2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы ұсыныс әзірлейді;
13) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
12-бап. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының:
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда (егер өтініш берген кезде адамның жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленсе), асыраушысынан айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда Орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне немесе ХҚО-ға әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда Орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 1-2), 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде МӘС бөлімшесіне еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
1-3) жұмыссыз адам ретінде тіркелген кезде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
1-4) жұмысынан айырылған жағдайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
2) мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алуына қарамастан, осы Заңда көзделген тәртiппен Қордан әлеуметтiк төлемдердi алуға;
3) төлеушiден, Орталықтан және Қордан әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң және аудару мен есептелуiнiң толықтығы және уақтылы болуы туралы, сондай-ақ әлеуметтiк төлемдердi тағайындау мен алу тәртібі туралы ақпаратты сұратуға және тегiн алуға;
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мен осы тармақта көрсетілген өзге де мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың осы Заңда белгіленген әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын алуға құқықтарын шектеуге байланысты әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.
2. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы және алушы:
1) әлеуметтiк төлемдер тағайындауға қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етуге;
2) 2007.19.12. № 9-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
3) қате төленген сомаларды қайтарып алуға;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қайта куәландырудан өтуге және қайта куәландырудан өту мерзiмдерiн сақтауға;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) әлеуметтік төлемдерді алу кезеңінде әлеуметтік төлемдер бойынша Қор міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, осындай өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Орталықтың құрылымдық бөлімшелерін хабардар етуге міндетті.
13-бап. Төлеушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Төлеушiнiң:
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) қате төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомаларын қайтарып алуға;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын қайтаруға;
2) аударылған сомалар туралы қажеттi ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Орталықтан сұратуға және тегiн алуға;
3) осы Заңға сәйкес басқа да құқықтарын iске асыруға құқығы бар.
2. Төлеушi:
1) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшiн өсiмпұлды уақтылы және толық көлемiнде төлеуге;
2) Қорға төленетiн әлеуметтiк аударымдар мөлшерiн есептеу мен қайта есептеудi, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемеген жағдайда өсiмпұл есептеудi дербес жүзеге асыруға;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) есептелген және аударылған әлеуметтiк аударымдар бойынша мемлекеттік кіріс органдарына есеп-қисап беруге мiндеттi.
2-тарау. Әлеуметтік аударымдар
14-бап. Әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн Қорға төленуге тиiстi әлеуметтiк аударымдар мынадай мөлшерде белгiленедi:
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 1,5 пайыз;
2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 2 пайыз;
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 3 пайыз;
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 пайыз;
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес арнаулы салық режимi қолданылатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олардың өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдарының мөлшерi:
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн ең төмен жалақының 1,5 пайызы;
2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн ең төмен жалақының 2 пайызы;
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн ең төмен жалақының 3 пайызы;
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 пайыз, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының 4 пайызынан кем емес;
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының 5 пайызынан кем емес болады.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 15-бап өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару
2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жұмыс берушiнiң қызметкерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарын есептеу жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттiк органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң ақшалай қамтылымын қоса отырып, Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн төленетiн әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ай сайын жүргiзiледi.
Бұл ретте айлық табыс әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.
Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерiнен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар ең төменгі жалақы мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері әлеуметтік аударымдарды төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 3-тармақ өзгерді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
3. 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара).
16-бап. Әлеуметтiк аударымдарды төлеу тәртібі
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді
1. Егер Осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеушi қорға әлеуметтiк аударымдарды Орталықтың банк шоты арқылы жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей төлейдi.
2. 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) алынып тасталды (бұр. ред. қара)
2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төлейді.
3. Әлеуметтiк аударымдар қолма-қол нысансыз жүзеге асырылатын төлеу күнi банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан әлеуметтiк аударымдар сомасына төлем тапсырмасының акцептiн алған күн болып, қолма-қол нысанда жүзеге асырылатын төлеу күнi төлеушiнiң банкке әлеуметтiк аударымдарды енгiзген кезiнен бастап есептеледi.
2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-бап. Әлеуметтiк аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін төлеушінің жауапкершілігі
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Уақтылы аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндiрiп алады немесе оларды төлеушi мерзiмi өткен әр күн үшiн (Қорға төлеген күндi қоса) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен қоса Қордың шотына аударуға тиiс.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әлеуметтiк аударымдар толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары жиналып қалған берешек шегіндегі ақшаны төлеушiнiң банктік шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен төлеушiге хабарлама жiберiле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негiзiнде жүргiзiледi.
Егер әлеуметтік аударымдар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын болса, мұндай хабарлама жіберілмейді.
Төлеушi әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мерзiмдерде мемлекеттік кіріс органына табыс етуге мiндеттi.
Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банктік шоттарда ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк клиенттiң ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртібімен жүргiзедi.
Төлеушінің банктік шоттарында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада қойған инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің банктік шоттарынан шетел валютасында жүргізіледі.
2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны берген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеуші міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органы төлеушінің банктік шоттар және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік кіріс органдарының өкiмi бойынша банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар төлеушiлердiң банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мiндеттi әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды орындауға мiндеттi.
Мемлекеттік кіріс органының банктік шоттар және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмiнің күшін осындай өкiмдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы банктік шоттар және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жояды.
3. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтiк аударымдар сомаларын Қордың шотына осы сомалар төлеушiнiң банктiк шотынан есептен шығарылған күнi аударуға мiндеттi.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Төлеушiнiң банк шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Жүргiзiлген аударымдар туралы хабарлау
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, төлеушi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есепке жазылған әлеуметтiк аударымдар жөнiндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде тоқсан сайын тапсырады.
Декларацияның нысанын және оны жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2009.05.05. № 159-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару
Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомалары төлеушінің банктік шотына банктік үш күн ішінде Орталықтың кейіннен аударуы үшін төлеушінің өтініші Қорға келіп түскен күннен бастап банктік жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Орталықтың банктік шотына аударылуға жатады.
3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау
20-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтiнiш беру және әлеуметтiк төлемдер тағайындауға арналған құжаттарды қарау мерзімдері
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш жасау өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген тиісті мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатпен қоса әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш беру арқылы жүзеге асырылады. Тізбесін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар өтінішке қоса беріледі.
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған орган немесе ұйым өтініш берушіні қағаз жеткізгіштердегі құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Орталықтың құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органға береді.
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, ол өтініш берушіні бас тарту себептері туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды Орталықтың құрылымдық бөлімшелері немесе ХҚО арқылы өтініш берушіге қайтарады.
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның табыс етiлген құжаттардың дұрыстығына тексеру жүргiзуге құқығы бap. Осы мақсаттарда ол мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдарға ұсынылған құжаттардың анық екендігі туралы сұрау салуды жiберiп, оларды беруге негiз болған құжаттардың бар-жоғын тексере алады. Бұл ретте, әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм қабылдаудың кешiктiрiлуi және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабардар етiлуге тиiс.
5. Кейiнгi өтiнiштер берiлген кезде әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган өтiнiш қайталап берiлген кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде төлем тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және төлем тағайындаудан бас тарту себептерi мен шағымдану тәртібін көрсете отырып, ол туралы Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерi арқылы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарлайды.
Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның шешiмiне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдер Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап тағайындалады.
Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық:
еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің Қорға өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысының жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін МӘС бөлімшесі белгілеген күннен бастап;
асыраушысынан айырылған жағдайда - қайтыс болу туралы куәлiкте көрсетiлген қайтыс болған күнінен бастап не азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмiнде көрсетiлген күннен бастап туындайды.
Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем үлесiн бөлу құқығы әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органға оны бөлу үшін өтiнiш жасалған күннен бастап туындайды;
жұмысынан айырылған жағдайда - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің Қорға өзі үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысының жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға жұмыссыз ретiнде тiркелу үшiн өтiнiш жасаған күннен бастап;
жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда - еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетiлген жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс берiлген күннен бастап;
жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда - еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетiлген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс берiлген күннен бастап;
бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда - баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап, баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда - баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап туындайды.
Жұмысынан айырылған, жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайларда Қордан төленетiн әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш жасау мерзімдері Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс.
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Өтініштің осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген органда немесе ұйымда тіркелген күні Қордан әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі. Әлеуметтік төлемдер тағайындау мерзімі өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Орталықтың құрылымдық бөлімшесінде тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.