Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 266 Қаулысы
(2013.05.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2013.05.03. № 212 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 4 сәуірдегі
№ 266 қаулысымен
бекітілген
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру
ережесі
1. Осы Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесі «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына сәйкес әзiрлендi және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру тәртiбiн айқындайды.
2. Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар (бұдан әрi - мемлекеттік стипендиялар) Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын берiледi.
3. Мемлекеттік стипендиялар алуға мыналар:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, халық жазушысы, халық әртiсi, халық суретшiсi, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткері құрметті атақтары бар немесе әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары болып табылатын;
2) қазақстандық мәдениеттің дамуы үшін шығармашылық әлеуеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер болады.
4. Мемлекеттік стипендияны мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) жанынан арнайы құрылған Мемлекеттік стипендияларды беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрі - Комиссия) шешімінің негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.
Комиссия өз міндеттерін қоғамдық бастама негізінде орындайтын уәкiлеттi орган мен шығармашылық одақтардың өкілдері қатарынан қалыптастырылады.
Комиссияның құрамы уәкiлеттi органның бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауға және жеті адамнан кем болмауға тиіс.
Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.
5. Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды алуға ұсынылатын құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылады.
6. Қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шығармашылық одақтар мен мәдениет ұйымдары уәкiлеттi органға ағымдағы жылғы бірінші тамызға дейін мынадай құжаттарды: мемлекеттік стипендия алушыға берілген қолдаухат пен шығармашылық мiнездеменi қағаз немесе электронды түрде жібереді.
Мемлекеттік стипендия алушыға келіп түскен құжаттарды уәкiлеттi орган қабылдайды және бір күн мерзімде тіркеп, Комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия отырысы ағымдағы жылғы бесінші қыркүйектен кешіктірілмей өткізіледі.
7. Комиссияның мемлекеттік стипендиялар беруге кандидатураларды бекіту туралы шешiмi Комиссия отырысында қарапайым көпшiлiк дауыспен ашық дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Егер Комиссия мүшелерiнiң үштен екiсiнен астамы қатысса, отырыс заңды деп есептеледі.
Комиссия шешімі хаттамамен (бұдан әрі - хаттама) ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.
Уәкiлеттi орган тиісті жылға мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын хаттама көшірмесімен қоса, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ағымдағы жылғы бірінші қазаннан кешіктірмей енгізеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жылға мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын қарап, ағымдағы жылғы бірінші қарашадан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»4 сәуірдегі
№ 266 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы № 812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 24, 288-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы № 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1376 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 482-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы № 812 және 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1370 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 49, 567-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 173 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 9, 94-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 588 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 236-құжат).