Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы № 439-ІІ Заңы
(2016.30.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 5 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдары
3-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
6-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлу жағдайларының ерекшелiктерi
7-бап. Өндiрiс паспортына енгiзiлетiн мәлiметтер
8-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымының мониторингi және оны декларациялау
9-бап. Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялау
10-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру
11-бап. Темекi өнiмдерiн өткiзу
12-бап. Темекi өнiмдерiнiң импортын реттеу
13-бап. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
14-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) акциз маркасы - қорғау элементтерi бар, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өнiм бiрлiгiне бастырылатын марка;
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 1-1), 1-2), 1-3), 1-4) және 1-5) тармақшалармен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-1) дербес сәйкестендіру нөмір-коды (бұдан әрі - ДСН-коды) - өндірілетін және импортталатын темекі өнімдеріне берілетін сәйкестендіру нөмірі;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-2) есепке алу-бақылау маркасы - темекi өнiмдерiн есепке алу және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру мақсатында темекi өнiмдерiн сәйкестендiруге арналған қажеттi қорғау дәрежелерi бар арнаулы бiржолғы жапсырма қағаз;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 1-3) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-3) қорап - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекi өнiмiнiң белгiлi саны бар тұтыну ыдысының бiрлiгi;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 1-4) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-4) орам - белгiлi қорап саны бар топтап тұтыну ыдысының бiрлiгi;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 1-5) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-5) сәйкестендiру - белгiлi бiр өнiмдi өндiру, айналымға шығару (айналысы), пайдалану саласында оны өзiне ұқсас өнiмнiң арасында айырым белгілерi бойынша ауыстырмай тануды қамтамасыз ететiн рәсiм;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 1-6) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-6) таңбалау - тұтынушыға арналған ақпаратты құрайтын және қорабы мен орамындағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;
2) темекi өнiмдерiнiң айналымы - темекi өнiмдерiн экспорттау, импорттау, сақтау, көтерме және бөлшек саудамен өткізу;
3) темекi өнiмдерiн көтерме саудамен өткізу - темекi өнiмдерiн одан әрi қайта сату үшiн өткізу (жөнелту);
4) өндiрiс паспорты - темекi өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстiк қуаттарының көрсеткiштерiн, өндiрiстiң технологиялық процесiн сақтау үшiн қолда бар жабдықтарды пайдалануды реттейтiн оның негізгі сипаттамаларын көрсететiн құжат;
5) темекi өнiмдерiн өндiрушi - сату үшiн темекi өнiмдерiн өндiретiн жеке немесе заңды тұлға;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) темекi өнiмдерiне ілеспе жүкқұжаты - темекi өнiмдерiнің орын ауыстыруына бақылау жасауға арналған құжат;
6) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi - стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарға сай келетiн темекi өнiмдерiн дайындауды қамтамасыз ететiн технологиялық процестер жиынтығы;
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) темекi өнiмдерi - шегу, сору, шайнау немесе иіскеу үшін пайдаланылатындай етіп жасалған шикізат материалы ретінде толығымен немесе ішінара темекі жапырағынан дайындалған өнімдер;
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) фильтрлі сигареттер - кесілген темекіден жасалған, фильтр қолданыла отырып, сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекі өнімдерінің бір түрі;
7-2) фильтрсіз сигареттер - кесілген темекіден жасалған, фильтрдің қолданылуынсыз сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекі өнімдерінің бір түрі;
8) уәкiлеттi орган - темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымына байланысты қатынастарды реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеудi Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкiлеттi орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу:
1) темекi өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызметтi лицензиялауды;
2) темекi өнiмдерiнiң импортын реттеудi;
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымына мониторингтi жүзеге асыру және декларациялау тәртібін белгiлеу арқылы бақылау жасауды;
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуді қамтиды.
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) өз құзыретi шегiнде темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актілерін шығарады;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына темекi өнiмдерiн әкелуге шектеулер мен тыйымдар белгiлейдi;
4) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 4-2) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4-2) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) өз құзыретi шегiнде темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн шығарады;
2) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы көлемдерiнiң теңгерiмiне бақылау, есеп жүргiзедi және талдау жасайды;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес темекi өнiмдерiн өндiруге лицензиялар бередi;
4) мемлекеттік органдармен темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын бақылауды жүзеге асыру жөнiнде өзара iс-қимыл жасайды;
5) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылды
5-1) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну нысанын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
5-2) темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
5-3) темекi өнiмдерiн акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбiн белгiлейдi;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5-4) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5-4) темекi өнiмдерiне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 5-5) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-5) темекі өнімдеріне арналған ДСН-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлу жағдайларының ерекшелiктерi
Темекi өнiмдерiн өндiру:
1) лицензияда көрсетiлген мекенжай бойынша;
2) стандарттау және өлшеу құралдарының бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттармен белгiленген талаптарға caй келетiн жабдықтарда;
3) өндiрiс паспорты болған кезде;
4) темекi өнiмдерiн өндiрушiге меншiк құқығымен немесе өзге де құқықтармен тиесiлi темекi өнiмдерiн өндiру үшiн қажеттi үйлер мен үй-жайлар болған кезде;
5) темекi өнiмдерiн өндiрудi технологиялық бақылау жөніндегі зертханасы болған кезде жүзеге асырылады.
7-бап. Өндiрiс паспортына енгiзiлетiн мәлiметтер
1. Өндiрiс паспортын темекi өнiмдерiн өндiрушi әзiрлеп, толтырады және уәкiлеттi органға жiбередi.
2. Өндiрiс паспортында мынадай негiзгi мәлiметтер болуға тиіс:
1) технологиялық жабдықтың негiзгi сипаттамалары көрсетiлген темекi өнiмдерiн өндiрудiң технологиялық схемасы;
2) сапа бақылауын ұйымдастыру;
3) дайын өнiмнiң қойма үй-жайларының сыйымдылығы;
4) темекi және темекi емес компоненттер шығыстарының нормативтерi, ысырап нормалары.
3. Өндiрiс паспортындағы мәлiметтер өзгерген жағдайда, темекi өнiмдерiн өндiрушi бiр ай iшiнде аталған өзгерістер туралы уәкiлеттi органға құжаттап хабарлауға мiндеттi.
8-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымының мониторингi және оны декларациялау
1. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiсiн жүзеге асырушы тұлғалар уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтер беруге мiндеттi.
2. Темекi өнiмдерiнiң импортын және оларды көтерме саудамен өткізудi жүзеге асырушы тұлғалар уәкiлеттi органға темекi өнiмдерiнiң қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларация беруге мiндеттi.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-бап. Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялау
Темекі өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
10-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру
1. Темекi өнiмдерiн өндiруге берiлетiн лицензияның қолданылуын лицензиар:
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) осы Заңның 6, 7 және 8-баптарында белгiленген нормалар және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасы бұзылған;
2) лицензиат біліктiлiк талаптарын бұзған;
3) лицензия берiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде лицензияланатын қызмет жүзеге асырылмаған;
4) лицензиарға оның құзыретiне сәйкес мәлiмет беруден бас тартқан немесе дәйектемесiз ақпарат берген;
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5) тармақша өзгертілді
5) темекi өнiмдерiн акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау қағидалары бұзылған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруы мүмкiн.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2. Темекi өнiмдерiн өндiруге берiлген лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес сот тәртібімен жүзеге асырылады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Темекi өнiмдерiн өткiзу
1. Қазақстан Республикасының аумағында темекi өнiмдерiн өткiзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Темекі өнімдерінің айналымы кезінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен міндетті түрде ілеспе жүкқұжаттары ресімделеді.
Ілеспе жүкқұжаттарынсыз, сондай-ақ темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларын бұза отырып темекі өнімдерінің айналымына және орын ауыстыруына тыйым салынады.
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Темекі өнімдерінің өндірісін және (немесе) импортын жүзеге асыратын тұлғалар темекі өнімдерін өндіруді және (немесе) импорттауды жүзеге асыруды бастағанға дейін темекі өнімдеріне ДСН-кодтарын беру қағидаларында айқындалған тәртіппен өтінімді жіберуге міндетті.
2015.08.06. № 317-V ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
12-бап. Темекi өнiмдерiнiң импортын реттеу
Темекi өнiмдерiнiң импортын реттеу акциз ставкаларын, кедендiк, арнайы, демпингке қарсы және өтемдiк баждар ставкаларын, темекi өнiмдерiнiң импортына квоталарды бекіту (өзгерту) арқылы жүзеге асырылады.
13-бап. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Қызметiн Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдарын бұза отырып жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Шыққан жерi белгiсiз, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға, гигиеналық нормативтерге сай келмейтiн, сондай-ақ акциз маркаларынсыз немесе есепке алу-бақылау маркаларынсыз өткiзiлетiн темекi өнiмдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алып қойылуға және жойылуға тиiс.
14-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті | | Н.А. Назарбаев |