4. Банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебі уәкілетті органға бекіту үшін беріледі.
5. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшісi) банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде өз өкiлеттiгiн доғарады және банктiң құжаттары мен мүлкiн банктiң тарату комиссиясының төрағасына бередi.
6. Банктiң құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-беру төрт данадан тұратын актiмен ресiмделедi, оның бір данасы уәкілетті органға, екіншісі - банкті тарату туралы шешім қабылдаған сотқа жіберіледі.
7. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнің (уақытша әкiмшісінің) өз қызметi кезеңiнде осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға және бұрын банк жасасқан шарттардың талаптарын өзгертуге құқығы жоқ.
8. Банктiң уақытша әкiмшілігінің (уақытша әкiмшiсiнiң) және тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкiлеттi орган қызметкерлерiнің еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы қабылдаған шешiмi жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң ресми баспа басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялау жөніндегі шығыстарды және әдiлет органының мәжбүрлеп тарату бойынша банк қызметiнiң тоқтатылғанын мемлекеттік тiркеуге және банктiң мүлкi болмаған не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткiлiксiз болған жағдайларда, банктi тарату аяқталғаннан кейiн құжаттарды сақтау үшін мұрағатқа тапсыруға байланысты шығыстарды қоспағанда, мәжбүрлеп тарату негiзi бойынша банктердi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға және олардың қызметiн тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкiлеттi органның қаржыландыруына тыйым салынады.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күші бар Жарлығымен 49-бап өзгертілді; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 49-бап жаңа редакцияда; 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертілді
49-бап. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алудың негiздерi мен тәртібі
1. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсатты:
а) банк қайта құру немесе тарату арқылы өз қызметiн ерiктi түрде тоқтататыны туралы шешiм қабылдаған;
б) банк қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған;
в) банк ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметiнде осы баптың 2-тармағында көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайларда қайтарып алады.
2. Заңды тұлғаға банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алуды уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша жүргiзедi:
а) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап бір жыл iшiнде рұқсат беруге негiз болған мәлiметтердiң дұрыс еместiгiн анықтау;
а-1) осы Заңның 25-бабында көзделген мерзiмдердi бұзуы;
б) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап бір жыл iшiнде банк операцияларын жүргiзуге лицензия алмауы;
в) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн бір жыл iшiнде жарғылық капиталын төлемеуi;
г) банк ретiнде тiркелген заңды тұлға үшiн Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген қызмет шарттарын бұзуы.
3. алынып тасталды
4. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу туралы уәкiлеттi органның шешiмi заңды тұлғаның қызметiн қайта тiркеуге немесе тоқтатуға негiз болып табылады.
27.09.96 ж. № 37-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 29.03.00 ж. № 42-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.08.05. № 69-III (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV (бұр.ред.қара); 2009.28.08. № 192-IV (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 50-бап өзгертiлдi; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 50-бап өзгертілді
50-бап. Банк құпиясы
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Банк құпиясына банктің клиенттерi мен корреспонденттерi, олардың операциялары мен көрсетілетін банктік қызметтерді алуға байланысты банктермен өзара қарым-қатынастары туралы мәліметтер, оның ішінде шектеусіз: банктік шоттардың бар екендігі, олардың иелерi мен нөмiрлерi және банктердің корреспонденттері, осы шоттардағы және банктің өз шоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы, аударылған шоттардағы шектеулер (мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру, тыйым салу, кепілдер туралы шешімдері және (немесе) өкімдері), клиенттер мен корреспонденттердің және банктің өз операциялары (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын қоспағанда), сондай-ақ банктің сейф жәшiктерiнде, шкафтарымен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлкiнiң болуы, иелерi, сипаты мен құны туралы ақпарат, клиенттердің кредит алу (осы бапта айқындалған жағдайлардан басқа), төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша, оның ішінде банктік шотты ашпай орындалатын операцияларды жүргізу туралы ақпарат кiредi.
Тарату процесінде тұрған банк берген кредиттер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Банктер өз депозиторларының, банктердің клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары мен шоттары жөніндегі құпияға, сондай-ақ банктердiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлiктердiң құпиясына және осы бапқа сәйкес банк құпиясын құрайтын өзге де мәліметтерге кепiлдiк бередi.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 4 - 8, 8-1-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерінің қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруына орай банк құпиясын құрайтын мәлiметтерге қолжетімділік алған банктердің, Қазақстан Республикасы резиденттерінің-банк холдингтерінің, осы баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 8), 8-1) және 8-2) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары, жұмыскерлерi және өзге де тұлғалар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауаптылықта болады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Банк құпиясы клиентке ғана, шот (мүлік) иесінің жазбаша нысанда берген келісімінің негізінде не шот иесінің сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыздар, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операциялар, вексельдерді есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 5, 6, 6-1, 7, 7-1, 7-2, 8 және 8-1-тармақтарында аталған адамдарға осы бапта көзделген негіздер бойынша және шектерде ашылуы мүмкін.
Мыналар:
1) банктердің дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға, бейрезидентті қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне банк шоттарының ашылғаны туралы тек салықтық әкімшілендіру мақсатында мемлекеттік кіріс органдарын міндетті түрде хабардар етуі;
1-1) банктердiң қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беруі;
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу кезінде банктер тікелей жүзеге асыратын, төлемдерді бюджетке төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударуға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге байланысты осы төлемдер мен ақша аударымдары туралы «электрондық үкімет» төлем шлюзінің операторына, мемлекеттік органдарға және соттарға «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы мәліметтер мен ақпарат беруі, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асыратын, қайтарылған төлемдер мен ақша аударымдары туралы мәліметтер беруі;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-3) банктердің мемлекеттік кіріс органына коллекторлық агенттіктермен жасалған талап ету құқығын басқаға беру шарттары бойынша мәліметтерді тек қана салықтық әкімшілендіру мақсатында салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген нысан бойынша ұсынуы;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылады (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1-5) тармақшамен толықтырылды
1-5) тармақша 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңының 5-бабының редакциясында қолданылады (бұр.ред.қара)
1-5) мемлекеттік кіріс органына салықтық тексеру жүргізу кезінде қажет болатын мәліметтер мен құжаттарды ұсыну;
2) олар бойынша талап ету құқықтары бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз ету ретінде, оның ішінде секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру аясында берілетін бағалы қағаздар эмитентіне және бағалы қағаздарды ұстаушылар өкіліне берілген кредиттер бойынша мәліметтерді табыс ету;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2-2) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау шарттарының біріне сәйкес келетін, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен операциялар туралы мәліметтерді уәкілетті органның ашуы;
3) жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдықтары және барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыруға байланысты енгізілген, банк және (немесе) уақытша әкімшілік солар бойынша есептеп шығарған сыйақы туралы, салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты іс-шараларды жүзеге асыру үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға және агент банктерге; шот иесінің жазбаша келісімі негізінде аудиторлық ұйымға мәліметтер табыс ету;
4) басқа банктерге осы Заңның 61-2, 61-3 және 61-4-баптарында көзделген операцияларды жүргізу үшін қажет мәліметтерді ұсыну;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4-1) банктердің электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектінің және электрондық нысанда қызметтер алатын субъектінің сұрау салуы бойынша - сұрау салуда көрсетілген тұлғаға банк шотының тиесілілігі және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету кезінде жылжымалы мүліктің кепіл шартының бар-жоғы туралы мәліметтерді электрондық нысанда беруі;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4-2) банктердің электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектінің және электрондық нысанда қызметтер алатын субъектінің сұрау салуы бойынша, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер үшін жеке және заңды тұлғалар төлемдерді жүзеге асырған кезде ақша сомасы, төлемнің жүзеге асырылған күні, ақшаны жөнелтуші және бенефициар туралы мәліметтерді электрондық нысанда беруі;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-3) банктің мемлекеттік кірістер органдарына шет мемлекеттің резиденттері (салық төлеушілері) болып табылатын және (немесе) ірі қатысушылары шет мемлекеттің резиденттері (салық төлеушілері) болып табылатын банк депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнің банктік шоттарының бар-жоғы (ашылғаны), иелерi мен нөмiрлерi туралы, сондай-ақ осы шоттар мен банктің өз шоттарындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы, банк операциялары туралы мәліметтерді және мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген міндеттерді жүзеге асыруы үшін қажетті өзге де ақпаратты ұсынуы;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылады (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 4-5) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-5) банктердің мемлекеттік кіріс органына тауарлардың электрондық сауда-саттығы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер ретінде мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебінде тұрған тұлғалардың банктік шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер ұсынуы;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4-6) тармақшамен толықтырылды
4-6) банктің ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктің ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты уәкілетті органға беруі;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4-7) тармақшамен толықтырылды
4-7) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының қаржылық және (немесе) төлем жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде, ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктің ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына беруі;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға, сондай-ақ активтерді тәуелсіз бағалауды, техникалық және (немесе) қаржылық және (немесе) заң аудитін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым өзінің жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті басқа да қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғаға екінші деңгейдегі банктердің мәліметтер ұсынуы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-1) тармақша өзгертілді
5-1) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға басқарма төрағасы немесе оның орынбасарлары қол қойған, ұйымның жазбаша сұрау салуы негізінде ұйымның қарыз алушысы, кепілі, кепілгері, лизинг алушысы немесе кепіл берушісі болып табылатын адамға қатысты берілетін, банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақшаның қалдығы және қозғалысы, банк операциялары (банк операцияларын жүргізудің жалпы талаптарын қоспағанда) туралы анықтамаларды, сондай-ақ банктің сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында орналасқан мүліктің бар-жоғы, сипаты мен құны туралы мәлiметтерді ұйымның «Көшірмесі дұрыс» деген белгісі бар осы кредит бойынша ұйымның талап ету құқығын иеленуін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынған жағдайларда беруі - банк құпиясын ашу болып табылады.
«Көшірмесі дұрыс» деген жазу тырнақшасыз көрсетіледі, жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, құжаттардың көшірмелерін куәландыру жөнінде тиісті өкілеттіктер берілген ұйымның уәкілетті адамының лауазымы, тегі және аты-жөні, куәландыру күні көрсетіле отырып, оның қолымен куәландырылады және ұйым мөрінің бедерімен бекемделеді.
6) қайта құрылымдалатын банктің олардың алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау көзделетін банк кредиторларына, басқа банктерге қайта құрылымдалатын активтер мен міндеттемелер бойынша қайта құрылымдау шеңберінде мәліметтерді табыс етуі;
7) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік бюроға теріс ақпарат беруі және кредиттік бюроның кредиттік тарих субъектісі туралы мерзімі күнтізбелік бір жүз сексен күннен асып кеткен берешегі бөлігінде теріс ақпарат беруі;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) банктердің негізгі борыш және (немесе) есепке жазылған сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар кредит (қарыз) бойынша құқықтар (талап етулер) басқаға берілген кезде, осы кредитке (қарызға) байланысты ақпаратты осы Заңның 36-1-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға беруі;
8-1) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаға талап ету құқықтарын осы ұйым сатып алған кредит (қарыз) бойынша ақпаратты беруі;
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды
8-2) банктердің коллекторлық агенттікке осы коллекторлық агенттікпен берешекті өндіріп алу туралы жасасқан шарт шеңберінде кредит (қарыз) бойынша ақпарат беруі;
9) банктің Қазақстан Республикасының резиденті-банк холдингіне банк конгломератының пруденциялық нормативтерді есептеуі, сондай-ақ банк конгломератының тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін мәліметтер беруі;
10) банктік қарыз беру фактісін растайтын құжаттарды басқа банктерге беруі;
11) 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12) банктің борыш кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесін:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға;
салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды.
Осы тармақшаның ережелері:
өзіне қатысты сот шешімі бойынша қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі;
бірігу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде осы бөліктің екінші абзацында көрсетілген банктің құқық мирасқоры болып табылатын банкке қолданылады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Банктік шоттардың бар екендігі және нөмiрлерi туралы анықтамалар шоттың (шоттардың) иесi қарыз алушы, кепiлдік берушi, кепілгер, лизинг алушы немесе кепiл берушi болып табылатын банкке кредит алынғанын растайтын, тізбесі мен ұсыну тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар ұсынылған жағдайда банктің сұратуы негізінде берiледi.
Банк сұратуды және кредит алынғанын растайтын құжаттарды қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда жібере алады.
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы туралы анықтамалар мыналарға берiледi:
а) қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға: мөрмен расталған және прокурор санкциялаған жазбаша сұрау салу негізінде, олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істер бойынша;
б) соттарға:
сот ұйғарымы негiзiнде олар жүргiзiлiп, қаулысы, шешімі және үкімі негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан iстер бойынша;
в) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;
в-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне - барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу мақсатында;
г) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
д) мемлекеттік кіріс органдарына салықтық әкімшілендіру, кедендік бақылау мақсатында мыналарға:
тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне қатысты - салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған, тексерілетін жеке тұлғаға қатысты - салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін - дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған және қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатқан жеке тұлғаға қатысты;
орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген табыс ету мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін салық есептілігін табыс етпеген заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға қатысты;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері қолданылатын заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіпқой медиаторға қатысты;
әрекетсіз заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, адвокатқа қатысты беріледі;
кедендік тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге қатысты;
пайда болған күнінен бастап төрт ай ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салық берешегі бар заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға қатысты;
Клиенттердің экспорттық және (немесе) импорттық операциялары жөніндегі мәліметтер прокурордың санкциясымен беріледі;
д-1) әділет органдарына: өздері жүргiзiп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сот орындаушысының әділет органының мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысы негiзiнде;
д-2) жеке сот орындаушыларына: олардың жүргізіп жатқан атқару істері бойынша жеке сот орындаушысының жеке мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысы не оның жеке мөрмен расталған көшірмесі негізінде;
д-3) прокурордың санкциясымен банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаға қатысты банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейінгі бес жыл ішіндегі кезең үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға.