талап етілетін ең төмен рейтингі бар облигацияларды сатып алуы жағдайларына қолданылмайды. Талап етілетін ең төмен рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының:
тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін қаржы құралдарын (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.
Осы тармақта белгіленген шектеулер бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді осы ұйымның қайта құрылымданатын міндеттемелері тізбесіне енгізу шартымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің бұдан бұрын сатып алынғандардың орнына қайта құрылымдау процесіндегі ұйымдардың облигацияларын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына:
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1) акциялардан, сондай-ақ осы Заңның 25-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген облигациялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге түрлерін шығаруға;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы Заңның 25-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген қарыз тартуды қоспағанда, банктерден, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан меншікті капиталының мөлшерінен асатын мөлшерде қарыз қаражатын үш айдан астам мерзімге тартуға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) осы Заңның 25-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін қамтамасыз етусіз қарыздарды тартуды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардан қарыз қаражатын тартуға;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғаларына және қызметкерлеріне бір жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға қаржылық көмекті қоспағанда, өтеусіз негізде қаржылық көмек көрсетуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кез келген тәсілдермен қарыз беруге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, сақтанушыларға, оның ішінде үшінші тұлғалар арқылы сыйақылардың кез келген түрін төлеуге;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) сақтандыру агенті - екінші деңгейдегі банк немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым делдал болған кезде комиссиялық сыйақысының мөлшерін көрсетпей сақтандыру шартын жасасуға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерлері мен үлестес тұлғаларына бастапқы есепке алу құжаттарынсыз ақша беруге тыйым салынады.
6. Сақтандыру холдингтері осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызметтен басқа мынадай қызмет түрлерімен:
1) сақтандыру холдингінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын тұлғадан өз мұқтажына сатып алынған мүлікті сатып алумен;
2) қаржылық қызметімен байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетумен;
3) сақтандыру холдингінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын тұлғаға меншікті мүлкін сатумен айналысуға құқылы.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру холдингтеріне, тәуекелдерді хеджирлеу мақсатында жасалған операцияларды қоспағанда, туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және (немесе) сақтандыру холдингтері тәуекелдерді хеджирлеу мақсатында жасайтын туынды қаржы құралдарымен операциялар бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) түрінде жасалуы мүмкін.
Осы Заңның 53-3-бабы 1-тармағы 2), 4), 7) және 8) тармақшаларының, 53-4-бабы 2-тармағы 2), 3) және 5) тармақшаларының, 53-5-бабы 1-тармағының, 54-1-бабы 5-тармағының, 55-бабы 3-тармағының, 55-1-бабы 1-тармағының, 55-4-бабы 1-тармағы 4) тармақшасының және 2-тармағы 7) тармақшасының, 69-бабы 2-тармағының және 71-бабы 2-тармағының ережелері бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты қолданылмайды.
Бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады (қолданады).
Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жатқызу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарына, капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымдарға тиесілі сақтандыру тобының бас ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) жиынтық үлесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын лимиттерден аспауға тиіс.
9. Осы баптың талаптары:
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мынадай талаптардың бірін:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілеріне иеленген тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуын;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар болғанда сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
2) банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтеріне;
3) аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына тікелей иелік ететін (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру холдингінің акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына жанама түрде ие (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) сақтандыру холдингтеріне;
4) қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғаларынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшерінен асатын, өзі қабылдап алған сақтандыру тәуекелдерінің бір бөлігін Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына беруге міндетті. Рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-тармақ жаңа редакцияда
11. Осы баптың талаптары сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді инвестициялауға қолданылмайды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 49-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
49-бап. Сақтандыру бойынша ірі мәмілелер жасау
1. Егер жасалған жекелеген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы (қабылданатын міндеттемелер көлемі) не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жекелеген қайта сақтандыру шарты бойынша қабылданатын міндеттемелерінің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нормативтен асатын болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәміле ірі мәміле деп танылады.
2. Ірі мәміле жасау туралы шешім сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдің қорытындысы негізінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданады.
2005.23.12 № 107-III ( бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 50- бап өзгертілді
50-бап. Бағалы қағаздармен және вексельдермен мәмiлелер жасау
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жасалған мәмiлелер Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып тiркеледi.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алтын акция шығаруға құқығы жоқ.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 51-бап өзгертілді
51-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жасалған мәмiлелердi бақылау
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жалпы санының бес процентiнен астам дауыс беретiн (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларын меншiк құқығына немесе басқару құқығына алатын тұлға растайтын құжаттарды табыс ете отырып күнтiзбелiк он күн iшiнде уәкiлеттi органға көрсетiлген мәмiленiң жасалғандығы туралы жазбаша хабарлама табыс етуге мiндеттi.
1) мәмiленiң нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акциялары жинақталымының жиырма бес процентiнен астамын бiр тұлға немесе қосылма тұлғалар тобы иеленетiн, басқаратын немесе кепiлге иеленетiн болса;
2) осы Заңның 35-бабының 2-тармағындағы тармақшалардың бiрiне қатысы бар тұлға мәмiле тараптарының бiрi болып табылса уәкiлеттi органының алдын ала рұқсатын алуға мiндеттi.
2. алып тасталды
3. 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың талаптары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларымен және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларына шығарылған депозитарийлiк қолхаттармен жасалған мәмiлелердiң барлық түрiне қолданылады.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 52-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 52-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
52-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірлескен қызметке қатысуы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 13-бабында белгіленген талаптарға сәйкес консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға құқылы.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, онымен және оның құрылтайшыларымен үлестес тұлғалардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қатысатын консорциумдар мен жай серіктестіктерге қатысушы ұйымдардың қызметін қадағалау шоғырландырылған негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Шоғырландырылған қадағалау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 52-1-баппен толықтырылды
52-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары:
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органының) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;
2) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдерді;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің түрлері бойынша тәуекелдердің рұқсат етілетін мөлшеріне жеке-жеке лимиттерді;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдарына тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдерін;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлерін қамтуға тиіс тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.
Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері уәкілетті органның осы тармақта көзделген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіп пен тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.
2. Сақтандыру тобында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі болуға тиіс.
Сақтандыру тобының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды шоғырландырылған негізде сақтауды қамтамасыз етеді.
Сақтандыру тобының бас ұйымы сақтандыру тобына қатысушылардың тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды сақтауы үшін жауапты болады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Сақтандыру холдингі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын, оның ішінде еншілес ұйымның немесе сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымдардың қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты болуын қамтамасыз етеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлғаларға қолданылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Уәкілетті орган тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесінің осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 52-2-баппен толықтырылды
52-2-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жариялану күні олардың қызметі шындыққа сай келмейтін жарнама жасауға тыйым салынады.
2. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оны тоқтатуды немесе оны теріске шығарып жариялауды талап етуге құқылы.
Бұл талап уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті орган жарнамадағы мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігі туралы ақпаратты жариялауға не оларды мұндай жарнаманы жариялаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есебінен нақтылауға құқылы.
3. Мынадай тұлғаларға:
«өмірді сақтандыру» немесе «жалпы сақтандыру» салалары бойынша, сондай-ақ қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметкерлері болып табылмайтын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ұсынатын қызметтерге жарнама беруші ретінде әрекет етуге тыйым салынады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 52-3-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
52-3-бап. Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің бухгалтерлік есепке алуды жүргізуі және қаржылық есептілікті жасауы, бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыруы Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2-бөлік 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілік жасауды халықаралық стандарттарға және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 52-4-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
52-4-бап. Сақтандыру шартын жасасу кезінде, сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу және сақтандыру жағдайын реттеу кезеңінде жосықсыз әрекетке тыйым салу
1. Сақтандыру шартын жасасу кезінде, сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу және сақтандыру жағдайын реттеу кезеңінде сақтандыру шарты тараптарының анық емес мәліметтер ұсынуына және сақтандыру шартының елеулі талаптарының орындалуына әсер ететін ақпаратты жасыруына тыйым салынады.
2. Сақтандыру шартын жасасу кезінде, сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу және сақтандыру жағдайын реттеу кезеңінде:
1) сақтандыру шартын жасасу кезінде оның елеулі талаптарына әсер ететін ақпаратты жасыру немесе бұрмалау;
2) сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырылған мүліктің сақтандыру құнын негізсіз көтеріп жіберу;
3) сақтандыру жағдайының басталу мән-жайлары туралы ақпаратты жасыру және бұрмалау;
4) оқиғаға қандай да бір жолмен сақтандыру жағдайының көрінісін беру;
5) сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін сақтандыру шартын жасасу;
6) сақтандыру шартында сақтандыру агенті және оның сыйақысы туралы ақпаратты бұрмалау;
7) сақтандыру төлемдерінің сомасы нақты залал сомасынан асып кеткен жағдайда, сол бір сақтандырылған мүлік бойынша бірнеше сақтандырушыға сақтандыру төлеміне жүгіну жосықсыз әрекет белгілері болып табылады.
3. Сақтандырушы осы баптың 2-тармағында көзделген жосықсыз әрекет белгілерін анықтаған кезде сақтандыру төлемінің Қазақстан Республикасының заңдарында не сақтандыру шартында көзделген мерзімі өткенге дейін сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыруды күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Сақтандыру төлемін тоқтата тұру туралы хабарлама сақтанушыға (пайда алушыға) тиісті тексеру жүргізілетіндігі көрсетіле отырып, тоқтатыла тұрған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберілуге тиіс.
Сақтандыру төлемін тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін сақтандырушы сақтандыру төлемінен уәжді бас тартуды жіберуге не сақтандыру төлемінің Қазақстан Республикасының заңдарында не сақтандыру шартында көзделген мерзімінен асқан әрбір күн үшін, сақтандыру төлемін жүзеге асыру күніне Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне сүйене отырып есептелетін тұрақсыздық айыбын ескере отырып сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.
4. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не уәкілетті орган сақтандырушы тарапынан жосықсыз әрекет фактілерін анықтаған кезде уәкілетті орган сақтандырушыға қатысты осы Заңның 53-1-бабында көзделген шараларды қолданады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-тарау. Қадағалап ден қою шаралары, санкциялар және өзге де ықпал ету шаралары
10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 53-бап өзгертілді; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 53-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара) ҚР Заңымен; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 53-бап жаңа редакцияда
53-бап. Ерте ден қою шаралары
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін талдауды жүзеге асырады.
2. Сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру тобының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган сақтандыру тобының қызметін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін талдауды жүзеге асырады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөнінде ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын ұсыну бойынша жазбаша нысанда талап жібереді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның акционерлері көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша орындау мерзімдері мен жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген мерзімдерде оны орындау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.
Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның ірі қатысушыларына (сақтандыру холдингтеріне) осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.
4. Сақтандыру тобының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) сақтандыру холдингін не сақтандыру тобының қатысушыларын тексеру қорытындысы бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушысына сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру тобының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөнінде ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын ұсыну бойынша жазбаша түрде талап жібереді.
Сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша орындалу мерзімдері мен жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті.