3) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз авторлық құқықтарды басқару туралы ақпаратты жоюға немесе өзгертуге;
4) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз мүліктік құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертілген туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты оларды қайта шығаруға, таратуға, тарату мақсатында импорттауға, көпшілік алдында орындауға, жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлауға немесе эфирде беруге, жалпы жұрттың назарына жеткізуге жол берілмейді.
48-1-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2005.22.11. № 90-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертілді
49-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау
1. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды сот:
1) құқықтарды тану;
2) құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру;
3) құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн әрекеттердi тыю;
4) айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру;
5) құқық бұзушы авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу салдарынан тапқан табысты өндiрiп алу;
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) соттың қарап шешуі бойынша айқындалатын бір жүз айлық есептік көрсеткіштен он бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомада немесе туынды даналары құнының екі еселенген мөлшерінде немесе салыстырмалы мән-жайлар кезінде әдетте туындыны құқыққа сыйымды түрде пайдаланғаны үшін алынатын бағаға негізделе отырып айқындалатын, туындыны пайдалану құқығы құнының екі еселенген мөлшерінде өтемақы төлеу арқылы жүзеге асырылады. Залалды өтеудің немесе кірісті өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот айқындайды;
7) олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актілерінде көзделген өзге де шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады.
Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген шаралар құқық иеленушінің таңдауы бойынша қолданылады.
1-1. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Iс қаралғанға дейiн судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын жауапкердiң дайындауына, көшiрмелеуiне, сатуына, пайдалануына тыйым салу туралы жеке-дара ұйғарым шығаруға құқылы. Судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын, сондай-ақ оларды дайындау мен көшiрмелеуге арналған материалдар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салу және алып қою туралы ұйғарым шығаруға да құқылы.
3. Сот авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналарын, сондай-ақ оларды көшiрмелеуге пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарды тәркiлеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналары оның талап етуi бойынша авторлық немесе сабақтас құқықтардың иесiне берiлуi мүмкiн не соттың шешiмi бойынша жойылуға тиiс. Оларды көшiрмелеуге пайдаланылған материалдар мен жабдықтар соттың шешiмi бойынша жойылуға не мемлекет кiрiсiне берiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының