1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген өтемді қатысушы банктер арасынан конкурстық негізде таңдап алынған агент банк (банктер) арқылы төлейді.
Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртiбiн және агент банкке қойылатын талаптарды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер қатысушы банктердің бірде-біреуі агент банкке қойылатын талаптарға сай келмеген немесе конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдер болмаған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген өтемді Ұлттық пошта операторы арқылы төлейді.
21-бап. Кепілдік берілген өтемді төлеу тәртібi
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыратын агент банктің (агент банктердің) не Ұлттық пошта операторының (агент банктi таңдау мүмкiн болмаған жағдайда) атауын көрсете отырып, кепілдік берілген өтемді төлеу басталатын күн, төлеу кезеңі мен орны (орындары) туралы не осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда, кепілдік берілген өтем төлеуді бастауды кейінге қалдыру туралы хабарлайды.
Кепілдік берілген өтемді төлеу басталатын күн депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым хабарландыруды жариялаған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген өтемді төлей бастау мерзімін кейінге қалдырған жағдайда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мемлекеттік және орыс тілдерінде таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы төлеудің басталуы, кезеңі, орны (орындары) және шарттары туралы депозиторларға қосымша хабарлайды.
Депозитор аталған ақпаратты депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымнан тікелей алуға құқылы.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Агент банк не Ұлттық пошта операторы кепілдік берілген өтемді төлеуді кепілдік берілген өтемді агент банк не Ұлттық пошта операторы арқылы төлеу туралы келісімнің қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырады.
Депозитор агент банк не Ұлттық пошта операторы арқылы кепiлдiк берiлген өтемді төлеу туралы келісімнің қолданылу мерзімі ішінде өзiне кепiлдiк берiлген өтемді төлеу туралы жазбаша өтiнiш беруге құқылы. Агент банк не Ұлттық пошта операторы кепiлдiк берiлген өтемді төлеуді депозитор өзінің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде ғана жүргізедi.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Депозитордың барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банкке талап ету құқықтары расталған кезде агент банк не Ұлттық пошта операторы кепiлдiк берiлген өтемдi құжаттар агент банкке не Ұлттық пошта операторына келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей төлейдi.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Кепілдік берілген өтемді агент банк не Ұлттық пошта операторы арқылы төлеу туралы келісімнің қолданылу мерзімі өткен соң депозитор кепілдік берілген өтемді алу үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өтініш жасауға құқылы.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Егер барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банк депозиторға қатысты кредитор немесе кепілдік беруші болса, кепілдік берілген өтемнің мөлшерi қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күнге кепiлдiк берiлетін депозит сомасы мен аталған қатысушы банктің қарсы талаптарының сомасын есепке жатқызу нәтижелері бойынша шыққан айырма сомасына сүйене отырып айқындалады.
6-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резервi
22-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заңда көзделген қатысушы банк депозиторларының мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн:
1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталы мөлшерінің жетпіс пайызы шегiнде оның шығыстары;
2) қатысушы банктердің жарналары;
3) қосылу шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қатысушы банктерге қолданылған тұрақсыздық төлемі;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның төленген (төленетін) кепілді өтемнің сомалары жөніндегі талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алынған ақша;
5) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің активтерiн орналастырудан түскен кiрiс;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғысында көзделген тәртiппен оның шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған меншікті активтерін орналастырудан түскен кiрiс;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда одан алынған, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасы мөлшеріндегі ақша шегiнде және есебiнен арнайы резерв қалыптастырады.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервінің нысаналы мөлшері қатысушы банктердегі бүкіл кепілдік берілген депозиттер сомасының бес процентінен кем болмайды.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерві кепілдік берілген өтемді төлеу және банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманы толтыру үшін пайдаланылуы мүмкін
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қарыз алуы
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің қаражаты депозиторларға кепілдік берілген өтем төлеуге жеткіліксіз болса және жетіспейтін соманы қатысушы банктердің қосымша жарналары есебінен жабу мүмкін болмаған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жетіспейтін ақша сомасында қарыз алуға құқылы.
Депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемді төлеуді бастау уәкiлеттi органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келiсу бойынша қарыз алу үшiн қажеттi, бiрақ қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзiмге кейінге қалдырылады.
7-тарау. Қорытынды ережелер
24-бап. Дауларды қарау тәртібi
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жөніндегі қарым-қатынастардан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
1. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және Заң қолданысқа енгізілгенге дейін банктер жеке тұлғалармен жасасқан банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарынан туындайтын қарым-қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген кезде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болған банктер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен осы Заңда белгіленген тәртіппен қосылу шартын жасасуға міндетті.
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қатысушы банктермен жасасқан міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеу, жеке тұлғалардың тартылған депозиттері бойынша сыйақының ең жоғары ставкалары және банктің депозит саясаты жөніндегі мәліметтерді ұсыну туралы шарттар қатысушы банкпен осы Заңда белгіленген тәртіппен қосылу шартын жасасқан кезге дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-сі.
№ 169-III ҚРЗ