.
5. Бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдар есептелетін ай сайынғы объект тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.
5-тармақтың екінші бөлігінің қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 39-баптың 4-тармағының редакциясында қолданылады
Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объект республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінен кем болған жағдайда, онда әлеуметтік аударымдар ең төмен жалақы мөлшері негізге алына отырып есептеледі, төленеді.
6. Қорға әлеуметтік аударымдар:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабының 2-тармағында белгіленген;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 17) тармақшасының алтыншы абзацында, 21) және 50) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабының 1-тармағында белгіленген;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 484-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген кірістерден төленбейді.
16-бап. Әлеуметтiк аударымдарды төлеу
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеуші әлеуметтiк аударымдарды қорға ай сайын, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияның банктік шоты арқылы төлемдерді жүзеге асыру жолымен, есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей төлейдi.
2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген мерзімдерде әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлейді.
3-тармақ 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен әлеуметтік аударымдарды төлейді.
4. Банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымнан әлеуметтiк аударымдар сомасына төлем тапсырмасының акцептiн алған күн - қолма-қол ақшасыз нысанда, төлеушiнiң банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға әлеуметтiк аударымдарды енгiзген күні қолма-қол ақша нысанында жүзеге асырылатын әлеуметтiк аударымдарды төлеу күнi болып есептеледi.
5. Әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.
6. Әлеуметтік аударымдардың және (немесе) осы Заңның 17-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
17-бап. Төлеушінің әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін жауаптылығы
1-тармақтың қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 39-баптың 4-тармағының редакциясында қолданылады
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық көлемде төленбеген сомаларын мемлекеттік кіріс органдары мерзімі өткен әрбір күн үшiн (қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі мөлшерiнде есепке жазылған өсiмпұлмен бірге өндiрiп алады немесе төлеуші оларды қордың шотына аударуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушіде әлеуметтік аударымдар бойынша берешек түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы төлеушіге әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.
Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітеді.
3. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда, мемлекеттік кіріс органы:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң - осы төлеушінің;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң осы төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды, салықтық берешекті және кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.
Мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі төлеушінің түсетін қолма-қол ақшаны түскен күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей қорға аудару жолымен бұлжытпай орындауына жатады.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітеді.
4. Мемлекеттік кіріс органының төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
5. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарлама жіберген мемлекеттік кіріс органына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өздерінің пайдасына өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынады.
6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес төлеуші ұсынған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімі негізінде мемлекеттік кіріс органы тізім алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, төлеушінің банктік шоттарынан әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомаларын мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.
Төлеушілердің банктік шоттарынан әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу төлеуші ұсынған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімі қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
Банктік шотта (шоттарда) клиентке қойылатын барлық талапты қанағаттандыру үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен клиенттің ақшасын алып қоюды жүргізеді.
Төлеушінің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда, әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада ұсынған инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.
7. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдардың сомалары төлеушілердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні осы сомаларды Мемлекеттік корпорация арқылы қорға аударуға міндетті.
8. Мемлекеттік кіріс органдары төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын көрсете отырып, әлеуметтік аударымдар бойынша туындаған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген берешегі бар төлеушілердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
18-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды қайтару
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомалары орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен, Мемлекеттік корпорацияның қор қаражаты түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей төлеушіге кейіннен аударуы үшін төлеушінің өтініші қорға келіп түскен күннен бастап банктік жеті күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударылуға жатады.
2. Әлеуметтік төлемдi тағайындау үшін есепке алынған кезеңге есептелген, төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.
3-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР
19-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтініш жасау және әлеуметтiк төлемдерді тағайындауға арналған құжаттарды қараудың мерзімдері
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш жасау осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген тиісті мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатпен қоса орталық атқарушы орган белгілеген нысан бойынша өтініш беру жолымен жүзеге асырылады. Өтінішке тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар қоса беріледі.
Әлеуметтік төлемдерді «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындаған кезде оларды тағайындау туралы өтініш ұсыну талап етілмейді.
2. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде сұрау салынған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған мемлекеттік орган немесе ұйым өтініш берушіні құжаттардың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде немесе әлеуметтік төлемдерді проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күннен бастап оларды, жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті, беру мерзімі екі жұмыс күнінен аспайтын құжаттарды қоспағанда, қорға береді.
4. Қор құжаттар келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды қарайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, қор өтініш берушіні бас тарту себептері туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берушіге қайтарады.
5. Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындауға, қайта есептеуге, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға қажетті құжаттардың (мәліметтердің) анықтығына тексеру жүргiзуге құқығы бap. Осы мақсаттарда қор мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға, төлеушіге және өтініш берушіге сұрау салулар жіберуге құқылы. Бұл ретте өтiнiш беруші әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы шешiм қабылдауда орын алған іркіліс және шешiм қабылдаудың ұзартылу, бірақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартылу мерзiмдерi туралы жазбаша және (немесе) электрондық нысандарда хабарлануға тиiс.
6. Келесі өтiнiш жасау кездерінде әлеуметтік төлемдер осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тағайындалады.
Қордың шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдер қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап тағайындалады.
Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық:
еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына - МӘС бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап;
асыраушысынан айырылу жағдайына - қайтыс болу туралы куәлiкте немесе хабарламада көрсетiлген қайтыс болған күннен бастап не соттың азаматты - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап не соттың оны хабарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмiнде көрсетiлген күннен бастап;
жұмысынан айырылу жағдайына - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретiнде тiркелген күннен бастап;