ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы»
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы
1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 13 ақпан
№ 198-VII