6. Мыналар:
1) он алты жасқа толмаған;
2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшін орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін, ақы төленетін өзге де жұмысы бар;
3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқ екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтерді ұсынған адамдар;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) осы Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары жұмыссыз ретінде тіркелмейді.
15-бап. Жұмыссыздардың құқықтары мен мiндеттерi
Жұмыссыздар:
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) халықты жұмыспен қамту орталықтарынан:
лайықты жұмыс іздестіру және жұмысқа орналасуға, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жәрдемдесу бойынша;
консультациялық;
ақпараттық;
қызмет (кәсіп) түрін таңдау немесе өзгерту мақсатында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасында қамтылған өзі туралы мәліметтерді тегін алуға;
2) егер ол міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер алуға;
3) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға;
4) тармақша 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырылуға құқығы бар.
2. Жұмыссыздар:
1) осы Заңның талаптарын сақтауға;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) осы Заңға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығына бару немесе оны хабардар ету тәртібін, шарттарын және мерзімдерін сақтауға;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) халықты жұмыспен қамту орталығы хабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жұмысқа орналасу мәселесi бойынша жұмыс берушiге жүгінуге;
4) халықты жұмыспен қамту орталығына:
тұрғылықты жерiн ауыстыруды;
тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы жұмысқа шарттар бойынша орналасуды;
кәсiпкерлiк қызметпен айналысуды;
ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;
зейнетақы төлемдерін тағайындауды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс iстеу тәртiбiне ықпал ететiн өзгерiстер туралы мәлiметтердi уақтылы, бес жұмыс күнi iшiнде ұсынуға мiндеттi.
16-бап. Жұмыссызды есептен шығару
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган халықты жұмыспен қамту орталығынан тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыссызды (осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда) мынадай жағдайларда:
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған лайықты жұмыстың үш нұсқасынан бас тартқанда немесе халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елді мекендерде тұратын адам кент, ауыл, ауылдық округ әкімін лайықты жұмыстың ұсынылған нұсқаларымен келісетіні немесе олардан бас тартатыны туралы уақтылы хабардар етпегенде;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) дәлелсiз себептермен:
халықты жұмыспен қамту орталығы хабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған жұмысқа орналасу орнына немесе оқу орнына келмегенде;
шақыру бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін үш жұмыс күнi ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына келмегенде;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды өз бетiнше тоқтатқанда;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жұмыссыз адам халықты жұмыспен қамту орталығына барудың немесе оны хабардар етудің осы Заңда көзделген мерзімдерін дәлелсіз себептермен бұзғанда;
4) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не заңды күшіне енген сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;
5) 15-баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда;
6) көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде есептен шығарады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) — 3) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткен соң ғана халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеуші адам ретінде қайтадан тiркеле алады.
4-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
17-бап. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары
1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар елдің және өңірлердің экономикалық және әлеуметтік даму болжамдары негізінде:
1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуді;
2) еңбек делдалдығын;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын;
4) жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсетуді;
5) азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілеуді көздейтін жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шараларын әзірлейді.
2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары:
1) кәсіптік оқытуға жіберуді;
2) азаматтардың және оралмандардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесуді;
3) жастар практикасына жіберуді;
4) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды;
5) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесуді;
6) тармақша 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыруды;
7) қоғамдық жұмыстарды қамтиды.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға он алты жастан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейінгі адамдардың құқығы бар.
3. Әлеуметтік көмек:
1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын жұмыссыздарға жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді;
2) тармақша 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттарда және мөлшерде атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді;
3) тармақша 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын жұмыссыздарға «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттарда және тәртіппен медициналық көмек көрсетуді қамтиды.
4. Жұмысқа орналастыруға арналған квоталар:
1) еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектер;
2) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтар;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар;
4) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін көзделеді.
18-бап. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын, оралмандарды, сондай-ақ студенттерді, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жеке адамның кәсіптік білімдерін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, қызмет түрін ауыстыруда практикалық көмек көрсету және біліктілігін арттыру мақсатында бюджет қаражаты шегінде жүргізіледі.
2. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау:
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша жұмысқа орналастыру немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіби ақпарат беруді;
2) адамның жеке-психологиялық сипаттамасының, өмірлік жағдайлары ерекшеліктерінің, кәсіптік білімдерінің, дағдыларының, қызығушылықтарының, денсаулық жағдайының және еңбек нарығындағы қажеттіліктерінің негізінде жұмыс орны мен мамандық таңдауда кәсіби консультацияны;
3) нақты кәсіп (мамандықтар) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды.
3. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін және (немесе) өзге де ұйымдарды тарту құқығымен халықты жұмыспен қамту орталықтары жүргізеді.
4. Халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өткен адамдар туралы мәліметтерді еңбек нарығының біртұтас ақпараттық базасында орналастырады.
19-бап. Кәсіптік оқыту
1. Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды.
2. Егер:
1) қажетті кәсіптік біліктіліктің болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмағанда;
2) кәсіптік дағдыларға сай келетін жұмыстардың болмауына байланысты кәсібін (мамандығын), қызмет түрін өзгерту қажет болғанда;
3) бұрынғы мамандығы бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқанда, халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша кәсіптік оқыту жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Кәсіптік оқыту:
1) жұмыс іздеп жүрген адамдар;
2) жұмыссыздар;
3) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін жүзеге асырылады.
4. Басым тәртіппен кәсіптік оқытудан өтуге:
1) мүгедектердің;
2) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың, асырап алушылардың, қорғаншылардың (қамқоршылардың);
3) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздардың;
4) алғаш рет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте біліктілігі жоқ адамдардың;
5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдардың құқығы бар.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Кәсіптік оқыту еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріліп, оның ішінде жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру қызметіне құқығы бар білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілердің оқу орталықтарында жұмыс берушілерді қоса қаржыландыру ескеріле отырып, бюджет қаражаты шегінде жүргізіледі.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Кәсіптік оқыту жөніндегі әлеуметтік келісімшарт халықты жұмыспен қамту орталығы, кәсіптік оқытуды жүргізетін ұйым, жұмыс беруші және оқитын адам арасында жасалады.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқытуға жіберген, оқуын өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтат қан адамдар жұмыс іздеп жүрген адамдар не жұмыс сыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап бір жыл өткен соң оқуға қайта жіберілуі мүмкін, бірақ ол бір реттен аспайды.
20-бап. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру
1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын құрады, оларды құру кезінде тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындар пайдаланылмайды және олар ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.
2. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады, олардың арасында:
1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың;
2) зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдар;
3) мүгедектер;
4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;
5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-аналар;
7) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;
8) оралмандар;
9) терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басым құқыққа ие болады;
3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның шешімі бойынша:
1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
2) әлеуметтік жұмыс орнын құруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесі, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының саны және нақты жұмыс жағдайы, төленетін еңбекақы мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітіледі.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуге олардың келісімімен ғана жол беріледі. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу кезінде жұмыссыздардың денсаулық жағдайы, жас, кәсіптік және басқа да жеке ерекшеліктері ескеріледі.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Әлеуметтік жұмыс орындарындағы еңбек қызметін өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатыса алады.
6. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.
21-бап. Жастар практикасын ұйымдастыру
1. Жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арнайы белгіленген.
2. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар:
1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;
2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайы мен еңбегіне ақы төлеуді және қаржыландыру көздерін айқындайды.
3. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындарын құрған кезде тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындар пайдаланылмайды.
Құрылған жұмыс орындары түлектің алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес келуге тиіс.
4. Білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздарды жастар практикасына жіберуге олардың келісімімен ғана жол беріледі. Олардың еңбегіне ақы төлеу бюджет қаражаты шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Жастар практикасына қатысуды өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан адамдар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатыса алады.
5. 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Жастар практикасына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.
22-бап. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
1. Қоғамдық жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдарда ұйымдастырады және бюджет қаражаты шегінде және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
1) жұмыссыздардың;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының;
3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын жұмыссыздар;
2) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басым құқықты пайдаланады.
Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы олардың жұмыссыздар ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен олардың келісімі арқылы жүзеге асырылады.
3. 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар қоғамдық жұмыстарды құруға өтінім ұсынған өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, ұйымдастырыла тын жұмыс орындарының санын, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу мөлшерін және оларды қаржыландыру көздерін бекітеді.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберілуі мүмкін.
5. Авариялар, табиғи апаттар, дүлей зiлзалалар және басқа да төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.
6. Осы Заң Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөнiндегi құқықтық қатынастарды реттемейдi.
7. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу
1. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдем жұмыссыздарға және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарына кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, жобаны қолдап отыру бойынша сервистік қызметтер көрсету, қайтарымды негізде микрокредиттер беру арқылы оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну жолымен көрсетіледі.
2. Жұмыссыздар және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары қатарынан мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін:
1) ауылдық жерлерде, моно және шағын қалаларда тұратын адамдардың;
2) мүгедектердің, егер медициналық қорытынды бойынша олардың денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе;
3) зейнеткерлік жасқа толғанға дейін елу жастан асқан адамдардың;
4) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастардың басым құқығы бар.
24-бап. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу
1. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналастыру үшін жаңа тұрғылықты жерге:
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) бір облыс шегінде - мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай бөлу және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкін болған кезде экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоныс аударушыларды және оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталары, сондай-ақ ерікті түрде қоныс аударуды көздейтін, халықты жұмыспен қамту саласындағы үкіметтік бағдарламалар шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.
2. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналастыру үшін мынадай санаттағы:
1) жұмыс іздеген адамдардың;
2) жұмыссыздардың;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарының және олардың отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.
3. Жұмысқа орналасу үшін жұмыс іздеп жүрген адамдар және жұмыссыздар арасында жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару үшін:
1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныс аударатын оралмандар;
3) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
4) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар басым құқықты пайдаланады.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ерікті түрде қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау:
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар беруді;
2) жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй-жай ұсынған жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханалардан бөлме беруді;
3) жұмыс берушінің қажеттілігі бар болған кезде кәсіптік
оқытуды;
4) жаңа тұрғылықты жерде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтиды.
5. Халықты жұмыспен қамту орталығы ерікті түрде жаңа тұрғылықты жерге қоныс аударатын адаммен және жұмыс орнын ұсынатын жұмыс берушімен әлеуметтік келісімшарт жасайды.
25-бап 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
25-бап. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру
1. Арнайы жұмыс орны мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын оны құрған кезден бастап кемінде күнтізбелік он екі ай мерзімге сақтау үшін құрылады.
2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын құруды жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде жүзеге асырады.
26-бап. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру
1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын, белгiленген тәртiппен жұмыссыздар деп танылған адамдар жұмысынан айырылған жағдайда «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар.
2. Жұмысынан айырылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын жұмыссыздардың әлеуметтік төлем алуға құқығы оларды халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқытуға, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға жіберген кезде сақталады.