45-бап. Жалпы сипаттағы трансферттер
1. Бюджет субвенциялары мен бюджеттік алып қою жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік субвенциялар болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік алып қоюлар болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі:
Қазақстан Республикасының заңымен — республикалық бюджет пен облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің арасында;
облыстық мәслихаттың шешімімен - облыстық бюджет пен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасында;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен - аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің арасында абсолюттік мәнімен жылдар бойынша бөліне отырып, үш жылдық кезеңге белгіленеді.
Сырғымалы негізде жыл сайын жоспарлы кезеңге белгіленетін аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін қоспағанда, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері әрбір үш жыл сайын өзгертуге жатады.
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-1-тармақ өзгертілді
4-1. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңға (облыстық мәслихат шешіміне) мыналар:
жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын қаржыландырудың ең төмен көлемдері;
қаржыландыру көлемдерін көрсете отырып, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша алғанда жалпы сипаттағы трансферттер көлемдерін айқындау кезінде жергілікті бюджеттер шығыстарының базасына қосымша енгізілген іс-шаралар қоса беріледі.
Шығыстардың бағыттары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесе отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды, облыстық бюджеттен, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган айқындайды.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының ең төмен көлемдері белгіленетін шығыстар бағыттары олардың басымдылығы мен әлеуметтік маңыздылығы ескеріле отырып айқындалады.
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-2. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде қаржыландырған жағдайда, белгіленген соманың төлемдер бойынша қаржыландырудың тиісті қаржы жылының соңындағы жиынтық жоспарының жылдық сомасынан асып түскен сомасы өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірілмей жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген көлемдерден төмен көлемде қаржыландырған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімдері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
5. Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін осы Кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну үшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.
2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.
8. Жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлемі шығындарының болжамды көлемінен асып түскен кезде жоғары тұрған бюджетке жергілікті бюджеттен бюджеттік алып қою белгіленеді.
Жергілікті бюджет шығындардың болжамды көлемі кірістерінің болжамды көлемінен асып түскен кезде жоғары тұрған бюджеттен жергілікті бюджетке бюджеттік субвенциялар белгіленеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптарының әдістемесі негізінде есептеледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды
9-1. Үшжылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілеу үшін жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
10. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемінің есеп-қисабы кезінде жоспарлы кезеңде жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер, жергілікті атқарушы органның борышын өтеудегі шығындар ескерілмейді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Жалпы сипаттағы трансферттерді аудару тәртібі мен кезеңділігін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 46-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
46-бап. Нысаналы трансферттер
1. Нысаналы трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттерге және нысаналы даму трансферттеріне бөлінеді.
2. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде:
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына алып келетін, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өкілді және атқарушы органдарының актілерін қабылдаудан туындайтын, төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған;
2) төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджеттерге беретін, мемлекеттік органдар функцияларының мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне берілуіне байланысты жоғары тұрған бюджет шығыстарының ұлғаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қабылдаудан туындайтын жоғары тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық, облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомаларын көрсете отырып өтінімдерді ұсынады.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Жергілікті бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығыстар берілетін нысаналы даму трансферттерінің көлемі ескеріле отырып, жергілікті бюджеттерде айқындалады.
Жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыру үшін нысаналы даму трансферттері төмен тұрған бюджеттерге әр объект бойынша жеке бөлінбей, бір сомамен бөлінеді.
Жергілікті бюджеттік инвестициялар арасында нысаналы даму трансферттерін бөлуді жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға көзделетін қаржыландыру көлемін ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері бюджеттік инвестицияларды төмен тұрған жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бөлінеді.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері алдыңғы қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы келісімдерде айқындалған жергілікті бюджеттік инвестициялардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізілген кезде бөлінеді. Мұндай нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда, кезекті қаржы жылында нысаналы даму трансферті берілмейді.
2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негіздемеде немесе үлгілік жобада көзделмеген қосымша құрамдауыштарды енгізуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялардың сметалық құнының ұлғаюымен байланысты шығыстар тиісті жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз болған кезде стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызды мәні бар, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен астанада іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негiздемеде немесе үлгiлiк жобада көзделмеген қосымша құрамдауыштарды енгiзуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялардың сметалық құнының ұлғаюы бойынша, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен асатын шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Төмен тұрған бюджеттерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен қаражат бөлу нысаналы трансферттер түрінде жүзеге асырылады.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке-дара қаржыландыру жоспарының негізінде аударады.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы даму трансфертін беру үшін жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының әкімшісі мен тиісті жергілікті атқарушы орган арасында ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірілмей бір қаржы жылына арналған Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасалады.
Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім:
шешілуіне нысаналы даму трансферттері бөлінетін мақсаттар мен міндеттерді;
нысаналы даму трансферттерін пайдалану есебінен қол жеткізілуге тиіс тікелей және түпкілікті нәтижелерді;
тиісті жергілікті атқарушы органның қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісіне ұсынуы туралы міндеттемені;
тараптардың шешімі бойынша айқындалатын басқа да жағдайларды қамтитын құжатты білдіреді.
12. 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 12-1-тармақпен толықтырылды; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-1-тармақ жаңа редакцияда
12-1. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының әкімшісі Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153 және 154-баптарының талаптарына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттама ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органмен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасаспайды.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ жаңа редакцияда
13. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында одан әрі бөлінген жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органы аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы тиісті келісімдер жасасады.
Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасында одан әрі бөлінген жағдайда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерімен нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы тиісті келісімдер жасасады.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. Жоғары тұрған бюджеттен жаңа жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға қосымша нысаналы даму трансферттері бөлінген жағдайда, осы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңды немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы қаулысына өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілгеннен кейін бір ай ішінде жасалады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жартыжылдықтың және бір жылдың қорытындылары бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органына бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жартыжылдықтың және бір жылдың қорытындылары бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жартыжылдықтың және бір жылдың қорытындылары бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісіне бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеу, нысаналы трансферттерді аудару, қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау және беру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 17-тармақпен толықтырылды
17. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына ағымдағы бағалау жүргізу және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөнінде бірыңғай дерекқор қалыптастыру үшін жасалғаннан (өзгерістер енгізілгеннен, есеп жасалғаннан) кейiн бес жұмыс күнінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерді, олардағы өзгерістерді, нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкі нәтижелер туралы есептерді жібереді.
47-бап. Төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік кредиттер
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Республикалық бюджеттен, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден бюджеттік кредиттер бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге және қаржы жылы ішінде қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында тиісінше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілуі мүмкін.
2. Төмен тұрған бюджеттерге бюджеттік кредиттер осы Кодекске сәйкес беріледі.
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48-бап. Трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелерге қол жеткізбегені үшін жауаптылық
1. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттерді бөлу кезінде:
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді уақтылы жасамағаны үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі және жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының тиісті әкімшілерінің бірінші басшысы;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді аудармағаны үшін жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) нысаналы даму трансферттерін - нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес, нысаналы ағымдағы трансферттерді бекітілген бюджеттік бағдарламаға сәйкес пайдаланбағаны, нәтижелерге, оның ішінде бюджет қаражатын толық игеру кезінде қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшысы;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) нәтижелерге қол жеткізбеуге алып келген, жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді игермегені үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі, төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Нысаналы трансферттер есебінен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты жалғыз ұйымдастырушы болып табылатын, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеген жағдайда, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2-бөлім. Бюджет деңгейлері арасында түсімдер мен шығыстарды бөлу
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-тарау. Бюджетке түсетін түсімдерді республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасында бөлу
49-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер
1. Мыналар:
1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы;
2) қосылған құн салығы, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;
4) шикі мұнайға, газ конденсатына акциздер;
5) ойын бизнесі салығы;
6) мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, үстеме пайда салығы;
7) тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемақы;
8) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бонустар;
9) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруден алынатын салық;
10) мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, экспортқа рента салығы;
11) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі;
12) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым;
14) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат берілгені үшін алым;
15) бұқаралық ақпарат құралының мемлекеттік тіркелгені (есепке қойылғаны) үшін алым;
16) дәрілік заттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшін алым;
17) шығармаларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтардың, шығармаларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшін алым;
18) 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ ұялы байланыстың берілгені үшін төлемақы;
20) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
21) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;
22) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;
23) кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекi) жарнаманы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшiн төлемақы;