Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында болған жағдайда, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді.
Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасқан кезде өз бетінше жұмысқа орналасу үшін анықтама берілген күннен бастап үш ай ішінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға анықтаманы еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, ұзарту үшін өтініш жасайды.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Өз бетінше жұмысқа орналасқан жағдайда, анықтамаларды беру немесе ұзарту қағидаларын және шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың білік тілігіне және білім деңгейіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ өз бетінше жұмысқа орналасу үшін экономиканың басым салаларының (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітеді.
35-бап 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
35-бап. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы
1. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс берушілер тартатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсаттар негізінде Қазақстан Республикасында уақытша еңбек қызметін жүзеге асырады.
2. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары мен тәртібін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
3. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды тартатын жұмыс берушілер, олар Қазақстан Республикасының аумағына кіргеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жазбаша түрде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға мыналар:
1) шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар тартылатын ел мен ұйым;
2) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) көрсете отырып, тартылатын шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың саны, әрқайсысының білім деңгейі, біліктілігі, мамандығы және жұмыс тәжірибесі;
3) еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімі туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат жібереді.
4. Менеджерлерді және мамандарды корпоративішілік ауыстыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық ара қатынасының сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
5. Жергілікті атқарушы органдар корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды жүргізеді.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-тарау. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
37-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы ведомстволық статистикалық байқау
1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдайға, сондай-ақ еңбек нарығындағы ахуалға, оның болжануы мен реттелуiне объективтi баға беру үшiн халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық статистикалық байқау жүргізіледі.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгiленген тәртіппен және мерзiмдерде бастапқы статистикалық деректерді беруге мiндеттi.
3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен, мемлекеттік кіріс органдарымен, ішкі істер органдарымен және республикалық және өңірлік деңгейдегi басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әр тараптың өз функцияларын орындауы үшiн қажет болатын есептiк құжаттамамен және мәлiметтермен өтеусiз негiзде алмасады.
4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде бастапқы статистикалық деректерді береді.
9-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
38-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
39-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң:
1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 30) тармақшасын, 6-баптың 2) тармақшасын, 7-баптың 20), 21), 22) және 23) тармақшаларын, 9-баптың 5) тармақшасын, 31-баптың 3-тармағын, 32-бапты, 33-бапты, 34-бапты және 35-бапты;
2) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 15-баптың 1-тармағының 4) тармақшасын, 17-баптың 3-тармағының 3) тармақшасын;
3) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 10-баптың 4) тармақшасын, 17-баптың 2-тармағының 6) тармақшасын және 3-тармағының 2) тармақшасын, 25-бапты, 28-баптың 1-тармағының 7) тармақшасын және 3-тармағының 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 7-баптың 5-1) тармақшасын, 10-баптың 4-тармағын, 11-бапты қоспағанда, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., 19-II, 102, 106-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 152, 154, 158-құжаттар) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы сәуірдің 6-ы.
№ 482-V