28) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету және ядролық сынақтар мониторингі жөніндегі зерттеулерді ұйымдастырады;
29) радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
30) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді;
2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31) атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялауға жататын ядролық материалдар, радиоактивті заттар мен электрофизикалық қондырғылар үшін алып қою деңгейлерін белгілейді;
32) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап жаңа редакцияда
7-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау тексеру, бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау, тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру жəне бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.
Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау алдын алу-профилактикалық сипатта болады.
3. Атом энергиясын пайдалану саласында бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау:
1) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар ұсынатын ақпарат пен есептілікті;
2) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын бұзушылық туралы ақпарат келіп түскен кезде өз құзыреті шегінде уәкілетті органның сұрау салуы бойынша алынған, осы заңнаманы сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратты;
3) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын сақтау мәселелеріне қатысты, жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін ақпаратты талдау арқылы жүргізіледі.
4. Қызметін ықтимал радиациялық қауіптілігі I, II, III және IV санаттағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер атом энергиясын пайдалану саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау субъектілері болып табылады.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау мен қадағалау субъектісінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды ресімдейді және жібереді.
6. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай:
1) алғаны туралы белгі қойылып - қолма-қол;
2) хабарламасы бар тапсырысты хатты жіберу арқылы - поштамен;
3) бақылау мен қадағалау субъектісі уәкілетті органға бұрын ұсынған құжаттарда көрсетілген бақылау мен қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті органның жөнелтуі арқылы - электрондық тәсілмен жіберілген жағдайларда, табыс етілді (алынды) деп есептеледі.
7. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды орындау мерзімі оны табыс еткен (алған) күннен кейінгі күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрауға тиіс.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда бақылау мен қадағалау субъектісі ұсыным жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
9. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізуге алып келеді.
10. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі қажеттілігіне қарай, бірақ Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында көзделген ақпарат пен есептілікті ұсыну кезеңділігінен жиілетпей айқындалады.
7-1-бап. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
7-2-бап. Атом энергиясын пайдалану саласында жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша уəкілетті орган Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайларда, егер бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі жеке жəне заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін болса, жедел ден қою шараларын қолданады.
2. Тексеруді, бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды, тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) жүргізу нəтижелері бойынша бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қолданылатын əсер ету тəсілдері түрлері осы бапта көзделген жедел ден қою шаралары болып табылады.
3. Жедел ден қою шараларында мынадай түрлер қамтылады:
1) бақылау жəне қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін тоқтата тұру;
2) бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) атом энергиясын пайдалану саласындағы өнім өндіру, аспаптар мен қондырғылар дайындау, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне немесе кəсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу;
3) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кəсіпкерлік жəне (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді, аспаптар мен қондырғыларды əкелуге, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жəне өткізуге тыйым салу;
4) адамдарды жұмыстан уақытша шеттету.
4. Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылу себептерін анықтау жəне көрсетілген талаптардың бұзылуына жол берген бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау үшін тергеп-тексеру жүргізу кезінде жедел ден қою шаралары тексеру парақтарында белгіленген талаптарды бұзушылықтарға ғана қатысты қолданылады.
5. Уəкілетті орган мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша қадағалау актісін ресімдейді.
Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес ресімделеді жəне бақылау жəне қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Қадағалау актісін қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда оған тиісті жазба енгізіледі жəне актіні қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Қадағалау актісі оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен бақылау жəне қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына жіберіледі.
7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне (немесе) тексеру, тергеп-тексеру нəтижелері туралы актілерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
9. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды тергеп-тексеру нəтижелері туралы актіде, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
10. Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне (немесе) тексеру, тергеп-тексеру нəтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Уəкілетті орган Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда қадағалау актісінің қолданысы тоқтатылады.
11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда жоспардан тыс тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
12. Бақылау жəне қадағалау субъектісі тергеп-тексеру нəтижелері туралы актіде, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықтардың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат берілген жағдайда осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
13. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нəтижелерімен келіспеген жағдайда қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Қадағалау актісін жарамсыз деп тануға жəне оның күшін жоюға:
1) жедел ден қою шарасын қолдануға негіздің болмауы;
2) жедел ден қою шарасының осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша қолданылуы;
3) уəкілетті органның жедел ден қою шараларын өз құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша қолдануы негіз болып табылады.
15. Жедел ден қою шараларының қолданылуы туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-3-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
7-3-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тергеп-тексеру
1. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-4-бабы 3-тармағының 1) жəне 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
2. Уəкілетті органның лауазымды адамдары тергеп-тексеруді осы Заңға жəне атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларына сəйкес жүргізеді.
3. Бақылау жəне қадағалау субъектілері тергеп-тексеру шеңберінде:
1) уəкілетті органның лауазымды адамына немесе комиссия мүшелеріне, тартылған сарапшылар мен мамандарға болуы туралы талап бақылау жəне қадағалау субъектісінің ішкі құжаттарында көзделген арнаулы киім мен жеке қорғану құралдарын беруді;
2) тергеп-тексеруге жататын құжаттарды жəне (немесе) материалдарды, оның ішінде архивтік құжаттарды, жазбаша жəне (немесе) ауызша нысанда түсіндірмелер ұсынуды;
3) зерттеп-қарау, қарап-тексеру жүргізу үшін кедергісіз мүмкіндікті;
4) уəкілетті органның лауазымды адамдарының, комиссия мүшелерінің, тартылған сарапшылар мен мамандардың тергеп-тексерудің нысанасына жататын объектінің аумағына (əкімшілік ғимараттарға, құрылыстарға, құрылысжайларға, үй-жайларға жəне басқа да объектілерге) кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Тергеп-тексеруді жүргізу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептері анықталады, тергеп-тексеру жүргізуге негіз болған, Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) айқындалады.
5. Тергеп-тексеру нəтижелері бойынша тергеп-тексеру нəтижелері туралы акт жасалады, онда сонымен қатар анықталған бұзушылықтар, оларды жою жөніндегі нұсқаулар, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетіледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне əсер ететін мəн-жайлар ескеріле отырып, бірақ тергеп-тексеру нəтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.
Бақылау жəне қадағалау субъектісі тергеп-тексеру нəтижелері туралы актіде көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзу шылықты жою фактісін дəлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
6. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін қосымша уақытша жəне (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда бақылау жəне қадағалау субъектісі өзіне тергеп-тексеру нəтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен уəкілетті органға жүгінуге құқылы.
7. Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген бақылау жəне қадағалау субъектісі анықталған жағдайда адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
8. Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілген жағдайда немесе оларды жою мерзімдері өткеннен кейін жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
9. Атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексерулерді жүргізу тəртібінің сақталмауы тергеп-тексеруді тағайындау, оның мерзімдерін ұзарту жəне нəтижелері туралы актілерді жарамсыз деп тануға жəне (немесе) олардың күшін жоюға негіз болып табылады.
10. Мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары уəкілетті органның интернет-ресурсында тергеп-тексеру аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде жарияланады.
11. Тергеп-тексерудің нəтижелері туралы актіге шағым жасау актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
3-тарау. АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ
8-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар:
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті қызмет түріне лицензиясы болуға;
2) атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен нысаналы жұмыс істеуді қамтамасыз етуге;
2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) атом энергиясы пайдаланылатын объектінің жобалау және пайдалану сипаттамалары мен өлшемдерінің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау талаптарына және (немесе) ядролық қаруды таратпау режимінің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымы және ішкі құжаттарының жүйесі болуға;
5) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес ядролық материалдарды есепке алу жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымы және ішкі құжаттарының жүйесі болуға;
6) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымы және ішкі құжаттарының жүйесі болуға;
7) ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауды қамтамасыз етуге және уәкілетті органға олардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы есептер ұсынуға;
8) иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылауды қамтамасыз етуге және уәкілетті органға олардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы есептер ұсынуға;
2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) уәкілетті органға ядролық, радиациялық немесе ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты жүйелердегі, жабдықтардағы, ядролық қондырғының жобалау және пайдалану құжаттамасындағы кез келген көзделіп отырған өзгерістер туралы хабар беруге;
10) уәкілетті органға ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікке байланысты авариялар мен оқыс оқиғалар туралы хабарлауға;
11) өмірлік циклінің бүкіл кезеңі ішінде ядролық қондырғыны қауіпсіз пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық ресурстарына ие болуға және білікті персоналы болуға;
12) ядролық қондырғыны пайдаланудан шығару, көму пунктін жабу, кейіннен кәдеге жарату, радиоактивті қалдықтарды көму, радиациялық авариялардың салдарын жою, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету үшін қаржы құралдарын көздеуге;
13) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
14) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде ядролық және радиациялық қауіпті жұмыстарға жіберілген жұмыскерлердің сәуле алу мөлшерін есепке алу мен талдауды жүргізуге және олардың өтемақы алу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етуге;
15) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды даярлауды, біліктілігін сақтауды және уақтылы аттестаттауды жүзеге асыруға міндетті.
2. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) мұндай объектілердің меншік иелерінің атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді басқа жеке және заңды тұлғаларға, егер бұл тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті қызмет түріне лицензиялары болмаса, беруге құқығы жоқ.
3. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қызметін тоқтатқан кезде қызметті қауіпсіз тоқтату жөніндегі мынадай іс-шараларды орындауға:
1) ядролық материалдарды және (немесе) иондандырушы сәулелену көздерін атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын, олармен жұмыс істеуге тиісті лицензиялары бар жеке және заңды тұлғаларға беруге;
2) радиоактивті қалдықтарды және (немесе) пайдаланылған радионуклидті көздерді сақтау немесе көму пункттеріне беруге;
3) пайдаланылып болған ядролық отынды сақтау немесе көму пункттеріне не атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын, ядролық материалдармен жұмыс істеуге тиісті лицензиялары бар заңды тұлғаларға беруге;
4) қоршаған ортаны қалпына келтіру, аумақтарды рекультивациялау, тоқтатылатын қызметті жүзеге асыру кезінде ластанған жабдықтар мен үй-жайларды активсіздендіру бойынша жұмыстар жүргізуге міндетті.
9-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау
2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялар мынадай қызмет түрлеріне беріледі:
1) атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау;
2) ядролық материалдармен жұмыс істеу;
3) радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу;
4) иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу;
5) атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету;
6) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу;
7) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондандырушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау;
8) бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызмет.
Лицензия мынадай қызмет түрлеріне берілмейді:
1) алып қою деңгейінен төмен ядролық материалдармен жұмыс істеу;
2) алып қою деңгейінен төмен радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу;
3) алып қою деңгейінен төмен, иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу.
2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлері үшін лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу өтінішін қарау мерзімі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
3. 2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Лицензияға қосымшада лицензия берудің ерекше шарттары ретінде аспаптардың, қондырғылардың, материалдардың, заттардың, қалдықтардың түрі көрсетіледі, бұлармен лицензиат мынадай тізбе бойынша жұмыс жүргізеді:
1) ядролық отын және оның компоненттерін дайындайтын қондырғылар;
2) атом энергетикалық станциялары;
3) ядролық (атом) зерттеу реакторлары;
4) термоядролық реакторлар;
5) табиғи уран өндіретін және қайта өңдейтін қондырғылар;
6) активтілігі жоғары радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері;
7) активтілігі орташа радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері;
8) активтілігі төмен радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері;
9) пайдаланылып болған ядролық отынды сақтау пункттері;
10) радионуклидті көздерді сақтау пункттері;
11) активтілігі жоғары радиоактивті қалдықтарды көму пункттері;
12) активтілігі орташа радиоактивті қалдықтарды көму пункттері;
13) активтілігі төмен радиоактивті қалдықтарды көму пункттері;
14) пайдаланылып болған ядролық отынды көму пункттері;
15) пайдаланылған радионуклидті көздерді көму пункттері;
16) изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдар;
17) радиоактивті заттар;
18) радиофармпрепараттар;
19) нейтрон генераторлары;
20) құрамында уран бар заттар;
21) құрамында торий бар заттар;
22) табиғи уранның қайта өңделген өнімдері;
23) белсенділігі көрсетілген жабық радионуклидті көздер;
24) активтілігі жоғары радиоактивті қалдықтар;