7. Тексеруші қызметкер ауыстырылған (тексеруші топтың құрамы өзгертілген) кезде қосымша акт жасалады, онда тексеруді белгілеу туралы бұрын жасалған актінің нөмірі мен күні және тексеруші қызметкерді ауыстыру (тексеруші топтың құрамын өзгерту) негіздері көрсетіледі.
8. Тексерілетін субъектіге тексеруді аяқтау туралы акті тапсырылған күн жоспарлы, жоспардан тыс тексерудің аяқталған күні болып есептеледі. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеруді аяқтау туралы актіге тексеру басшысы және оның тікелей басшысы қол қояды және ол тексерілетін субъектіге тексеруді белгілеу туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімі аяқталғаннан кешіктірмей тапсырылады.
62-3-бап. Құжаттамалық тексеруді жүргізу ерекшеліктері
1. Құжаттамалық тексеру оны белгілеу туралы актіні ресімдеуді талап етпейді.
2. Құжаттамалық тексеру кезінде қосымша мән-жайларды анықтау мақсатында тексерілетін субъектінің атына уәкілетті лауазымды адам қол қойған сұрау салу жіберіледі, онда:
1) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;
2) құжаттамалық тексерудің негізі;
3) тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына ұсынуға міндетті құжаттардың тізбесі;
4) сұратылған материалдарды ұсыну мерзімі;
5) қажет болғанда, тексерілетін субъект тарапынан түсіндіру талап етілетін мәліметтер көрсетіледі.
3. Тексерілетін субъект, егер сұрау салуда өзгеше белгіленбесе, сұрау салуды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сұратылған құжаттар мен түсініктемелерді береді.
4. Тексерілетін субъект тарапынан қол қою талап етілмейтін құжаттамалық тексерудің нәтижелері туралы қорытындыға уәкілетті лауазымды адам қол қойған күн құжаттамалық тексерудің аяқталуы болып табылады.
62-4-бап. Тексерулердің өзге де мәселелері
1. Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының тексеруші қызметкерлері қажет болғанда тексерілетін субъектіге танысу үшін ұсынылатын аралық актілерді жасайды.
2. Тексерілетін субъект аралық актіні алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тексерілетін субъектінің басшысы (оның орынбасары) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы қол қойған аралық актінің бір данасын қайтарады және аралық актінің мазмұнына қатысты ескертулер болған жағдайда өзінің жазбаша қарсылықтарын тексеру басшысына ұсынады.
Аралық актілерде жазылған қорытындылар алдын ала жасалған қорытындылар болып табылады және тексерілетін субъектіден, оның ішінде үшінші тұлғалардан алынған қарсылықтар мен қосымша ақпарат ескеріле отырып, тексеру нәтижелері туралы актіде қайта қаралуы мүмкін.
3. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру аяқталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тексерілетін субъекті басшысының атына Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының тексеруші қызметкерлері, тексеру басшысы және оның тікелей басшысы қол қойған тексеру нәтижелері туралы актінің екі данасы жіберіледі.
Тексеру нәтижелері туралы актіде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні және орны;
2) тексеруді жүргізген органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді белгілеу туралы актінің күні және нөмірі;
4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты-жөні және лауазымы;
5) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса), тексерілетін субъекті басшысының не оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
6) тексеруді жүргізу орны және кезеңі;
7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер;
8) тексерілетін субъекті басшысының (оның орынбасарының) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысының не осы баптың 7-тармағында көрсетілген өзге де адамның тексеру нәтижелері туралы актімен танысқаны туралы мәліметтер;
9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы.
Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелерімен байланысты қажетті құжаттар (мәліметтер) немесе олардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін.
4. Тексерілетін субъектінің басшысы (оның орынбасары) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын қабылдайды, актінің екінші данасының әрбір парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, алған күні туралы белгі қояды және тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, оны Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына жібереді. Тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған тексеру нәтижелерін тексерілетін субъектінің атқарушы және басқа да басқару органдарының назарына жеткізеді.
5. Тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтар болған кезде тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына жазбаша нысанда ұсынады.
6. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған тексерілетін субъектіні тексеру нәтижелері, қажет болғанда, тексерілетін субъектінің басшылары шақырыла отырып, Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының (оның орынбасарларының), оның ведомствосы басшысының (оның орынбасарларының), Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының бөлімшелері басшыларының (олардың орынбасарларының), тексеруге басшылық ету жүктелген адамдардың төрағалық етуімен өтетін кеңесте қаралады.
Кеңес нәтижелері кеңес төрағасы қол қойған хаттамамен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде тексерілетін субъектінің басшысына танысуға жіберіледі. Қарсылықтары болған жағдайда тексерілетін субъект кеңес хаттамасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына жазбаша нысанда ұсынады.
Қазақстан Ұлттық Банкі немесе оның ведомствосы тексерілетін субъектінің кеңес хаттамасына қарсылықтарымен келіспеген кезде түпкілікті шешімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның ведомствосының басшысы не олардың орынбасары қабылдайды және ол тексерілетін субъект басшысының назарына жеткізіледі.
7. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан басшысы, оның орынбасары не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы қол қояды.
Тексерілетін субъектінің басшысы, оның орынбасары не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы болмаған кезде жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан оның құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) не тексерілетін субъектінің атынан, оның ішінде тиісті бұйрық және (немесе) сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын өзге қызметкері қол қояды.
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген адамдар болмаған және оларға тексеру нәтижелері туралы актіні қол қою үшін тапсыру мүмкін болмаған жағдайда тексеруші адамдар оның нәтижелері туралы актіге қол қойған күннен бастап тексеру аяқталған болып есептеледі.
9. Тексеру нәтижелері Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының өз функцияларын орындауы мақсатында ғана пайдаланылуға тиіс.
10. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіні тексерілетін субъект жарнамалық немесе өзге де мақсатта өзінің қаржылық жай-күйін растау үшін пайдалана алмайды, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.
11. Тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына берген қаржылық және өзге есептіліктің құжаттамалық деректері жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде келтірілген мәліметтерге сәйкес келмеген кезде тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының нұсқауы бойынша өзінің есептілігін, тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген нақты деректерге, оның ішінде өткен есепті күндерге сәйкес келтіреді.
12. Тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкінің ведомствосы белгілеген мерзімде жоспарланған шаралары, жауапты орындаушылары және тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мерзімдері көрсетілген іс-шаралар жоспарын келісуге ұсынады.
Іс-шаралар жоспарын Қазақстан Ұлттық Банкінің ведомствосымен келісуден өткізген соң тексерілетін субъект бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы есептерді не іс-шаралар жоспары бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелердің орындалмау себептері туралы түсініктемелерін береді.
13. Тексерілетін субъектінің осы Заңның 62-2-бабы 2-тармағының төртінші бөлігінде, 3, 5 және 6-тармақтарында, 62-3-бабының 3-тармағында, сондай-ақ осы баптың 2, 4 және 12-тармақтарында көрсетілген талаптарды бұзуы тексерілетін субъектіге не оның басшысына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға негіз болып табылады.
14. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының қызметкерлеріне тексерілетін субъектінің қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жариялауға не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
15. Тексеруді жүзеге асыратын адамдар тексерілетін субъектінің қызметін тексеру барысында алынған және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
62-5-бап. Бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары
Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес берілетін ақпарат пен есептілікті талдау;
2) қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау үшін олардың қызметін талдау (қашықтан қадағалау);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген рұқсат беру құжаттарын келісу, беру және қайтарып алу, келісулер, лицензиялау, бағалы қағаздардың шығарылымдарын тіркеу, бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есептерді бекіту, бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою мәселелері бойынша құжаттарды, үлестес тұлғалар туралы ақпаратты қарау;
4) уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің үй-жайлардың техникалық жарақталуына қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеріп қарау;
5) кредиттік тарих жүйесіне және сақтандыру бойынша дерекқорына қатысушылардың қауіпсіздік жүйесін және үй-жайларына, электрондық және өзге жабдықтарына қойылатын талаптарды орындауын тексеріп қарау;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен қаржы ұйымдарына өз өкілін жіберу;
7) аккредиттеу, тізілімдерді жүргізу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттарды тіркеу;
8) белгіленген пруденциялық нормативтердің және (немесе) өзге де сақталуы міндетті нормалар мен лимиттердің, оның ішінде шоғырландырылған негізде орындалуымен немесе сақталуымен байланысты қызметті талдау;
9) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының уақытша әкімшіліктері (уақытша әкімшілері), тарату комиссиялары беретін есептілік пен өзге де ақпаратты қарау;
10) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау және босату;
11) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының аралық тарату балансын және кредиторлары талаптарының тізілімін, ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының кредиторлары комитетінің құрамын бекіту;
12) мәжбүрлеп таратылатын банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы есепті және тарату балансын келісу;
13) валюталық бақылау агенттеріне олардың валюталық бақылауды тиісінше жүзеге асыру мақсатында орындауы үшін міндетті тапсырмалар беру;
14) тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша олардың кездесулері мен талқылауларын өткізу;
15) қаржы ұйымдарының және сақтандыру тобының немесе банктік конгломераттың бас ұйымының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды сақтауымен байланысты қызметті талдау;
16) актуарийлердің біліктілік емтиханын өткізу;
17) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебін бекіту жолымен жүзеге асырады.»;
22) 66-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;
23) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«70-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiктер
Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi кез келген жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
Мемлекеттік органдар, қаржы және өзге де ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ жеке тұлғалар Қазақстан Ұлттық Банкінің сұрау салуы бойынша құжаттарды, қаржы есептемесін қоса алғанда, есептемені және қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкінің өз функцияларын орындауына қажетті өзге де қосымша ақпаратты беруге міндетті.»;
24) 70-1-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметтерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға өтеусіз негізде мемлекеттік қызметтер көрсетеді.»;
25) 71 және 72-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«71-бап. Талап етудің ескіру мерзімі
Қазақстан Ұлттық Банкінің кредит шарттарының тиiсiнше орындалмауы жөнiнде қарыз алушыларға қоятын талаптарына талап етудің ескіру мерзiмi қолданылмайды.
72-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің жауапкершiлiгi
Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.».
9. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж. № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
1) 4-баптағы «Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттiк орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-бапта:
екінші бөлікте:
бірінші сөйлемдегі «Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі «Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздер «Ұлттық Банк» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның» деген сөздер «Ұлттық Банктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-баптың екінші бөлігінің 12) тармақшасындағы және сегізінші бөлігіндегі «уәкiлеттi органның» деген сөздер «Ұлттық Банктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 18-баптың төртінші бөлігіндегі «уәкілетті органға» деген сөздер «Ұлттық Банкке» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны тіркеуші органдарда (бұдан әрі − әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі лицензиясының болуымен айқындалады.»;
2) 2-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) банкаралық клиринг - төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есепке жатқызуын жүргізу және клирингке қатысушылардың - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) депозит - бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға - банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Ұлттық почта операторына олардың алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз толық немесе бөліп-бөліп тікелей депозиторға қайтарылуы не тапсыру бойынша үшінші тұлғаларға берілуі тиіс не тиіс емес екеніне қарамастан, оларды номиналды түрде (ислам банкіндегі инвестициялық депозитті қоспағанда) қайтару талабымен беретін ақша;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) мамандандырылған салалық банк - қызметі Қазақстан Республикасының жеке заңнамалық актісімен реттелетін екінші деңгейдегі банк;»;
3) 3-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн білдіреді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (уәкілетті орган) мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiктері «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен айқындалады.
Уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде банк қызметiнiң мәселелерi бойынша реттеудi, сондай-ақ өзінің ведомствосымен қатар бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға ықпал етеді.
Уәкілетті органның банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұруға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Қазақстан Республикасында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекет қатысатын мамандандырылған салалық банктерді құруға жол берілмейді.»;
4) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.»;
5) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым
Уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болып танылады.»;
6) 5-1-бапта:
1-тармақтағы «Ұлттық Банк» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
12) тармақшаның бірінші бөлігіндегі «Ұлттық Банкке» деген сөздер «уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Ұлттық Банктiң» деген сөздер «уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу
1. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлғаның:
1) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын орындауға;
2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада «банк» деген сөздi немесе содан туындайтын, ол банк операцияларын орындайтындай әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) пайдалануға құқығы жоқ. Бұл тыйым уәкілетті органға, банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, банктердің еншілес ұйымдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.
2. Мемлекеттiк орган, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық почта операторы, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметтi (операцияларды) қоспағанда, уәкiлеттi органның лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылады.»;
8) 8-баптың 9-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) банкаралық клирингті жүзеге асырумен;»;
9) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банк операцияларын жүргiзуге уәкiлеттi органның лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға банк операциялары санатына жатқызылған, жүзеге асырылатын қызметтердi жарнамалауға тыйым салынады.»;
10) 11-1-бапта:
6-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде ықпал етудің қолданыстағы шектелген шарасының және (немесе) уәкілетті органның банкке және (немесе) банк холдингіне және (немесе) сатып алу көзделген еншілес ұйымға қатысты қолданған санкциясының болуы;»;
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты қайтарып алған кезде уәкілетті орган рұқсатты қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған немесе банк және (немесе) банк холдингі рұқсатты қайтарып алу туралы өтінішті берген күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.»;
11) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті органнан басқа барлық банктерге өз атауында кез келген тiлде толық немесе қысқарған түрде «ұлттық», «орталық» деген сөздердi пайдалануға тыйым салынады.»;
12) 17-1-бапта:
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Келісім беруге негіз болған мәліметтер анық емес деп анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін иелену салдарынан Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзған немесе ірі қатысушылар немесе банк холдингі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтамаған жағдайда уәкілетті орган келісімді қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде осы бапқа сәйкес берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, оны қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда, өзіне осындай шара қолданылатын тұлға алты ай ішінде өзіне тиесілі банк акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.»;