2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыз беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - бір жүзге дейiнгi, кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бес жүзге дейiнгi, кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалмауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң сегізге дейiнгi, лауазымды және заңды тұлғаларға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары - жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елу беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары - жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң алпыс беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 686-1-баппен толықтырылды
686-1-бап. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган
1. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 643-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 687-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
687-бап. Жер қойнауын зерттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 349, 350, 352, 353, 354, 355, 356 (бірінші бөлігінде), 391-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық аға мемлекеттік пен аумақтық мемлекеттік инспекторлар - айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары - айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аға мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық бас мемлекеттік инспекторлар - айлық есептік көрсеткіштің бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
4) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары - айлық есептік көрсеткіштің бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 687-1-баппен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
687-1-бап. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган
1. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 346, 349, 353-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның басшылары және оған уәкілетті лауазымды тұлғалары құқылы.
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 688-бапқа енгізілетін өзгерістерді қараңыз (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 688-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 688-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 688-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
688-бап. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 170 (бірінші, 1-1, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде), 281 (жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 345, 348, 349, 350, 353, 356 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде), 635 (үшінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 688-1-баппен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
688-1-бап. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган
1. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 345, 346, 349, 350, 353-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға уран өндіру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 689-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
689-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган осы Кодекстің 289, 292, 293, 296-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
690-бап. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар осы Кодекстің 172 (барлық қуаттағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясын қоспағанда), 300 (барлық қуаттағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясының тұтынушыларын қоспағанда), 300-1, 301 (барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу желілерін қоспағанда), 301-1, 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу желілерін қоспағанда), 302, 303 (барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу энергиясын қоспағанда), 305 (күзет аймақтарындағы жылу желілерін қоспағанда)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 690-1-баппен толықтырылды
690-1-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 413, 413-1, 414, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган атынан атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиар болып табылатын ведомство басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 691-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
691-бап. Көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті орган
1. Көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде) (теміржол көлігімен, теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 464, 564 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565, 580, 581 (бірінші бөлігінде), 582, 583, 633, 634-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2. Көліктік бақылау органдары осы Кодекстің 464, 559 (екінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде), 561, 571, 571-1, 572, 573, 575, 577, 578, 579, 580, 581, 582, 583, 584, 585, 586, 587, 588, 590 (сегізінші бөлігінде), 613 (бірінші бөлігінде), 616, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 623, 624-1, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627, 628-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
Көліктік бақылау органдары атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің көліктік бақылау органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық бабы бойынша - көліктік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көліктік бақылау органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстің 464 (бірінші бөлігінде), 561, 571 (екінші, 2-1, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 571-1 (бірінші бөлігінде), 572, 573, 582, 583, 584, 585, 586, 587, 588, 616 (бірінші бөлігінде), 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 623, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - көліктік бақылау органдарының осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары.
Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерлері жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 164, 166, 167, 230 (екінші бөлігінде) (әуе көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 250, 563 (бірінші бөлігінде), 564 (бірінші, үшінші, төртінші бөліктерінде (азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған) және бесінші бөлігінде көзделген бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 565, 565-1, 565-2, 567, 568, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 570, 571 (бірінші бөлігінде), 589 (әуе көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 626-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық бабы бойынша - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) осы Кодекстің 564 (бірінші, үшінші, төртінші бөліктерінде (азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған) және бесінші бөлігінде көзделген бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 565, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 589 (әуе көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 692-баптың тақырыбы өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
692-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 164, 250, 464, 637 (бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он екінші бөлiктерiнде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде), 639, 640, 641 (бірінші бөлігінің 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында, үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 692-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
692-1-бап. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 451 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 452 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 454, 455 (бірінші бөлігінде, екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында, төртінші және бесінші бөліктерінде), 456 және 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мыналар:
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) ақпарат саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
2) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 692-2-баппен толықтырылды
692-2-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 641 (бірінші бөліктің 2), 6) тармақшаларында, екінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы және оның орынбасарлары құқылы.
693-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстің 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 86, 87, 88, 89, 90, 93 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 94, 95, 96, 97, 98, 230 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 519-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттiк еңбек инспекторлары құқылы;
2) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 694-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
694-бап. Әдiлет органдары
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Әділет органдары осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде, бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 468, 670, 671 және 672-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана әдiлет органдарының басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 695-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 695-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
695-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерін мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi орган
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 460, 464 және 466-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
696-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
697-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті орган
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 139 (бірінші бөлігінде), 230 (шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 297 (бірінші бөлігінде), 324, 325, 326, 327, 328, 329, 330, 331, 332, 333, 334, 335, 336, 337, 344, 344-1, 344-2, 346, 347, 351, 352, 353, 356 (екінші бөлігінде), 358, 377 (бірінші бөлігінде), 397 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 399, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық инспекторлары және аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жетпiске дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi, лауазымды адамдарға - үш жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргiзiлген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға;
5) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк экологиялық инспекторы мен оның орынбасары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргiзiлген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 698-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
698-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 297, 298 (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін қоспағанда), 299 (бірінші бөлігінде) (бөгеттер қауіпсіздігін қоспағанда), 305 (өнеркәсіптік тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306, 307 (өнеркәсіптік тұтынушылар бөлігінде), 308, 352, 353 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары;