2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциялық нормативтер:
жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін;
төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін;
өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін;
активтерді әртараптандыру нормативтерін қамтиды.
Сақтандыру топтарына арналған пруденциялық норматив төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі болып табылады.
Уәкiлеттi орган қосымша пруденциялық нормативтер, оның ішінде аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру резервтерінің орнын толтыратын активтерді инвестициялау бойынша қосымша нормативтер белгілеуге құқылы.
Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары үшін қосымша пруденциялық нормативтерді белгілеуге құқылы.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және (немесе) сақтандыру холдингтерін не олардың лауазымды тұлғаларын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына ірі қатысушыларды немесе сақтандыру холдингтерін жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданады.
3. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпенн толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің жай және (немесе) артықшылықты акциялары (жарғылық капиталындағы қатысу үлестері) бойынша дивидендтер төлеуге мынадай:
1) егер осындай төлеу:
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының бір не бірнеше пруденциялық нормативінің бұзылуына;
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін фактордың (факторлардың) пайда болуына алып келетін;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобы пруденциялық нормативтерді бұзған, сондай-ақ осы баптың 4-тармағына сәйкес шаралар қолданбаған;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметіне және сақтандыру тобының қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөніндегі ерте ден қою шаралары көзделетін, осы Заңның 53-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес уәкілетті органға ұсынылған іс-шаралар жоспарының орындалмауына әсер ететін фактор (факторлар) болған жағдайларда жол берілмейді;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру холдингі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, пруденциялық нормативтерді белгіленген деңгейден төмен емес деңгейде ұстап тұру бойынша шаралар қолдануға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, оның ішінде уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
Үшінші бөлігі 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Уәкілетті орган осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде сақтандыру холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына осы Заңның 53-4-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Осы бапта келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылардың үлестес тұлғаларының, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің заң бұзушылықтары, құқыққа сыйымсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы тұлғаларға да қатысты қолданылуы мүмкін.
5. Төлем қабілеттігі маржасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен активтердің асып түсуін білдіреді.
6. Кепілдік қоры сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында төлем қабілеттігі маржасының белгіленген ең аз мөлшерден төмендеуі нәтижесінде құрылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты (шарттары) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті ұстап қалуының мөлшерін есептеуге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
8. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржылық есептілікке кірмейтін туынды қаржы құралдарының болуы және оларды пайдалануды шектеу туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 10-1-тармақпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 10-1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10-1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының осы Заңда көзделген исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді.
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-2-тармақпен толықтырылды
10-2. Пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде ескерілетін активтердің құнын айқындау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сақтандыру холдингінен олардың құнын бағалаушыдан не бағалаушылар палатасы арқылы бағалауды жүргізуді талап етуге құқылы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі уәкілетті органның осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарын орындамаған жағдайда, тиісті актив пруденциялық нормативтердің келесі есебінен алынады.
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобына қатысушы уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген, қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 11-1-тармақпенн толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
11-1. Осы баптың талаптары акционерлердің жалпы жиналысы (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату), осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясын ерікті түрде тапсыру туралы шешім қабылдаған, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысы (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясын ерікті түрде тапсыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелінің жоқ екенін растайтын құжаттар болған жағдайларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Уәкілетті орган қаржы жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, инвесторларды, сақтанушыларды (сақтандырылушыларды, пайда алушыларды) қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді.
Уәкiлеттi орган қосымша пруденциялық нормативтерді, оның ішінде аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру резервтерінің орнын толтыратын активтерді инвестициялау бойынша қосымша нормативтерді белгілеуге құқылы.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы есептік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі және олардың ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымдарының филиалдарын жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциалдық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелері, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі және олардың ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының осы Заңда көзделген исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері ескеріле отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерін белгіленген деңгейден төмен емес деңгейде ұстап тұру жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, оның ішінде уәкілетті органның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайын жақсарту бойынша, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген активтерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайту бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын, осы тармақтың оныншы бөлігінде көрсетілген шаралар жеткізіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған міндеттемелерді бұрын уәкілетті органға осы Заңның 30-1-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасына сәйкес ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес орындайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкілетті органның жазбаша нұсқамада көрсетілген бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептіліктегі және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
Осы баптың 5, 6 және 10-2-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылады.
46-1-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 164-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 47-бап өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 47-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47-бап. Сақтандыру резервтері
1. Сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий есептеген көлемде қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің болуы міндетті.
2. Сақтандыру резервтерінің қаражаты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауына байланысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға ғана арналған.
3. Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қалыптастырған сақтандыру резервтерінің жеткіліктілігін бағалауды уәкілетті орган, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 164-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 48-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру холдингтері үшін тыйым салынған немесе шектелген қызмет
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру холдингтерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу:
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының:
деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымды;
қызметтің ерекше түрі ретінде сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларды;
сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды;
сатып алынатын акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келуі шартымен орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) он пайыздан аз мөлшерінде заңды тұлғаларды;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңына сәйкес 3-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар, өзінде сақтандыру холдингі бар болған кезде орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғаларды. Бұл ретте, сақтандыру холдингінің болуы жөніндегі талап дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сақтандыру холдингтерінің:
қаржы ұйымдарын;
банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғаларды құру, сондай-ақ акцияларды немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы бір заңды тұлға үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының он пайызынан аспауы тиіс. Бұл шектеу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын иеленуіне, оның ішінде оларды құрған кезде қолданылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының елу пайызынан аспауға тиіс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Бұл талап Қазақстан Республикасының резиденті-еншілес банктеріне қолданылмайды.
Сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Бұл талап:
Қазақстан Республикасының резиденттері-еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына;
Қазақстан Республикасының резиденттері-еншілес банктерге;
сақтандыру холдингі аталған заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне тікелей иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе Қазақстан Республикасының резиденттері банктің акцияларына иелік ету арқылы (дауыс беру, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) бас ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға;
сақтандыру холдингі болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері емес еншілес ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге мынадай талаптардың біреуін орындаған кезде:
сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ аталған тұлғалардың шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан олардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы бар болғанда;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу меншігіне мынадай:
1) сақтандыру холдингтерінің:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын;