2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Үкіметтік емес ұйымдар сыйлықақы алуға өтінімдерді уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін береді.
Дәл сол бір үкіметтік емес ұйым сыйлықақы алуға сыйлықақының бір бағытынан артық бағыт бойынша ұсынылмайды.
2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сыйлықақы алғаннан кейін үш жыл ішінде үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы алу үшін қайта ұсынуға жол берілмейді.
4. Сыйлықақының ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерін құрайды.
2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Бір бағыт бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше ізденушіге берілуі мүмкін. Сыйлықақы бірнеше ізденушіге берілген кезде сыйлықақы олардың арасында тең бөліктермен бөлінеді.
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды қаржыландыру және олардың бюджет қаражатын пайдалану
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін көзделген бюджет қаражаты осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартта, мемлекеттік грант беруге арналған шартта белгіленген мақсаттарда және тәртіппен пайдаланылады.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын, гранттардың пайдаланылуын және сыйлықақылар беруді бақылау
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын, гранттардың пайдаланылуын және сыйлықақылар беруді бақылауды уәкілетті орган, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 жылғы сәуірдің 12-сі.
№ 36-III ҚРЗ