Қазақстан Республикасының
Заңы
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
(2023.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1 БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi
3-бап. Атқарушылық iс жүргiзудің негізгі принциптері
4-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заннамасы
5-бап. Халықаралық, шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін орындау
6-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасының колданылу тәртібі
7-бап. Атқарушылық iс жүргiзуді жүзеге асыратын тұлғалар
8-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тілі
9-бап. Атқарушылық құжаттардың тiзбесi
10-бап. Сот орындаушысының қаулысы
2-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУДЕГІ МЕРЗІМДЕР
11-бап. Атқарушылық құжаттарды орындауға беру мерзiмдерi
12-бап. Атқарушылық құжатты беру кезiндегi мерзiм үзiлісі
13-бап. Атқарушылық құжатты орындауға беру үшiн өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру
3-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
14-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушылардың құрамы
15-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тараптары
16-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тараптарының құқықтары мен мiндеттерi
17-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі құқықтық мирасқорлық
18-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге тараптар өкiлдерiнiң қатысуы
19-бап. Өкiлдiң өкiлеттiктерi
20-бап. Өкiл бола алмайтын тұлғалар
21-бап. Заңды өкiлдер
22-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге аудармашының қатысуы
23-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге куәгерлердің қатысуы
24-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге маманның қатысуы
25-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі прокурор
26-бап. Сот орындаушыларының ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылы
4-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУДЕГІ ХАБАРЛАМА ЖӘНЕ ШАҚЫРТУ
27-бап. Атқарушылық iс жүргiзудегі хабарлама және шақырту
28-бап. Шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламалары мен процестік құжаттарын жеткізу және тапсыру
29-бап. Атқарушылық іс жүргізу кезінде мекенжайдың ауысуы
30-бап. Алып тасталды
5-тарау. МӘЖБҮРЛЕП ОРЫНДАТУ ШАРАЛАРЫ
31-бап. Мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану негіздері
32-бап. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
33-бап. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтата тұру
34-бап. Лицензияларды, рұқсаттарды және арнайы құқықтарды беру және олардың қолданылуы саласындағы уақытша шектеулер
35-бап. Борышкердің өзінің мүліктік жағдайы туралы ақпарат беруі
35-1-бап. Күштеп әкелу
36-бап. Борышкерлердің бірыңғай тізілімі
2-БӨЛІМ. АТҚАРУШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
6-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖАСАУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ
37-бап. Атқарушылық құжатты iс жүргiзуге қабылдау
38-бап. Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тартудың негіздері, салдары және оның себептерін жою
39-бап. Атқарушылық құжаттарды орындау мерзiмдерi
40-бап. Орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, оның тәсілі мен тәртібін өзгерту, берілген сомаларды индекстеу
41-бап. Алып тасталды
42-бап. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру мiндетi
43-бап. Алып тасталды
44-бап. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері Атқарушылық іс жургізу:
45-бап. Борышкерге iздеу салу
46-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi қайта жалғастыру
47-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтатудың негiздерi мен салдары
48-бап. Атқарушылық құжаттарды өндiрiп алушыға қайтару
49-бап. Атқарушылық iс жүргiзудiң аяқталуы
50-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе тоқтату, атқарушылық құжатты өндiрiп алушыға қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы мәселелердi қарау
51-бап. Орындалуға жататын атқарушылық құжатты түсіндіру
52-бап. Атқарушылық әрекеттер жасалатын жер
53-бап. Атқарушылық әрекеттер жасалатын уақыт
54-бап. Атқарушылық iс жүргiзудегi бас тарту
7-тарау. БОРЫШКЕРДIҢ МҮЛКIНЕН ӨНДIРIП АЛУ
1-параграф. Негізгі қағидалар
55-бап. Борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алу тәртібі
56-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлер мүлкiнен өндiрiп алу
57-бап. Кепiлге салынған мүлiктен өндiрiп алу
58-бап. Борышкердiң басқа адамдардағы ақшалай сомалары мен басқа да мүлкiнен өндiрiп алу
59-бап. Инкассолық өкімді кері қайтарып алу
60-бап. Ортақ мүліктегі үлестен өндіріп алу
61-бап. Өндiрiп алуды қолдануға болмайтын мүлiк
2-параграф. Борышкердiң мүлкiне тыйым салу
62-бап. Борышкердiң мүлкiне тыйым салу
63-бап. Мүлiкке тыйым салу тәртібі
64-бап. Тыйым салынған мүлікті пайдалану тәртібін айқындау
65-бап. Бағалы қағаздарға тыйым салу
66-бап. Борышкер мүлкiнiң тiзiмдемесi
67-бап. Мүлікке тізімдеме жасау және тыйым салу хаттамасы
3-параграф. Мүлікті бағалау және сақтау
68-бап. Борышкердің мүлкін бағалау
69-бап. Мүлiкті сақтау
70-бап. Мүлiктi сақтаушының жауапкершiлiгi
71-бап. Борышкерден алып қойылған құндылықтарды сақтау
8-тарау. БОРЫШКЕРДІҢ МҮЛКIН ӨТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ
1-параграф. Өткізудің жалпы қағидалары
72-бап. Борышкердің мүлкін өткізу кезектілігі
73-бап. Борышкердің жылжымайтын мүлкін кейіннен аукционда сату үшін оған құқықтарды тіркеу ерекшеліктері
74-бап. Тыйым салынған мүлікті өткізу
74-1-бап. Сот орындаушысының тыйым салынған мүлікті есепке алуы
75-бап. Мемлекетке берiлетiн мүлiктi өткізу
76-бап. Құндылықтарды өткізу
77-бап. Тыйым салынған мүлiктi өткізу тәртібі
78-бап. Алып тасталды
2-параграф. Аукцион өткізудің ерекшеліктері
79-бап. Алдағы электрондық аукцион туралы құлақтандыру
80-бап. Электрондық аукцион өткізудің жалпы шарттары
81-бап. Алып тасталды
82-бап. Алып тасталды
83-бап. Аукцион нәтижелері бойынша меншік иесі құқығының борышкердің мүлкіне ауысуы
84-бап. Электрондық аукционды өткiзiлмеді деп жариялау
85-бап. Электрондық аукционды өткізілмеді деп жариялаудың салдарлары
3-параграф. Дебиторлық берешектен өндіріп алудың ерекшеліктері және мүліктік құқықтар
86-бап. Дебиторлық берешектен өндіріп алу
87-бап. Заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдардың дебиторлық берешегін анықтау
88-бап. Ақшалай талаптарды өндіріп алу туралы қағидаларды алып тастау немесе шектеу туралы келісімдер
89-бап. Ақшалай талаптарға тыйым салу тәртібі
90-бап. Ақшалай талапқа тыйым салу кезіндегі өндіріп алушы құқықтарының көлемі
91-бап. Дебитордың ақпарат беру жөніндегі міндеті
92-бап. Борышкердің борышкер - үшінші адам алдындағы өз міндеттемесін орындауын қамтамасыз етуі
9-тарау. БОРЫШКЕРДІҢ АҚШАСЫНАН ӨНДІРІП АЛУ
1-параграф. Борышкердің ақшасынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алу
93-бап. Борышкердiң жалақысынан және өзге де табыс түрлерiнен өндiрiп алу
94-бап. Борышкердiң жалақысынан және өзге де табыс түрлерiнен ұстап қалу мөлшерiн есептеу
95-бап. Борышкердiң жалақысынан және өзге де табыс түрлерiнен ұстап қалу мөлшерi
96-бап. Жазасын өтеп жүрген борышкердiң жалақысынан өндiрiп алу
97-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша әлеуметтік төлемдерді өндіріп алуға жүгіну
98-бап. Өндiрiп алуға болмайтын ақша сомасы
2-параграф. Алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау ерекшеліктері
99-бап. Борышкердің жалақысы болмаған жағдайда алимент өндiрiп алу тәртібі
100-бап. Борышкердiң жұмыс орны мен табысы туралы мәлiметтер
101-бап. Алимент төлемдері бойынша берешектi өндiрiп алу тәртібі
102-бап. Жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын бақылау
103-бап. Борышкер шетелге тұрғылықты тұруға немесе жұмысқа және әскери қызметтi өткеруге кеткен жағдайда алиментті өндіріп алу
103-1-бап. Істердің әлеуметтік маңызы бар санаттарын орындау кезінде жеке сот орындаушыларының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету тәртібі
10-тарау. МҮЛІКТІК ЕМЕС СИПАТТАҒЫ АТҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ОРЫНДАУ
104-бап. Борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттейтін атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі мен орындамаудың салдары
105-бап. Жұмысқа қайта қабылдау туралы атқарушылық құжатты орындау тәртібі мен орындамаудың салдары
106-бап. Борышкердi үйден шығару туралы атқарушылық құжатты орындау
107-бап. Өндiрiп алушыны қоныстандыру туралы атқарушылық құжатты орындау
11-тарау. ӨНДIРIП АЛЫНҒАН АҚША СОМАЛАРЫН БӨЛУ
108-бап. Өндiрiп алынған ақша сомасын бөлу
109-бап. Өндіріп алуға қосу
110-бап. Өндiрiп алушылардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігі
111-бап. Бірiншi кезекте өндiрiп алу
112-бап. Келесi кезектегi өндiрiп алу
12-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕР ЖАСАУ ЖӨНІНДЕГІ ШЫҒЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӨТЕУ ТӘРТІБІ
1-параграф. Жалпы ережелер
113-бап. Атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар
114-бап. Атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарды өтеу тәртібі
115-бап. Алып тасталды
2-параграф. Жеке сот орындаушылары үшін шығыстарды айқындау және өтеу тәртібі
116-бап. Жеке сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметін қаржыландыру
117-бап. Алып тасталды
117-1-бап. Алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдану шеңберінде жүзеге асырылатын жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу
118-бап. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау қағидалары
119-бап. Жеке сот орындаушысының шығыстарына аванс беру
120-бап. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын борышкерден өндіріп алу тәртібі
121-бап. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын қайтару
3-параграф. Аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шоты және жеке сот орындаушысының ағымдағы шоты
122-бап. Аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шоты және жеке сот орындаушысының ағымдағы шоты
123-бап. Қолма-қол ақшаны уақытша орналастыратын бақылау шоттарында және ағымдағы шотта сомаларды есепке алу
13-ТАРАУ. АТҚАРУШЫЛЫҚ САНКЦИЯСЫ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҮЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
124-бап. Атқарушылық санкциясы
125-бап. Борышкердің атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшін жауаптылығы және оның салдары
3-БӨЛІМ. СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
14-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
125-1-бап. Атқарушылық құжаттарды орындау жүйесі
126-бап. Сот орындаушысының атқарушылық әрекеттер жасау кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
127-бап. Сот орындаушысының шешіміне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау
128-бап. Сот орындаушысының заңды талаптарын орындамағаны үшін жауаптылық
15-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
129-бап. Алып тасталды
130-бап. Мемлекеттік сот орындаушысын қызметке тағайындау тәртібі
131-бап. Мемлекеттік сот орындаушысына қойылатын талаптар
132-бап. Мемлекеттік сот орындаушысының жауаптылығы
133-бап. Мемлекеттік сот орындаушысының қызметiн бақылау
134-бап. Аумақтық бөлiмнiң басшысы - аға сот орындаушысы
135-бап. Мемлекеттік сот орындаушыларының қызметiн қамтамасыз ету
136-бап. Мемлекеттік сот орындаушыларын әлеуметтiк қорғау шаралары
16-тарау. ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
137-бап. Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызмет
138-бап. Жеке сот орындаушысы қызметінің негіздері
139-бап. Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметке кепілдік
1-параграф. Жеке сот орындаушысының лицензиясы
140-бап. Қазақстан Республикасындағы жеке сот орындаушысы
141-бап. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия
141-1-бап. Аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттары
142-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясы
143-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру
144-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату және лицензиясынан айыру
145-бап. Алып тасталды
146-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруының ерекше шарттары
2-параграф. Жеке сот орындаушыларының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
147-бап. Жеке сот орындаушысының құқықтары
148-бап. Жеке сот орындаушысының міндеттері
149-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін шектеу
150-бап. Жеке сот орындаушысының жауапкершілігі
151-бап. Алып тасталды
3-параграф. Жеке сот орындаушысының қызметін ұйымдастыру
152-бап. Атқару округі
153-бап. Жеке сот орындаушысының кеңсесі, қызметтік үй-жайы
153-1-бап. Жеке сот орындаушысын уақытша алмастыру
154-бап. Жеке сот орындаушысының куәлігі, жеке мөрі, мөртабандары және бланкілері
155-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі іс жүргізу
156-бап. Жеке сот орындаушысының көмекшілері мен тағылымдамашылары
156-1-бап. Жеке сот орындаушысы көмекшісінің құқықтары мен міндеттері
4-параграф. Алып тасталды
5-параграф. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы. Республикалық палата
161-бап. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы
162-бап. Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының өкілеттіктері
163-бап. Республикалық палата
163-1-бап. Республикалық палатаның өкілеттіктері
163-2-бап. Республикалық палатаның жарғысы
163-3-бап. Республикалық палатаның басқарма төрағасы
164-бап. Республикалық палатаның басқару органдары
165-бап. Республикалық палатаның қызметін қаржыландыру
6-параграф. Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау және олардың тәртіптік жауаптылығы
166-бап. Жеке сот орындаушыларының атқарушылық әрекеттерді жасауын соттың бақылауы
167-бап. Уәкілетті органның құзыреті
168-бап. Уәкілетті органның аумақтық органының жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау жөніндегі құзыреті
169-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін бақылау
170-бап. Жеке сот орындаушыларының тәртіптік жауаптылығы
171-бап. Алып тасталды
172-бап. Алып тасталды
172-1-бап. Республикалық палатадан шығару
17-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
173-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
174-бап. Өтпелі ережелер
175-бап. Қорытынды ережелер
1 БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) атқарушылық іс жүргізу - борышкерден атқарушылық санкциясын атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлдарды, шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызмет ақысын өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі - атқарушылық іс жүргізуді есепке алуды электрондық нысанда жүзеге асыруға, сот орындаушысының процестік әрекеттерін автоматтандыруға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптарының атқарушылық іс жүргізу барысында деректер алуына арналған ақпараттық жүйе;
Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына сенімгерлік басқаруға беріледі.
2) Борышкерлердің бірыңғай тізілімі - атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтитын деректердің біріздендірілген электрондык банкі;
3) бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы - ақпараттык жүйе, дерекқордың, электрондық аукционға қатысушыларға бірыңғай жалпы қолжетімді қол жеткізу нүктесін ұсынатын, электрондық аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық, телекоммуникациялық және басқа да кұралдардың жиынтығы;
2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (бұдан әрі - Республикалық палата) - жеке сот орындаушыларының қызметін үйлестіруді және олардың Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын сақтауын жүзеге асыратын коммерциялық емес, кәсіптік ұйым;
3-2) жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы - Республикалық палатаның өңірдегі филиалы;
4) жеке сот орындаушысы - атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензия (бұдан әрі - жеке сот орындаушысының лицензиясы) негізінде, заңды тұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік сот орындаушысы - мемлекеттік қызметтегі және атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдау бойынша өзіне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын лауазымды адам;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) сот орындаушысы - атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдау бойынша өздеріне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын және осы Заңда көзделген алып қоюлар үшін тең құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік сот орындаушысы және жеке сот орындаушысы;
7) сот орындаушысының қаулысы - атқарушылық іс жүргізу процесінде сот орындаушысы қабылдайтын іс жүргізу шешімі тіркелетін іс жүргізу құжаты;
8) толық мәжбүрлеп орындату - атқарушылық құжат сот орындаушысының іс жүргізуінде болған кезеңде оны толық көлемде орындау;
9) уәкілетті орган - атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1) істердің әлеуметтік маңызы бар санаты - алименттерді, жалақыны, зейнетақыларды, жәрдемақыларды өндіріп алу, өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы атқарушылық құжаттар;
10) электрондық аукцион - аукцион нысанындағы электрондық сауда- саттыктың тәсілі, онда тыйым салынған мүлік бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы пайдаланыла отырып, оларға барлық элеуетті сатып алушылардың тең қол жеткізуі негізінде өткізіледі.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бап жаңа редакцияда
2-бап. Атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi
Осы Заңға сәйкес азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдардың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша нұсқамалар мен қаулылардың, мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi және уақтылы қолдану атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi болып табылады.
3-бап. Атқарушылық iс жүргiзудің негізгі принциптері
Атқарушылық iс жүргiзу:
1) заңдылық;
2) атқарушылық іс-әрекеттерді жүргізу мен мәжбүрлеп орындату шараларын қолданудың уақтылы және айқын болуы;
3) адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу;
4) борышкер мен оның отбасы мүшелерінің өмір сүруіне қажетті мүліктің ең аз мөлшеріне қол сұғылмаушылық;
5) өндіріп алушы талаптарының көлемі мен мәжбүрлеп орындату шаралары арақатынасының салыстырмалылығы;
6) өндіріп алынған сомалар кезектің барлық талаптарын толық қанағаттандыруға жеткіліксіз болған кезде оларды бір кезектегі өндіріп алушылар арасында бөлудің барабарлығы;
7) атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындату жөніндегі шығыстарды борышкердің есебінен өтеу;
8) сот орындаушысының іс жүргізу әрекеттері мен қаулыларына сотқа шағымдануға еркіндік принциптері бойынша жүзеге асырылады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заннамасы
1. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда жазылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Осы Заңның екінші деңгейдегі банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
5-бап. Халықаралық, шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін орындау
1. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдік соттардың, сондай-ақ төрелік соттардың шешімдерін орындау тәртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған тиісті халықаралық шарттарда және осы Заңда айқындалады.
2. Шетелдік сот шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының соты берген атқарушылық парақ шешімнің заңды күшіне енген кезінен бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындатуға берілуі мүмкін.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасының колданылу тәртібі
1. Атқарушылық iс жүргiзу атқарушылық әрекеттердi жасау кезiнде қолданылып жүрген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бюджетке төленетiн салық және өзге де мiндеттi төлемдердiң берешегiн, айыппұлдар төлеудi кешiктiргенi үшiн өсiмпұлдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшiн өзге де санкцияларды өндiрiп алу жөніндегі атқарушылық iс жүргiзу осы Заңда белгiленген тәртiппен және Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомаларын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу уәкілетті орган белгілеген қағидалар сақтала отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ өзгертілді
3-1. Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға немесе өзге де медициналық ұйымға заңсыз орналастыру, кейіннен сот тәртібімен заңсыз деп танылған жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік ұйымдарға қатысты соттың және өзге де органдардың актілерін орындау осы Заңға сәйкес жүргізіледі.
5. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң атқарушылық құжаттары бойынша атқарушылық iс жүргiзу, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан өзгеше жағдай туындамаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7-бап. Атқарушылық iс жүргiзуді жүзеге асыратын тұлғалар
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 9-бабында тізбеленген атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану сот орындаушыларына жүктеледі.