3. Медициналық қалдықтарды термиялық және (немесе) химиялық процестерді қолдана отырып өңдеу және жою осы Кодекстің талаптары сақтала отырып жүзеге асырылуға тиіс.
378-бап. Биологиялық қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар
1. Биологиялық қалдықтар Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
2. Биологиялық қалдықтармен жұмыс істеу тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
3. Биологиялық қалдықтарды термиялық және (немесе) химиялық процестерді қолдана отырып өңдеу және жою осы Кодекстің талаптары сақтала отырып жүзеге асырылуға тиіс.
379-бап. Құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар
1. Құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтарды сақтау пункттері жойылуы қиын органикалық ластағыштардың қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына ықпалын болғызбауды қамтамасыз ететін қорғау құралдарымен жабдықталуға тиіс.
2. Құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтарды есепке алу қатаң есептілік журналдарында жүргізіледі.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етпей, құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтардың меншік иесі мен иеленушісін ауыстыруға тыйым салынады.
4. Құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтардың кадастры қалдықтардың мемлекеттік кадастры шеңберінде жеке бөлім болып жүргізіледі.
5. Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластағыштар туралы халықаралық шарттарында көзделген құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтарды көмуге тыйым салынады. Осындай қалдықтардың экспорты мен импортына оларды құрту мақсатында ғана рұқсат етіледі.
380-бап. Қалдықтардың жекелеген түрлерін және олардың тіршілік циклінің процестерін басқару саласындағы экологиялық талаптар
1. Қалдықтардың жекелеген түрлерімен жұмыс істеу кезінде қалдықтардың иелері экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген қалдықтардың жекелеген түрлерін басқару саласындағы ұлттық стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
2. Қалдықтар санатына өткен материалдар мен өнімдерді (шиналарды, электрондық және электр жабдықтарды, қаптаманы, қағазды, пайдаланылған майларды, химиялық ток көздерін, құрамында сынап бар қалдықтарды), сондай-ақ басқа да қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі арнайы экологиялық талаптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген қалдықтардың жекелеген түрлерін басқару саласындағы ұлттық стандарттарда белгіленеді.
381-бап. Ғимараттарды, құрылыстарды, құрылысжайларды және өзге де объектілерді жобалау кезінде қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар
Салынуы (көтерілуі, құрылуы) кезінде қалдықтардың түзілуі болжанатын ғимараттарды, құрылыстарды, құрылысжайларды және өзге де объектілерді жобалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган белгілейтін қалдықтарды басқару саласындағы қағидаларға, нормативтер мен талаптарға сәйкес осындай қалдықтарды жинауға арналған орындар (алаңдар) көзделуі қажет.
30-тарау. ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КАДАСТРЫ
382-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры
1. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры қалдықтарды орналастырудың әрбiр объектiсi (олардың кеңiстiктегi орналасуын көрсете отырып) бойынша, сондай-ақ қалдықтардың түрлерi, олардың шығу көздерi мен физикалық-химиялық қасиеттерi (халыққа және қоршаған ортаға қауiптiлiгi ескерiле отырып), құрамдастық құрамы, сапалық және сандық көрсеткiштерi, сақтаудың, көму мен тастаудың техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары, пайдаланылу мен залалсыздандырылу технологиялары бойынша біріздендірілген мәлiметтердің геоақпараттық жүйелер негізiнде жүйелендірілген, кезең-кезеңімен толықтырылып және нақтыланып отыратын жиынтығын білдіреді.
2. Қалдықтардың барлық түрi және қалдықтарды орналастыру объектiлерi калдықтардың мемлекеттiк кадастрында есепке алуға жатады.
Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.
383-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрының мақсаттары мен міндеттері
1. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге қатысты технологиялық, экономикалық, құқықтық және басқа да шешiмдердi бағалау, болжау, әзiрлеу үшiн ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ қалдықтарды жалпымемлекеттiк кешендi есепке алуды жүргiзу мақсатында жүргiзiледi.
2. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудiң негiзгi мiндетi жалпы мемлекеттiк, өңiрлiк және салалық ақпараттық-сараптамалық жүйелер мен дерекқорларды қалдықтар, оларды қайта өңдеу қасиеттерi мен технологиялары жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
384-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу
1. Объектілердің операторлары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттаманы ұсынады:
1) қауіпті қалдықтардың паспорты;
2) қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп;
3) мыналарды:
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының қалдықтарды жинап қоюға және жоюға арналған жер учаскесін бөлу туралы шешімін;
жер учаскесінің орналасқан жері бойынша өз құзыреті шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы куәландырған жер учаскесінің шекараларын белгілеу және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжатты беру туралы анықтаманы;
қалдықтарды орналастыру объектілерін құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін;
қалдықтарды орналастыру объектілерін құру жобасына санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысын қамтитын қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық іс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттардың нысанын, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттама есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін қағаз жеткізгіште және (немесе) оны қалдықтардың мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде толтыру және объект операторының ақпаратты беруге жауапты лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы электрондық нысанда жыл сайын ұсынылады.
4. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттама өзгерген жағдайда ол қағаз жеткізгіште және (немесе) оны қалдықтардың мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде толтыру және объект операторының ақпаратты беруге жауапты лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы электрондық нысанда қайта ұсынылады.
385-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу нәтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайынғы ақпараттық шолуды жасайды.
2. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде, интернет-ресурсында орналастырылады және жаңартылып отырады.
31-тарау. ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ (ИМПОРТТАУШЫЛАРДЫҢ) КЕҢЕЙТІЛГЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
386-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауға қойылатын талаптар
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша өнімнің (тауарлардың) жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар мұндай өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды (бұдан әрі - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері) қамтамасыз етуге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өндірушілер мен импорттаушылар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін мынадай тәсілдердің бірімен орындайды:
1) қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдану;
2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторымен қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт жасасу, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларына сәйкес өтінім беру және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банктік шотына кәдеге жарату төлемі түрінде ақша енгізу.
Кәдеге жарату төлемі (бұдан әрі - кәдеге жарату төлемі) деп өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) және оның (олардың) қаптамасының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндіруші (импорттаушы) жүзеге асыратын төлемақы түсініледі.
Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт деп өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) және оның (олардың) қаптамаларының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарт негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы мен өндіруші (импорттаушы) арасында жасалатын шарт түсініледі.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген тәсіл автомобиль көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын, кәбілді-өткізгіш өнімді өндірушілер мен импорттаушыларға қолданылмайды.
4. Өндіруші немесе импорттаушы қолданатын қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесіне қойылатын талаптарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
5. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәсілді пайдаланған жағдайда өндіруші немесе импорттаушы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларына сәйкес өтінім береді және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банктік шотына кәдеге жарату төлемін енгізеді. Көрсетілген кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
6. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері:
1) өндірілген майлар, полимер, шыны, қағаз және (немесе) картон қаптамалар, аккумулятор батареялары бөлігінде, оларды өндіру үшін тиісінше Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделген және кәдеге жаратылған пайдаланылған майлардың, пластмасса, шыны, қағаз және картон қалдықтарының, пайдаланылған аккумулятор батареяларының кемінде отыз пайызы пайдаланылған жағдайда, өндірушілерге;
2) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, оның шегінен тыс жерде өткізілген өнім (тауарлар) бөлігінде өндірушілерге және импорттаушыларға;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, оның шегінен тыс жерде өткізілген өнімді (тауарларды) қаптауға арналған және (немесе) олар қапталған полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамалар, аралас материалдардан жасалған қаптамалар бөлігінде өндірушілерге және импорттаушыларға;
4) автомобиль көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын импорттаушыларды қоспағанда, жеке пайдалану тауарларын бажсыз әкелуге арналған квота шегінде өнімді (тауарларды) импорттау кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке тұлғаларға;
5) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қапталған полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамалар, аралас материалдардан жасалған қаптамалар бөлігінде импорттаушыларға;
6) кәдеге жарату төлемі енгізілген преформалардан жасалған полимер қаптама бөлігінде өндірушілерге;
7) жалпы шаруашылық мұқтаждары үшін өнім өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде өз қызметінде негізгі құралдар, материалдар, шикізат, қосалқы бөлшектер (жинақтаушылар) ретінде пайдаланылатын және өткізуге арналмаған әкелінген өнім (тауарлар) қапталған әкелінген полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамалар, аралас материалдардан жасалған қаптамалар бөлігінде импорттаушыларға;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдік өтеусіз көмек ретінде әкелінген тауарлар қапталған әкелінген полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамалар бөлігінде импорттаушыларға;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) Қазақстан Республикасының аумағына көлік құралын бастапқы тіркеуден өтпеген көлік құралдарын 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларға қолданылмайды.
Бұл ретте мұндай көлік құралдарын әкелу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін, сондай-ақ олардың санаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
7. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі талаптарды көздейтін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
387-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының құқықтық жағдайы
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыру мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады.
2. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы кәдеге жарату төлемін жинауға қатысты айрықша құқыққа ие болады және ол көрсетілген төлемдерге осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен билік етуге және оларды басқаруға тиіс.
3. 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
388-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қызметінің бағыттары
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы осы Кодекстің талаптарына сәйкес өндірушілер мен импорттаушылардан өзінің банктік шотына кәдеге жарату төлемі түрінде келіп түскен ақшаны мыналарға бағыттайды:
1) осы Кодекстің 366-бабына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды, көмуді, кездейсоқ қоқыстарды жоюды жүзеге асыратын субъектілердің шығындарын өтеу;
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қаптау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларды, аралас материалдардан жасалған қаптамаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларда белгіленген тәртіппен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге өтеу;
3) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығаруды мынадай:
жасап шығарушыларды мынадай: жұмыс орындарын ұстау; энергия ресурстарын пайдалану; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру; өнімді шығаруға байланысты сынақтар жүргізу; кепілдік міндеттемелерді қолдау бағыттары бойынша қаржыландыру;
жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында жасап шығарылған көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған кезде оларға жасап шығарушы берген жеңілдікті қаржыландыру жолымен ынталандыру;
4) Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газ аз бөлінетін), қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін кәбілді-өткізгіш өнімді өндіруді оны өндірушілерді мынадай: жұмыс орындарын ұстау; энергия ресурстарын пайдалану; экологиялық қауіпсіз және (немесе) қайта өңделетін өнім өндіру үшін шикізат сатып алу; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру; өнімді шығаруға байланысты сынақтар жүргізу; өнімді сертификаттау бағыттары бойынша қаржыландыру жолымен ынталандыру;
5) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру;
6) Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі объектілер жоқ, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру;
7) қалдықтар мен қайталама ресурстарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жүйесін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету, қалдықтармен және қайталама ресурстармен жұмыс істеу саласындағы жарнама қызметін, білім беру, маркетингтік іс-шараларды қаржыландыру;
8) тұрмыстық қатты қалдықтарды әкетуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын спутниктік-навигациялық жүйелердің деректері бойынша қадағалайтын ақпараттық жүйені ұйымдастыру және жүргізу;
9) қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату саласындағы эксперименттік, тәжірибелік, жобалық, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды қаржыландыру;
10) Қазақстан Республикасында қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, сұрыптау, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату технологияларын енгізу, қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, сұрыптау және (немесе) кәдеге жарату бойынша зауыттар (өндірістер) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру;
11) электрлік қуаттау станциялары желісін, оның ішінде электрлік қуаттау станцияларының қызметін сатып алу, орналастыру және ұйымдастыру арқылы құру және дамыту;
12) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өз функцияларын жүзеге асыруына байланысты қызметті қаржыландыру;
13) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттарда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілердің құрылысын қайтарымдылық шарттарында қаржыландыру не қоса қаржыландыру;
14) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, кәдеге жаратуды, жоюды ұйымдастыру;
15) қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттарда қаржыландыру.
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығаруды ынталандыру қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді және осы қағидалар:
1) қаржыландыру мерзімдері мен көлемдерін көрсете отырып, экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын жасап шығарушылар мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы арасындағы үлгілік шарттың нысанын;
2) қаржыландыру мерзімдері мен көлемдерін көрсете отырып, техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарушылар мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы арасындағы үлгілік шарттың нысанын;
3) экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) жасап шығару туралы есептілік нысанын және оны өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына ұсыну мерзімдерін;
4) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығару туралы есептілік нысанын және оны өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына ұсыну мерзімдерін;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын жасап шығарушыларға қойылатын талаптарды;