ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
(2022.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы
3-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi
4-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi қағидаттары
5-бап. Әлеуметтiк төлемдерді алу құқығы
6-бап. Қор активтерінің сақталуын қамтамасыз ету
7-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын тұлғалар
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті
9-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
10-бап. Орталық атқарушы органның құзыретi
11-бап. Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті
12-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының құқықтары мен мiндеттерi
13-бап. Төлеушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
2-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАР
14-бап. Әлеуметтiк аударымдардың мөлшерлемесі
15-бап. Әлеуметтік аударымдар есептелетін объект
16-бап. Әлеуметтiк аударымдарды төлеу
17-бап. Төлеушінің әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін жауаптылығы
18-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды қайтару
3-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР
19-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтініш жасау және әлеуметтiк төлемдерді тағайындауға арналған құжаттарды қараудың мерзімдері
20-бап. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
21-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
22-бап. Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
23-бап. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем
24-бап. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
25-бап. Әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру тәртібі
26-бап. Әлеуметтiк төлемдерден ұстап қалу
27-бап. Әлеуметтік төлемдерді тоқтата тұру және қайта бастау
28-бап. Әлеуметтік төлемдерді тоқтату
4-тарау. ҚОРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ
29-бап. Қордың мәртебесі
30-бап. Қордың басшы жұмыскерлеріне қойылатын талаптар
31-бап. Қордың қызметi
32-бап. Қордың құқықтары мен мiндеттерi
33-бап. Қор активтерiнiң құрылуы
34-бап. Қордың активтерін басқару тәртібі
35-бап. Есепке алу және есептілік
36-бап. Аудит
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
37-бап. Дауларды шешу
38-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
39-бап. Өтпелі ережелер
40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2020.13.05. № 327-VІ Заңымен бүкіл мәтін бойынша «оралмандар», «оралмандарға» және «оралман» деген сөздер тиісінше «қандастар», «қандастарға» және «қандас» деген сөздермен ауыстырылды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң азаматтарды міндетті әлеуметтiк сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерiн белгiлейдi және әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған кезде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушыларды әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысанын құруға байланысты қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүліктің тұрған жері бойынша оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) асырауындағылар санының коэффициентi - қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiнiң санына қарай айқындалатын коэффициент;
3) асыраушы - өзiнiң асырауындағы отбасының еңбекке қабiлетсiз мүшелерiн өз кірісі есебiнен асырайтын адам;
4) әлеуметтiк аударымдар - әлеуметтік аударымдарды төлеушілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлейтін ақша;
5) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек -Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде есептелген және төленбеген әлеуметтік аударымдар сомалары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;
6) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесі - әлеуметтiк аударымдар есептелетін объектiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;
7) тармақшаның қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 39-баптың 4-тармағының редакциясында қолданылады
7) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам;
8) әлеуметтiк тәуекел - еңбекке қабілеттіліктен айырылуға және (немесе) жұмысынан айырылуға, асыраушысынан айырылуға, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылуға әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның нәтижесінде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы не ол қайтыс болған жағдайда, оның асырауында болған отбасы мүшелерi осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ие болады;
9) әлеуметтiк төлемдер - әлеуметтік төлемді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;
10) әлеуметтiк төлемді алушы (бұдан әрi - алушы) - әлеуметтік тәуекел жағдайы басталғанға дейін өзі үшін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры өзіне қатысты әлеуметтiк төлемдерді тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi;
11) еңбекке қабілетсіздік күндері санының коэффициенті - жүктілікке және босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күндердің санына қарай айқындалатын коэффициент;
12) еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициентi - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесiне қарай айқындалатын коэффициент;
13) жеке практикамен айналысатын адам - жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;
14) инвестициялық декларация - Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде инвестициялау үшін мақсаттарды, стратегияны, объектілер тізбесін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің шарттары мен шектеулерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат;
15) инвестициялық кіріс - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған (алынуға жататын) ақша;
16) кірісті ауыстыру коэффициентi - әлеуметтік тәуекел жағдайына қарай айқындалатын коэффициент;
17) қатысу өтілінің коэффициентi - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне жалпы қатысу өтіліне қарай айқындалатын коэффициент;
18) қор активтері - осы Заңда көзделген мақсаттарға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
19) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі) - міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
20) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - қор) - әлеуметтік аударымдарды жинақтауды, асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін - асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;
21) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру - осы Заңда көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған кезде әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы;
22) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi - мемлекет белгiлейтiн және кепiлдiк беретiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтiн нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
23) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне жалпы қатысу өтілі - әлеуметтiк аударымдар түскен айлардың жалпы саны;
24) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушы - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн және осы Заңда көзделген әлеуметтiк тәуекел жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемдерді алуға құқығы бар жеке тұлға;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
25) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің субъектілері - төлеушi; мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы; алушы; Мемлекеттік корпорация; қор; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; орталық атқарушы орган; міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган; мемлекеттік кіріс органдары; халықты жұмыспен қамту орталығы;
26) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган - мемлекеттік органның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
27) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, қордың қызметiн реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
28) халықты жұмыспен қамту орталығы - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 29) тармақшамен толықтырылды
29) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы - еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе.
2-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
3-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлінеді:
1) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы;
2) асыраушысынан айырылу жағдайы;
3) жұмысынан айырылу жағдайы;
4) жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайы;
5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы;
6) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы.
4-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi қағидаттары
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi қағидаттары мыналар болып табылады:
1) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруі;
2) осы Заңда көзделген шарттарда әлеуметтік аударымдарды төлеудің мiндеттiлiгi;
3) қордың активтерін осы Заңда белгілеген мақсаттарға пайдалану;
4) осы Заңда көзделген шарттарда әлеуметтiк төлемдердiң мiндеттiлiгi;
5) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн саралау;
6) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың қызметiндегi жариялылық.
5-бап. Әлеуметтiк төлемдерді алу құқығы
Мемлекет осы Заңда көзделген шарттарда мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк тәуекел жағдайлары басталған кезде азаматтардың әлеуметтiк төлемдерді алу құқығына кепiлдiк бередi.
Егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, қандастар әлеуметтік төлемдерді алу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.
6-бап. Қор активтерінің сақталуын қамтамасыз ету
1. Мемлекет қор активтерінің сақталуына және нысаналы пайдаланылуына кепілдік береді.
2. Қор активтерінің сақталуы:
1) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететiн тиiстi нормалар мен лимиттердi белгiлеу жолымен оның қызметiн реттеу;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы инвестициялық қызметтi жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде қор активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi барлық операцияларды есепке алу;
4) қордың меншікті қаражаты мен активтерiнiң бөлек есепке алынуын жүргiзу;
5) қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарға шектеулер енгiзу;
6) жыл сайынғы аудитті жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қордың ұдайы қаржылық есептiлiгi;
8) қордың активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарының тiзбесi мен лимитін айқындау;
9) инвестициялық декларацияда қордың активтерін орналастыру кезінде тәуекелдердi әртараптандыру және азайту жөнінде талаптар белгiлеу;
10) осы Заңға сәйкес қордың басшы жұмыскерлеріне қойылатын талаптарды белгілеу арқылы қамтамасыз етiледi.
7-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын тұлғалар
Мыналар:
1) жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;
2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) тармақша 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ қандастар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатпайды.
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қорды құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдайды;
2) қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілейді;
3) еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы шешім қабылдайды;
4) қордың активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін айқындайды;
5) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілейді;
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
9-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган:
1) жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілейді;
2) қордың әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындауын бақылауды қамтамасыз етеді;
3) Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуын бақылауды қамтамасыз етеді;
4) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың және алушылардың қор мен өзге де мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдарын қарайды.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Орталық атқарушы органның құзыретi
Орталық атқарушы орган:
1) қордың қаржылық орнықтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
2) қордың қаржылық және өзге есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін айқындайды;
3) қордың басшы жұмыскерлерін тағайындауға (тағайындаудан бас тартуға) келісім береді;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) қордың қызметi туралы мәлiметтер, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан өзiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажеттi мәлiметтер алуға құқылы;
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қордың қызметін ішкі бақылауды жүзеге асырады;
6) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлейді;
7) қор активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін әзірлейді;
8) қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсыныс әзірлейді;
9) қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын жыл сайын, бірақ жылына екі реттен асырмай белгілейді;
10) қордың комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
11) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен қорға төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13) еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы ұсыныс әзірлейді;
14) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
15) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдап отыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
16) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
17) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
11-бап. Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті
1. Мемлекеттік корпорация міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алу;
2) қордың қаражатынан әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру;
3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді толықтыру және жаңартып отыру;
4) ай сайынғы қажеттілікті, әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру графиктерін қалыптастыру және қорға әлеуметтік төлемдерге қаражаттың қажеттігі туралы өтінімдерді жолдау;
5) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызмет түрлеріне сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және төлеушілерге әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпарат беру;
6) Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күнінен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, қорға төлеушілерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды аудару, әлеуметтік төлемдердің және олардан ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтару;
7) қордың қаражаты Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын төлеушілерге қайтаруды қамтамасыз ету;
8) мемлекеттік кіріс органына төлеушілердің келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсыну;
9) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін төленген әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтару.
2. Мемлекеттік корпорация:
1) әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды;
2) әлеуметтік аударымдардың және олар бойынша өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларының қайтарылуын;
3) әлеуметтік төлемдерді және олардан ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарын;
4) әлеуметтік төлемдердің және олардан ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларының қайтарылуын есепке алу және аудару мәселелері бойынша қормен өзара іс-қимыл жасайды және ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік корпорацияның осы Заңда көзделген қызметтерді көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражатын алуға құқығы бар.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорация көрсететін қызметтердің бағаларын орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті орган монополияға қарсы органмен және орталық атқарушы органмен келісу бойынша белгілейді.
4. Мемлекеттік корпорация:
1) әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдауды және олардың толықтығын тексеруді жүзеге асыруға, тағайындауға арналған істердің макеттерін қалыптастыруға және оларды қорға беруге;
2) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуметтік төлемдерді қайта есептеуге, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға қажетті құжаттарды қабылдауды және олардың толықтығын тексеруді және оларды қорға беруді жүзеге асыруға;